«Жас даурен»
оқыту-сауықтыру орталығы
Шіркін балалық шақ! Көз алдына
жіпке тізілгендей моншақтай әдемі сәттер,тәтті кезеңдер топ
етіп,еске түсері сөзсіз!Сондай ерекше демалыс орындарының бірі-
Баянауыл ауданында орналасқан
«Жас дәурен» оқыту-сауықтыру
орталығЫ 2010 жылдан
бастап еш тынбастан жұмыс жасап
келеді.
Аталмыш орталық 13 ауысым
бойынша үздіксіз жұмыс жасап,әр ауысым бойынша 150 бала қабылдайды.
Жалпы,жылына 1500-ге жуық жас жеткіншектердін демалыстарын қызықты
өткізуін қамтамасыз етеді.
Игі ниетте ұйымдастырылған
демалыс орталығының директоры Ж.Сағынтаева басқарып отырған,жиырма
күн сайын үздіксіз балаларды қабылдап, әулетінің бір адамы
келгендей патша көңілмен қарсы
алады.
Сан тараптан келген ұяңдығы
басым,керісіңше лапылдап тұрған жас жеткіншек еркіндікке шыққандай
демалып,қатарластарымен араласып-құраласып,ой-өрісін
дамытады.
Орталық оқу процесін қамтып,өң
бойын сауықтырып,киелі,сокральді жерлерге табан тіреп,
саяхаттау,емдік процедуралар,физиологиялық ем қабылдау,әр түрлі
шығармашылық үйірмелер,зияткерлік іс-шаралар тәлімгерлердің
ұйымдастыруымен кідіріссіз жұмыс жасап тұрады.Бес мезгіл
тамақтандыру,қыс мезгілінде шаңғы,спорттық жарыс,«Толағай» сынды
спорттық кеші т.б өз алдында бір әңгіме.
Яғни,шығармашылық,техникалық үйірмелерде спорт секцияларыда және
тілдік курстар әр балаға
қолжетімді.
Ғимарат іші балаларға
арналаған жатын және жуыну бөлмелері,сондай-ақ жаттығу залы мен
медициналық көмек көрсететін кабинеттер жаңа технологиялармен
жабдықталған.Жасөспірімдер олардың өмірі,қауіпсіздігі Павлодар
облысы тарапынан үлкен қолдау табады. Белгіленген уақытқа сай
саяхаттауға арнайы автобустар бөлінген. Медбике мен тәлімгерлер
әрдайым қастарынан табылып, бастап жүреді. Кіші персональдардың
тазалық сақтауы,жақсы көңіл-күй,таза жерде демалу
іспеттес.
Балалар жаңа келгенде әрдайым
ұнай ма,әлде ұнамай ма деген екі ойда жүреді.Үйге қайтар кезде
жиырма күн тез өте шыққандай,қимай үлкен қимастықпен көздеріне жас
алады.Өздерінің қабілеттерін жан-жақты ашып,жүлделі марапаттарымен
қайтады. Аталған демалыс орталығы оқушылардың дені сау әрі білімді
ұрпақ болып қалыптасуна үлкен мүмкіндік
береді.
Президентіміз 2022 жылы қаңтар
айында өз жолдауында, биыл «Балалар жылы» ерекше жыл,тек
ұрандап,мереке түрінде ғана емес,нақты мақсаттармен, еңбекпен
қарауымыз қажет екендігін баса
айтты.
Ең алдымен билік
тарапынан,денсаулық сақтау,білім беру,әлеуметтік қамтамасыздыруды
балаларды қорғау мақсатында нәтижелі іс-шаралардың орны дамуын
талап етті. Балаларға жүрек жылуын,аялы алақанымызда тәрбие беруді
ғасырларға жалғасын тапса
құба-құп!!!