400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жас бағдарламашы үйірмесі" бойынша авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
8-9 сынып оқушыларына үйірме өтетін мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы

№72 жалпы орта мектебі









«Жас бағдарламашы» үйірмесі бойынша

авторлық бағдарлама



Жалпы білім беретін мектептің

8-9 сыныптарына арналған







Автор: Информатика пәні мұғалімі

Бәкірбаева Зарипа Сейдалықызы





Қызылжар – 2019

АННОТАЦИЯ



Бағдарлама құра білу ­ – бұл қазіргі таңдағы информатика пәні олимпиадаларында өте қажет. Бағдарламаларды сауатты түрде жаза білу, өз бетінше құра білу оқушылардың өзіндік ізденуі мен логикалық ойлауын одан әрі дамытады. Кез келген ситуациялық жағдайдан шыға білуге бағыттайды. Интернет олимпиадаларға да өз бетінше қатысуға, ізденуге және қызығушылық қабілеттерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қоса бағдарлама құра білу – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдайды.

«Жас бағдарламашы» үйірмесінің оқу бағдарламасы Turbo Pascal 7.0 программалау тілінде бағдарлама құрудың әдістерін үйретеді. Сабақтардың барлық материалдары электронды оқулық түрінде, яғни теориялық бөлім және практикалық тапсырмалар бөлімі ретінде ұйымдастырылған.



ТҮСІНІК ХАТ

Бағдарлама 34 сағат болып, оқушының сынып жұмысы мен өзіндік жұмысынан құралады. Бағдарлама жаратылыстану-математика және ақпараттық-технологиялық, бағдарламалау бағыты бойынша оқушылардың кәсіптік білімін жетілдіру бағытында қолданылуы мүмкін. Информатика сабағында ұсынылмай қалған есептер, ұғымдар, түсініктер үйірме сабағында тереңірек ұсынылады.

Оқу бағдарламасында Паскаль программалау тілін пайдаланып, математика, физика және олимпиадалық есептерді шешу, компьютерде бағдарламаларды орындап, нәтиже алуға үйрету жүзеге асырылады.



Бағдарлананың мақсаты:

  • Паскаль программалау тілінде бағдарлама құру әдістерін үйрету;

  • Күрделі командаларды орындай алуға, бағдарламаны талдай білуге бағыттау;

  • Оқушылардың логикалық ойлау, іздену және шығармашылық қабілетін дамыту.



Бағдарламаның міндеттері: Оқушыларды үйрету

  • Turbo Pascal 7.0 ортасында бағдарламалар құруға, компьютерде орындап шешімін табуға;

  • Логикалық есептер мен олимпиадалық есептерді бағдарламалауға;

  • файлдық есептерге бағдарламалар құруға үйрету.

Оқушылар бағдарлама құра отырып, қарапайымнан күрделіге сатысы бойынша жылжып, өздерінің шығармашылығын шыңдайды.

Оқытудың негізгі формасы ретінде практикалық жұмыстар алынады. Қалыпты жұмыс жасау үшін әрбір оқушыға жеке дербес компьютер және Turbo Pascal 7.0 ортасы қажет.

Электронды оқулықтың теориялық материалдары оқушылардың өз бетінше оқып үйренуіне және практикалық тапсырмаларды орындауына көмекші құрал ретінде қолданылады.

Бұл оқулық үйірмеге қатысатын оқушылардың қабылдауы әр түрлі болғандықтан сабақты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Күтілетін нәтиже

Үйірме барысында оқушылар төмендегі білімді алады:

  • Turbo Pascal 7.0 ортасында құрылған программаны талдай алады, түсінеді;

  • Turbo Pascal 7.0 ортасында бағдарлама құра алады;

  • Turbo Pascal 7.0 ортасында бағдарлама құрып, компьютерде орындап, нәтижесін алуды үйренеді;

  • Әр түрлі есептерді бағдарлама құру арқылы шеше алады;

  • Өз бетінше ойлана отырып, шешімін табуға дағдыланады.

Қорытынды

Оқушылардың бағдарлама материалдарын қандай дәрежеде меңгергендігін анықтау үшін практикалық тапсырмаларды әр тақырып соңында орындату керек. Бағдарламаны аяқтаған кезде сайыстар, олимпиадалар, білім конференцияларын ұйымдастыру қажет.





Оқу бағдарламасының мазмұны

1. Кіріспе

  1. Turbo Pascal 7.0 ортасы туралы түсінік



2. Элементар функциялар

  1. Элементар функциялармен жұмыс

3. Алгоритм

1. Сызықтық алгоримдерді программалау

2. Тармақталушы алгоритмдерді программалау

3. Циклдік алгоритмдерді программалау

4. Таңдау операторы

  1. Таңдау операторына программа құру

5. Көмекші программалар

  1. Процедуралар

  2. Функциялар

6. Массивтер

1. Бір өлшемді массивтерді программалау

2. Екі өлшемді массивтерді программалау

7. Символдық ақпаратты өңдеу

  1. Символдық ақпаратты қолданып программа құру

8. Жолдармен жұмыс

  1. Жолдық, мәтіндік ақпараттарды программалау

9. Жиындар

  1. Жиындарды программалау

10. Файлдармен жұмыс

  1. Файлдық есептерге программа құру

11. Қорытынды

  1. Сайыстар, олимпиадалар, конференциялар ұйымдастыру

«Жас бағдарламашы» үйірмесінің

тақырыптық жоспары



№



Бөлім (тақырып)



Сағат саны


Жұмыс түрі



Теория



Практика

1

Кіріспе




1.1

Turbo Pascal 7.0 ортасы туралы түсінік

1

1


2.

Элементар функциялар




2.1

Элементар функциялармен жұмыс

2

1

1

3

Алгоритм түрлерін программалау




3.1

Сызықтық алгоримдерді программалау

2

1

1

3.2

Тармақталушы алгоритмдерді программалау

2

1

1

3.3

Циклдік алгоритмдерді программалау

2

1

1

4

Таңдау операторы




4.1

Таңдау операторына программа құру

2

1

1

5

Көмекші программалар




5.1

Процедуралар

2

1

1

5.2

Функциялар

2

1

1

6

Массивтер




6.1

Бір өлшемді массивтерді программалау

2

1

1

6.2

Екі өлшемді массивтерді программалау

3

1

2

7

Символдық ақпаратты өңдеу




7.1

Символдық ақпаратты қолданып программа құру

2

1

1

8

Жолдармен жұмыс




8.1

Жолдық, мәтіндік ақпараттарды программалау

3

1

2

9

Жиындар




9.1

Жиындарды программалау

3

1

2

10

Файлдармен жұмыс




10.1

Файлдық есептерге программа құру

3

1

2

11

Сайыстар, олимпиадалар, конференциялар

3


3



Бағдарламаның ақпараттық қамтамасыз етілуі


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Н.Т.Ермеков, В.А.Криворучко, Л.Н.Кафтункина Информатика 9-сынып,

Алматы «Мектеп» баспасы, 2009;


  1. В.Н. Кирнос Информатика 11-сынып Жаратылыстану-математика бағытындағы оқулық, Көкшетау «Келешек -2030» ЖШС, 2007


  1. Г.Нурмаганбетова Паскаль тілінде лабораториялық практикум.


  1. Информатика 9-сынып




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
1494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі