Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жас білгірлер ашық сайыс сабағы. 9сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Алтыншоқы орта мектеп- бақшасы» КММ
«Көмек қолын созайық»
Ашық тәрбие сағаты 6 сынып
Сынып жетекшісі: Жумагулова У.Б 2017-2018 оқу жылы
Cәлеметсіздер ме , құрметті мұғалімдер, оқушылар!
«Жанашырлыққа - жан риза» дегендей,адам өміріндегі ең игі істерінің бірі - мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру, олардың қоғам өміріне белсене араласуына, дара қасиеттерін ашуға зор мүмкіндік береді
2-слайд
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты да -жастарды мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделулеріне көмек көрсетуге, олардың бойындағы дарындылық пен өмірге деген құштарлығын көре білуге, қоғамда өз орны бар екендігіне сенімді болуларына жәрдем беруге, бауырмалдыққа ,кішіпейілдікке баулу.
5-слайд
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, бұл - өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз.»-деп атап көрсетті
Мүмкіндігі шектеулі жандарға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның- азаматтық парызы. . Бұрын мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамнан шеттетіліп,жұмыспен де қамтылмай қалатын.Қазір мұндай жандарды жұмыс орнымен тәміндеу шаралары белгіленіп отыр.
Жыл санап оларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды
Бүгінде осындай жандар арасынан небір дарын иелері , өнер иелері, кәсіпкерлер мен тігіншілер, әншілер мен саяси қызметкерлердің шығып жатқанын бәрімізге мәлім. Тек оларды тани білуіміз, олардың өмірге деген сенімдерін арттыруға жәрдем беруіміз керек Облыс көлемінде,ауданымыз мүмкіншілігі шектеулі жандардан хабаралып, мектептерде,үйлерде арнайы сыйлықтармен жәрдемдер ұйымдастыруда.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымызда тек қайырымдылықпен ізгілік,мейірімділікпен жанашырлық туралы сөз болмақ. Қабыл алыңыздар
1-жүргізуші Алпамыс
Өмір
толқын ағып жатыр өзендей боп,
Талмайтын, тоқтамайтын толқындай боп.
Теңіз жатыр арнасынан асып - тасып,
Желменен қашып тұрып, ұшып - қонып.
2-жүргізуші Айдана
Өмір толы ащы менен тұщыға
Мейірлене, аялайық адамды
Кімдер
келіп,кім кетпеген жалғанда
Аңдап сөйлеп ойланып бас қадамды.
1-жүргізуші Алпамыс
Біреулер
бар - тән саулығын аңсаған,
Біреуге аяқ, ал біреуге қол қайғы.
Өз борышын сезінуден қалса адам,
Бұдан асқан мүгедектік болмайды.
2-жүргізуші Айдана
-Мүмкіншілігі шектеулі адам жанына үңіліп қарағанда, жаның ауырады. Көңіліне кірбің түсіп, көздеріне жас алатындары бар. Осы кезде сен оның жанына жақын бар. Бұл сенің -адамгершілігің.
1-жүргізуші Алпамыс
- Бұндай адамдар ауыр өмірге бейімделгіш болады. Олар төзімді, шыдамды түсінігі мол адамдар болып келеді, Олар - мәрт, пәк жандар.
6-слайд Мәліметтер
Елімізде 6000-нан астам мүмкіншілігі шектеулі адамдар бар,олар халқымыздың 3% құрайды.
"Экспо-2017"халықаралық көрмеге,тамашалаушылардың 5% мүмкіншілігі шектеулі азаматтар құрайды.
Мүмкіншілігі шектеулі жандардың құқықтары Заңмен қорғалады.
Мұндай жандарға -мемлекет медициналық,материалдық көмек көрсетіп отырады.
Елімізде мүмкіншілігі шектеулі жандарға арналған оқу орындары,жұмысорындары белгіленген.
Садақ ату бойынша Республика жеңімпазы
Елімізде-аурудан немесе жарақат алған еңбекке жарамсыз болған
Жандар мемлекет қамқорлығында болады.
Айдана
Талпынасың қиындыққа қарамай
Шыдайсың-ау мұң түссе де жылама
Болмасада ойдағыдай бұл жағдай
Еңбек етіп сен жатасың аянбай
Көрсетпейсің көз жасыңды ешкімге
Күліп тұрып,көңіл жылап жатсада
Салмайын деп міндетті ешкімге
Сан ойлармен сен жүресің тағыда
Сен аллаға басқалардан жақынсың
Сүйген құлын жәбірлейді осылай
Ақбұлақтай таза арың,намысың
Көмегіңді сұраса сен келесің ойланбай
Күн санайсың өтіп жатқан қапыда
Күрсінесің сенім құрып арманда
Ұйқың қашып сен ойлайсың таңыңда:
«Барма екен түсінетін мені біреу жалғанда»
Үйренейік біз олардан бәрінде
Сүру керек қалай мынау өмірде
Тең болайық табиғаттың сәніне
Қалмау үшін қайғы мұңлы қасіретте.
Руфия
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Қайырымды бола білу үлкен іс,
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін -ол жеңіс.
Аслан
Ақыл адам көркі,
Ақылдың сабыр- серігі.
«Жылуы жоқ үйден без,
Қайырымы жоқ биден без» дейді дана халқымыз.
Қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап ,жаны жаралы жанға жылы лебіз білдіру- азаматтық парызың.
Әділ
Мүмкіндігі шектелеулі жан
Қоғамның ол-толыққанды мүшесі.
Табиғаттың сыйға тартқан
Дарындылық -иесі
Адамзатты таң қалдырған
Аузымен сурет салғандар
Дүниені сілкіндірген
Жалғыз аяқ жүйріктер
Дильназ
Мейірімділік - ғажайып қасиет
сезгенге
Мейірімді бол, жаралы жанды көргенде,
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің
Әдептілік,ізгілік бұл - білгенге
Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас
кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Кемтарлықты тілеп олар алған жоқ
Сұрап ешкім алмайды ғой алладан
Дильназ
Мүмкіндігі шектеулі жан- қиындыққа мойымас
Талпынады ,шыдайды ол қиындыққа қарамай
Өмір үшін үмітпенен күреседі жасайды
Еңбек етер ықыласпен,құштарлықпен аянбай.
Байтұрсын
Көрсетпейді көз жасын ол ешкімге
Күліп тұрып,көңіл жылап тұрсада
Еш налымай өмір үшін күресер
Мына дүние қанша тарылып жатсада
Диас
Үйренейік біз олардан бәрінде
Сүру керек қалай мынау өмірде
Дүниенің тіршіліг таусылмас
Үңілейік бір сәт оның көңіліне
Рахат
Адамдар бар төрт мүшесі түп-түгел
Жақсылықпен даналықты білмеген
Бүгініне мәз болады жүреді
Бір адамға қайырым жасап көрмеген
Адамдар бар төрт мүшесі түп-түгел
Бақыттың не екендігін білмеген
Дүниеде табылмайтын бір бақыт
Жан саулығы екендігін білмеген.
Сымбат
Ренжітпейік мүгедекті ешқашан
Кімге ертең ,кім біледі не дайын
Қолдың ұшын біз берейік әрқашан
Мүмкін болса көтерейік-көтерейік біз жайын
Аңсар
Қабыл болсын әр тілегі сұраған
Орындалсын-орындалсын бар арман
Періштеге теңер едім о, жалған
Тағдырменен сыналса да бар қасиетті сақтаған
Айдана:
- Өмірдің ауыртпалығын, ауыр жүгін көтеріп жүріп, қиындықтарды жеңгендер де көп.
Алпамыс:
- Олар тағдыр қиыншылығы мен сәтсіздігін жеңіп елімізге танымал болған адамдар
7-слайд
..Бауыржан..
Қазақстан телеарнасының « Жұлдызды сәт» байқауының жеңімпазы Арман Қарынсау небәрі 20 жасқа толсада бірнеше жеке альбомдарын шығарып елге танымал болған жас әнші
8-слайд
Айжүз..
Тамара Асар апамыз аяғынан айырылса да, сахнаға шығуға барлық қиындықтармен күресіп, жеңді.Бүгінгі күнде халқының сүйікті әншісі.Тамара Асар апамыз еліміздің мумкіндігі шектеулі азаматтарымызга рухани күш куат береді.Қазақ халкынын мактанышы
9-слайд
Дәулет
Облысымызда жастардан құралған « Сәт» триосы осындаай жандардан бірақ өздерінің тынбас еңбектерінің дарындарының арқасында елге танымал болды.
«Сәт» триосы « Көнеміз ғой»
10-слайд
Аңсар
Ұлы Абайдың он төртінші қара сөзінде қайырымдылық туралы былай делінген
«Нағыз жүрек ісі - рақымдылық, мейірімділік, әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп ойлау »
Рахат
Адамгершілікке арналған 4 сауап бар
Шөлге құдық қазған- сауап
Өзенге көпір салған-сауап
Жолға ағаш еккен -сауап
Кемтарға көңіл бөлген-сауап
Руфия
Басыңа іс түссе
Жақсы көмек етеді
Жаман күліп кетеді
Аслан
Күйесіз -қазан жоқ
Қайғысыз-адамжоқ
Әділ
Қайрымдылық жасасаң
Қайрымын өзің көресің
1-жүргізуші: Алпамыс
Айдана сен осы білесіңбе , мектебіміздің алдыңгы баспалдағынын жанына қосымша баспалдақ неге орнатылғанын?
2-жүргізуші: Айдана. Иә, ол вантус, мүмкіншілігі шектеулі адамдардың кіріп -шығуы үшін жасалған мүмкіндік
1-жүргізуші: Алпамыс. Олай болса біздер үзілісте оған ойнаймыз, сырғанаймыз,демек оны бүлдіргеніміз ұят екен да
2-жүргізуші: Айдана. Иә, әлбетте. Елімізде мұндай жандарға ,мәдени орындарда,емханалармен қоғамдық транспорттарда ал көшелерде арнайы жолдар жасалған.
Айдана: -Алпамыс сен білесің бе? Мен телеарнадан не көрдім?
Алпамыс -Иә не көрдің?
Жамбыл обылысында 2 қолы жоқ әйел аяғымен көрпе тігеді екен.Оның тіккен көрпелері елді таңқалдырған. Қазір ол жеке кәсіпорнын ашып 2 адамды жұмысқа қабылдапты.
Алпамыс-Иә менде көрген едім
1-жүргізуші Айдана
Ең жаман
мүгедектік - рухани - адамгершілік тұрғыдан кеудесі қуыс
адамдар.
Жақсы сөз - жаныңды жадыратады,
Жамансөз - уайымға салындырады.
Бір ауыз сөз жан жарасын жазып,
Өмірге құштарлығын арттырады.
2-жүргізуші:Алпамыс
-Біреудің кемістігін айту,жанын жаралау бұл - әдепсіздікке жатады
Алпамыс :
Бүгін біздің қонағымыз, мектебіміз мақтаныштары әншілері
Дидар мен Бахтияр әндерін сіздерге арнайды.
Айдана
«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» дейді халқымыз
«Адам жанын түсіне білейік» атты көрінісімізді қабыл алыңыздар!!!!
Көрініс
/ Аулада бірнеше бала доп ойнап жүр. Анадай жерде бір бала отыр. Бала балалардың ойындарына қызыға ,үздіге қарайды. Көзінде қуанышқа араласа өксік, үмітке араласа күдік оты ұшқындайды.сәлден соң ойына бірдеңе түскендей мұңая жерге қарады. Сол отырған күйі еш қимылсыз қалды/
Медеу-Таста, маған таста,ой маған теппейсің бе?
Темірлан-Таста маған таста,
Бақытжан-Ура гол л л л
Диас--және бастадық ендігіде есе жібере қоймаспыз
Жомарт-Алға ,алға қарай теп теп таста таста
/Осы кезде доп ұшып барып әлгі баланың дәл алдына түсті/
Темірлан -Досым теуіп жіберші
Медеу-Бол тез тез , бол ойын қызып жатыр
Жомарт-Тездетші дос
Баланың алдына/Диас/ бір бала келіп:
-Неге теппейсің естімейсің бе?
Медеу-Қандай жалқау бала едің тебе салсаң нең кетеді ?
2-ші бала
Диас -Ой сенің аяғың жоқ па?
-Әйтеуір неге қозғалмайды десем
Медеу-Кеттік ,ал допты
Медеу мен Диас қосарланып
-Балалар ана баланы аяғы жоқ екен,біз допты теп жатырмыз-ау, кеттік ана жерге барып ойнайық!»-деген дауыстарымен сахнадан шығып кетеді
/музыка үні есітіледі/ 12-слайд
« Мүгедек бала монологі»
Жүріп кетіп барады әне біреулер
Күліп кетіп барады әне біреулер
Тіршіліктің үлбіреген пердесін
Түріп кетіп барады әне біреулер
Өтіп уақыт барады әне тоқтамай
Тоқтамайды жерде жел көкте ай
Шіркін!!!! Менде зырласам ғой зырласам
Дүниеде ештеңені жоқтамай
Қарап маған анам талай жылаған
Жылғыз ұлы мен едім ғой сұраған
Мүгедек қып берді тәңірім оны да
Шыдаған ғой бәрінеде бұл адам
Мүгедекпін кімге қоям кінәні
Табиғатта еме оған кінәлі
Өкпелімін жер басып жүр біреулер
Арқалап ап қабат-қабат күнәні
Күндерім көп өтіп жатыр күрсініп
Қараймын менайналама түршігіп
Қолдан келсе отырғым жоқ 1-минут
Жалықтырды мына кілең күрбің тіршілік
Бұл жалғанға күліп кеткім келеді
Қайғы-мұңға жығып кеткім келеді
Жо-Жо-жоқ ең бірінші
Орнымнан тұрып кеткім келеді
Анау адам аяп маған қарады
Аямаңдар жаным онсыз жаралы
Ішім күйіп барады
Жүрегімге сумаңдаған суық ой
Себе бізін тығып-тығып алады
Жаным менің жабырқап ән салады
Жанарымнан ащы тамшы тамады
Жылжи алмай әлі отырмын бұл маңда
Тек ойларым жүріп кетіп барады
Бағалаңдар тіршілікті адамдар
Мүгедектің көңіліне қараңдар
Ұға білші екі аяқтың қадырын
Айналайын -айналайын адамдар!!
Алпамыс:
Ән « Аққу арман»
Өмірде бар жақсылармен жамандар
Өркөкірек,ақылсыз,ойсыз надандар
Жан дүниесін сырттай ғана бағалап
Адам жанын оп-оңай-ақ жаралар
Бір ауыз сөз - адамды айқын етеді
Бір ауыз сөз-әлемді гүл етеді
Бір ауыз сөз-тұңғиыққа батырып
Бір ауыз сөз-жермен жексен етеді
Айдана:
Достарым, бір-бірімізден мейірімімізді , жылы сөзімізді аямайық!
Дүниеде ешкім мұқтаж-мұңды болмасын
Аналардың көңіліне кірбің салмасын
Аялайық,сыйласайық кел, достар
Ешбір адам қоғамнан тыс қалмасын
Дильназ
Біз
тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын, күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер, білім, нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен
Алпамыс:14-cлайд
Міне, достарым біздің Атамекеніміз - қасиетті киелі мекен, мұнда ешкім елеусіз ескерусіз қалмайды, Атамдай қамкоршы елбасымыз, мейірімі мол халқымыз,салты мен дәстүрі аңызға айналған Атамекеніміз тұрғанда - әрбір адам- бір тұлға,оның өз қабілеті мен дарыны өз орны болмақ
Айдана.
Хор «Атамекен»
Қорытынды сөз:
Міне, құрметті қонақтар мейірімділік-жанның шуағы-дейді.
Республикамызда қаншама қарттар үйі мен «Балалар үйі», «Мүгедектер үйі» бар. Әрбіріміз осылардан бір адамның көңілін аулап ,мейірім нұрын шашып,өмірге деген сенімін арттыра алсақ - адамзаттық парызымызды өтеген болар едік