жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жарты жылдық есеп
№12 «Айгөлек» мектепалды даярлық тобының
2018-2019 оқу жылына арналған жарты жылдық есебі.
Топ тәрбиешісі: Ж.Қ. Джанабаева, М.А.Бекджанова
«№22 Ақбұлақ» бөбекжайбалабақшасы №12 «Айгөлек» мектеп алды даярлық тобына 2018-2019 оқу жылына 20 тәрбиеленушімен басталды. Оның 13-і ұл бала болса, 7-і қыз бала. №12 «Айгөлек» мектепалды даярлық тобында ұйымдастырылған оқу қызметінде:
-
Денсаулық
-
Коммуникация
-
Таным
-
Әлеуметтік орта
-
Шығармашылық білім салалары бойынша ұйымдастырылды.
Оқу жылында құрылған жылдық, айлық жоспарға сәйкес оқу қызметінде, мерекелік іс шаралар өткізіліп отырды.
1 – Қыркүйек Білім күніне орай балабақшамыздың «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиын өтті. Оған барлық балабақша тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері қатысты.
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы 25-30 минут.
Жаңа оқу жылы «1 қыркүйек – Білім күні» тақырыбындағы оқу қызметімен басталды. Тақырыптық оқу қызметін топ тәрбиешісі М.А.Бекджанова ұйымдастырды. Оқу қызметі барысында балаларға 1 – қыркүйек білім күні екенін түсіндіріп, жаңа оқу жылының басталғаны айтылды. Оқушылардың білім алу мақсатында мектеп туралы мағлұмат берілді.
Қыркүйек айында ата –аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жаңа оқу жылының сабақ кестесімен, күн режимімен таныстырылып, «Баланың тілі қалай дамиды» тақырыбындағы баяндаманы тыңдады. Жылдың алғашқы жиналысында «Ата-аналар комитетінің төрайымы мен мүшелерін сайлау» мәселесі күн тәртібіне қойылып, төрайымы Серікова Шынар, мүшелері болып Құсайынова Қарлығашпен Төлепбергенованы ата –аналар бірауыздан сайлады.
Оқу жылының қазан айында Жаңаөзен қаласының 50 жылдық мерейтойына орай «Туған өлкем – Жаңаөзен» балабақшаішілік ата-аналар мен балалардың бірлесіп жасаған қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, СраджадинМуханбет Гүлзара,Турғанбев Бекболсын,Довлетбай Адия белсене қатысқаны үшін марапатталды.
Қараша айында ата-ана мен балабақша арасындағы байланысты құру мақсатында «Алтын күз!» қолөнер, сурет көрмесі ұйымдастырылды. Ата-аналар өз жасаған бұйымдарын көрмеге қойды. Осы айдың шеңберінде тәрбиеленушілер;Нигмадин Сабыржан,Шамсадин Нұрғалым,Құрманбай Берекет,Турғанбаев Бекболсын,Рахымжанқызы Адиля,Джолдас Динара,Амангелді Муслим,Айса Мұхамеджан 5-7 жас аралығындағы балаларға арналған «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Адам және табиғат» тақырыбындағы сырттай байқауға қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.
«Кел, жемісті Алтын күз!» атты
мерекелік ертеңгілігін қараша айында топ тәрбиешісі М.А.Бекджанова
өткізді. Балалардың күз туралы білімдерін тиянақтап, шығармашылық
қабілеттерін дамыту. Күз айындағы адамдардың еңбегін құрметтеуге
үйрету. Балалардың көңіл күйін көтеріп, әндер шырқап, би биледі.Сән
үлгісі көрсетіліп, Довлетбай Адия «бас жулде» ие
болды.
Жетістіктер аптасына орай оқу үрдісінде білім беру технологияларын, озық тәжірибелерді пайдалану шеберлігін шыңдау мақсатында топ тәрбиешілері Ж.К.Джанабаева қараша айының 30-ы күні «Таным» білім беру саласы бойынша
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу қызметінен «Қыстап қалған құстар» тақырыбында және «Таным» білім беру саласы бойынша М.А.Бекджанова 7-ші желтоқсан күні Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу қызметі бойынша «Қызықты математика» тақырыбында балабақшаішілік ашық оқу қызметін өткізді.


1-Желтоқсан тұңғыш Президент күні орай «Тұңғыш Президент күні!» тақырыбында тақырыптық сабақ өткізді. Балаларға Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен ортасы, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы және Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Тәуелсіздігімізді қалай алағанымыз туралы мағлұмат берілді. Балалардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, Отанын, халқын сүюге, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында өтті.

Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай «Тәуелсіздік тірегім, елімдеп соққан жүрегім» атты шара ұйымдастырды. Балаларға тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрандарын еске түсіріп, ерлігі жайында әңгімеленді. Еліміздің тәуелсіздігін паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында өтті.

Балабақша тәрбиеленушілері арасында «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты сурет байқауы өтті. Оған топ тәрбиеленушілері қатысып, Довлетбай Адия I орынды иеленді.

Тәуелсіздікке орай балабақша ішілік көрме өтті.Топ тәрбиеленушілері: Жеткізген Бағдат «бас жүлде», СраджадинМуханбет Гүлзара,Нигмадин Сабыржан I орын. Довлетбай Адия,Шамсадин Нұрғалым жүлделі II орынға ие болды. Сонымен бірге «Тәуелсіздік тұғырым» атты мәнерлеп оқу байқауында Жеткізген Бағдат жүлделі ІI орынға ие болды.

Желтоқсан айында екініші ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста «Балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың жолдары» тақырыбында баяндама және «Болашақ оқушының күн режимін ұйымдастыру» тақырыбында кеңес оқылды. Сонымен қатар балабақшадағы мерекелік іс шаралардың ұйымдастырылуы, оған дайындықтың жүргізілуі туралы мәселе қозғалды.
«Дарынды жас» оқу орталығының ұйымдастыруымен «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты республикалық байқауына сурет салу номинациясы бойынша Нигмадин Сабыржан,Айса Мұхамеджан, СраджадинМуханбет Гүлзара І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Желтоқсанның 28-і күні топ тәрбиешісі Ж.К.Джанабеваның жүргізуімен«Кел,Жаңа жыл ортаға!» атты ертеңгілігі өткізіліп, онда ғажайып кейіпкерлер келіп, өте қызықты, есте қаларлықтай болып өтті. Балаларға сыйлықтар берілді.


№12 «Айгөлек» мектепалды даярлық тобындағы жарты жылдықта жүргізілген жұмыс түрлері және жеткен жетістіктерінің нәтижесі осындай болды. Тәрбиеленушілермен жүйелі жұмыс барысында балалар ұйымшылдыққа үйреніп, оқу қызметінің дағдыларын меңгеріп келеді.
Б Е К І Т Е М І Н
«№22 Ақбұлақ бөбекжай-бақша»
МКҚК-ның директоры
__________ Г.Н. Джаманшалова
«___» _________ 2018 ж.
2018-2019 оқу жылындағы
№12 «Айгөлек» мектепалды даярлық тобының
тәрбиешілері
М.А.Бекджанова мен Ж.К.Джанабаеваның
жарты жылдық есебі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген