жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ ТЕХНИКА – ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚАТЫНАС ЖОЛДАРЫ КОЛЛЕДЖІ» ЖШС
ПӘНІ: «Телебасқару,телебелгі беру автоматтандырылған жүйелер»
ТАҚЫРЫБЫ «Жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлар »
Алматы 2020
Сабақ жоспары
Пәні:Телебасқару, телебелгі беру автоматтандырылған жүйлері
Мерзімі:14.04.2020ж
Сабақтың тақырыбы: Жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлар
Сабақтың мақсаты:Жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлардың жұмыс істеу принципі және түрлерімен танысу
Білімділік: Жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлар туралы толық мағлұмат беру.Диод түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ойлауын дамыту, өз мамандығана баулу және еліне адал өмір сүруге бағыт – бағдар беру.
Тәрбиелік: : Оқушылардың іздемпаздылығын, іскерлігін және маман иесі ретінде жауап беру қабілеттерін бағалай отырып, адамгершілікке, әдептілікке баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың қамтамасыздандырылуы:
а) оқу-көрнекілік құралдар: Сызба нұсқалар, сөзжұмбақ
б) үлестірмелі материалдар: карточкалар
в) ТОҚ: интерактивті тақта, слайд, бейнематериалдар
Пәнаралық байланыс: ШСЭОАБЭл
Өз бетінше жұмыс: Диод түрлерін жаттау
Сабақтың өту барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Студенттермен амандасу
2. Балаларды түгендеу
3. Сабақа дайындығын тексеру
ІІ.Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру:
1.«Диспечерлік орталақтандыру» тақырыбы бойынша студенттің өз бетінше жұмыстары «Слайд»
2. «Телебасқару, телебелгі беру автоматтандырылған жүйлері» пәні бойынша жалпы түсініктер реферат.
3. Үйге берілген тапсырма бойынша жасырын сөз жұмбақты шешу,үлестірмелі материалдар тарату
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
Жоспары:
Диод туралы түсінік
Диодтар түрлері мен олардың негізгі принциптері
Диодттардың вольт-амперлік сипаттамасы
Транзистор туралы түсінік
1.Диод туралы түсінік
Диодтарды дамыту бiрден екі бағытта XIX ғасырдың үшiншi ширегiнде басталды: 1873 жылы британдық ғалым Фредерик Гутри термиондық (вакуум шамды тікелей қыздыру арқылы), ал 1874 жылы германдық ғалымды Карл Фердинанд Браун (қатты денелi ) кристалды диодтарды жұмыс істеу принципн ашты. 1880 жылдың 13 ақпанында Томас Эдисонды қайтадан термионды диодтың жұмыс істеу принципін қайта ашты, және содан соң 1883 жылы патенттеген(№ 307031-шi АҚШ патентi). Дегенменде Эдисон жұмыстарын ары қарай дамытуға идея болмады. 1899 жылы германдық ғалым Карлы Браун Фердинанд кристаллды түзеткiштi патенттады.
Дио́д (көне грекше: δις — екі және -од шекті) — екі электродты, электр тогының бағытына байланысты әр-түрлі өтімділігі бар электронды аспап (прибор). Бір р-n өтпесінен тұратын және екі шығысы (сыртқа жалғанатын екі ұшы) бар нәрсе жартылай өткізгішті диод деп аталады.n — типті және p — типті екі жартылай өткізгіштерді бір — бірімен қоссақ, онда диод деген құралды аламыз. Бұл екеуін диодтың екі электроды деп атайды. Олар оң таңбалы анод пен теріс таңбалы катод. Диодтың ашық және жабық кездері болады. Ашық күйінде ол токты жақсы өткізеді де, жабық күйінде нашар өскізеді, тіпті өткізбейді деп айтуға болады. Егер де батереяның оң полюсын диодтың анодымен,ал теріс полюсын катодымен қоссақ, онда диод арқылы ток жүреді.
Диодқа тура кернеу бергенде ток бірден көтеріледі. Яғни, диод ашылады. Ал кері кернеу бергенде ток өте аз мөлшерде болады, яғни диод жабық. Осы уақыттағы аз мөлшердегі болсын ток іс жүзінде еш уақытта есепке алынбайды-өйткені оның мөлшері расында да өте аз.
1-1 сурет.Диодтың қарапайым түрі мен сұлбада белгіленуі
Фредерик Гутри
(1833-1886)
Термиондық диодтың жұмыс істеу принципін ашты
2. Диодтар түрлері мен олардың негізгі принциптері
Жұмыс істеу тәртібіне және атқаратын міндетіне қарай жартылай өткізгішті диодтар әр түрлі болады.Ең көп араған диодтар түзеткіштік диод, стабилитрон, варикап, фотодиод, жарық диоды.Енді диодттарды жеке жеке қарастыралық.
Төменде түзеткiш (импульстi және жоғары жиiлiктi) диодтың шартты белгiленуi көрсетiлген.
Түзеткіш диод
Түзеткiш диод p-n ауысуының вентильді қасиетiн пайдаланады және айнымалы тоқтарды түзету үшiн қолданады. Диодты жасау үшiн Ge және Si қолданылады. Түзеткiш диод өзiне берiлген кернеудi басқаратын электронды кiлттi (ЭК) жинайды. llтура кезiнде ЭК жабық, Uкерi кезiнде ЭК ашық. Тура кернеу берiлгенде диодтағы кернеудiң төмендеу әсерiнен жүктемедегi кернеуiнен бiршама аз болады. Гелийден жасалынған диодтың тура кернеуi Ug тура -0,5В, ал кремнийден жасалынған диодтағы Ug тура ≤ 1-1,5В.
Импульстi диод - өтпелi үрдiстерi қысқа болатын және жұмыс кезiнде вольт-амперлiк сипаттамасының (ВАС) тура және керi тармақтарын (түзеткiш диодтар сияқты) қолданатын шалаөткiзгiштi диод. Диодтағы өтпелi үрдiстердiң ұзақтығы Сдиф және Сзар сыйымдылықтарының қайта зарядталынуына байланысты.
Жылдамдықты жоғарлату үшiн импульстi диодтарды нүктелiк құрылым түрiнде дайындайды, бұл оның p-n ауысу ауданының минималды болуына себеп болады. Сонымен қатар, τққ шамасын азайту үшiн база енiн (қалыңдығын) барынша жұқа етiп жасайды. Импульстiк диод ретiнде Шоттки диодын қолдануға болады.
Импульстік диод
Жарық диоды – Ток жүрген кезде p-n өтпесінен жарық шығаратын шала өткізгішті диод жарық диоды деп аталады.Жарық диодттары негізінен цифрлық индикаторларды қолданылатын.
Жарық диодттары галлий арсенидттері мен фосфидтерінен және силиций карбидтерінен жасалады.
Жарықтың токтан тәуелділігі жарық диодының негізгі сипаттамасы болып саналады.Токтың белгілі бір мәнінен бастап ток өскен сайын жарықтылықта өсіп отырады.
Жарық диодтары
Фотодиод —Кері тогы p-n өтпесінің жарықталынуына байланысты өзгеріп отыратын шала өткізгішті диод деп аталады.Фотодиодтар екі түрлі жұмыс әлпінде пайдаланылады: сыртқы қорек көзінсіз фотогенератор ретінде және сыртқы қорек көзімен фототүрлендіргіш ретінде.Фотодиод, қарапайым диод секілді, бір p-n өтпесінен тұрады.Бірақ түйіспесінің ауданы әлдеқайда үлкен болады.
Фотодиод автоматика жүйелері мен басқа техника қондырғыларында, индикаторлық құрылғыларда, электр қозғаушы күші ретінде жарық ақпаратын электрлікке түрлендіру үшін және фотометрияда, телекескіндерді беру құрылғыларында қолданылады.
Фотодиодтың сұлбалық көрінісі
Фотодиод
Стабилитрон және стабистор. Тұрақты тоқтың сызықты емес тiзбектерiнде кернеудi тұрақтандыру үшiн қолданылады.
Стабилитрондар
Жоғары кернеудi (U>3B) тұрақтандыру үшiн ВАС-ның керi тармағы (АВ бөлiмiн) қолданылады. Бұл мақсатта қолданылатын диодтарды стабилитрондар деп атайды.
Аз мәндi кернеулердi (U≤1B) тұрақтандыру үшiн, мысалы интегралды сұлбаларда ВАС-ның тура тармағын (CD бөлiмiн) қолданады, ал бұл мақсатта қолданылатын диодтарды стабистор деп атаймыз және оның шартты белгiленуi төменде көрсетiлген.
Стабистор
Оларды кремнийден жасайды. Тұрақтандыру кернеуi (3-180В) диапазонын құрайды.
Варикап – тосқауылдық (зарядтық) сиымдылықтың берiлген кернеу мәнiне тәуелдiлiгiн орындауға негiзделген жартылай өткiзгiштi диод. Варикаптың негiзгi сипаттамасы – вольт-фарадты сипаттама (ВФХ). Варикаптың тосқауылдық сыйымдылығы (10-100) пикофарад құрайды.
1.7 – сурет. Варикап
Тунельдiк диод – кернеу бойынша оң iшкi керi байланыс. Оның ВАС-сында терiс диффузиялық кедергi бөлiмi бар. Бұл запорлы қабат өте жiңiшке болғанда (10Нм немесе одан да кiшi) валенттi қабаттан өткiзу қабатына қарай зарядтардың тунельдi түрде өтуiмен түсiндiрiледi.
1.8 –сурет.Тунельдік диодтың сұлбалық көрінісі
3.Транзисторлар туралы түсінік
Транзистор
(ағылш. transfer — тасымалдау және resistor —
кедергіш) — токты күшейтуге, түрлендіруге
арналған үш электродты жартылай өткізгіш
құрал. Транзисторға жіберілген аз ток
(кернеу) үлкен ток ағынын басқарады.
Транзистор
— электр тербелістерін күшейтуге, оны
тудыруға және түрлендіруге арналып
жартылай өткізгіш кристалл негізінде
жасалған электрондық прибор.Электрондық
лампа сияқты қызмет атқаратын транзисторлар
одан өлшемінің едәуір кішілігімен,
электр энергиясын тұтынудағы аса
үнемділігімен, механикалық аса
беріктігімен және бүлінбей ұзақ жұмыс
істейтіндігімен, бірден әсер етуге
әзірлігімен ерекшеленеді. Радиолампа
орнына қолданылатын жартылай өткізгіш
аспаптар (транзисторлар) негізінде
жасалған өте кішкентай радиоқабылдағыштарды
көбінесе транзисторлар деп дұрыс
атамайды; оның дұрыс атауы — транзисторлы
қабылдағыш немесе транзистор негізінде
жасалған қабылдағыш.
Ең бірінші
транзистор алтын фольгасына оралған
үшкір пластиктен, аз мөлшерде германийден
тұратын. Көпшілік те, ғалымдар да бұл
нәрсенің қалай істейтінін түсіндіре
алмады, ол құрал арқылы тек радио
тыңдады.
Алғаш өріс эффектсіне
негізделген транзисторге патентті
Канадада Julius Edgar Lilienfeld 1925 жылы 22 қазанда
тіркеді. Бірақ ол өзінің құрылғысы
туралы мәлімет таратпағандықтан,
жетістігі ескерілмеді. Кейін, 1934 жылы
неміс ғалымы Oskar Heil өріс эффектсіне
негізделген басқа тразисторге
патенталады.
1947 ж. желтоқсанның 16
Уильям Шокли (William Shockley), Джон Бардин
(John Bardeen), Уолтер Брэттэйн (Walter Brattain)
істейтін транзистор жасағандығы туралы
хабарлады. Бұл кезде олар Bell Labs. -та
істейтін еді.
Алғашқы жұмыс
істейтін транзистордың көшірмесі.
Bell
Labs. патент алып, нарыққа шығады. Бірақ
Bell Labs. барлық қиындықтарды жеңе алмай,
1952 жылы транзисторға патентті сатып
жібереді. Сол уақыттан бері транзисторлар
барлық жерде таралды.
Транзистор
өрістік (униполярлы) және биполярлы деп
бөлінеді.
Өрістік (арналық) транзистор
– жұмыстық токтың өзгеруі кіріс сигналы
тудыратын, оған перпендикуляр бағытталған
электр өрісі әрекетінен болатын
транзистор. Өрістік транзисторларда
кристалл арқылы өтетін токты тек бір
таңбалы заряд тасушы –электрон немесе
кемтік тудырады. Заряд тасушыларды
басқаруға негізделетін физикалық
эффектілерге қарай өрістік транзисторлар
шартты түрде 2 топқа: басқаратын р-п
электрон-кемтіктік ауысуы бар немесе
металл-шалаөткізгіш түйіспелі,
оқшауланған, жапқылы металл-диэлектрик-шалаөткізгіш
(МДШ) транзисторлар деп бөлінеді.
Өрістік
транзисторлар әдетте кремний немесе
галий арсениді негізінде жасалады.
Олардың тұрақты ток бойынша кірістік
және шығыстық кедергілері жоғары,
инерциялығы төмен, жиіліктік шегі жоғары
болып келеді. Өрістік транзисторлар
байланыс, есептеуіш техникаларында,
теледидарда шусыз, қуатты және
ауыстырып-қосқыш (кілттік) ретінде
қолданылады. Металл-диэлектрик-шалаөткізгіш
(МДШ) құрылымды өрістік транзисторлар
интегралдық сұлбаларда кеңінен
қолданылады. Өрістік транзистор күшейту
қасиеті өткізуші арна арқылы өтетін
негізгі тасымалдағыштар ағымымен және
басқарушы электрлік өріспен анықталынатын
шала өткізгішті аспап.
Биполярлық транзистор — үш рет кезектесіп орналастырылған электрондық (п) немесе кемтіктік (р) типті откізгішті шалаөткізгіш облыстары, екі р-п өткелі бар, яғни п-р-п не р-п-р құрылымды, көбіне үш электроды болатын, электр сигналдарын күшейтуге, түрлендіруге арналған шалаөткізгіш аспап. Биполярлық транзистордың жұмысы база деп аталатын ортаңғы облысы арқылы ағып өтетін негізгі емес заряд тасымалдаушылардың ағынын басқаруга негізделген, әдетте, тікелей бағытта ығысқан және базаға негізгі емес заряд тасымалдаушылардың инжекциясын қамтамасыз ететін электронды-кемтіктік өткел эмиттерлік деп аталады, ал осы өткелмен базадан бөлінген сол жактагы шалаөткізгіш облыс эмиттер деп аталады. Кері бағытта ығысқан және эмиттерден инжекция жасап, база арқылы өзіне тақаған негізгі емес заряд тасымалдаушыларды жинауды қамтамасыз ететін өткел коллекторлық деп аталады. Осы өткелмен базадан бөлінетін және транзисторлық құрылымның он жақ шетінде орналасқан шалаөткізгіш облыс коллектор деп аталады. Биполярлық транзистор – қуатты күшейтуге арналған электрөткізгіштік түрлері алмасатын үш саладан құрылған электр түрлендіргіш аспап. Биполярлық транзисторда ток екі түрлі заряд тасушылардың қозғалысымен белгіленеді.Биполярлық транзисторда үш қабатты жартылай өткізгішті құрылымының көмегімен әр түрлі электр өткізгіштері бар жартылай өткізгіштерін екі р-п өткелдер құрылады. Екі үш қабатты құрылым болуы мүмкін: кемтікті-электронды-кемтікті және электронды-кемтікті-электронды.
Транзистор түрлері
Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру
Үлестірмелі материалдардағы сұрақтарға жауап беру арқылы, жаңа сабақты бекіту.
Сабақтың қорытындысы
Диодтар туралы түсініктеме беру.
Диодтардың қандай түрлері бар?
Түзеткіштік диодтың атқаратын қызметі
Транзистор туралы түсініктеме беру
Рефлексия:
Бүгінгі сабақта алган әсерім (ұнамды, ұнамсыз жақтары) |
Ұсыныстар |
|
|
Бағалау
«5» - «4» - «3» - «2» -
Үй тапсырмасы: Баяндама тақырыбы: Диодтың шығу тарихы
Оқытушының қолы _________________
2019-жылдың 22-ақпанында өткзілген «Арнайы пәндер» бойынша өткізілген ашық сабақттың
ХАТТАМАСЫ
Топ:АТУ 3-2
Оқытушысы:Анаятова Гулбахар Абдуллинқызы
Пәні: Телебасқару, телебелгі беру автоматтандырылған жүйлері
Сабақтың тақырыбы:Жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлар
Қатысқындар:
Мухаммеджанова Б.Т.- Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Сугурбекова З.А. – колледж әдіскері
Есеналиева Д.А. – циклдік коммисиясының жетекшісі
Қыйлыбаева Ж.К. – арнайы пәндер оқытушысы
Жанбауова А.Ж. – арнайыпәндер оқытушысы
Қамархан.Т. – арнайы пәндер оқытушысы
Нұрмбеков Ф.Д. – арнайы пәндер оқытушысы
Бокашева Г.А. – арнайы пәндер оқытушысы
Бегимкулова.А. – арнайы пәндер оқытушысы
Маха Н.С. – арнайы пәндер оқытушысы
Өзіндік талдау:
Менің сабағымның тақырыбы «Жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлар».Бұл тақырып теория жүзінд сондай-ақ суреттермен, бейне-фильмдерднгі практикалық іс-әрекеттерді көрсетумен ұштастырылып түсіндіріледі.
Мақсатым қажетті заманауи құрал-жабдықтарды, әр түрлі мамандыққа қатысты кітаптарды пайдалана отырып, қазіргі кезде электрониканың көп салаларында қолданылатын диод т.рлері мен олардың жұмыс істеу принциптерін теория жүзінде баяндап, суреттер мен бейне-фильмдермен көрсетіп, жеткізіп болашаққа жақсы маман даярлау.
Мухаммеджанова Б.Т.,- директордің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі
Сабақ жетік тілде түсіндіріліп студенттермен жақсы қатынас жасалынды.Сабақ барысы өз этаптарынан ауытқымастан заманауи құрал жабдықтар мен көрнекілік құрал жабдықтарды толығымен өз уақытылы қолданып тақырыпты ашуда ешқандай қиындық туғызбастан ғылыми негізі толық ашылды.оқушының әр бір жауабын тексеріп, дұрыс бұрыстығына мән беріп сабаққа деген қызығушылығын арттыра білді.Сабақ бойына оқушының басқа нарсемен шұғылданып, ойының басқа жаққа бөлінуіне үстеме тапсырма орындату арқылы жол бермеді.
Есеналиева Д.А., – циклдік коммисиясының жетекшісі
Сабақ өту кезеңінің этаптары сақталынып оқытушының бүгінгі дәріске жақсы дайындалғаны көрініп тұр.Оқытушының өзіні ұстауы, оқушылармен қарым-қатынасы өте жақсы.Тақтамен, дәптермен жұмыс жасалды.Дәріс жүргізуге материалдар, сабаққа студенттерді қызықтыруға, ыталандыруға қосымша ойындардың электронды нұсқасы жақсы даярланған.Мұғалімнің студенттермен қатынасында әдептілігі сақталды.Қыстырма сөздер қолданылмады. Сабақты екі минутка ерте аяқтады.
САБАҚТЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Пәні: Телебасқару, телебелгі беру автоматтандырылған жүйлері
Мерзімі:21.02.2019ж
Тобы: АТУ 3-1
Оқытушысы:Анаятова Гулбахар Абдуллинқызы
Сабақтың тақырыбы:Жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлар
Сараптаушының аты-жөні:
Мухаммеджанова Б.Т., - директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі
№ |
Оқытушының қызметіне қойылатын талаптар |
Бағасы (1-5балл), ұсыныстар |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
|
2 |
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: а)сұрау әдісі б)бағалаудың әділдігі в)топтың белсенділігі мен сабаққа толық қамсыздандырылуы |
5 4 5 |
3 |
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі: а)көрнекілігі мен түсінікті тілде баяндалуы б)ғылымилығы |
5(түсіндіру жағы өте жақсы болды) 5 (ғылыми негізі толық ашылды) |
4 |
Оқытушының сөйлеу мәнері және жатық тілде түсіндіруі |
5 (тақтада өзіні еркін ұстай білді, дауысы онық шықты) |
5 |
Ұстаздық әдептің сақталуы |
5(ешқандай қыстырма сөздер қолданылмады) |
6 |
Топпен қатынас: а)оқытушының сабаққа деген қызығушылығын қолдай білу ептілігі б)оқушылардың белседілігі в) қиын жағдайды туғызуы |
5(Оқушының әрбәр жауабын тексеріп, дұрыс бұрыстығына мән беріп сабаққа деген қызығушылығын арттыра білді) 5(Сабақ бойына оқушының басқа нарсемен шұғылданып, ойының бақа жаққа бөлінуіне үстеме тапсырма орындату арқылы жол бермейді) 4(тақырыпты ашу барысында қиын жағдай туғыза алды)
|
7 |
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру: а) мазмұны
в) әдісі |
5(Өзіндік жұмыс материалды теориялық материалға сәйкес құрастырылған) 5(Тапсырманы жылдам орындаған оқушыға алдын ала дайындалған тапсырманы орындату өзара жарысты туындатады) |
8 |
Жаңа материалды бекіту,біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: |
5(Тапсырма бойынша құрастырған семантикалық картасын пайдалану баланың есте сақтау қабілетін күшейтді) |
9 |
Сабақты жүргізудің жаңа технологиялық тәсілдері |
5(Интерактивті тақта, слайд шоу, бейне материалдар қолданылады) |
10 |
Сабақтың мазмұнында дәстүрлі және инновациялық әдіс-тәсілдердің ұштастырылуы |
4(Электронды түрдегі жаңа тақрыпқа сәйкес 18варианттағы ойла ізде тап ойыны жүргізілді, бірақ варианттар толық қамтылмады) |
САБАҚТЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Сараптаушының аты-жөні:( қызметі, лауазымы): Есеналиева Д.А., – циклдік коммисиясының жетекшісі
№ |
Оқытушының қызметіне қойылатын талаптар |
Бағасы (1-5балл), ұсыныстар |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
|
2 |
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: а)сұрау әдісі б)бағалаудың әділдігі в)топтың белсенділігі мен сабаққа толық қамсыздандырылуы |
5 4 5 |
3 |
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі: а)көрнекілігі мен түсінікті тілде баяндалуы б)ғылымилығы |
5(түсіндіру жағы өте жақсы болды) 5 (ғылыми негізі толық ашылды) |
4 |
Оқытушының сөйлеу мәнері және жатық тілде түсіндіруі |
5 (тақтада өзіні еркін ұстай білді, дауысы онық шықты) |
5 |
Ұстаздық әдептің сақталуы |
5(ешқандай қыстырма сөздер қолданылмады) |
6 |
Топпен қатынас: а)оқытушының сабаққа деген қызығушылығын қолдай білу ептілігі б)оқушылардың белседілігі в) қиын жағдайды туғызуы |
5(Оқушының әрбәр жауабын тексеріп, дұрыс бұрыстығына мән беріп сабаққа деген қызығушылығын арттыра білді) 5(Сабақ бойына оқушының басқа нарсемен шұғылданып, ойының бақа жаққа бөлінуіне үстеме тапсырма орындату арқылы жол бермейді) 4(тақырыпты ашу барысында қиын жағдай туғыза алды)
|
7 |
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру: а) мазмұны
в) әдісі |
5(Өзіндік жұмыс материалды теориялық материалға сәйкес құрастырылған) 5(Тапсырманы жылдам орындаған оқушыға алдын ала дайындалған тапсырманы орындату өзара жарысты туындатады) |
8 |
Жаңа материалды бекіту,біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: |
5(Тапсырма бойынша құрастырған семантикалық картасын пайдалану баланың есте сақтау қабілетін күшейтді) |
9 |
Сабақты жүргізудің жаңа технологиялық тәсілдері |
5(Интерактивті тақта, слайд шоу, бейне материалдар қолданылады) |
10 |
Сабақтың мазмұнында дәстүрлі және инновациялық әдіс-тәсілдердің ұштастырылуы |
4(Электронды түрдегі жаңа тақрыпқа сәйкес 18варианттағы ойла ізде тап ойыны жүргізілді, бірақ варианттар толық қамтылмады) |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген