400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жарыс сабақ "Тапқыр математик" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Түрі: жарыс сабақ Көрнекілігі: қанатты сөздер, слайдтар Сәлеметсіздер ме, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, білім күшімізді сынау үшін жиналып отырмыз. Уа, жарандар, жарандар! Мына бізге қараңдар Мінекей сыныпта тыныштық Естілмейді дыбыс түк Мұны біз де қостаймыз Кешіккенді тоспаймыз Ғылымдардың атасы Математика пәнінен “Тапқыр математик ” сайысын бастаймыз.Бұл сайыста екі топ білімдерін сынағалы тұр. Топтарды қарсы алайық. Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық: 1« Кел, танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен танысу) 2 «Математикалық эстафета» 3. «Жұмбақтар» 4. «Логикалық сұрақтар» топ басшыларына 5. «Сәйкестендіру» 6. «Сандарды үш тілде айту»
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Сарқан аудандық білім бөлімінің М.Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ



















Shape1



Бастауыш сынып мұғалімі: А.Бейсембекова













2019-2020 оқу жылы



Тақырыбы: «Тапқыр математик»


Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.


Түрі: жарыс сабақ


Көрнекілігі: қанатты сөздер, слайдтар


Сәлеметсіздер ме, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, білім күшімізді сынау үшін жиналып отырмыз.

Уа, жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдар
Мінекей сыныпта тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қостаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Ғылымдардың атасы
Математика пәнінен
“Тапқыр математик ” сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста екі топ білімдерін сынағалы тұр. Топтарды қарсы алайық.


Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:

1« Кел, танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен танысу)

2 «Математикалық эстафета»

3. «Жұмбақтар»

4. «Логикалық сұрақтар» топ басшыларына

5. «Сәйкестендіру»

6. «Сандарды үш тілде айту»


І кезең: “Кел, танысайық!”

1-топ «Зерек»

Ұраны: «Қандай сынақ болса-дағы беріспе

Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске!»


2-топ «Жігер»

Ұраны: «Шыдамды еңбек, алғыр ой,

Анық досың біліп қой!»

ІІ кезең: Математикалық эстафета
1 – топ 
129.000+800.000-20.000 = 909.000
503.000-(360.000-200.000) = 343.000
(600.000-450.000)+84.000 = 234.000

2 – топ
138.000+500.000-30.000 = 608.000
705.000-(480.000-300.000) = 525.000
(800.000-356.000)+75.000 = 519.000

ІІІ кезең: Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті
«Жұмбақтар» сайысына береміз:

1 - жұмбақ:
Көлден ұшты 650 қаз,
Қайтып қонды 420 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (230 қаз )

2 - жұмбақ: 685 алманың 298 - ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (387 алма )

3 - жұмбақ:
Аулада 987 үйрек,
Қорада 297 үйрек,
100 үйрек тығылды
105 үйрек жығылды,
Барлығы неше үйрек? (1489 үйрек )

4-жұмбақ:
115 түйе, елу бес жылқы.
26 сиыр, он бір ешкі
29 қоян, отыз үш түлкі,
Неше болды барлығы? ( барлығы 269)

5 - жұмбақ:

Қолымда 585 алма
57 - ін бердім апама,
58- ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (470 алма )

6 - жұмбақ:

1000 асықтың 386 - ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады (614 асық )

IV кезең: “Логикалық сұрақтар” Сайысқа топ басшылары қатысады.

Зерек тобына:


  1. Ұзындық бірліктерін ата (мм,см,дм,м,км)

  2. Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады? (кесінді)

  3. Көбейту амалдарының компоненттерін ата (көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні)

  4. 1м-де неше см бар? (100 см)

  5. Х×30=360  /х тің мәні нешеге тең? (12)

  6. Қуат 1 күнде кітаптың 5 бетін оқыды. Осы қарқынмен 30 күнде неше бетін оқиды? (150 бет)

  7. Жеңіс күні қай күн ? (9 мамыр)

  8. 1ғасырда неше жыл ? (100 жыл)

  9. 5³ нешеге тең? (125)

  10. 20-ның бөлігі? (5)

  11. Кешкі сағат 8/30 тағы қалай айтуға болады? (20/30, 8 жарым, 9-ға 30 мин бар)

  12. 9² нешеге тең? (81)

Жігер тобына:

  1. Уақыт бірліктерін ата. (секунд, минут, сағат)

  2. Он мың санында неше нөл бар? ( 4 нөл)

  3. Бөлу амалдарының компоненттерін ата. (Бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)

  4. 1т неше кг бар? (1000 кг)

  5. Х×40=480 /х тәні мәні нешеге тең? (12)

  6. Алмас 1 сағ 4 км жол жүрді осы қарқынмен жүрсе 13 сағатта неше км жол жүреді. (52 км)

  7. Тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз? (16 желтоқсан)

  8. 1 жылда неше ай бар? (12 ай)

  9. 8³ нешеге тең? (512)

  10. 27-нің бөлігі? (9)

  11. Түскі сағат 14/30 тағы қалай айтуға болады? (2/30, 2 жарым, 3-ке 30 мин бар)

  12. 7² нешеге тең? (49)

V кезең: Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп – келесі сайыс кезегі:«Сәйкестендіру»

1 – топ:

1. Ең үлкен үш таңбалы сан. Бөлу

2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Сегіз

3. 8 жүзд.4 онд.5бірл. Тоғыз жүз тоқсан тоғыз

4. Бір таңбалы сан. Шаршы

5. Есе кем амалы. Сегіз жүз қырық бес

2 - топ:

1. Бір таңбалы сан Уақыт

2. Геометриялық фигура. Төртбұрыш

3. Бұрыш түрі Төрт жүз отыз екі

4. Уақыт өлшем бірлігі. Сүйір

5. 4жүзд.3онд.2бірл. Төрт

VI кезең: Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрін де
Математика - Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл деп отырып – соңғы кезең:
«Сандарды үш тілде айту» сайысы.

32, 25, 42, 24, 35, 43, 20, 18, 23, 44, 10, 17, 21, 38.

- Болмасын ешбір сын өкпе,

Әсері қалды жүректе.

Қазылар берген бағалар,

Ұштассын айтар тілекке! – демекші, сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз! Осымен сайысымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
1889
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі