400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Жас эколог"

Материал туралы қысқаша түсінік
Түсінік хат Қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа ұқыпты қарау – жас ұрпақтың санасына ерте жастан сіңіру қажет маңызды құндылықтардың бірі. «Жас эколог» атты әдістемелік құрал мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің тиімді жолдарын ұсынады. Бұл құрал мектепке дейінгі ұйым педагогтарына, ата-аналарға және тәрбиеленушілерге (балаларға) арналған. Онда табиғатты тану, экологиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру, табиғаттағы құбылыстарды бақылау және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған практикалық тапсырмалар, ойындар мен жаттығулар жинақталған. Әдістемелік құралда балаға қоршаған ортаны зерттеудің қызықты әрі қолжетімді тәсілдері қарастырылған. Эксперименттер, экологиялық ойындар, әңгімелер, табиғаттағы бақылау жұмыстары арқылы баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, қоршаған ортаны қорғауға баулиды. Әдістемелік құралдың өзектілігі Қазіргі экологиялық ахуалдың күрделене түсуі мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін ерте жастан қалыптастыру қажеттілігін
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ



Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының
білім бөлімінің «Балдәурен»
бөбекжай-бақшасы»

Мырза Рабига Нұрымқызы


«ЖАС ЭКОЛОГ»
(Әдістемелік құрал)












Алатау батыр ауылы
2026 жыл


Page 2


Мазмұны
1. Түсінік хат ....................................................................................................3
2. Әдістемелік құрал мақсаттары мен міндеттері.....................................4
3. Әдістемелік құралдың перспективалық жоспары...............................6
4. Ата-аналармен экологиялық тәрбие бойынша жұмыс жоспары....15
5. Жас эколог балабақшаға арналған дидактикалық ойындар...........24
6. Қорытынды................................................................................................26
7. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................28
















Page 3

Түсінік хат

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа ұқыпты қарау – жас ұрпақтың
санасына ерте жастан сіңіру қажет маңызды құндылықтардың бірі. «Жас
эколог» атты әдістемелік құрал мектепке дейінгі балаларға экологиялық
тәрбие берудің тиімді жолдарын ұсынады.
Бұл құрал мектепке дейінгі ұйым педагогтарына, ата-аналарға және
тәрбиеленушілерге (балаларға) арналған. Онда табиғатты тану, экологиялық
ойлау дағдыларын қалыптастыру, табиғаттағы құбылыстарды бақылау және
қоршаған ортаны қорғауға бағытталған практикалық тапсырмалар, ойындар
мен жаттығулар жинақталған.
Әдістемелік құралда балаға қоршаған ортаны зерттеудің қызықты әрі
қолжетімді тәсілдері қарастырылған. Эксперименттер, экологиялық ойындар,
әңгімелер, табиғаттағы бақылау жұмыстары арқылы баланың табиғатқа деген
сүйіспеншілігін оятып, қоршаған ортаны қорғауға баулиды.
Әдістемелік құралдың өзектілігі
Қазіргі экологиялық ахуалдың күрделене түсуі мектеп жасына дейінгі
балалардың экологиялық мәдениетін ерте жастан қалыптастыру қажеттілігін
айқындайды. Бұл әдістемелік құрал балабақша тәрбиешілері мен ата-
аналарға табиғатты қорғау дағдыларын үйрету, балалардың экологиялық
сауаттылығын арттыруға көмектеседі.
Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі, жаңашылдығы
Әдістемелік құрал мектеп жасына дейінгі балалардың жас
ерекшеліктеріне сай экологиялық тәрбие беру қағидаттарына негізделген.
Интерактивті әдістер, ойын технологиялары мен тәжірибелік тапсырмалар
енгізілуімен ерекшеленеді.
Педагогикалық орындылығы
Құрал мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаға деген
жауапкершілігін қалыптастырып, экологиялық мәдениетін дамытуды
көздейді. Тәрбиешілер мен ата-аналарға баланы табиғатпен таныстырудың
тиімді жолдарын ұсынады.


Page 4

Әдістемелік құралдың мақсаты
Балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, экологиялық
сауаттылығын қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау дағдыларын
дамыту.
Әдістемелік құралдың міндеттері
 Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру;
 Экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған ойындар мен
жаттығулар ұсыну;
 Балаларды табиғи құбылыстармен таныстыру;
 Экологиялық дағдыларды күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
Теориялық маңыздылығы
Құрал экологиялық тәрбие берудің ғылыми негіздеріне сүйене отырып,
мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық білімін дамытудың заманауи
әдістерін қамтиды.
Практикалық маңыздылығы
Тәрбиешілер мен ата-аналарға балалармен жұмыс жасау барысында
қолдануға ыңғайлы экологиялық ойындар , тапсырмалар мен
эксперименттерден тұрады.
Күтілетін нәтижелер
 Балалар табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсінеді;
 Экологиялық мәдениет қалыптасады;
 Қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау дағдылары дамиды;
 Экологиялық мәселелер туралы алғашқы түсініктері қалыптасады.
Тексеру тәсілдері
 Балалардың табиғатқа деген қызығушылығын байқау;
 Экологиялық ойындар арқылы білімін бағалау;
 Жетістіктерді ата-аналармен бірге талдау.


Page 5

Әдістемелік құралды апробациялау
Балабақшада экологиялық сабақтар өткізу арқылы құралдың тиімділігі
тексеріледі, алынған нәтижелер бойынша әдістемеге түзетулер енгізіледі.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
 Интерактивті ойындар;
 Экологиялық жобалар;
 Суреттер мен ертегілер арқылы оқыту;
 Дидактикалық материалдар мен табиғи материалдарды қолдану;
 Эксперименттік жұмыстар.















Page 6

Әдістемелік құралды жүзеге асыру жоспары
Балалармен жұмыс
№ Жұмыс
бағыты
Мазмұны Өткізу формасы Жауапты
тұлғалар
Мерзімі
1 Экологиялық
сауаттылықты
арттыру
Қоршаған
ортаны қорғау,
өсімдіктер мен
жануарлар
әлемін тану
Ұйымдастырылған
іс-әрекет
Тәрбиеші Ай сайын
2 Экологиялық
тәжірибелер
Табиғи
материалдармен
жұмыс, жасыл
технологияларды
қолдану
Зерттеу жұмысы Тәрбиеші Ай сайын
3 Экологиялық
ойындар
Табиғат қорғау
дағдыларын
қалыптастыру
«Экожұмбақтар»,
«Табиғатты таны»,
«Кім жылдам?»
ойыны
Тәрбиеші Аптасына
1 рет
4 Эксперименттер Ауаның, судың
ластануын
зерттеу,
өсімдіктердің
өсуін бақылау
«Таза су»,
«Топырақтың
қасиеттері»,
«Өсімдіктің тыныс
алуы»
тәжірибелері
Тәрбиеші Ай сайын
5 Табиғаттағы
бақылаулар
Жыл
мезгілдерінің
өзгерістерін
зерттеу
Серуендер,
табиғатты бақылау
күнделігі
Тәрбиеші Жыл
бойы
6 Эко-қолөнер Қайта өңделетін
материалдардан
бұйым жасау
«Эко-ойыншық»,
«Қайта өңдеу –
жаңа өмір»
шығармашылық
жұмысы
Тәрбиеші,
ата-
аналар
Жарты
жылда 1
рет


Page 7

Ата-аналармен жұмыс
№ Жұмыс
бағыты
Мазмұны Өткізу
формасы
Жауапты
тұлғалар
Мерзімі
1 Экологиялық
тәрбие
бойынша
ақпараттандыру
Балаларға
экологиялық
мәдениет
қалыптастыру
жолдары
Дөңгелек үстел,
жиналыс
Тәрбиеші,
психолог
Жылына
2 рет
2 Ортақ іс -
шаралар
Табиғатты
қорғау
бойынша
отбасы
мүшелерімен
бірлескен
жұмыстар
Сенбіліктер,
жәрмеңкелер
Тәрбиеші,
ата-
аналар
комитеті
Жарты
жылда 1
рет
3 Отбасылық
экожобалар
Қалдықтарды
дұрыс
сұрыптау, үй
бақшасын
күту
Үй
тапсырмалары,
шығармашылық
жұмыстар
Ата-
аналар,
тәрбиеші
Жылына 1
рет
4 Табиғаттағы
тәжірибелер
Өсімдіктер
өсіру, судың
тазалығын
бақылау
Үй
жағдайындағы
зерттеулер
Ата-
аналар,
балалар
Жылына
2 рет
Педагогтармен жұмыс
№ Жұмыс бағыты Мазмұны Өткізу формасы Жауапты
тұлғалар
Мерзімі
1 Экологиялық
тәрбие әдістерін
жетілдіру
Қазіргі
экологиялық
білім беру
технологиялары
Семинарлар,
тренингтер
Тәрбиеші Жылына
3 рет


Page 8

2 Тәжірибе алмасу Үздік
экологиялық
жобалармен
танысу
Іс-шара Тәрбиешілер,
әдіскерлер
Жылына 1
рет
3 Экологиялық
ойындар мен
эксперименттерді
оқыту
Балалармен
экологиялық
ойындар
ұйымдастыру,
тәжірибелер
жүргізу
Ұйымдастырылған
іс-әрекет
тәрбиеші Ай сайын
4 Интерактивті
экобілім беру
Сандық
платформалар,
экологиялық
викториналар
Іс-шара Тәрбиеші Жарты
жылда 1
рет
Экологиялық сауаттылықты арттыру ұйымдастырылған іс -әрекет
барысы
Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау, өсімдіктер мен жануарлар әлемін тану
Мақсаты: Балалардың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатқа деген
сүйіспеншілігін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі (5-7 минут)
 Балалармен амандасу, көңіл-күйін сұрау.
 Ұйымдастырылған іс-әрекет мақсаты мен маңыздылығын түсіндіру.
 «Табиғат – біздің досымыз» тақырыбында қысқа әңгімелесу.
2. Теориялық бөлім (10-15 минут)
 Презентация немесе қысқа видео көрсету (табиғатты қорғау туралы).
 «Қоршаған орта дегеніміз не?» тақырыбында әңгімелеу.
 Өсімдіктер мен жануарлардың адам өміріндегі маңызы туралы
түсіндіру.
 Қоршаған ортаны ластайтын факторлар (қоқыс, өндіріс қалдықтары,
ормандарды кесу және т.б.) туралы баяндау.
3. Практикалық бөлім (экскурсия, тәжірибелік жұмыс – 20-25 минут)
Вариант 1: Табиғатқа экскурсия
 Жақын маңдағы саябаққа немесе мектеп ауласына серуен жасау.
 Балаларға ағаштарды, гүлдерді, құстарды бақылап, олар туралы
әңгімелеу.
 «Табиғатты таны» ойыны (балалар белгілі бір өсімдіктерді немесе
жануарларды тауып, олардың атауын атайды).
Вариант 2: Тәжірибелік жұмыс
 «Судың ластануы» тәжірибесі: Таза суға әртүрлі заттар қосып (құм,
май, қағаз), оның қалай өзгеретінін бақылау.


Page 9

 «Ағаш жапырақтары не үшін қажет?» тәжірибесі: Жапырақтарды түрлі
түсті қағазға бастырып, олардың ерекшеліктерін талқылау.
 «Өсімдіктерге су керек пе?» тәжірибесі: Екі гүлді салыстыру (біреуін
суару, екіншісін суармау).
4. Қорытынды бөлім (5-10 минут)
 Балалардың алған білімдерін бекіту үшін сұрақ-жауап ұйымдастыру.
 «Табиғат қорғаушысы болу үшін не істеу керек?» шағын пікірталас.
 Балаларға үй тапсырмасы: «Табиғатты қорғау» тақырыбында сурет
салу немесе коллаж жасау.
 Сабақты қорыту, балаларды марапаттау (жұлдызша, мақтау қағазы
немесе кішігірім сыйлықтар).
Күтілетін нәтиже:
 Балалар қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсінеді.
 Өсімдіктер мен жануарларға ұқыпты қарауға үйренеді.
 Экологиялық проблемаларды анықтап, оларды шешуге бағытталған
қарапайым әрекеттерді орындай алады.
Тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс және жасыл технологияларды
қолдану
Мақсаты:
Балаларға қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру.
Экологиялық дағдыларын дамыту.
Табиғи материалдардың қасиеттерін зерттеу арқылы танымдық
қабілеттерін арттыру.
Өткізу формасы: зерттеу жұмысы
Қатысушылар: Балалар, тәрбиеші
Өткізу кезеңдері:
1-кезең: Кіріспе бөлім (5-7 мин)
• Балалармен әңгімелесу:
• Табиғат деген не?
• Біз табиғатты қалай қорғай аламыз?
• Қандай табиғи материалдарды білеміз? (ағаш, жапырақ, құм, су, тас
т.б.)
• Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
2-кезең: Негізгі бөлім (15-20 мин)
1-тәжірибе: “Топырақ тірі ме?”
Мақсаты: Топырақтың ішіндегі тіршілік иелерін зерттеу.
Қажетті материалдар: Үлкейткіш әйнек, топырақ үлгілері, қасықтар,
қағаз беті.
Барысы:
1. Балалар топырақтан құрттарды, қоңыздарды, тамырларды іздейді.
2. Табылған тіршілік иелерін бақылап, олардың рөлін талқылайды.
3. “Топырақ тірі, себебі онда жануарлар мекендейді” деген қорытынды
жасалады.
2-тәжірибе: “Су сіңіретін топырақ”
Мақсаты: Әртүрлі топырақтың суды қалай сіңіретінін бақылау.


Page 10

Қажетті материалдар: Құм, қара топырақ, саз, су, мөлдір ыдыстар.
Барысы:
1. Әр ыдысқа әртүрлі топырақ түрін салу.
2. Бірдей мөлшерде су құю.
3. Қай топырақ суды жақсы сіңіретінін анықтау.
3-тәжірибе: “Суды тазарту”
Мақсаты: Табиғи сүзгі жасау.
Қажетті материалдар: Құм, көмір, шүберек, лас су, сүзгі жасауға
арналған ыдыс.
Барысы:
1. Балаларға лас судың зиянын түсіндіру.
2. Табиғи сүзгі жасап, лас суды тазарту.
3. Тазартылған суды бақылап, он ы қайда қолдануға болатынын
талқылау.
4-тәжірибе: “Жапырақтың тыныс алуы”
Мақсаты: Өсімдіктердің тірі ағза екенін түсіндіру.
Қажетті материалдар: Жасыл жапырақтар, суы бар мөлдір ыдыс.
Барысы:
1. Жапырақты суға салып, біраз уақыт күту.
2. Судың бетіне шыққ ан көпіршіктерді бақылау (оттегі бөлініп
жатқаны).
3. Өсімдіктердің тыныс алатыны туралы қорытынды жасау.
3-кезең: Қорытынды бөлім (5-7 мин)
• Балалардан тәжірибелерден не үйренгенін сұрау.
• “Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?” ойыны (балалар өз ойларын
айтады).
• Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
Мерзімі: Жарты жылда 1 рет
Экологиялық ойындар іс-шарасының барысы
Тақырыбы: Табиғат қорғау дағдыларын қалыптастыру
Мақсаты: Балалардың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатты
қорғауға деген жауапкершілікті дамыту, қоршаған ортаға қамқор болуға
баулу.
Іс-шараның барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)
 Балалармен амандасу, жақсы көңіл-күй қалыптастыру.
 Іс-шараның мақсаты мен ойындардың мазмұнын түсіндіру.
 «Біз табиғат қорғаушысымыз!» атты ұранды бірге айту.
2. Негізгі бөлім (25-30 минут)
1-ойын: «Экожұмбақтар»
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын дамыту, табиғат құбылыстары
мен жануарлар туралы білімдерін бекіту.
Өткізу тәртібі:
 Тәрбиеші табиғатқа қатысты жұмбақтар оқиды.
 Балалар дұрыс жауабын тауып, қол көтеріп айтады.


Файлдың толық нұсқасын материалды жүктеу арқылы көруге болады
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
24
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі