400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жарық Табиғи жарық көздері дегеніміз не? Жаратылыстану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне күнделікті сабақ жоспарларын әзірлегенде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жарық

Табиғи жарық көздері дегеніміз не?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: табиғи және жасанды жарық көздерін ажырату;


Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

Тәуліктің күндізгі және түнгі уақыттарын көрсе­­ тетін cюжетті суреттер.



Интернет-ресурстар:

http://intellect-video.com/2888/2-seriya-pochemuchka-family-online/.



Найзағайдың пайда болуы туралы бейнефильм­ нен үзінді.


Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. әртүрлі жарық көздерінің жарық шығаратынын біледі

  3. табиғи жарық көздерін негізгі белгілер арқылы ажыратады;

  4. күн сәулесінің барлық тірі ағзалар үшін қажет екенін біледі

Сабақтың мақсаты:

1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Жарық табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Жарық майда бөлшектер ағыны әрі электромагнитті толқын болып табылады.


Ай жарығы күн сәулесінің шағылуынан пайда болады.


Күн — қызған газды шар. Күн сәулесіне тура қарауға болмайды.

Кіріспе тапсырма. Сабақты бастамас бұрын оқушыларды позитивтік көңіл күйге келтіру және сабақтың тақырыбына логикалық түрде ауысу үшін “Жарық — қараңғы” деген ойын өткізу керек. Оқы­-тушы рет-ретімен тәуліктің күндізгі және түнгі суреттерін көрсетеді. Oқушылар күнделікті тәжі­ рибелеріне­ сүйене отырып, әр уақыттағы адамның­ іс-әрекетін көрсетеді.

Ойын аяқталған соң, оқушылардан “Неліктен адам қараңғыға қарағанда жарықта тым белсенді болады?” — деп сұраңыз.


Оқушылар “жарықта айнала жақсы көрінеді” деген қорытындыға келуі керек. Адам мен жан-жануар­ лардың табиғатпен қарым-қатынасын қараңғылық шектейді.


Қараңғыда кейбір тіршілік иелері белсенді өмір сүреді, олардың есту, көру және сезу қабілеттері өте жақсы дамыған. Кейбір адамдар өз мамандығы бойынша (дәрігер, өртсөндіруші, полиция, зауыт және фабрикадағы кешкі кезектегі жұмыскерлер) түнгі уақытта жұмыс істеп, күндізгі уақытта ұйықтап, демалады. Түнгі кезекте жұмыс істейтін мамандық иелеріне назар аударыңыздар.


Жұмбақты шеш. Оқушыларға жұмбақты шешуді ұсыныңыз. Жақсы оқи алатын оқушыға оқып беруді ұсынуға болады. Неге күндіз жарық? Жерді не жарық­ тандырады? — деген сұрақтар қойыңыз.


Оқушылар күн өз жарығымен біздің ғаламшарды жарықтандырады деп қорытындылауы керек.

Оқулықтағы суреттерді қарастырып және бәй­ шешекті мысалға ала отырып, өсімдіктердің­ дамуына әрі өсуіне күннің тигізетін әсерін талқылаңыз.


Дүниежүзі бойынша 19 сәуірде Бәйшешек күні атап өтіледі. Бәйшешек гүлі — шуақты күннің бастал­ ғанының белгісі. Күндіз жылы және жарық болған кезде гүлдер күлтелерін ашады, ал түнгі уақытта түйіршіктеніп жабылады.

Бәйшешек туралы аңызды айтыңыз.

“Ертеде бір Қыс есімді әже өзінің Аяз және Жел деген қызметшілерімен жер бетіне Көктемді келтіргісі келмейді. Бірақ батыл Бәйшешек бой түзеп, жапырақтарын жазып, Күннен көмек сұрайды. Күн ержүрек Бәйшешекті көріп, жер бетіне күн шуағын шашып, Көктемге жол ашады”. Оқушылар күннің өсімдіктердің өсуінде өте маңызды рөл атқаратынын түсінуі қажет.


Мысалдарды салыстырыңыз: “Неге қараңғы уақыт­­ та сауысқан, аю немесе қояндар ойнамайды?”


Күннің шуағы жануарлар мен өсімдіктер үшін маңызды екеніне назарын аудартыңыз. Оқушылардан аю мен қоян туралы қандай ертегі білетінін сұраңыз.


Табиғатты түсіну үшін найзағай сияқты табиғи жарықтың пайда болуы жайлы бейнематериалдардың үзіндісін көрсетіңіз.

Суретке қара. Суретте қандай жарық көзі бей­ неленгенін сұраңыз. Әр суретті бөлек қарас­тыруын­ ұсыныңыз: қалай аталады, қалай жарықтан­дырады?­ Ай жарығының Күн жарығынан айырмашылығы­ қандай?­ “Егер қажет болса, Күннің жарығын қосып немесе сөндіре аламыз ба?” — деп сұраңыз. Оқу­ шылар табиғи жарық көздеріне адамдардың әсер ете алмайтынын түсінуі керек.

Жауабы

Табиғи жарық көздеріне жарық қоңыздары, Күн, жұлдыз, Ай жатады.

Зерттейік. Ауа райы ашық күні далада зерттеу жүргізуге болады. Жасалған зерттеулерді белгілеп немесе сурет түрінде түсіріп алу үшін оқушыларға қойындәптер және қарындаш таратып беріңіз. Мүмкіндік болса, қалаға саяхат ұйымдастырыңыз.


Алдын ала қоғамдық орындарда оқушының өзін ұстау тәртібіне байланысты қауіпсіздік техникасы ережесі бойынша нұсқаулық өткізіңіз.


Оқушылар күннің жарығында кімнің тым бел­ сенді болатынын бақылап, бақылау нәтижесін қойын­ дәптеріне түсіруі керек.


Сыныпқа қайтып оралғанда, оқушыларға бақылау нәтижелерімен алмасуын ұсыныңыз. Оқушылар белсенді тіршілік иесі ретінде кімді белгілегендерін­ айтады. Жалпы нәтижелерін жазады, қайталана­ тындарын сызып тастайды.


Бақылау арқылы oқушылар адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің күндізгі уақытта белсенді тіршілік ететініне көз жеткізеді. Адамдар оқиды, жұмыс істейді, спортпен шұғылданады, белсенді демалады және бір-бірімен араласады. Өсімдіктер өседі, гүлдейді және жеміс береді. Үй жануарлары мен аңдар ойнайды, аунайды.





Ойлан! Сұрақты оқып, кері ойлауды ұсыныңыз: “Дүниежүзінде жарық жоқ деп елестетіңіз. Не болады?”. Оқушыларға “Соқыртеке” ойынын ойнатыңыз. Жүргізушіден қараңғыда жол табу оңай болды ма деп сұраңыз. Оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты ойынға жеткілікті орынды қамтамасыз етуді ұмытпаңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Оқытушы мәтіндегі тірек сөздерді тастап оқиды, оқушылар мәтіннің мағынасына қарап, тірек сөздерді бейнелегенін айтады. Мысалы, “Жерде …(жарықсыз) өмір сүру мүмкін емес. Ай және Күн — … (табиғи) жарық көзі”.

Таңғажайып жарық әлеміне саяхат жасап, оның сырларымен танысамыз.

Рисунок 10

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Жарық көздерін санау. Сандарды салыстыру. “Текше” туралы ұғым.



Текше пішінді зат. Тақырыпты бекіту үшін тек­ шенің қырларында­ орналасқан табиғи жарық көзде­­ рін атауды ұсыныңыз. Оқушы үш жағдайда текшенің үстіңгі қырында не бейнеленгеніне жауап беруі керек. Жауабы 2, 1, 3.

Бағалау


Оқушы жарықтың не екенін түсіндіре алуы керек.

Сөздерді тап. Оқушылар жұмбақты шешіп, суреттегі қай зат екенін тауып жазады. Қиналып отыр­ ған оқушыларға көмектесіңіз. Қай сурет артық және неге артық екенін оқушылардан сұраңыз.

Жауабы:

Ай, Күн, жұлдыз, найзағай — табиғи жарық көздері. Артығы — түйе. Себебі ол жануар, жарық көзі емес.

Оқушылардың жауаптарын қадағалаңыз. Егер қиналып отырған оқушыларды байқасаңыз, оған қосымша уақыт беріңіз.

Оқушылар табиғи жарық көздерін ажырата алады­ және атайды. Жарық көздері.

Оқушылар табиғи жарық көзін таңдап бояуы керек.

Жауабы: Табиғи жарық көздері: найзағай, Күн, Ай, жұлдыз.

Оқушылардың жұмысты қалай орындап жатқанын қадағалаңыз. Егер оқушы жарықтың табиғи көздерін оңай анықтаса, онда тақырыпты жақсы меңгергені. Ал анықтай алмаса, оған көмектесіп, тақырыпты қайта түсіндіру керек.






Үйренген сөздерін үш тілде қайталау.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
668
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі