400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жарық не үшін қажет? 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ жоспары, бастауыш сынып ұстаздарына үлкен көмегі тиеді деген ойдамын. Сабақ барысында оқушыларға тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы толық меңгертуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 1

Күні:

\

Мектеп: Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы ж.о

Мұғалімнің аты-жөні: Үмбетбай Меңтай

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы


Жарық не үшін қажет?

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.5.2.1 жарық пен қараңғыны салыстыру;
1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;
1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жарық пен қараңғыны ажырата алады.

Көптеген оқушылар: Жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажыратата алады, салыстырады.

Кейбір оқушылар: Жасанды жарықты қалай алуға болатынын біледі.

Бағалау критерилері

Білу және түсіну

Қолдану

- Жарық пен қараңғылықтың ерекшеліктерін сипаттайды.

- Табиғи және жасанды жарық көздерін таниды және атайды.

- Жасанды жарық көздерінің қажеттілігін түсіндіреді.

Тілдік мақсат

Оқушылар істей алады: Жарықтың қажеттілігін біледі, түсінеді. Жарықты қайдан және қалай алуға болатынын айта алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы: Жарық, қараңғы, табиғи және жасанды жарық, электр тогы, фонарь, шам, керосин, балауыз, автомобиль шамдары, күн, ай, жұлдыздар, т.б

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Жарық қайдан пайда болады?

  • Жасанды және табиғи жарық көздерінің мысалдар келтір.

  • Бүгінгі күні қолданылатын жарық көздерін ата. (мысалы, жарық шамдары, теледидар, компьютер мониторы, автомобильдер/автобустар, фонарлар, жол белгілері, жедел жәрдем көрсету көліктері, дүкен маңдайшалары, театрлар, жәрмеңке орындары, цирк, прожектор және т.б.ас үй аспаптары және т.б.)

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жалпыұлттық құндылықтарының бірі жалпыға бірдей денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету. Оқушыларды бір-бірін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүние тану- жасанды және табиғи жарықтар, тәулік мезгілдері, көлік түрлері

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мектеп пен үй аралығындағы жол ережелерін сақтау. Сабақ үдерісіндегі оқушылардың ресурстарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту. Элетр тогын пайдалануда және күнге тіке қараудағы өмір қауіпсіздігі туралы түсіндіру.

АКТ қолдану дағдысы

Интерактивті тақтамен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

-Табиғи жарықтың ерекшеліктерін біледі, қараңғылықтың ерекшеліктерін сипаттайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы 1мин










2 мин







3 мин






Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Менімен бірге жаса» әдісі арқылы ширату жаттығуын жасатамын. Оқушылар орындарынан тұрып, дене қимыл-қозғалыстарын орындайды.

Мынау менің жүрегім, бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды, бәрін басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Бәрін өзі басқарған.


Бірлескен оқу ортасын қалыптастыру мақсатында «Мозайка»әдісі арқылы топқа біріктіремін. Қима сурет бойынша топқа ат беріледі.

1-топ: «Ай»

2-топ: «Күн»

3- топ: «Электр шамы»


Тақырыпты ашу

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Серпілген сауал» әдісін орындатамын. Сыныпқа сұрақ қоямын.

1. Жарық пен қараңғылықтың қандай ерекшеліктері бар?

2. Жарық не үшін қажет?

3. Қандай жасанды жарық көздерін пайдаланамыз?


Қимыл қозғалыс жаттығулары








AutoShape 7





AutoShape 6








Сабақтың ортасы



7мин





















12 мин












































5 мин



№1-тапсырма. (ЖЖ). Оқушылар өз әрекетімен келісуге, пікір алмасуға үйрету мақсатында «Мен саған, сен маған» әдісі арқылы орындатамын. Оқушыларға интерактивті тақтадан сурет көрсетіліп, сауал беріледі:

- Тәуліктің қай мезгілінде жарық, қай кезінде қараңғы болады?

- Жарық пен қараңғылықтың қандай ерекшеліктері бар?

Оқушылар сауалға ойлана отырып, жұптасына сауалға бойынша жауабын айтады. Жұбы онымен келісе отырып, пікірлеседі.


Дескриптор:

- сурет бойынша тәуліктің мезгілдерін анықтайды;

- суретке сүйеніп, жарықтың ерекшеліктерін сипаттайды;

- суретке сүйеніп, қараңғылықтың ерекшеліктерін

сипаттайды.

Бағалау: жұптар арасында өзара білім және білік дағдыларын бағалау мақсатында «Үш шапалақ» әдісі арқылы әр жұп бір-бірін бағалайды.

№2-тапсырма. (МК.Т) Саралау жұмысы:

Өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты қалыптастыру, идеяларды салыстыру және бағалау мақсатында «Үйренейік, үйретейік» әдісін қолданамын. Әр топқа саралау тапсырмалар беремін және оның орындалуын қадағалаймын, қолдау көрсетемін.

1-топ. Суреттегі жарық көздерін атаңыз. Табиғи жарық көздерін білдіретін суреттерді жасыл қарындашпен, жасанды жарық көздерін білдіретін суреттерді

көк түсті қарындашпен қоршаңыз.


2-топ. Суреттерге мұқият қараңыз. Жасанды жарық көздерін атаңыз. Жасанды жарық көздері қандай мақсаттарда қолданылып тұр? Жасанды жарықты тағы не үшін қолдануға болады? Мысал келтіріңіз.


3-топ. Жасанды жарық не үшін қажет? Айналаңыздағы жасанды жарық көздеріне бақылау жасаңыз. Бақылау нәтижесін кестеге түсіріңіз. Жасанды жарықтың қандай пайдасы бар? Топта ой бөлісіңіз.


Жасанды жарық

көзінің атауы

Ой бөлісіңіз.





Дескриптор:

- табиғи және жарық көздерін анықтайды;

- жасанды жарықтың қолданылуына мысал келтіреді.

- жасанды жарықтың қажеттілігі туралы ой қорытады.

Бағалау: топтар арасында өзара білім және білік дағдыларын бағалау мақсатында «Бағдаршам» әдісі арқылы әр топ бір-бірін бағалайды.

№3-тапсырма. (Ұ). Дәптермен жұмыс. Оқушыларды жылдамдыққа, зеректікке дағдыландыру мақсатында жұмыс дәптеріндегі тапсырманы «Кім жылдам?» әдісі арқылы орындатамын.

54-жұмыс парағы. Шамды жақ.

Ол үшін әр ажыратқыштан жарық көзіне дейін лабиринт

бойымен жүріп өту арқылы шамды жағу керек. лабиринт бойымен дұрыс жаққан оқушы жеңімпаз болады.

Дескриптор

-1-шамды дұрыс жағады.

2-шамды дұрыс жағады.

-3-шамды дұрыс жағады.

Бағалау: Оқушылардың таным қабілетін анықтау мақсатында «Тәтті жемістер» әдісімен бағалаймын.


Сауалдар



Интерактивті тақта

























Суреттер.

Түсті қарындаштар









Белгілер: жасанды және табиғи.

Жарық шығаратын заттар: балауыз, фонарлар, керосиндік шамдар.

Күнделікті қолданатын жасанды жарықтардың суреттері.

кесте












Сабақтың соңы

6мин



4 мин

Оқушылардың білім, білік дағдыларын жетілдіру мақсатында «Алтын сұрақтар» әдісі арқылы бүгінгі сабақты пысықтаймын.


ОDrawObject1 қу мақсаттарына жету нәтижесін анықтау мақсатында «Баспалдақ» әдісін орындатамын. Баспалдақтың тұсына стикерлер жапсырады.

DrawObject2

DrawObject3





Сұрақтар





стикерлер



Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?


А деңгей

Бүгінгі күні қолданылатын жарық көздерін ата.


Б деңгей

Жасанды және табиғи жарық көздерінің мысалдар келтір.


С деңгей

Жарық қайдан пайда болады?


Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Бағалау критерилері



Тапсырма

Дескриптор

Ұпай

- Жарық пен қараңғылықтың ерекшеліктерін сипаттайды.



№1.(ЖЖ).

«Мен саған, сен маған» әдісі


- сурет бойынша тәуліктің мезгілдерін анықтайды;

- суретке сүйеніп, жарықтың ерекшеліктерін сипаттайды;

- суретке сүйеніп, қараңғылықтың ерекшеліктерін

сипаттайды.

- Табиғи және жасанды жарық көздерін таниды және атайды.


№2.(МК.Т)

«Үйренейік, үйретейік» әдісі


- табиғи және жарық көздерін анықтайды;

- жасанды жарықтың қолданылуына мысал келтіреді.

- жасанды жарықтың қажеттілігі туралы ой қорытады.

- Жасанды жарық көздерінің қажеттілігін түсіндіреді.

№3 (Ұ)

«Кім жылдам?» әдісі

-1-шамды дұрыс жағады.

-2-шамды дұрыс жағады.

-3-шамды дұрыс жағады.


«Тәтті жемістер» әдісі




Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға Келер шақпен жазамыз.


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
987
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі