400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жарықтың дисперциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр түрлі заттардың түстері туралы сұрақ адам баласын ерте заманнан бері қызықтырып келді. Сонда да Ньютонға дейін бұл салада ешқандай белгілі нәрсе болмады. Түс заттың өзіне тән қасиет деп есептелді. Ал әр уақытта түрлі бақылау жүргізгенде жарықтану шарты өзгерген жағдайда дененің түсі де өзгеретінін анықтауға болады. Жарық пен қараңғыны араластырғанда әр түрлі түстер пайда болады деген пікірлер де болды. Кемпірқосақ түсін жаңбыр тамшыларымен байланыстырды. Алмаз түстерінің ойнауы, шыны призмадан өткен түстің түрленуі де белгілі болатын. Бірақ Ньютонға дейін ешкім де бұл құбылыстарды салыстырып, олардың арасындағы байланысты білуге ұмтылған жоқ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Жарық дисперсиясы

Сабақ барысы:


Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақта біз жарықтың дифракциясы және жарық интерференциясы тақырыбын өткен болатынбыз,олай болса оқушылардың білімдерін шындайтын сұрақ-жауап


Блиц-турнир

1. Жарық жылдамдығын лабораториялық тәсілмен ашқан француз физигі.(О.Ж.Френель)

2.Толқындардың интерференциясы дегеніміз не?

3.Толқындардың дифракциясы дегеніміз не?

4. Жарық жылдамдығының сан мәні неге тең

6. Толқын ұзындығының өлшем бірлігі

7. Жарық дегеніміз не?

8. Неліктен далаға қарағанда бос бөлмеде дыбыс қатты шығады?

9. Неге жазда ақ түсті киім, ал қыста қара түсті киім киеміз?

10. Қусаң қашады, қашсаң қуады?


Жұмбақтар шешу

1.Хабар алған алыстан, екі өріс табысқан

2. Бар жоғын білмейсің, онсыз өмір сүрмейсің

3. Аспандағы алып топ, жарқырайды жарық боп

4.Жарқылдап соң жаңағы, суға бөкті бар алып, көкте түрлі жолақты, өрнек тұрды ғаламат


.

Жаңа материалды түсіндіру

Тақырыбы: Жарық дисперсиясы.

Сабақ мақсаты: Дисперсия құбылысын тұжырымдап, табиғаттағы дисперсия құбылысын түсіндіру.Оқушылардың қызығушылық және ойлау қабілетін дамыту.Үйрене отырып, көргенді есте сақтауды, өз бетімен еңбектене алатындай ерік –жігер ,өзіне сенімділікті қалыптастыру.

СТО бағдарламасымен топты үшке топтастырып, әр топқа атау беріледі.

-Топта жұмыс істей алуға үйрету

- өз ойын ашық айта білуге дағдыландыру

-пікір айтуға үйрету

-бір-бірін тындауға, жауаптарын бағалай білуге үйрету. Топтарға өзбетінше ізденіс жасай отыра мәтін бойынша тақырыптан мәлімет алады.


Жоспары:

1-топ: Ньютон эксперименті .Спектр дегеніміз не?

2-топ: Дисперсияның мағынасы не?

3-топ: Алғашқы және толықтауыш тустер

Үш топқа ортақ деңгейлік есептер.


1-топ: Ньютон мынадай эксперимент жасады.

(Интерактивті тақтаға суретті шығару)


Әр түрлі заттардың түстері туралы сұрақ адам баласын ерте заманнан бері қызықтырып келді. Сонда да Ньютонға дейін бұл салада ешқандай белгілі нәрсе болмады. Түс заттың өзіне тән қасиет деп есептелді. Ал әр уақытта түрлі бақылау жүргізгенде жарықтану шарты өзгерген жағдайда дененің түсі де өзгеретінін анықтауға болады. Жарық пен қараңғыны араластырғанда әр түрлі түстер пайда болады деген пікірлер де болды. Кемпірқосақ түсін жаңбыр тамшыларымен байланыстырды. Алмаз түстерінің ойнауы, шыны призмадан өткен түстің түрленуі де белгілі болатын. Бірақ Ньютонға дейін ешкім де бұл құбылыстарды салыстырып, олардың арасындағы байланысты білуге ұмтылған жоқ.

“1666 шыны өңдеп жүрген болатынмын,мен түс жөніндегібелгілі құбылыстыарды тексеру үшін ұшбүрышты призманы тауып алдым. Осы мақсатта мен призманы өзімнің бөлмемді қараңғыладым да күн сәулесін өткізу үшін жақтауға өте кішкене саңылау жасадым. Осы саңылауға мен призманы одан сынған сәуле қарсы қабырғаға түсетін етіп орналастырдым. Осындай жолмен алынған түрлі түсті және күшейтілген түстерді қарау маған өте үлкен қанағаттандыру сезімін тудырды”. Жарық көзінен шығып, призма арқылы өткенде пайда болған әр түрлі түстерден тұрақты жолақтарды Ньютон спектр (spektrum- көру) деп аталады.

Бұл эксперимент ақ жарықтың күрделі түс екенін анықтады.


7 Түс. 


Ньютон бұл түстерді спектр деп атады. ( лат dispersio- шашырау дегенді білдіреді) Ньютон ашқан құбылыс дисперсия деген атаққа ие болды.Сонымен дисперсия дегеніміз не?

Ньютон қызыл,күлгін түсті жеке жеке бөліп алып,екінші призмадан өткізген кезде күлгін тіс күшті сынады, қызыл түс әлсіз сынады.

Дисперсия қүбылысының ашылуы кемпірқосақ құбылысын түсіндіреді, яғни жарық су тамшыларын немесе атмосферадағы мұз қабыршақтарында сынуының нәтижесінде пайда болады. (судың хим.форм. жазу,кемпірқосақтың суреті интерактивті тақтада көрсетіледі)

2-топ: Жарық дисперсияның мағынасы не?

Жарық дисперсиясының екі мағынасы бар:1- күрделі ақ түсті спектрге ажырату құбылысы,2- заттың сыну көрсеткішінің түсетін жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігі. Жарық толқыны фазалық жылдамдығының жиілікке`v. () не ұзындығына заттың сыну көрсеткішінің (n) жарық толқынының жиілігіне . Жарық дисперсиясы нәтижесінде ақ жарық спектрге жіктеледі.Осы спектрді зерттеу арқылы И.Ньютон Жарық дисперсиясын ашты (1672-ның) арасында осындай заңдылық байқалатын құбылыс қалыпты Жарық дисперсиясы деп аталады.-дің (не кемігенде) сыну көрсеткіші де (n) артады. n мен ) артқанда (). Спектрдің берілген аймағы үшін мөлдір денелерде жарық толқынының жиілігі ( Аномаль  кемігенде) сыну көрсеткіші n кемиді. Оптикалық шыныларда қалыпты Жарық дисперсиясы, ал жарық өткенде жұтылу жолақтары айқын білінетін газдар мен буларда аномаль Жарық дисперсиясы байқалады. Затта жарықтың сынуы жарықтың фазалық жылдамдығының өзгеруі салдарынан болады. Мұндай жағдайда заттың сыну көрсеткіші (n) мына формуладан анықталады: n=c/v, мұндағы cv— жарықтың берілген ортадағы фазалық жылдамдығы, с — артқанда (Жарық дисперсиясы кезінде толқын жиілігі  вакуумдағы жарық жылдамдығы. Жарықтың электрмагниттік  — магниттік өтімділік. Призмадан немесе басқа бір мөлдір денеден өткен жіңішке ақ жарық шоғы түрлі түсті спектрге жіктеледі. Жеті түрлі түстен құралған бұл спектрдің ең көбірек бұрылатыны және ең қысқа толқындысы (жиілігі үлкені) — күлгін — диэлектрлік өтімділік, теориясы бойынша: , мұндағы  сәуле, ал ең аз бұрылатыны және ең ұзын толқындысы — қызыл сәуле. Жарықтың классик. теориясы бойынша Жарық дисперсиясы жарық таралған орта атомдарының (не молекулаларының) электрондары мен жарық толқындары туғызған айнымалы электр өрісінің өзара әсерлесуі нәтижесінде пайда болады. Мөлдір денелердегі Жарық дисперсиясы спектрлік приборларды,ахроматикалық линзаларды жасау кезінде қолданылады.

Бейне ролик Жарық дисперсиясының алынуы.(3 мин)

. Осы мақсатта мен өзімнің бөлмемді қараңғыладым да күн сәулесін өткізу үшін жақтауға өте кішкене саңылау жасадым.Осы саңылауға мен призманы одан сынған сәуле қарсы қабырғаға түсетін етіп орналастырдым.Осы саңылауға мен призманы одан сынған сәуле қарсы қабырғаға түсетін етіп орналастырдым. Осындай жолмен алынған түрлі-түсті және күшейтілген түстерді қарау маған өте үлкен қанағаттандыру сезімін тудырды". Жарық көзінен шығып, призма арқылы өткенде пайда болған әр түрлі түстерден тұратын жолақтарды Ньютон спектр (spektrum — көру) деп атады (түрлі-түсті қосымшадағы 3-сурет).Бұл эксперименттің екі ерекшелігі Ньютонды таң қалдырды. Жарық призмадан неге боялып шығады? Және дөңгелек саңылаудан түскен шоқ призмада сынып шыққаннан кейін неге жолақ түріне енеді?Шоқтың ұзындығын оның енімен салыстырып, оның ұзындығының енінен 5 есе артык екенін тапты. Мұны түсіндіру өте қиын болды. Бірақ Ньютон күн спектрінің әр түсін басқалардан жеке бөліп алып, оны екінші призмадан сынуға мәжбүр етті. Бұл жағдайда ол әр түрлі түстердің әрқалай сынатынын байқады. Мысалы, қызыл түс басқаларға қарағанда әлсіз, ал күлгін түс бәрінен де күшті сынады.Ньютон мұны түсіндіре алмады. Бірақ эксперимент жарықтың призмадан сынғанда ұзынша болатынын түсіндірді. Бұл эксперимент ақ түстің күрделі түс екенін көрсетті. Ол негізгі жеті түстен түрады: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көк, көгілдір және күлгін Ақ түстің күрделі түс екенін көрсететін Ньютонның жасаган тағы бір тәжірибесі бар.Ньютон дөңгелектің бетін сектор түрінде негізгі жеті түсті бояп қойды. Бұл дөңгелек қозғалтқыштың айналу осіне бекітілді. Айналудың белгілі бір жылдамдығында түсті дөңгелек ақ болып көрінеді. Ньютонның ашқан құбылысы жарықтың дисперсиясы деп атады. Бір заттың ор түрлі толқын ұзындығына сәйкес сыну көрсеткіші бар. Жарықтың жылдамдығы вакуумде 300 000 км/с екені белгілі. Ал басқа мөлдір ортадан өткенде жарық жылдамдығы өзгереді және ол вакуумдегіден аз. Қызыл түсті жарық толқынының таралу жылдамдығы кез келген ортада максимал, ал күлгін түсті жарық толқынының таралу жылдамдығы — минимал болады. Мысалы, суда vk = 228 000 км/с, ал vk= 227 000 км/с. Күкірт көміртекте vk= 185 000 км/с, ал vk= 177 000 км/с. Вакуумде жарық дисперсиясы болмайды, өйткені онда барлық жарық толқындары бірдей жылдамдықпен таралады.Дисперсия құбылысының ашылуы кемпірқосак құбылысын түсіндіруге көмектесті.


3-топ: Алғашқы және толықтауыш тустер

1807 жылы ағылшын физигі Томс Юнг өте маңызды жаңалық ашты. Ол қызыл, жасыл, көгілдір түстерді қосып,ақ түс алуға болатынын байқады. Сонымен қатар қызыл,жасыл, көгілдір түстерді қосып басқа түстер алуға болатынын байқады. Қызыл, жасыл, көгілдір түстерді Юнг алғашқы түстер деп атады.











Толықтауыш тустер: Күн спкетрінен қызыл түсті бөліп алсақ, нәтижесінде көгілдір жасыл жарық шығады.Бір – біріне  қосқанда ақ  жарық  беретін  түстерді  толықтауыш  түстер деп атады.
Егер зат  ақ  жарықтың  барлық  құрамды  бөлігін  біркелкі  шашыратса ол  ақ  болып  көрінеді.Ал зат өзіне түскен  барлық түсті жұтса, ол  қара түсті  береді.
Сондықтан мөлдір  денелерді жарық  жолына  ұстаса , олар  әр түрлі түске  боялған  тәрізді көрінеді.Мұндай  заттар  
жарық  сүзгісі деп  аталады.


Физикалық диктант

Түсті жолақтың өзін Ньютон........................ деп атады.

Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуелділігін Ньютон ....................... деп атады.

Қызыл жарықты қызыл түсті сәуле..................... сынады, зат ішіндегі жылдамдығы ......................... болады.

Латынның dispersio деген сөзі , қазақша ............. деген сөзді білдіреді.

Электромагниттік толқын өзімен бірге ......... тасымалдайды.


Жарық дисперсиясы — заттың сыну көрсеткішінің (n) жарық толқынының жиілігіне () не ұзындығына () тәуелділігі; жарық толқыны фазалық жылдамдығының жиілікке () тәуелділігі. Жарық дисперсиясы нәтижесінде ақ жарық спектрге жіктеледі (қ. Оптикалық спектрлер). Осы спектрді зерттеу арқылы И.Ньютон Жарық дисперсиясын ашты (1672). Спектрдің берілген аймағы үшін мөлдір денелерде жарық толқынының жиілігі () артқанда ( кемігенде) сыну көрсеткіші де (n) артады. n мен -дің (не -ның) арасында осындай заңдылық байқалатын құбылыс қалыпты Жарық дисперсиясы деп аталады. Аномаль Жарық дисперсиясы кезінде толқын жиілігі артқанда ( кемігенде) сыну көрсеткіші n кемиді. Оптикалық шыныларда қалыпты Жарық дисперсиясы, ал жарық өткенде жұтылу жолақтары айқын білінетін газдар мен буларда аномаль Жарық дисперсиясы байқалады. Затта жарықтың сынуы жарықтың фазалық жылдамдығының өзгеруі салдарынан болады. Мұндай жағдайда заттың сыну көрсеткіші (n) мына формуладан анықталады: n=c/cф, мұндағы cф — жарықтың берілген ортадағы фазалық жылдамдығы, с — вакуумдағы жарық жылдамдығы. Жарықтың электрмагниттік теориясы бойынша: , мұндағы — диэлектрлік өтімділік, — магниттік өтімділік. Призмадан немесе басқа бір мөлдір денеден өткен жіңішке ақ жарық шоғы түрлі түсті спектрге жіктеледі. Жеті түрлі түстен құралған бұл спектрдің ең көбірек бұрылатыны және ең қысқа толқындысы (жиілігі үлкені) — күлгін сәуле, ал ең аз бұрылатыны және ең ұзын толқындысы — қызыл сәуле. Жарықтың классик. теориясы бойынша Жарық дисперсиясы жарық таралған орта атомдарының (не молекулаларының) электрондары мен жарық толқындары туғызған айнымалы электр өрісінің өзара әсерлесуі нәтижесінде пайда болады. Мөлдір денелердегі Жарық дисперсиясы спектрлік приборларды, ахроматикалық линзаларды жасау кезінде қолданылад

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
1530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі