15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жартылай көшпенділердің материалдың мәдинеті
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара
әсері. ( 7сағат )
Тақырыбы: (6) Жартылай көшпелілердің материалдық
мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өткен сабақты пысықтау және жартылай көшпелілердің материалдық мәдениеті туралы қосымша деректерді пайдалана отырып, оқушыларға толық түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз елінің тарихын, мәдени мұраларын білуге, құрметтеуге үйрету.
Коррекциялық: Оқушылардың дыбыстарын, анық сөйлеуін үнемі қадағалап отыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның ортағасырлық картасы, суреттер, кесте (жаңа тақырып бойынша сұрақтар), қима қағаздар (жаңа сөздер).
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) диалог.
- Амандасу.
- Қабылдағышты киіп, аспапты қосыңдар.
- [ПА-ПА-ПА] - Дыбыс бар ма?
[- Қазір қандай сабақ?]
[- Бүгін аптаның қай күні?]
[- Сабақты неден бастаймыз?]
б) сөздік жаттығу:
Түрік тайпасы, жартылай көшпелілер, материалдық мәдениет.
Өткен сабақты қайталау.
Үй тапсырмасын тексеру. - Өткен сабақтың тақырыбы қандай?
- Өткен сабақтың тақырыбы «Қала және дала тұрғындарының материалдық мәдениеті»
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Берілген мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтармен жұмыс.
Орта ғасырлық қалаларды ата. Картадан көрсет.
Жартылай көшпелі мәдениет дагеніміз не?
Түрік тайпаларының негізгі кәсібі ..............
Мал өсірумен бірге шаруашылықтың қандай түрі пайда болды?
Маусымдық жайылым дегеніміз не?
Түрік тайпаларында қолөнердің қай түрі жоғары дамыды?
Жаңа тақырып.
а) Жаңа тақырыпты оқып үйрену жоспары:
Жартылай көшпелілердің баспанасы.
Қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдар.
Түрік тайпаларының киім-кешегі.
ә) Меңгерілетін сөздер:
Баспана – киіз үй, тұрғын үй – ағаштан, тастан, қамыстан.
Қару – жарақ түрлері - қанжар, семсер, найза, садақ пен жебе.
Еңбек құралдары – балға, қайла, орақ, қайрақ, шапқы.
Құрал –саймандар – ат әбзелдері, әшекей бұйымдар, қыш құмыра.
Киім – кешек түрлері – бас киім, теріден тігілген киімдер.
б) Оқулықпен жұмыс.
- Балалар, оқулықтың 35-ші бетін ашыңдар. Мәтінді жәй дауыспен оқыңдар.
в) Жаңа сабақ.( түсіндіру)
- Бүгінгі сабақтың тақырыбын оқимыз. (бірге)
Жартылай көшпелілердің материалдық мәдениеті мал шаруашылығымен байланысты. Түрік тайпалары үнемі көшіп жүргендіктен олардың баспаналары киіз үй болды. Киіз үй – тез құрылады, тез жиналады. Қыстауларда тастан, ағаштан, қамыстан соғылған тұрғын үйлері де болды.Үй жанына малға арналған қоралары болды. Қыстаулар Іле, Шу, Сырдария, Ертіс өзендері бойында орналасты.
Материалдық мәдениетке түрік тайпаларының қару-жарақтары, еңбек құралдары, құрал-саймандары, киім-кешегі жатады.
Түрік тайпаларының киімдері теріден тігілді, бас киімі – биік киіз қалпақ, бөрік киген.
Бұл бұйымдар қазба жұмыстары кезінде табылды.
г) Дәптермен жұмыс.
( Дәптерді ашыңдар, жаңа сөздерді тақтадан жазып алыңдар).
IV.Жаңа сабақты пысықтау.
(Тақырып бойынша кесте толтыру).
Материалдық мәдениет
Баспана |
Қару-жарақтар |
Құрал-саймандар |
Киім – кешек |
|
|
|
|
V. Қорытынды.
[ - Бүгін біз сабақта не істедік?]
[- Бүгін біз сабақта не білдік?]
VI. Үйге тапсырма.
- Тақырыпты оқып, жаңа сөздерді жаттап келу.
VII. Оқушыларды бағалау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген