жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жарық сәулесінің толқындық және корпускулерлық табиғаты
Жарық сәулесінің толқындық және корпускулерлық табиғатының тарихы
Табиғатта әр түрлі жарық құбылыстары болып жатады. Мысалы, кемпірқосақ, таң шапағы, сабын көпіршігіне күн сәулесі түскенде байқалатын құлпырған қызыл-жасылды жолақтар, бетіне мұнай тамған көлшік судың көгілдір-күлгін түсі – осылардың бәрі жарық құбылыстары.
Оптикада жарық сәулелерінің табиғаты мен қасиеттері және олардың затқа өтетін әсерлері қарастырылады. Оптикалық құбылыстардың негізгі заңдары ерте заманнан-ақ белгілі. Мысалы, жарықтың түзу сызық бойымен таралуы және оның шағылу, сыну заңдарын (б.э.д. 430 ж.) Платон ашқан болатын. Жарықтың мөлдір екі ортаның шекарасында сыну құбылысы ертедегі грек ғалымдары Аристотель (б.э.д. 350 ж.) мен Птоломейге (70-147 ж.) белгілі болған. Сөйтіп, жарықтың түзу сызықпен таралуы, сол сияқты оның шағылу және сыну заңдары оптиканың негізгі заңдары болып есептеледі. Осы заңдылықтарды жете түсіну үшін жарықтың табиғаты туралы белгілі бір пікірлер болуы тиіс. Осындай пікірлерді кезінде ерте замандағы ғалымдар да айтқан болатын. Бертін келе ғылымның дамуына сәйкес жарықтың табиғаты туралы ой-пікірлер де дамып өзгеріп отырды.
Енді осы жарық теорияларының біразына тоқталып өтейік.
XVII ғасырдың аяқ кезінде жарықтың табиғаты туралы екі түрлі ғылыми түсінік болды. Олардың біреуі – жарықтың толқындық теориясы да, екіншісі жарықтың корпускулалық теориясы.
Жарықтың
корпускулалық теориясының тұжырымды
етіп баяндаған ағылшын ғалымы И. Ньютон
(1672) болды. Бұл теория бойынша, жарық
дегеніміз жарқырауық денелерден ұшып
шыққан жарық бөлшектерінің ағыны
(корпускула – бөлшек деген ұғым), яғни
жарық бөлшектері инерция заңына ұқсас
түзу бойымен таралады. Яғни, айнаға
түскен жарық бөлшектерінің шағылу
бұрышы түсу бұрышыңа тең. Екі мөлдір
ортаның шекарасында жарықтың сыну
себебі жарық бөлшектері екі ортаның
бөлшектеріне тартылады, соның салдарынан
бірінші ортадан екінші ортаға өткенде
жарық бөлшектерінің жылдамдығы өзгереді,
сонда бірінші ортаға қарағанда екінші
орта тығыздау болса, жарық бөлшектерінің
жылдамдығы артады. Корпускулалық теория
бойынша жарықтың сыну көрсеткіші
жарықтың екінші ортадағы жылдамдығының
бірінші ортадағы жылдамдығының
қатынасына тең, яғни:
(1)
мұндағы:
-
жарықтың белгілі бір ортадағы таралу
жылдамдығы,
-
жарықтың вакуумдағы таралу жылдамдығы,
-
түсу бұрышының синусы,
-
сыну бұрышының синусы. Мысалы, жарық
ауадан суға өтенде сыну көрсеткіші
1,33, яғни 1-ден артық екендігі тәжірбиеден
мәлім. Демек, Ньютонның жарықтың сыну
көрсеткіші жайындағы қортындысы дұрыс
емес.Сөйтіп бұл теория жарықтың табиғатын
толық түсіндіре алмады. Сондықтан голанд
ғалымы Х. Гюйгенс (1678 ж.) жарық құбылыстарын
түсіндіретіндей жарықтың толқындық
теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша
жарық дегеніміз ерекше серпімді ортада,
яғни эфирде таралатын толқындық процесс.
Гюйгенстің пікірінше жарық дыбысқа
ұқсас сфералық беттер және толқындар
түрінде таралады, сөйтіп жарық толқындары
эфирде таралатын механикалық серпімді
тербелістер болып табылады. Бұдан
Гюйгенс принципі деп аталатын мынадай
қорытынды шығады. Толқындық бет жеткен
ортаның әрбір нүктесі элементар
толқындардың дербес көзі болады, сол
элементар толқындарды ораушы бет жаңа
толқындық беттің орнын көрсетеді.
Толқындық беттерге тік жүргізілген
түзулер жарық таралатын бағытты
көрсетеді. Осы толқындық теория бойынша,
тығыздығы аздау ортада тығыздығы көбірек
ортаға өткенде жарық жылдамдығы кемиді,
яғни тығыздығы көбірек ортаның сыну
көрсеткіші
тең болғандығы тәжірибеден анықталды.
Сонымен, жарықтың сыну көрсеткішінің
мазмұны толқындық теория дұрыс
түсіндіргенмен жарықтың түзу сызық
бойымен таралу заңдылығын түсіндіре
алмады. Сөйтіп XVII ғасыр бойы жарықтың
корпускулалық және толқындық теорияларының
арасындағы тартыс тоқталмады. XIX
ғасырдың бас кезінде ғана толқындық
теория үстем бола бастаты. Себебі, Ж.
Фуко (1819-1968) бірінші рет жарықтың судағы
таралу жылдамдығын өлшеп толқындық
теорияның дұрыстығын растады. Сол сияқты
ағылшын физигі Т. Юнг (1773-1829) жарықтың
интерференция құбылысы туралы жаңа
пікірлер айтты. Юнг бұл құбылысты жарық
толқындарының бір-бірімен қосылуынан
деп ұқты, ол жұқа пластиналардың бетінде
байқалатын әртүсті дөңгелекшелердің,
яғни Ньютон сақиналарының пайда болуын
осы тұрғыдан қарастырады. Сөйтіп, бірінші
рет интерференция әдісін пайдаланып,
көрінетін сәулелер толқындарының
ұзындығын өлшеді.
Француз физигі О. Френель (1788-1827) Гюйгенстің принципіне элементар толқындардың интерференциялану принципін қосты. Осыдан Гюйгенс – Френель принципі шықты. Осы Гюйгенс – Френель принципі негізінде жарықтың дифракция құбылысы тереңірек дұрыс түсіндіріледі. Ал француз физигі З. Малюс (1809 ж.) жарықтың поляризация құбылысын байқады. Сөйтіп жарық ерекше серпімді ортада – эфирде көлденең тербелістер түрінде таралады деген қорытынды жасады.
XIX ғасырдың 70-ші жылдарында ағылшын физигі Дж. Максвелл электромагниттік құбылыстардың теориясын дамыта келіп, айнымалы электромагниттік өріс кеңістікте бір орында тұрмай, барлық жаққа таралатындығын дәлелдеді. Оның вакуумда таралу жылдамдығы токтың электромагниттік өлшеу бірлігінің электростатикалық бірлігіне қатынасына тең екендігін тағайындайды, яғни
(2)
мұндағы:
-
жарықтың вакуумдағы таралу жылдамдығы,
-
диэлектрлік өтімділігі,
-
магнит өтімділігі,
-
электромагниттік толқындардың ортада
таралу жылдамдығы. Сөйтіп, осы қатынас
заттың оптикалық, электрлік және
магниттік тұрақтылықтарын байланыстырады.
Сонымен, Максвелл электромагниттік толқын мен жарықтың табиғаты бір, яғни жарық дегеніміз электромагниттік толқындардың дербес түрі деген қортынды жасады. Ал неміс физигі Г. Герц (1888 ж.) тәжірибе жасап электромагниттік толқындар мен жарықтың негізгі қасиеттерінің ұқсас екендігін дәлелдеді. Бірақ бұл теория жарықтың затта таралу ерекшеліктерін, яғни заттың жарық сыну көрсеткішінің жарық толқынының ұзындығына тәуелділігін түсіндіре алмады, бірақ бұл мәселені 1896 ж. электрондық теорияға сүйене отырып Г. Лоренц түсіндірді.
Атақты неміс физигі 1900 ж. М. Планк (1858-1947) абсолют қара дененің сәуле шығару заңын қорытып шығарды, яғни жарық шығаратын осцилляторлар тербелгенде сәулелік энергия мөлшері үздік-үздік порция (үлесі) түрінде шығады деді. Энергияның осындай үлесі квант деп аталады. Мұны мына қатынас арқылы өрнектеп жазуға болады:
2сурак
Физиканың дамуындағы бірінші кезең Г. Галилей (эксперименттік тәсілдің негізін қалаған) еңбектерінен басталады. Галилей Аристотель динамикасының қате қағидаларын біржолата теріске шығарды. Сөйтіп, динамиканың алғашқы ғылыми негізін қалады (инерция заңын және қозғалыстарды қосуды ашты). Галилей мен Б. Паскальдің еңбектерінде гидростатиканың негізі жасалды. И. Ньютон өзінің «Табиғат философиясының математикалық негіздері» атты еңбегінде (1687) механика заңдарының ең жетілдірілген тұжырымдамасын берді. Ол өзінен бұрынғы ғалымдардың жұмыстарын қорытындылай отырып, күш туралы ұғымды жалпылады және масса ұғымын енгізді; жүйе динамикасының негізгі заңы — әсер мен қарсы әсердің теңдік заңын тағайындады. Сонымен Галилей мен Ньютон ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелерді қорытып, математикалық жүйеге келтірді. Бұл зерттеулер бір жүйеге келіп, классикалық механиканың негізін жасаумен аяқталды.
18 ғ-да Физиканың барлық салаларын онан әрі дамытуға, жетілдіруге бағытталған зерттеулер кеңінен жүргізілді. Ньютон механикасы, жер бетіндегі денелер мен аспан денелерінің қозғалыс заңдарын толық қамтитын, кең тараған ілімдер жүйесіне айналды. Физиканың басқа салаларында да тәжірибелік деректер онан әрі жинақталып қарапайым заңдар тұжырымдала бастады. Бір-біріне ешқандай байланыссыз жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Г. Кавендиш ағылшын ғалымы Дж. Пристли және Ш. Кулон электростатиканың негізі болып саналатын зарядтардың әсер заңын ашты. Атмосфералық электр туралы ілім де пайда болды (М. В. Ломоносов, В. Франклин). Химия мен металлургияның дамуы жылу жайлы ілімнің қалыптасуын тездетті.
17 ғ-дан бастап тәжірибе мен математикалық зерттеулердің жиынтығы Физиканың негізгі тәсілі болып қалыптасты. Бірақ әр түрлі құбылыстар бір-біріне байланыссыз зерттелгендіктен, олар жекеленген «салмақсыз» материяның көрінісі ретінде қарастырылды. Жылу ерекше салмақсыз сұйық — жылу тегі түрінде қалыптасты. Заттардың электрленуі — электр сұйығы, магниттік құбылыстар магнит сұйығы жайлы болжамның көмегімен түсіндірілді.
18 ғ-да салмақсыз сұйық жайлы түсінік Физиканың барлық саласына ене бастады. Оқымыстылардың басым көпшілігі салмақсыз сұйыққа күмәнданудан қалды. Өйткені олар жылулық, электрлік, магниттік, оптикалық құбылыстар арасында ешбір байланыс жоқ деп санады. Тек Л. Эйлер, Ломоносов тәрізді алдыңғы қатарлы ғалымдар ғана салмақсыз материя жайлы түсініктің дәйексіздігін көрсетіп, жылулық құбылыстар мен газ қасиеттері көзге көрінбейтін өте кішкентай бөлшектердің тынымсыз қозғалысына байланысты екендігін айтты.
Физика тарихындағы екінші кезең 19 ғ бірінші он жылдығынан басталады. 19 ғ-да Физикаға біртұтас ғылыми сипат берген аса маңызды жаңалықтар ашылды, теориялық қорытындылар жасалды. Әр түрлі физикалық процестердің бірлігі энергияның сақталу заңында өз өрнегін тауып, айқындалды. Физиканың дамуына химия да елеулі ықпал жасады. 18 ғ аяғында біраз хим. элементтер ашылды, массаның сақталу заңы тағайындалды (Ломоносов, кейіннен А. Лавуазъе). Ал 19 ғ-дың басында ғылыми атомистика қалыптасты (Дж. Далътон).
Жан-жақты және ұзақ уақыт бойы жүргізілген тәжірибелердің көмегімен, сондай-ақ бұрыннан қалыптасқан ескі түсініктерге қарсы қиян-кескі күрес жағдайында, әр түрлі физикалық процестердің өзара қайтымдылығы және осыған орай сол кездегі белгілі физикалық құбылыстардың бірлігі дәлелденді. Энергияның сақталу заңының кез келген физикалық және химиялық процестерде орындалуы Ю. Р. Майердің, Дж. Джоульдің жәнө Г. Гельмгольцтің еңбектерінде нақтылы дәлелденді.
Барлық физикалық құбылыстардың бірлігі жайлы қағида, 19 ғ 2-жартысында, физиканы түгелдей қайта құруға әкеліп соқты. Бүкіл Физика екі үлкен бөлімге — заттар Физикасы мен өрістер Физикасына біріктірілді. Бірінші бөлім заттың молекула-кинетикалық теориясына, ал екінші бөлім әлектромагниттік өріс жайлы ілімге негізделді.
Электромагниттік өріс жайлы ілімнің негізін М. Фарадей қалады. Ол 1831 ж. электромагниттік индукцияны ашты. 19 ғ-дың 60 жылдары Дж. Максвелл Фарадейдің әлектромагниттік өріс жайлы көзқарасын онан әрі дамытып, оны математикалық тұрғыдан жетілдірді. 19 ғ-дың екінші жартысында физиканың техниканы дамытудағы ролі ерекше артты. Электр жайлы ілім байланыс жұмыстарымен (телефон, телеграф) ғана шектеліп қоймай, энергетикалық мақсатта да қолданыла бастады. Электромагниттік толқындар сымсыз байланыс жүйесін (А. С. Попов) дамытуға мүмкіндік беріп, радиобайланыс кең өріс ала бастады. Техникалық термодинамика іштен жанатын двигателъдердің дамуына ықпал жасады. Төмен температуралар техникасы пайда болды. Сөйтіп физиканың жаратылыстану ғылымдарына ықпалы арта бастады.
19 ғ-дың соңында кейбір физиктер физиканың дамуы аяқталды деп санады. Классикалық физиканы кез келген құбылысқа (галактикалардан бастап атом дүниесіне дейін) пайдаланбақ болу — елеулі қайшылықтарға, тіпті күрделі қателерге әкеліп соқты. Классикалық Физикаға, оның негізгі қағидаларына ғылыми тұрғыдан қарап, өзгеріс енгізу ол кездегі ғалымдарға үлкен қиындыққа түсті. Дәл осы тұста молекула мен атомның реалдығы жөніндегі қорытындыға күмәнданған ғалымдар да болды. Тіпті В. Рентген өзі сабақ беретін факультетте «электрон» деген сөзді айтуға тыйым салған.
Физика тарихындағы үшінші (қазіргі) кезең 19 ғ-дың соңғы жылдарынан басталды. Бұл кезеңде зат құрылысын, оның микроқұрылымын тереңірек зерттеу қолға алынды. Электрон ашылды, оның әсері мен қасиеттері зерттелді (Дж. Томсон, Г. Лоренц)
Электрондар динамикасына және электрондардың сәулелер өрісімен әсерлесуіне байланысты қазіргі физиканың ең жалпылау теориясы — салыстырмалық теориясы (А. Эйнштейн, 1906) пайда болды. Жаңа теория материя қозғалысын және сол қозғалысқа қатысты физиканың негізгі ұғымдары — кеңістік пен уақыт жөніндегі түсініктерді жаңа белеске көтеріп, олардың қасиеттері жөніндегі ғасырлар бойы қалыптасқан көзқарасты негізінен өзгертті. Салыстырмалық теориясы ғасырлар бойы қалыптасқан Физика заңдарын түгелдей теріске шығарған жоқ, қайта оның қолданылу шекарасын анықтап берді. Мысалы, жарық жылдамдығына шамалас жылдамдықпен қозғалған денелерге Ньютон механикасының заңдарын қолдануға болмайтындығын көрсетті. Ядролық процестерде байқалатын энергия мен масса арасындағы байланысты өрнектейтін Эйнштейн формуласы салыстырмалық теориясының дэйектілігін онан әрі айқындай түседі. 1916 ж. Эйнштейн ашқан жалпы салыстырмалық теориясы Әлемнің алыс түкпіріндегі материяның қозғалысы мен орнықтылығын теориялық жолмен зерттеудегі бірден-бір аса маңызды тәсіл болды. Бұл теория тартылыс жайлы ескі ілімді қайта құрып, жаңа сатыға көтерді.
М. Планк 20 ғ басында заттың сәуле шығаруы және жұтуы үздіксіз жүретін құбылыс емес, үздікті түрде, энергия үлестері күйінде өтетін құбылыс екенін көрсетті. А. Эйнштейн, Э. Шрёдингер, Л. де Бройлъ, В. Гейзенберг т. б. Планк идеясын онан әрі дамытып, оны математикалық тұрғыдан бір жүйеге келтірді. Кванттық теория және оның негізінде кванттық механика осылай қалыптасты. Кванттық теорияның негізінде атомның әр түрлі қасиеттері және оның ішінде өтіп жатқан прсщестер түсіндірілді (Н. Бор т. б.).
20 ғ-дың 2-ширегінен бастап атом ядросының құрылымын және онда байқалатын процестерді зерттеуге, сондай-ақ элементар бөлшектер физикасының жасалуына байланысты физикадағы революциялық өзгерістер онан әрі жалғасты. 19 ғ-дың соңында радиоактивтілік және ауыр ядролардың радиоактивтік түрленуі ашылды (А. Беккерель, П.Кюри, М. Складовская-Кюри). 20 ғ-дың басында изотоптар анықталды. Э. Резерфорд α-бөлшектермен атқылау арқылы азоттың орнықты (ыдырамайтын) ядросын оттек ядросына түрлендірді (1919). Физиканың дамуындагы келесі кезең нейтронның (1932) ашылуына байланысты болды. Бұл жаңалық ядроның қазіргі нуклондық моделін жасауға мүмкіндік берді. 1932 ж. позитрон, ал 1934 ж. жасанды радиоактивтілік ашылды. Ядролық Физиканың дамуында зарядты бөлшек үдеткіштері елеулі роль атқарды. 1944 ж. В. И. Векслер енгізген автофазировка тәсілі үдеткіштер техникасын жаңа сатыға көтеріп, оның даму горизонтын кеңейтті. Соңғы кездері қарама-қарсы шоқтар үдеткішінде жүргізілген зерттеулер (Г. И. Будкер) жемісті нәтижелер берді. Бұл кезеңдегі аса маңызды оқшалардың бірі — атом ядросының бөлінуі және ядро ішіндегі энергияның аса мол қорын бөліп алу мүмкіндігінің ашылуы болды.
20 ғ 40—50 жылдары белгілі элементар бөлшектердің саны бірнеше есе артты. Электрон, протон, нейтрон, позитронмен (сондай-ақ фотонмен) қатар, мезондардың бірнеше түрі, бейтарап бөлшек — нейтрино, нуклондардың қозған күйі ретінде қарастырылатын — гиперондар ашылды. 1955 ж. Э. Сегре бастаған американ физиктері — антипротонды, ал 1956 ж. американдық физиктердің басқа бір тобы — антинейтронды ашты. Сонымен В. И. Ленин айтқан «...Атом сияқты, электрон да сарқылмайды, табигат шексіз...» (Шыг., 14-т., 285-6.) деген болжамның дәйектілігі онан әрі айқындала түсті. Соңғы жылдары аса қуатты удеткіштердің көмегімен жүргізілген зерттеулер зарядты белшектің де, бейтарап бөлшектің де антибөлшегі болатынын көрсетті. Тек абсолют немесе шын бейтарап бөлшектер (фотон т. б.) деп аталатын кейбір элементар бөлшектердің ғана антибөлшегі бол-майды.
Бізге қазіргі кездегі белгілі табиғаттагы заттар негізгі үш бөлшектен (протон, нейтрон, электрон) құралса, Әлемнің басқа бір түкпірінде антибөл-шектерден (антипротон, антинейтрон, позитрон) құралған материя да (антизат) болуы мүмкін. Бұл жайт тәжірибе жүзінде айқындалып, шындыққа да айнала бастады. 1965 ж. Брукхейвен қ-ндағы (АҚШ) знергиясы 30 Гэв-тік протондық үдеткіште, бериллийден жасалған нысананы протоннын өткір шоғымен атқылау нәтижесінде алғашқы құранды антиядро — антидейтрон алынды. 1970 ж. Серпуховтагы (СССР) энергиясы 70 Гэв-тік протондық үдеткіштің көмегімен Менделеевтің периодты системасындагы екінші химиялық элэмент — гелийдің антиядросы — антигелий-3 ашылды. Антизаттың ашылуына байланысты, қазіргі кезде ғалымдар арасында, Әлемнің алыс түкпірінде антизаттан түзілген антидүние болуы мүмкін деген болжам да бар.
Зат та, антизат та негізгі элементар бөлшектер мен олардың антибөлшекте-рінен тұрады. Дүние «кірпіштері» қызметін атқаратын бұл бөлшектерге берілген, «элементар» деген аттың өзі де, оның әрі қарай бөлінбейтін қарапайымдыларында болуы керек. Ал қазіргі кезде ғалымдар элементар бөлшектердің «элементарлығына» да шек келтіріп жүр. Элементар бөлшектердің де өзіндік ішкі құрылысы болатындығын дәлелдейтін құбылыстар байқалуда. Қазіргі устем болып тұрған көзқарастың бірі бойынша шын мәнінде бөлінбейтін бөлшек бар, ал қалған бөлшектер олардың түрліше болып құралуынан түзіледі. Осы пікір негізінде дамып, кең тараган болжам — кварктер теориясы. Бұл болжам бойынша элементар бөлшектердің басым көпшілігі осы кварктерден тұрады. Кварктердің де антибөлшегі — а н т и к в а р к т е р болуға тиіс.
Ядролық Физикада 20 ғ-дың 2-жартысында қауырт дами бастады. Атом және сутек бомбалары жасалды. 1954 ж. СССР-де алғашқы атом әлектр станциясы іске қосылды. И. В. Курчатов бастаған ғалымдар мен инженерлер тобы ядролық энергетиканың негізін қалауға елеулі еңбек сіңірді. Сутек ядроларының синтезделуі арқылы жүретін басқарылатын термоядролық реакциялар зерттеле бастады. И. Е. Тамм т. б. ғалымдар плазманы термоизоляциялаудың магниттік принципін ұсынды (1950). 1976 жылдан плазманы термоизоляциялаудың тиімді тәсілі қолданылған қондырғы — «Токомак-10» (негізін Л. А. Арцимович т. б. қалаған) жұмыс істей бастады. Бұл қондырғының жәрдемімен темп-расы 7-ІО6—10-Ю6 К шамасында (импульсының ұзақтығы 0,5 сек) плазма алынды. Қазіргі кезде аса қуатты лазерлердің көмегімен температурасы жоғары болып келген плазманы алуға бағытталған термоядролық зерттеулер де кең өріс алуда.
Күрделі теориялық және эксперименттік зерттеулер нәтижесінде қол жеткен табыстар физиканың барлық саласының қауырт дамуына қолайлы жағдай жасады. Молекулалық физика саласанда кристалдар физикасы (қ. Кристаллофизика) жедел дамыды. Іс жүзінде елеулі маңызы бар жартылай өткізгіштер теориясы да күрделі проблема болып саналады. А. Ф. Иоффе бастаған совет физиктері дүние жүзінде алғаш рет жартылай өткізгіштерден жасалған термоэлектрлік генераторды (1950, Л. С. Стильбанс т. б.), сонансоң жартылай өткізгішті тоңазытқыш құ-рылғыларды жасады. Сондай-ақ металдар мен қорытпаларды (қ. Металдар, Металлофизика, Металл тану) зерттеу ісінде де едәуір табысты нәтижелер алынды. Магнетизм саласында, оның ішінде ферромагнетизм құбылысын зерттеуде аса күрделі табыстарға қол жетті. Ферромагнетизм теориясын дамытуда совет физиктері С. П. Шубин, С. В. Вонсовский т. б. жемісті еңбек етуде. Төмен температуралар саласындагы зерттеулер де кең өріс алды. Газдарды сұйылту техникасына П. Л. Ка-пица қомақты үлес қосты.
20 ғ-дың бірінші жартысындағы жемісті бағыттардың бірі вакуумдық электроника болды. Мұның негізінде техниканың біраз салалары, оның ішінде электрондық микроскопия дамыды. Электрондык, микроскоп микро-объектілердің кескінін ұлғайтып түсіру және олардың құрылысын мұқият зерттеу үшін қолданылады. Осы кунгі электрондық микроскоп нәрсенің кескінін бірнеше мың есе ұлгайтады, ара қашықтығы бірнеше ангстрем (А ) екі нүктені айырып бақылауға мүмкіндік береді. Электроника сантиметрлік және миллиметрлік толқындарды зерттейтін радиофизикамен тығыз байланысты. Радиофизиканың қолданылу саласына радиолокация, радиоастрономия, радиометеорология жатады. Радиотехника құрылғылары шапшаң өтетін құбылыстар мен ядролық процестерді зерттейтін маңызды құралға айналды. Радиоспектроскопия да кең қанат жайды. Ондаған мың электрондык, лампылар мен жартылай өткізгішті диодтарды пайдаланатын есептеуіш аналитикалық машиналардың жасалуы ғылми-техникалық прогрестің дамуында елеулі орын алды (қ. Есептеуіш машина). Есептеуіш машиналар электрондық техниканың жетістіктеріне сай күрделеніп, кемелденіп келеді. Қазіргі есептеуіш машиналар сан мыңдаған транзисторлардан, резисторлардан және диодтардан құралатын интегралдық схемалардан тұрады.
Оптика саласында да талай маңызды жаңалықтар ашылып, жемісті нә-тижелер алынды. Спектроскопиялық тәсілдері жаратылыстану ғылымдары мен техникада кеңінен қолданыла бастады. Қолданылу аясы кең қанат жайған люминесценцияның теориясы жасалды. Люминесценттік анализ жедел дамыды. Люминесценцияланатын заттардың (қ. Люминофор) жаңа, жетілдірілген түрлері жасалып, ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында көп-теп қолданыла бастады. Молекулалық оптикадағы күрделі жаңалықтардың бірі — жарықтың комбинациялық шашырауы болды (Г. С. Ландсберг, Л. И. Манделъштам, үнді физиктері Ч. В. Раман, К. С. Кришнан). 1934 ж. II. А. Черенков таза сұйықтың радиоактивті заттардың әсерінен жарқырау құбылысын ашты (қ. Черенков—'Вавилов сәуле шығаруы). И. Е. Тамм мен И. М. Франк бұл құбылысты теория жүзінде толық түсіндірді (1937). Осы құбылысты ашып, дәлелдегені үшін Черенков, Тамм және Франкқа 1958 ж. Нобель сыйлығы берілді. Ультрадыбыс, радиохабар, архитектура және музыкалық аспаптар жасау проблемаларына байланысты акустикаға ерекше мән беріле бастады. Осыған орай гидроакустика мен электроакустика бөлініп шықты.
Физика мен техникадағы аса маңызды жаңалықтардың бірі—кванттық электрониканың пайда болуы. Кванттық электроника оптика мен аса жоғары жиіліктегі радиофизиканың жаңа салаларын туғызды. Кванттық электрониканың негізін салған ғалымдарға (Н. Г. Басов, А. М. Прохоров жәяе Ч. Таунсца) 1964 ж. Нобель сыйлығы берілді.
Басқа ғылымдармен қатар Физиканың Қазақстанда дамуына Совет өкіметі тұсында кең жол ашылды. Физикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен Қаз. ССР РА-ның Ядолық физика институтында, Жоғары энергия физикасы институтында, Астрофизика институтында, Энергетика ғылыми - зерттеу институтында, сондай-ақ көптеген жоғары оқу орындарындағы физика кафедрала-рында жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстандық физиктер Физиканың көптеген салалары бойынша зерттеулер жүргізіп, елеулі нәтижелер алды. Проф. Л. А. Вулис және оның шәкірттері (В. П. Кашкаров, Н.Ц. Косовт.) жылу физикасы, газ динамикасы саласында еңбек етіп келеді. Жоғары энергия физикасы және космостық сәулелер саласында құнды деректер алынды (Ж. С. Тэкібаев т. б.), Қат-ты денелер физикасы (М. И. Корсунский, С. Е. Ерматов, Т. Әбдісадықов т. б.), металлофизика (А. А. Пресняков т. б.) және спектроскопия (С. К. Калинин т. б.) салалары бойынша да практикалық маңызы зор зерттеулер жургізіліп келеді. Қаз. ССР РА-ның Ядролық физика институтының (Ш. Ш. Ибрагимов, Д. Ң. Қайыпов т. б.), сондай-ақ Қазаң политехника институтының (Т. X. Шорманов т. б.) ғалымдары күрделі проблемаларды қамтитын Физиканың біраз салаларымен айналысады.
Қазіргі физиканың төхникамен және басқа табиғаттану ғылымдарымен байланысы. Ғылымның бүгінгі таңдағы кезеңі олардың өзара байланысының әлдеқайда күшейіп, бір-бірімен араласуының едәуір үдей түскендігімен си-патталады. Мыс., соңғы кезде Физиканың, математиканың, биологияның, психо-логияның, химияның, радиоэлектрониканың, сондай-ақ тірі организмдерді зерттейтін ғылымдардың мәліметтерін пайдаланатын бионика ғылымы пайда болды. Әсіресе Физика математика ғылымымен тығыз байланысты.
Физика техникалық мәселелерді шешу барысында дамиды, жетіледі. Төхника Физиканың алдына өзі мұқтаж болып отырған мәселелерді көлденең тартып, оның дамуына ықпал жасайды. Техника сонымен біргө Физиканы приборлармен, аса күрделі қондырғылармен жабдықтайды. Ал Физиканың жетістіктері техниканың әр түрлі саласына ене отырып, олардың теориялық негізін байытады, онан әрі дами түсуіне, жетілуіне ықпал етеді.
Физиканың зерттеу тәсілдері барлық жаратылыстану ғылымдарында кеңінен қолданылуда. Әлектрондық микроскоптар жеке молекулаларды бақылауға мүмкіндік жасады. Рентгендік анализ заттың атомдық құрылысы мен кристалдық құрылысын тексеруге қолданылады. Спектрлік анализ геология мен органикалық химиядағы ең тиімді тәсілдердің біріне айналды. Масс- спектрограф атомдар мен молекулалардың массасын аса үлкен дәлдікпен өлшейді. Радиотехникалық және ос-циллографиялық тәсілдер секундтің миллиондык,, тіпті миллиардтық үлесі ішінде өтетін процестерді бақылауға мумкіндік береді. Радиоактивті изотоптардың көмегімен химиялық элементтердің, тіпті жеке атомның қозғалысын бақылауға болады.
Қазіргі кезде бүкіл табигат тану ғылымдарының арасында да Физиканың маңызы арта түсуде. Салыстырмалық теориясы мен ядролык, физика астро-номияның күрделі бөлімі астрофизиканың қауырт дамуына әсер етті. Ал ас-трофизикада алынатан нәтижелер Физикаға жаңа сипат беріп отыр. Кванттық тео-рия химиялық реакциялар жайындагы ілімнің негізіеө алынады (қ. Кванттық химия). Физиканың биологияға да ықпалы артуда. Осыған орай биофизика өз алдына дербес ғылым ретінде қалыптасты.
Ф. Египет пен Вавилон ескерткіштерінен бастап, атом электр станциясына, лазерлерге, космостык, ұшу сапарының жүзеге асуына дейінгі
3 сурак
Макс Планк 1858 – 1947
Макс Планк немiстiң Киль қаласында Киль университетiнiң профессорының үйiнде дүниеге келдi. Ол 9 жасқа толғанда Планк семьясы Мюнхенге қоныс аударады. Лингвист немесе музыкант болсам деген үмiтпен Максимиллиан гимназиясында оқыды. 1874 ж. Мюнхен университетiне түстi, Г.Кирхгоф пен Г.Гельмгольцтiң жетекшiлiгiмен бiр жыл физиканы оқып таныды.
1878 ж. Мюнхен университетiн бiтiрген соң, бiр жылдан кейiн термодинамиканың екiншi бастамасымен байланысты мәселелерге арналған докторлық диссертациясын қорғады. Одан кейiн университетте приват-доцент қызметiне қалдырылды.
1888 ж. Берлинге қоныс аударып, ол жерде жаңа теориялық физика институтының директоры болып тағайындалды, ал 1892-1926 ж.ж. Берлин университетiнiң профессоры қызметiн атқарды. Өзiнiң бай ғылыми және педагогикалық тәжiрибесiн бес томдық «Теориялық физикаға кiрiспе» жинағында келтiрген.
1930 ж. Макс Планк 72 жасында кайзер Вильгельмнiң физика институтын басқарды. Германияда университеттермен қатар 1911 ж. бастап iрi өнеркәсiп иелерiнiң қаражаттарының арқасында мемлекеттiк емес Кайзер Вильгельмнiң ғылыми-зерттеу институттары жұмыс iстедi. II-дүниежүзiлiк соғыстан кейiн институтты Макс Планк атымен атады.
1845 ж. Планк физика институтының президентi болып тағайындалды.
Макс Планк термо және электродинамика арасындағы байланысқа арналған бiрнеше мақаласын жариялады, бiрақ бұл мәселе шешуiн таппады. Сонан кейiн ол классикалық физикаға тән емес, энергия шексiз бөлiнедi деген болжам қабылдады. Планктың айтуынша, энергия шығару жиiлiгiне пропорционал – кванттармен жұтылады және шығарылады. арқылы белгiленетiн пропорционалдық коэффициентi Планк тұрақтысы деп аталады.
Немiс физикасы қоғамындағы Планктың кванттар туралы болжамы жөнiнде жасаған баяндамасы кванттық физика тарихының бастамасы болып саналады. 1918 ж. кванттар жөнiндегi болжамы үшiн Планк Нобель сыйлығына ие болды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген