400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жас бағдарламашы 2018»

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәні мұғалімдеріне қажет материал
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қызылорда қаласы, Б.Шалғынбаев атындағы №217 орта мектеп






С ы н ы п т а н т ы с

ж ұ м ы с





Пән: Информатика


Тақырыбы: Жас бағдарламашы 2018


Орындағандар: Есимова Э.






















Қызылорда 2018ж


Күні: 15.12.2018ж.

Сабақтың тақырыбы: «Жас бағдарламашы 2018»
Сабақтан тыс іс-шараның мақсаты:
Білімділігі: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Ой-өрісін шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, компьютерлік сауаттылыққа баулу.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың қарсыласын бағалай білуге, топтық жұмыста бірін-бірі тыңдай білу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті конверт, оқушылардың шығармашылық жұмыстары (көрме).
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі «Информатика әлеміне саяхат» атты интеллектуалды сайыс сабағымызға қош келдіңіздер
Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазы алқаларымен танысып алайық.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Бұл өтейін деп жатқан сайысымыз мына бөлімдер бойынша болады:

1- бөлім «Таныстыру».
2- бөлім «Құпия алаң».
3- бөлім «Жоба».
4- бөлім «Кім жылдам?».
5- бөлім «Полиглот».
6- бөлім «Адасқан әріптер».

Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын балалар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
1-бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.

1-топ «Процессор»
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Ұрандары: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

2-топ «Клавиатура»
Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Ұрандары: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды5»

3-топ «Монитор»
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау
Ұрандары: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»

Мінекей 3 топтың таныстыруын тыңдадық, бұл бөлімде таныстыруларын жақсы айтқан топқа 5 ұпайдан беріледі.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп

2-бөлімді бастайық «Құпия алаң» Тақтада 1-ден 15-ке дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1. Компьютер миы? (жүйелік блок)
2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
3. Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)
4. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
5. Алгоритмның 3түрін атаңдар (сызықтық, тармақталған, циклдық)
6.
Функционалдық пернелер (F1-ден F12-ге дейін)
7. компьютер түрлерін атаңдар (суперкомпьтерлер, үлкен компьютерлер, дербес компьютерлер, сервер)
8. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)
9. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)
11. Мәліметтерді сығымдау деп нені айтамыз? (мәліметтердің ақпарат мазмұнын сақтап, көлемін өзгерту)
12. ЭЕМ-ның дамуының қанша буыны бар? (5)
13. Электронды плакаттар деп нені атаймыз? (слайдтарды)
14. Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт, килобайт, мегабайт, гегабайт, терабайт)
15. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде)

Осымен 2- бөлім аяқталды.
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп

3-бөлімді бастайық «Жоба» Оқушыларғаекі тақырып беріледі "Рухани жаңғыру" "Қызылорданың 200жылдығы" осы тақырыптарға байланысты слайдпен жоба құрады.

4-бөлімді бастайық. «Кім жылдам»  бұл сайыста әр топтан бір ер бала шығып quiz maker бағдарламасында тест құрастырады. 3минут уақыт беріледі, қай топ көп сұрақ құрса сол топ жеңімпаз болады.

1. Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (Тышқан)

2. Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)

3. Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған... (монитор)

4. Егер білсең,айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді. (Сканер)

5. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да,бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ
Ұзын саны жүз жеті... (Пернетақта,тінтуір)

6. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені.
(кактус)

7. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді... (принтер)

8. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағазға қаламсыз (пернетақта)

9. Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)

10 Саусақтарды билететін
Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта)

5–бөлім. «ПОЛИГЛОТ».

Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.

Бұл бөлімнің шарты бойынша 4 бөлімнің қорытындысы бойынша ең төменгі ұпай санын алған білімалушылардан бастаймыз. Білімалушылар слайдта көрсетілген сурақтардың жауабын айту керек. Үш тілдегі жауабын дұрыс айтса 30 ұпай, 2 тілде жауап берсе 20 ұпай, ал енді бір тілде ғана болса жауап 10 ұпай
1. Ақпаратты адам бірінші не арқылы қабылдайды? (көру, видеть)
2. Ақпаратты шығару құрылғысы (Монитор, монитор, Screen).
3. Экранның қоршаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ? (терезе, Окно, Windows)
4. Файлдарды реттеп қайда саламыз? (Бума; Папка; Icon).
5. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (Жұмыс үстелі, Рабочий стол, Work table)
6. Мәтіндік және графикалық ақпаратты оптикалық оқу тәсілі арқылы компьютерге енгізуге арналған құрылғы (мәтіналғы, сканер, Scanner).
7. Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (Тінтуір; Мышка; Mouse)
8. Ол құрылғысыз ақпаратты компьютерге енгізе алмайсыздар? (Пернетақта; Клавиатура; Keybord)
9. Ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы  (Қатқыл диск; Винчестер; Ha
rd disk)
10.Ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаратын құрылғы (Басып шығарғыш; принтер; printer).
Осымен 4-бөлім аяқталды
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ тапсырма болса-деп

6-бөлімді бастайық. «Адасқан әріптер» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?   

М    К    А    К    О    М    П
О    Н    К    С    Т    Н    Ь
В    И    Т    У    Ы    А    Ю
И    Т    О    Р    Ш    Қ    Т
Р    П    С    К    А    Р    Е
У    Е    Е    Т    Н    Е    Р
С    Р    Н    А    Қ    Т     А

Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайық.

Уақыттарыңызды бөліп, келіп көргендеріңізге көп рахмет!



Мақсаты


XXI-ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры қазіргі заманның талабы болып келеді. Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру,шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, мұғалім каумын құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқушылардың информатикадан алған білімдерін жетілдіру, толықтыру;

Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру, пәнге деген қызығушылығын ояту;

Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұжымдасып жұмыс жасай білуге баулу. 

Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына қызықтыру.Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.


Анықтама


"Жас бағдарламашы" атты сайысы өтті, жарыс өте жоғары деңгейде болды және 7Ә, 7Б, 7В сынып оқушылары қатысты. Ұтқан топтар жас бағдарламашы дипломдарымен марапатталып сыйлықтарын алды.


Б. Шалғынбаев атындағы №217 орта мектептің информатика пәнінен өткізілген

7-сыныптар арасындағы "Жас бағдарламашы"атты сайысқа қатысқан

оқушылардың тізімі


р/с

Оқушының аты-жөні

Сынып

Пән мұғалімі

Маханбетжанова Мерей

Есимова Э.

Нұртуған Нұрай

Есимова Э.

Серікова Ақмарал

Есимова Э.

Дарханбекқызы Дидарай

ЕсимоваЭ.

Сейтжагыфар Дильназ

Дурманова С.

Сейтімова Айша

Дурманова С.

Болатжанқызы Айым

Дурманова С.

Жалғасхан Нұрасыл

Дурманова С.

Дюсенова Інжу

Бекишева А.

Мұхтар Балжан

Бекишева А.

Нұрмашева Шұғыла

Бекишева А.

Нұрмұхамбет Асел

Бекишева А.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
1053
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі