400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас экологтар зерттеуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын тудыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жас экологтар зерттеуі.

Тақырыбы: Бөлме гүлдерін күтіп-баптау

Мақсаты:Балалардың көркемдік талғамын дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, қабілеттерін арттыру.Балаларды әсемдік әлемін танып-білуге үйрету, гүлдер туралы толық түсінік беру.Табиғатқа қамқор көрсету, балалардың аяушылық сезімдерін, бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын ояту.

Тәрбиеші:

-Салеметсіңдер ме балалар!Менімен бірге шаттық шеңберін қайталаңдар. Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де

Қуанасың сенде

Қуанайық достар

Арайлап атқан күнге.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:Қыс мезгілі.

Тәрбиеші:

-Дұрыс қыс мезгілі. Қараңдаршы, далада гүлдер, ағаштарда жапырақтар бар ма?

Балалар:Жоқ.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар. Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Сән береді бөлмеге,

Қысы, жазы көгере.

Балалар:Бөлме гүлі

Тәрбиеші:

— Дұрыс айтасыңдар, бөлме гүлі ( балалардың назарын гүлдердің суретіне аудару). Балалар, мына гүлдердің суретіне қараңдаршы, біреуі — әдемі, жапырағы жайқалып өсіп тұр, ал екінші гүл – бүгіліп, гүлі мен жапырағы төмен салбырап, күтусіз қалған. Сендер де осы бірінші гүл сияқты түзу, әдемі болып өсу үшін денелерің шыныққан, тәртіпті, ақылды болуларың керек. Сендер де осы гүл сияқты өсесіңдер, жалқау болмай, тәртіпті болсаңдар, әдемі де ақылды боласыңдар.

Біз бәріміз бірдей гүлді қалай күтіп-баптау керектігін біле бермейміз. Бүгінгі сабағымызда қалай күтіп-баптауды, құтыға гүлді қалай отырғызуды үйренеміз.

— Балалар, гүлді қалай күтіп-баптауды көрсетіп жіберейін.

Түбін қопсытамыз.

Жапырағын сулы шүберекпен сүртеміз.

Су құямыз.

— Міне, гүлдің қалай күтіліп-бапталатынын үйрендік. Ал, балалар, гүлдер бөлмеге не үшін қажет?

Балалар:Әдемі болып тұру үшін, ауаны тазарту үшін.

Тәрбиеші:

— Дұрыс, жарайсыңдар! Қане, енді гүл туралы қандай мақал-мәтел білеміз.

Ислам:Ер – елінде,

Гүл – жерінде.

Али: Ел ұлсыз болмас,

Жер гүлсіз болмас.

Кәусар:Гүлсіз болса – жер мұңды,

Күлкісіз болса – ел мұңды.

Жанерке:Күнсіз гүл өспес,

Күтусіз ұл өспес.

Тәрбиеші:

-Қане балалар,сергіп алайық.Сергіту сәті:

Айгүл көлден су алды,

Гүлдерді келіп суарды.

Қызыл, жасыл, ақ гүлдер,

Самал желмен ырғалады.

— Сендер гүлді жақсы көресіңдер ме?

Балалар:Иә.

Тәрбиеші:

— Жақсы. Енді мен сендерге гүлді қалай отырғызу керектігін үйретемін. Барлығымыз мұқият қараймыз. Бүгін біз бөлме гүлін отырғызамыз.

Құнарлы қара топырақ толтырылған гүлдің құтысын алып, ортасын кішкене тереңірек етіп қазып, гүліlің көшетін тамырын үзіп алмай кішкене шұңқырға саламыз.

Түбіне су құямыз.

Түбін жақсылап топырақпен нығыздап басамыз, үстіне тағы су құямыз.

— Міне, гүлімізді отырғыздық, енді осы гүліміз әдемі болып өсу үшін су құйып баптаймыз. Балалар, гүл туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?

Балалар:Гүлді аяқпен басуға болмайды.Гүлді жұлуға болмайды.

Тәрбиеші:

— Балалар, біз бүгінгі сабағымызда гүлді күтіп-баптауды, гүл отырғызуды және гүл туралы мақал-мәтел, тыйым сөздерді үйрендік. Осы үйренгендерімізді жадымыздан шығармай әрдайым гүлге қамқор болуымыз керек. Сендер де осы гүлдер сияқты жайқалып өсе беріңдер.



Қорытынды: Міне балалар, осы отырғызған гүлімізді жақсылып күтіп-баптауымыз керек. Сонда еккен гүліміз үлкен де әдемі болып өседі.































Бекітемін

«Балбөбек 1» бөбекжай балабақшасының

меңгерушісі Боранбаева Н











Тақырыбы :»Жас экологтар зерттеуі»

«Болашақ» тобы





















Тәрбиеші:Коджаева Қ.Ж

Әдіскер:Алдишева М .Ә

«Жас экологтар зерттеуі» оқу іс-әрекетіне

Анықтама

«Болашақ»тобында 2025 жылдың ақпан айының 3-ші жұлдызында «Жас экологтар зерттеуі» атты оқу іс-әрекеті өтті.
Мақсаты: Балалардың көркемдік талғамын дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, қабілеттерін арттыру.Балаларды әсемдік әлемін танып-білуге үйрету, гүлдер туралы толық түсінік беру.Табиғатқа қамқор көрсету, балалардың аяушылық сезімдерін, бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын ояту.

Балалармен амандасып.шаттық шеңберімен оқу іс-әрекетін бастадық.Балаларға сұрақтар қойылып,жұмбақ жасырылды.Оқу іс-әрекетінің тақырыбы ашылып,түсіндірілді.Балалар гүл туралы білетін мақал-мәтелдерін айтты.Содан кейін тәрбиеші балалармен гүл күтімі туралы әңгімелесіп,гүлді отырғызуды үйретті.Фото,видео жасалынып,ата-аналарға жіберілді.


































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
1 сәуір
232
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі