| Тақырыбы: Жарық қайдан шығады? |
| ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты | 0.3.2.1. Жарық шашатын нысандарды атау: от, Күн, шам. |
| Күтілетін нәтиже | Барлық балалар:табиғи және жасанды жарық көздерін атайды;от, Күн, шам туралы түсініктері қалыптасады.Көпшілік балалар:жарық – энергия екендігін айтады;табиғи және жасанды жарықты айырады.Кейбір балалар: жарық туралы айтады;ҰОҚ тақырыбы бойынша қосымша ақпаратты есіне сақтайды. |
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.0-2 мин. | (Ұ) Педагог ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін жағымды ортаны ұйымдастыру. Армысың, Әлем!Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді) Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады) Армысың, менің досым! |
|
| II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.3–5 мин. | Педагог сандықша алады, сол арқылы сұрақ қояды. Сандықта не бар? Неге көрінбейді? Көру үшін не қажет? Сандықты аштық, ішіне жарық түсті, балалар ішінен қолшамын көреді. Балалардан біз сандықты ашпай ішіндегісін көру үшін не істеуіміз керек деп сұрауға болады (қолшамын жағып, сандыққа салу). Балалар сандыққа қолшамын жағып, сандықтан суреттер көреді. – Енді сандықтың ішіндегі суреттер неге көрінетін болды? (Сандықтың іші жарық болды).Біз бүгін нені бақылаймыз? (Жарық)Бақылау тақырыбы анықталады – жарық. Мақсат.Кесте бағандары толтырылады.
|
|
| ҰОҚ-ның ортасыIII. ҰОҚ-ның тақырып бойынша жұмыс6 – 27 мин. | (Ұ) Педагог жарықтың не екендігі туралы ойлануды ұсынады. Жарық туралы не білесіңдер?Таңертең негізгі жарық көзіне ерекше назар аударады. Балаларға жарықтың жасанды көздері туралы түсінік береді.Жарықтың жасанды және табиғи болатыны туралы қорытындылайды.Балалар табиғи және жасанды жарық көздерін атайды. (т) Суреттерді топтарға таратып, «Жарық әртүрлі болады» безендіруді ұсыну. Балалар өз таңдауын түсіндіреді.сергіту сәті.(Пт) Балауыз бен қолшамның жарықтылығын салыстырады.Ақпарат көздерін атайды. Педагог ақпарат көзі ретінде тәжірибе өткізуді ұсынады.(Пт) Педагог майшаммен алыстан жарық түсіреді. Бөлмеге жарықтың жақсы түскенін анықтайды. Бөлмеге жарықтың дұрыс түскенін білу үшін жарықты арттырады. Екі нұсқаны да көру керек, қорытынды жасаймыз:Жарықтандыру көзіне байланысты: ол жақын және жарықты арттырса, онда жарық көбірек болады және керісінше.(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс жасау (түрлі тапсырмаларды орындау).1-тапсырма. Табиғи және жасанды жарық көздерін салыстыру.2-тапсырма. Табиғи жарық шығаратын жануарларды атайды: тасбақа, жарық қоңыз, мысық, теңіз ұлуы.3-тапсырма. Жасанды жарық шашатын ойыншықтарды атайды. | Суреттер: Күн, Ай, жұлдыз, шам, қолшам, майшам, от, жарық балық, жарқырауық қоңыз. қолшам, майшам.Түрлі қуатты шамдар, сурет.Әліппе-дәптер. |
|
|
|
| ҰОҚ-ның соңыIV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.28-30 мин. | (Ө, Қ) Балалардан бағалауды сұраңыз. | Әліппе-дәптер. |