Жарты жылдық бақылау жұмыстары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жарты жылдық бақылау жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныпқа арналған жарты жылдық бақылау жұмыстары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 6

Тақырыбы: Жарты жылдық бақылау жұмысы

Мақсаты: тақырыптарды меңгеру деңгейін тексеру

Білуі тиіс: вирус, антивирус анықтамасын, мұрағаттау файл туралы түсінік, ДК даму кезеңдері, компьютердің сәулеті, алгоритм түсінігі, алгоритмді жазу түрін, блок-сызбалар қызметін, алгоритмнің блок-сызба графикалық элементтерінің жазу түріндегі бұйрықтарға сәйкестігін, алгоритм түрлерін, тармақталған алгоритм шарттарын анықтаудың блок-сызба элементін.

Үйрену тиіс: сөз түрінде сызықтық құрылымды алгоритмді құруды, алгоритмнің блок-сызбасын құруды.

Сабақтың типі: бақылау

Сабақтың түрі: тексеру

Сабақтың формасы: жеке-дара

Сабақтың әдісі: тест, практикалық жұмыс

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Бақылау жұмысының мазмұны

А.Тест орындаңдар:

1.Вирус – ол...

А)дискілерді тексеру құралы

В)файлдарды көшіруге арналған программа

С)операциялық жүйедегі қателердің салдары

Д)көбеюге қабілетті зақымдаушы программа

2.Вирустың компьютерге өтуінің көзі бола алмайтын құрылғы?

А)модем

В)электрондық пошта

С)қатты диск

Д)ажырап алынатын тасығаштар

3.Антивирус – ол...

А)файлдарды сығуға арналған программа

В)файлдарды көшіруге арналған программа

С)компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа

Д)вирустарды құруға арналған программа

4.Файлдарды мұрағаттау деген не?

А)файлдарды қоржынға жою

В)оларды жеке бумаға біріктіру

С)оларды бір мезгілде сыға отырып, бір файлға қою

Д)кеңседегі құжаттарды қоюға арналған арнайы орын

5.Мұрағаттауды қашан орындау керек?

А)дискіде орын жетпесе

В)файлдар көп болса

С)файлдар аз болса

Д)ойын ойнағанда

6.Мұрағаттауды жүзеге асыратын программаны көрсетіңдер:

А)Windows

В)Microsoft Word

С)Paint

Д)Win Rar

7.Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?

А)Шоттар

В)Арифмометр

С)Калькулятор

Д)Соробан

8.Программа бойынша жұмыс істеген бірінші құрылғы:

А)Арифмометр

В)Холлерит машинасы

С)Шоттар

Д)Беббидж машинасы

9.Бірінші программалаушы кім?

А)Чарльз Беббидж

В)Герман Холлерит

С)Ада Августа Лавлейс

Д)Блез Паскаль

10.Бірінші электрондық компьютер болған есептеуіш машина қалай аталады?

А)АВС

В)ДВК

С)БЭСМ-2

Д)ENJAC

11.Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?

А)1946ж.

В)1949ж.

С)1980ж.

Д)1956ж.

12.Қазіргі кезде компьютердің неше буыны бар?

А)3

В)4

С)5

Д)Анықталмаған

13.Құрылғылар арасында деректер алмасу үшін жауапты шинаны атаңдар:

А)деректер шинасы

В)адрестік шинасы

С)басқару шинасы

Д)бұйрық шинасы

14.USB шинасын қандай дискілерді қосу үшін қолданылады?

А)оптикалық дискілерді

В)флэш-дискілерді

С)жұмсақ магниттік дискілерді

Д)DVD дискілерді

15.ДК сәулеті деген не?

А)ДК ішкі ұйымдастырылуы

В)ақпаратты түрлендірудің техникалық құралдары

С)ақпаратты түрлендіру үшін қажетті техникалық құралдар

Д)тұрмыстық техниканы басқару жүйелері

16.Алгоритм дегеніміз - ...

А)іс-әрекет

В)толық сипатталған тапсырма

С)берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы

Д)математикалық есептің шешілуі

17.Блок-сызба алгоритмдегі іс-әрекет дегеніміз:

А)Эллипс(сопақша шеңбер)

В)тіктөртбұрыш

С)ромб

Д)алтыбұрыш

18.Блок-сызба алгоритмнің енгізу-шығару мәліметтері қандай фигурамен беріледі?

А) Эллипс(сопақша шеңбер)

В) тіктөртбұрыш

С) ромб

Д)параллелограмм

19.Блок-сызба алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі?

А) Эллипс(сопақша шеңбер)

В) тіктөртбұрыш

С) ромб

Д)параллелограмм

20.Егер алгоритмдегі іс-әрекет бірінен кейін бірі қатаң түрде орындалса ... алгоритм деп аталады.

А) сызықтық

В) тармақталған

С)толық емес формадағы тармақталған алгоритм

Д)тармақталған элементтері бар сызықтық алгоритм

21.Тармақталу алгоритмнің блок-сызбасындағы шарттың берілуі қандай фигурамен сипатталады:

А)Эллипс(сопақша шеңбер)

В)тіктөртбұрыш

С) алтыбұрыш

Д) ромб



В.Практикалық жұмыс

1)80 санына келтірілген төмендегі алгоритмнің нәтижесі қандай?

Басы

42-ні қос

100-ді алып таста

Егер алынған нәтиже 15-тен кіші болса, онда 28 қос, ал егер 15-тен үлкен болса, 2-ге бөліп таста

Нәтижені жарияла

Соңы

2)Келтірілген алгоритмге блок-сызба құрыңдар


3.Бағалау кезеңі:

3 баға, егер тест тапсырмасында 2 қате және практикалық жұмысы болмаса

4 баға, егер тест тапсырмасы дұрыс және практикалық жұмыстың 1 тапсырмасы орындалса

5 баға, егер барлығы дұрыс болса


4.Рефлексия








Тест кілті 6 сынып

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

Д

А

С

С

А

Д

С

Д

С

Д

А

В

С

В

А

С

В

Д

А

А

Д







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2018
572
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі