400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Жарықшақты қол гранаттары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы әскери дайындық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алғашқы әскери дайындық

сабағының атыс дайындығы тарауынан 10 сыныпқа арналған

ЖОСПАРЫ



Тақырып №10. Қол гранаттары.


Сабақ 1. Жарықшақты қол гранаттары.


Сабақтың мақсаттары:

1) оқулық. Оқушыларға жарықшақты қол гранаттары туралы мәлімет беру.

2) тәрбиелік. Оқушыларға өтетін тақырыптың маңызын түсіндіріп, әр сарбаз

жарықшақты қол гранаттары қолданудың негіздері мен ережелерін

толық білуі керектігін түсіндіру.

3) біліктілік. Оқушылардың жаңалыққа деген ынталарын арттыру.

Уақыт. 40 минут.

Өткізілетін орны. АӘД кабинеті.

Әдістеме. Баяндау, түсіндіру, көрсету.

Көрнекі құрал-жабдық. Интерактивті тақта. Арнайы таблица, көрнекі құралдар.

Басшылық және әдістемелік әдебиет. Жарықшақты қол гранаттары әдістемесі,

АӘД оқулығы.

Жоспардың сұрақтары мен оларға бөлінген уақыт:


1. Қол гранаттарының түрлері, арналу мақсаты – 7 мин.

2. РГД-5, ШҚГ (РГН), Ф-1 және ҚҚГ (РГО) қол гранаттарының ұрыстық қасиеттері

және құрылымы – 10 мин.

3. РГД-5, ШҚГ (РГН), Ф-1 және ҚҚГ (РГО) қол гранаттарының лақтыру кезіндегі оның

бөліктері мен механизмдерінің жұмысы – 7 мин.

4. Қол гранаттарын қолданған кездегі қауіпсіздік шаралары – 6 мин.


Сабақтың барысы

I. Кіріспе бөлім - 7 мин.


1. Сапқа тұрғызу, баянат алу, сәлемдесу, оқушылардың сырт пішінін тексеру – 1 мин.

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын баяндау және үй тапсырмасын тексеру – 6 мин.


Бақылау сұрақтары:

1. Калашников автоматын жартылай бөлшектеп, жинау жаттығуы – 2-3 оқушы.

2. Автоматтан жатып атыс жүргізу тәсілдерін орындау жаттығулары – 2-3 оқушы.

3. Сауалнама парағын толтыру.

Негізгі бөлім – 30 мин.


1-і сұрақ – 7 мин. Қол гранаттарының түрлері, арналу мақсаты


1-ші оқу сұрағын қысқаша тарихи анықтамадан бастаған жөн.

Қол гранаттары қару ретінде 16 ғ. қалыптасты. Олар сол заманда бекіністерді қоршау мен қорғауға арналды, ал 17 ғ. бастап дала ұрыстарында қолданылған. Құрылысы мен ұрыстық қасиеттері әр қашан жетілдіріп отырды.

Сонымен 1810 ж. соққыштық қимылды кремний тұтандырғышты граната пайда болды.

Ал 1854 ж. орыс академигі химик Н.Н.Зинин жарылғыш зардап ретінде оқ-дәрінің орнынына нитроглецеринді қолдануды ұсынды. Одан кейін 1910 ж. Ресейде қорғаныстық гранаттар пайда болды, ал 1915 ж. инженер Ф.Ковешников «Ғ» француз гранатасының тұтандырғышын жетілдіреді. 1933 ж. кеңестік инженер К. Дияков РГД-33 жасады, ал 1942 жеке қаруландыруға РГ-42 гранаты қолданылады. Соңынан осы гранатқа осы күнге дейін сақталған біркелкіленген Е.М.Вицени жүйесіндегі әмбебап тұтандырғыш ҚГЖБ ойлап табылды.

Алдымен оқушыларға жарықшақты қол гранаттары жақын ұрыста (шабуылда, оқпанада, жертөледе, елді мекендерде, орманда, тауда және т.б. жерлерде) қарсыластың тірі күшін жоюға арналғандығы жайлы баяндау керек.

Сонымен қатар, оқушыларға ескертетін жайт, ол жарықшақты қол гранаттары әcipece жақыннан ұрысуда (шабуылда, окоптарда, елді мекендерде, орманда, тауда, паналарда) ұрыс жүргізгенде ерекше нәтижелі екені.

Осыдан соң оларға қазіргі Қазақстан әскері келесі жарықшақты қол гранаттарымен, оның ішінде:

* жаяу әскерге қарсы:

- РГД-5;

- Ф-1;

- РГН және РГО;

* танктерге қарсы:

- РПГ-5 және РКГ-3 гранаттарымен жабдықталғаны жайлы мәлімет беру керек. .

Сонымен қатар оқушыларға жаяу әскерге қарсы қолданылатын гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты:

1. шабуылдағы (РГД-5 және РГН);

2. қорғаныстағы (Ф-1 және РГО) бөлінеді.

Әрі қарай оқушыларды Шабуылдық ШҚГ (РГН) және қорғаныстық ҚҚГ (РГО) қол гранаттарының шығу тарихымен таныстырамын.

Шабуылдық ШҚГ (РГН) және қорғаныстық ҚҚГ (РГО) қол гранаттарын 1970-і жылдары «Базальт» кәсіпорнының өнертапқыштары (конструкторлары) С. Коршунов пен В. Кузьмин ойлап шығарды.

Сосын оларды ШҚГ (РГН) және ҚҚГ (РГО) қол гранаттарының арналу мақсатымен таныстыру қажет.

ШҚГ (РГН) және ҚҚГ (РГО) жарықшақты қол гранаттары – жергілікті жердің түрлі жағдайы мен жылдың кез-келген мергілінде +50С-тан -50С-қа дейінгі ауа температурасында шабуылда және қорғаныста қарсыластың тірі күшін жоюға арналған.


2-і сұрақ – 10 мин. РГД-5, ШҚГ (РГН), Ф-1 және ҚҚГ (РГО) қол гранаттарының ұрыстық қасиеттері және құрылымы


  • РГД-5 қол гранатасының арналуы, ұрыстық қасиеті

Алдымен оқушыларға жарықшақты қол гранаттарының анықтамасын тағы бір қайталап, пысықтау керек.

Сосын оқушыларды РГД-5 қол гранаттасының арналу мақсатымен таныстыру керек.

РГД-5 қол гранаттасы – арақашықтықта әрекет ететін граната, ол қарсыластың тірі күшін шабуылда және қорғаныста жоюға арналған.

Осыдан кейін оқушыларды жарықшақты қол гранаттарының ұрыстық қасиеттерімен таныстыру керек.


Бұнда алдымен оларға әскерде әр сарбаз жарықшақты қол гранаттарының ұрыстық қасиеттерін өте жақсы білулері тиіс, өйткені ұрыс барысында (қарсыласқа граната қолданғанда) ол жауынгер өзі қолданған гранаттың жарықшақтарымен жаралануы мүмкін.


РГД-5 жарықшақты қол гранатасының ұрыстық қасиеттері


№

р/р

Сипатамалары

Көрсеткіштері

1

Гранат жарықшақтарының қиратқыш радиусы

25 – ге дейін

2

Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы

40 – 50 м.

3

Жабдықталған гранаттың массасы

310 г.

4

Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты

3,2 – 4,2 сек.


  • ШҚГ (РГН) жарықшақты қол гранатасының ұрыстық қасиеттері және құрылымы


Біріншіден оқушыларға ШҚГ (РГН) жарықшақты қол гранатасының құрылымымен таныстыру керек.

Бұл граната тұтан­дырғышсыз және тұтан­дырғышы бар болып бөлінеді.

Екіншіден, оларға бұл гранаттың корпусы аллюминий қоспадан жасалған және екі жарты шардан тұрады сонымен қатар бұл гранаттың қорғаныстағы қолданыланатын грананттағыдай төменгі жарты шарының сыртқы жағында кертік ойықтар болмайды, ол жағы тегіс болады және де екі жарты шар, екі – екіден сыртқы және ішкі болып бөлінбейді, тек бір ғана бөліктен тұратыны туралы түсіндіру қажет.

Үшіншіден оқушыларға гранат корпусының ішінде:

- тұтандырғышты қосуға арналған манжета;

- тұтандырғыш орналасатын стақан;

- жарылғыш қоспа;

- төсеніш;

- құты болатыны жайлы баяндау керек.

Одан соң оларға ШҚГ жарықшақты қол гранатасының корпусы:

- жарылғыш қоспаны,

- тұтандырғыш құтыны орналастыруға арналған,

сондай-ақ гранат жарылған кезде оның қалыбы жарықшақтар түзетінін мәлімдеу керек.

Сосын оларды ШҚГ жарықшақты қол гранатасының ұрыстық қасиеттерімен таныстыру қажет.


ШҚГ жарықшақты қол гранатасының ұрыстық қасиеттері


№

р/р

Сипатамалары

Көрсеткіштері

1

Гранат жарықшақтарының қиратқыш радиусы, м

8

2

Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы, м

35- 45

3

Жабдықталған гранаттың салмағы, г

310

4

Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты, сек

3,2 – 4,2

5

Жарылғыш зарядтың салмағы, г

114

6

Жарылғыш зарядтың түрі

АIX-1

7

Жабдықталған гранат корпусының ұзындығы, мм

114


  • Ф-1 қол гранатасының арналуы, ұрыстық қасиеті

Алдымен оқушыларды Ф-1 жарықшақты қол гранатысының арналу мақсатымен таныстыру керек.

Ф-1 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықты әрекетті гранат көбінесе қорғаныс шайқасында адам күшін жоюға арналған.

Сосын оларға бұл гранаттың жарықшақтарының ұшу радиусы 200 м. дейін болғандықтан бұл гранатты тасадан, ЖҰМ-нан, танктен лақтыруға ғана болатыны жайлы ескрту керек. Сонымен қатар гранаттың корпусы бойлық және ендік ойықшалары бар шойыннан құйылған, әдетте ол жарықшақтарға осылар арқылы бөлінеді.


Ф-1 жарықшақты қол гранатасының ұрыстық қасиеттері


№

р/р

Сипатамалары

Көрсеткіштері

1

Гранат жарықшақтарының қиратқыш радиусы

200 – ге дейін

2

Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы

35- 45 м.

3

Жабдықталған гранаттың массасы

600 г.

4

Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты

3,2 – 4,2 сек.


  • ҚҚГ (РГО) жарықшақты қол гранатасының арналуы, ұрыстық қасиеті және құрылымы


Алдымен оқушыларды ҚҚГ (РГО) жарықшақты қол гранатасының қолдану тәртібімен таныстыру керек.

Бұл гранаттың жарықшақтарының ұшу радиусы 100 м. дейін болғандықтан бұл гранатты тасадан, ЖҰМ-нан, танктен лақтыруға ғана болатыны жайлы ескрту керек. Сонымен қатар гранаттың корпусы бойлық және ендік ойықшалары бар шойыннан құйылған, әдетте ол жарықшақтарға осылар арқылы бөлінеді.

Одан соң оқушыларды ҚҚГ жарықшақты қол гранатасының құрылымымен таныстыру керек.

Бұл граната тұтан­дырғышсыз және тұтан­дырғышы бар болып бөлінеді.

ҚҚГ жарықшақты қол гранатасының корпусы:

  • жарылғыш қоспаны,

  • тұтандырғыш құтыны орналастыруға арналған,

сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзеді.

Бұл гранат корпусы құрыш болаттан жасалған және екі жарты шардан тұрады сонымен қатар екі жарты шар, екі – екіден сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Гранат корпусының үстүңгі жағында манжет көмегімен оған тұтанғыршыты бұрап кіргізу және жарылғыш қоспаны тұмшалауды қаматамасыз ету үшін кертігі бар стақан бекітілген.

Сосын оларды ҚҚГ жарықшақты қол гранатасының ұрыстық қасиеттерімен таныстыру қажет.


ҚҚГ жарықшақты қол гранатасының ұрыстық қасиеттері


№

р/р

Сипатамалары

Көрсеткіштері

1

Гранат жарықшақтарының қиратқыш радиусы, м

16

2

Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы, м

20- 40

3

Жабдықталған гранаттың салмағы, г

530

4

Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты, сек

3,2 – 4,2

5

Жарылғыш зарядтың салмағы, г

92

6

Жарылғыш зарядтың түрі

АIX-1

7

Жабдықталған гранат корпусының ұзындығы, мм

114


Өткен тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:


1. ШҚГ (РГН) және ҚҚГ (РГО) қол гранаттарының арналу мақсаттарын айт.

2. ШҚГ (РГН) ұрыстық қасиеттері және құрылымын айт.

3. ҚҚГ (РГО) ұрыстық қасиеттері және құрылымын айт.


  • РГД-5; Ф-1 қол гранаттарының құрылымы


Біріншіден оқушыларға, РГД-5 және Ф-1 қол гранаттары тұтан­дырғышқа арналған түтiгi бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұратыны жайлы түсіндіру қажет.

Екіншіден оларға, гранат корпусы жарылғыш зарядты, тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшiн, сондай-ақ гранат жарылуы кезiнде жарықшақтар жасалуына қызмет ететiнін баяндап, ол екi бөлiктен (жоғарғы және төменгi) тұратын айту керек.




Әрі қарай оқушыларға РГД-5 гранатасының қалыбының (корпусының) жоғарғы бөлiгi қалпақша деп аталатынын және ол сыртқы қабықтан және қалпақшаның қосымша бетiнен тұратынын, ал қалыптың төменгi бөлiгi табан деп аталатын сыртқы қабықтан және табанның қосымша бетiнен тұратынын айту қажет.

Оның корпусы темірден жасалғанын, ал Ф-1 гранатасының корпусы бойлық және ендік ойықшалары бар шойыннан құйылғаны жайлы тағы бір ескерту керек.

Осыдан соң гранат корпусында жоғарғы манжет көмегi аркылы тұтандырғышқа арналған түтiкше жалғастырылғанын және түтiкше гранатқа тұтандырғышты жалғастыру және корпустағы жарылатын зарядты герметизациялау үшiн колданылатыны жайлы айту керек.

Түтiктi ластанудан сақтау үшiн оған пластикалық тығын бұрап кіргізіледі.

Гранат лақтыруға дайындауға тығын орнына түтiкке тұтандырғыш бұрап кiргiзiледi.

Содан соң оқушыларға жарылғыш зарядтың орналасу орны мен арналу мақсаттары жайлы түсінік беру керек.

*Жарылатын заряд корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған.

Гранат тұтандырғышы (жаңғыртырылған қол грана­тының үйлестiрiлген тұтандырғышы (ЖКГҮТ) жарылатын заряд жарылуына арналған.

Oл: соққы механизмi мен тұтандырғыштан тұрады.

Әрі қарай оқушыларға соққы механизмi тұтандырғыштың капсюль-отал­ғышының тұтануына қызмет ететiнін және ол,

  • соққы механизм түтiгiнен,

  • жалғастырушы тығыннан,

  • бағыттаушы шайба­дан,

  • ұрыстык серiппеден, соққыштан,

  • соққыш шайбасы­нан,

  • ағытқыш иiнтiрек (рычаг) пен

  • сақиналы сақтандыра­тын мұрындықтан тұрады.

Осыдан кейін оларға соққы механизм түтiгi тұтандырғыштың барлық бөлшектерiн жинауда негiз болып табылатыны жайлы баяндау керек.

Одан соң оларға гранаттың соққы механизмiнің басқа бөліктерінің арналу мақсатымен таныстыру керек.

Жалғастырғыш тығын тұтандырғышты гранат корпусымен жалғастыруға арналған.

Oл соққы механизм тетiгiнiң төменгi жағына кигiзiлген.

Бағыттаушы шайба ұрыстык серiппенiң жоғарғы ұшына арналған тipey болып табылады және oл соққы жылжуын бағыттайды.

Oл соққы механизм түтiгiнiң жоғарғы бөлiгiнде бекiтiлген.

Ұрыстық cepiппe капсюль-оталғышқа қыстыруға қажеттi энергияны соққышқа хабарлау үшiн арналған. Oл соққышқа кигiзiлген және өзiнiң жоғарғы ұшымен бағыттаушы шайбаға, ал төменгi ұшымен соққыш шайбасына тiреледi.

Соққыш капсюль-оталғышты тұтандырып, қыстыруға арналған.

Соққыш шайбасы соққыштың төменгi ұшына кигiзiледi де, ұрыстык серiппенiң төменгi ұшына тiреу болып табылады.

Ағытқыш иiнтiрек соққышты қайы­рылған жағдайда ұстап тұруға арналған. Соққы механизм түтiгiнде ағытқыш иiнтiрек сақтандыра­тын мұрындыкпен ұстап тұрылады.

Сақтандыра­тын мұрындық ағытқыш иiнтiректiн құлақ­ша санылауынан және соққы механизм түтiгiнiң қабырға­ларынан өтедi. Онда оны жұ­лып алатын сақина болады.


Өткен тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:


1. Жарықшақты қол гранаттарының арналу мақсатын айт?

2. ҚР Қарулы Күштерiнде және қарулануында қол гранаттарының қандай түрлері бар?

3. РГД-5 жарықшақты қол гранатасының ұрыстық қасиетiн атап берiңдер.

4. Ф-1 жарықшақты қол гранатасының ұрыстық қасиетiн атап берiңдер.

5. РГД-5; Ф-1 жарықшақты қол гранаталарының құрылымын айт.





3-і сұрақ – 7 мин. РГД-5, ШҚГ (РГН), Ф-1 және ҚҚГ (РГО) қол гранаттарының лақтыру

кезіндегі оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы


Алдымен жарықшақты қол гранатасын ұрыста қолдану тәртібін оқып үйренгенде оқушыларға тағы бір ескертетін жайт, жарылғыш заряд жарылғанда, корпустан көп мөлшердегі жарықшақтар бөлініп, айналадағы қарсыластың тірі күштерін жоятынын (РГД-5 – 25м дейін, Ф-1 – 200 м дейін радиуста) түсіндіреді.

Шабуылдық гранатаның жоюшы жарықшақтарының жан-жаққа ұшу және шабуылшының лақтырған сәттен жарылысқа дейін өтетін қашықтығына лақтыру қажет.

Мысалы: гранатаның ұшу уақытында (3-4 сек) шабуылшы жүгіре немесе тез адымдай

(2-4 м/сек) отырып, 10-15м қашықтықты өте алады. Сондықтан, гранатаны қозғалыс кезіндегі жағдайда 40-50 м қашықтыққа лақтыру керек. Бұнымен оқытушы ретінде мен шабуылдық гранатаны лақтыру қашықтығын негіздеймін, оқушыларға тағы бір ескертетін жайт, ол қорғаныстық қол гранаталарын ордан немесе тасадан лақтырылатыны, өйткені олардың жарықшақтарының ұшу радиусы 200м дейін.

Сосын оларға гранаттың лақтырылуы қандай тәсілдерден қалыптасатынын түсіндіру қажет.

Гранаттың лақтырылуы мына тәсілдерден қалыптасады:

  • лақтыруға дайындық (жарақтау және жағдайға тұру)

  • және гранатты лақтыру.

ЕСКЕРТУ: Ұрыстық гранаттарды лақтыру сабақтарында болат дулыға киіледі.

Бұдан соң оқушыларға гранатты жарақтау "Гранат­тарды дайында" пәрмені бойынша, ал ұрыста бұдан басқа өз бетімен жүргізілетінін айту керек.

Әрі қарай оларға гранатты лақтыру алдында оны жарақтау үшiн – сөмкеден aлып, түтiктен тығынын бұрап шығарып, оның орнына тұтан­дырғышты бұранда шегіне дейiн бұрап салу керектігін түсіндіру қажет.

*Гранат лақтыруға дайын.

Осыдан кейін гранаттың соққы-механизмнің бөлшектерінің осы жағдайдағы орналасуы жайлы мәлімет беру керек. Бұл жағдайда тұтандырғыш соққы механизм бөлшектерi мынадай жағдайда орналасады: соққыш қайырылып, соққы механизм түтiгi сақтандыратын мұрындықпен жалғасқан ағытқыш иiнтiрек айырымен жоғарғы жағдайда ұсталынып турады. Сақтандырылатын мұрындық ұшы бөлiнген және тұтандырғышты мықты ұстап тұрады.

Содан кейін оқушыларға гранатты қолдану (лақтыру) "Гранат­пен АТ!" немесе "Оқпанаға гранаттармен – АТ!" пәрмендері бойынша, ал ұрыста бұдан басқа өз қалауымен (бетімен) жүргізілетінін түсіндіру қажет.


4-і сұрақ – 6 мин. Қол гранаттарын лақтыру кезіндегі қауіпсіздік шаралары – 6 мин.


Біріншіден, оқушыларға осы сұрақтың да өте маңызды екенін, өйткені әрбір сарбаз гранаттарды пайдалана біліп, оларды күту және сақтау тәртібін толық меңгеруге міндетті.

Екіншіден, оларға гранаттар әскери бөлімдерге ағашжәшіктерде жеткізілетіні және де жәшікке – гранаттар, тұтқалар мен тұтандырғыштар металл қораптарға салынатыны жайлы айту керек.

Металл қораптарды ашу үшін арнайы пышақ қоса беріледі.

Әрі қарай оларға жауынгерлер гранаттарды гранаттарға арналған сөмкелерде тасымалдайды. Бұл жерде ескертетін жайт, тұтандырғыштар гранаттардан бөлек орналасады, олар қағазға немесе таза шүберекке оралатынын хабарлау қажет.

ЕСКЕРТУ: Гранаттар мен тұтандырғыштарды сөмкеге салар алдында және жарақтау кезінде қарап, тексеру керек!

Қарап, тексерген кезде гранат корпусында терең майысулар және қатты тоттанған тұстары болмауы керек!

Тұтандырғыш түтігі және тұтандырғыш таза, майыспаған, тот баспаған болуы керек; сақтандырғыш мұрындықтың ұштары ажыратылған қалпында, иілмелерінде жарықшақ болмауы тиіс!

Жарықшағы бар және жасыл қақ тұрған тұтандырғыштарды пайдалануға болмайды!

Алып жүру кезінде гранаттарды соқтығудан, итерілуден, отттан, балшық пен ылғалдан сақтау керек!



Ылғалданған және ластанған граттар мен тұтанғыштарды командирдің бақылауы мен сүртіп кептіреді.

Оларды оттың оттың маңына кептіруге болмайды!

Осыдан кейін оқушыларға гранаттар мен тұтандырғыштар мезгілімен қаралатыны жайлы айту керек.

Оларға назарын аударатын жайт, гранатты тек лақтыру алдында ғана жарақтауға (тұтандырғышын қосуға) рұқсат етілетінін ескерту қажет.

ЕСКЕРТУ: Ұрыстық гранаттарды бөлшектеуге, олардың ақауларын жөндеуге, гранаттарды сөмкеге салмай (сақтандырғыш мұрындықтың шығыршығына іленген қалыпта) алып жүруге, сондай-ақ жарылмаған гранаттарды алып жүруге тыйым салынады!

Гранат құрылысын, оларды лақтыру ережелері мен тәсілін оқу үшін оқу-еліктегіш гранаттар мен плакаттар пайдаланылады.

ЕСКЕРТУ: Ұрыстық гранаттарды лақтыруға оқулық және оқу-еліктегіш гранаттарды лақтыру бойынша жаттығуларды табысты орындаған жауынгерлер ғана жіберіледі!


НҰСҚАУЛЫҚ

Ұрыстық гранаттарды лақтыруға үйрену кезіндегі қауіпсіздік шаралары:

  • үйренуші болат дулыға киюі керек;

  • қолданылатын гранаттар мен тұтандырғыштарды жарақтау алдында оларды тексеру керек;

  • ақаулар табылған сәтте жағдайда – командирге баяндау керек;

  • қорғаныста және танкке қарсы қолданылатын гранаттарды лақтыру офицерлер жетекшілігімен жарықшақтар бұзбайтын (тесіп өтпейтін) бой тасалардан немесе оқпаналардан жүргізіледі;

  • бір үйренушімен бірнеше гранаттарды лақтыру кезінде әр кезекті гранатты алдыңғы лақтырылған гранаттың жарылысынан соң, кемінде 5 сек. өткеннен кейін лақтыру керек;

  • егер гранат лақтырылмаған болса (сақтандырғыш мұрындығы жұлынбаған), онда оны командирдің тікелей бақылауымен және тек пәрмен бойынша жарақсыздандыруға болады;

  • жарылмаған гранаттар есебін жүргізіп, олардың түскен орындарын қызыл жалаулармен белгілеу қажает;

  • гранат лақтыру аяқтағаннан соң жарылмаған гранаттарды - әскердегі артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау және күтіп ұстау жетекшілігінде мазмұндалған ережелерге - сәйкес түскен жерлерінде жару керек;

  • гранаттарды жаруды бөлімше командирі ұйымдастырады;

  • қол гранаттарын лақтыру ауданының радиусы кемінде 300 м жерді қоршау керек;

  • гранаттарды лақтырумен айналыспаған жек құрамды атыс шебінен қауіпсіз жерге немесе бойтасаға апару керек (300 м жерге);

  • гранаттарды лақтыруға арналған бастапқы орынды – ақ жалаулармен, атыс шебін – қызыл жалаулармен белгілеу керек;

  • Гранаттар мен тұтандырғыштарды беру пунктін бастапқы орыннан 25 м қашықтықта жабдықтау керек.


3. Қорытынды бөлім - 3 мин.


1. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ескертіп, қорытындылау.

2. Тексеріс сұрақтарына берілген толық жауаптарды атап өтіп, жіберілген кемшіліктерге назар аударып, оларды түзету.

3. Келесі сабақта өтетін бөлім мен тақырыпты және киім үлгісін хабарлау.

4. Үйге тапсырма: §7. 175–186 бетт.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
3072
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі