Өткізген: Түркістан
обылысы
Мақтарал
ауданы
Мақталы орталығы А.Чехов
атындағы №62
ЖОМ
Физика пән
мұғалімі:Сағындықова
Әсел
«Жарық құбылыстары» тарауын
қайталау
Мақсаты:
Оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау,
тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру.
Білімді,дарынды, озық оқушы болуға тәрбиелеу
.
Тәрбиелік-білімділік
міндеттері:
-
Оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін,ізденістерін дамыту
-
Өз беттерінше жұмыс жасауға
дағдыландыру
-
Дәстүрлі емес сабақтарға нақты
жауап беруге үйрету
Сабақтың
түрі:
«Тапқыр достар» зияткерлік
ойыны
Көрнекілігі:интерактивті тақта,үлестірме
материалдар.
Сабақтың
барысы:
Ойынның
барысы: Топтарға бөліну және
таныстыру
1.
«Бәйге» Екі топқа сұрақтар
беріледі.Дұрыс жауапқа 1жетон беріледі.
2. «Сәйкестікті
тап»Физикалық шамалар мен өлшем
бірліктерді сәйкестендіру керек.
3. «Ойлан
тап»Топтарға есептер беріліп
тақтаға орындайды.
4. «Ғажайып
ұяшық»Тақтадағы ұяшықтарды таңдап
сұрақтарға жауап береді.
5. «Тапқыр
достар» Есептерді шеше отырып ,тақтаға
суреттерді орналастыру керек.
Бірінші
бөлімде интерактивті тақтада ағаштың
суреті тұрады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы ағаш
жапырақтарын толтырады.
І-топ
сұрақтары
-
Заттың күйлерін атаңдар?(Сұйық
,қатты,газ)
-
Судың қайнау
температурасы?(1000С)
-
Ішкі энергияны өзгерту
тәсілдері?(Жұмыс,жылу беру)
-
Жылу берілу кезінде дененің
алған немесе жоғалтқан энергиясы?(Жылу
мөлшері)
-
Ішкі энергияның өлшем
бірлігі?( Джоуль)
-
Будың сұйыққа айналу
процесі?(Конденсация)
-
Қатты күйден сұйыққа айналу
процесі?(балқу)
ІІ-топ
сұрақтары
-
Жылу мөлшерінің өлшем
бірлігі?( Джоуль)
-
Денені құрайтын бөлшектердің
қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы?( ішкі
энергия)
-
Сұйықтың буға айналу
процесі?(булану)
-
Өз сұйығымен динамикалық
тепе-теңдікте болатын бу?(Қаныққан бу)
-
Жылу берілудің неше түрі
бар?(жылу өткізгіштік,конвекция,сәулелену)
-
Мұздың балқу температурасы?(0
градус)
-
Сұйық күйден қатты күйге ауысу
процесі?(қатаю)
Екінші
бөлімде физикалық шамаларды
сәйкестігін тауып орындарына орналастыру
қажет.
Физикалық шамалар мен өлшем
бірліктерді сәйкестендіру
І-топ
ІІ-топ

3-ші
бөлімде топтарға есеп беріледі.Тақтаға
шығарады.
І топтың
есептері
1. Температурасы
46,5 0С-қа дейін
қыздырылған 200 г шай ішкен
адам, егер өзінің
температурасы 36,5 0С болса, қанша
энергия алады?
2. Массасы 3 кг
бензин мен 2 кг керосинді араластырады. Осы қоспа толық жанғанда
қанша жылу мөлшерін шығарады? Бензин мен керосиннің меншікті жану
жылуы 4,6*107 Дж/кг.
ІІ топтың
есептері
1.
440*107 Дж энергияны алу
үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу
керек? Табиға газдың меншікті жану жылуы
4,4*107 Дж/кг.
2.
1,89*107 Дж пайдалы жұмысты
орындау үшін тракторға 4,2*107Дж/кг меншікті жану
жылуы бар 1,5 кг отынды қажет ететін трактор қозғалтқышының ПӘК-ін
табыңдар?
4-бөлімде «Ғажайып ұяшық» бөлімінде
ұяшықтарды таңдай отырып,сұрақтарына жауап беру. Дұрыс жауап берсе
,таңдаған ұяшықтың ұпайы қосылады.

5ұпай: Дененің жұмыс
істеу қабілеті(Энергия)
Жылудың ауа және сұйық
ағыны арқылы берілуі?(Конвекция)
Механикалық энергияның
түрлері?(Потенциалдық және кинетикалық)
Дененің температурасы
артқан сайын оның ішкі энергиясы қалай өзгереді?(Ішкі энергиясы
артады)
10ұпай:
Күн шыққан
соң суарған суды күн жұтады,
Күн батқан соң суарған
суды жер жұтады.
Мақалдың мағынасын
түсіндіріңіздер?( Күн шығып тұрғанда
егістікті суарса, температураның жоғары кезінде кебу процесі жақсы
жүреді де жер тез кеуіп қалады)
Жаздыгүні қандай көйлек
киген дұрыс: ақ түсті ме, қара түсті ме? (Ақ түсті. Себебі: ақ
түс күн сәулесін нашар жұтады. )
15 ұпай
:

5-ші
бөлімде оқушыларға есептер мен
жұмбақтар жазылған карточкалар беріледі.Онда оқушылар жауап беру
арқылы тақтаға суреттерді жапсырады.Сонда мына суреттер
шығады.
І-топ
Көлденең ілген ақ
таяқ,
Тұтанар отпен
жақпай-ақ.
(Күндізгі сәулелі
шам)
Мұздай мөлдір
жұмыртқа,
Жарық берер
ымыртта.
(Электр
шамы)
Ашылып,
жабылады,
Әр
үйден табылады.
(Есік)
Қауаққа да
ұқсаған,
Алмұртқа да
ұқсаған,
Аузы бар, тілі
бар,
Білер көріп,
ұстаған.
(Қоңырау)
ІІ-топ
Тақия, мұрын, бір құлағы
бар,
Самаурын қасында тұрағы
бар.
(Шайнек)
Бірі
үй күзетіп қалса да,
Бірі
жүрер қалтада.
(Құлып пен
кілт)
Темір
аяқты,
Ағаш
таяқты.
(Циркуль мен
қарындаш)
От ішінде – үш
таяқ,
Үшеуі де күшті
аяқ.
Ортасында
ілгегі,
Ілгегінде
ілгені.
(Мосы мен
шәугім)


Жетондар
саналып жоғары
ұпай жинаған топ жеңіске жетеді