МКҚҚ №26«Үміт» бөбекжай-балабақшасы
Тақырыбы:
Жас экологтер табиғатты зерттеушілер.
Тәрбиеші: Жумашева Улжан Баймашқызы
Ақтөбе,2026
Ересек «Күншуақ» тобы
Тақырыбы: Жас экологтер табиғатты зерттеушілер.
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру, Денешынықтыру, Сөйлеуді дамыту, Көркем әдебиет, Құрастыру, Математика негіздері, Музыка.
Міндеттері: а) Балалардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру.
ә) Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін
қалыптастыру.
б) Табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық
білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, интербелсенді тақта, жұлдызшалар, жасыл әлем» эмблемасы, бейджиктер, түсті карточкалар, доп, қалташалар, Сөздік жұмысы: эколог.
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің мазмұны: Педагог өлең оқиды:
Қарашы, досым менің, айналаға:
Аспанда аппақ бұлттар қалықтаған,
Ашық аспан, алтын күн жарқыраған,
Жапырақпен жарысып, жел ойнайды,
Өзен , көл, тау да күліп қол бұлғайды,
Жыл мезгілі құлпырған айналада ...
– Өлең не туралы? Табиғаттың әсемдігі туралы. Табиғат дегеніміз не?
1-слайд. Жануарлар әлемі , өсімдіктер, жәндіктер, құстар, балықтар , адам да ауасыз, сусыз, күнсіз, тамақсыз өмір сүре алмайды. Табиғат – бізді қоршаған әлем, адамдар не қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Адам – табиғаттың бір бөлігі. Табиғатты сақтау біздің әрқайсымызға байланысты. Табиғи апаттар суреттері шығады, педагог балалармен әңгімелейді. (мұнайға малшынған құс, ормандағы, теңіз жағалауындағы қоқыстар, Арал теңізі т.б.). Балалар, айтыңдаршы, табиғатты сақтау, қорғау не үшін қажет?
(Балалардың жауаптары).
Эколог – қоршаған ортаның жағдайын талдап, табиғатқа мүмкін болатын зиянды азайту шараларын әзірлейтін маман. Эколог табиғи апаттардың себептерін анықтап, қоршаған ортаға адамның қатысуымен болған қате әрекеттердің әсерін азайту жолдарын әзірлейді.
2-слайд. Интербелсенді тақтадан бейнехат шығады. Баланың бейнесі шығып, сөйлейді. «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым – Мишель, мен алыстағы Франция елінен хабарласып тұрмын. Біздің ел – бүкіл әлемдік «Greenpeace» – «Жасыл әлем» табиғатты қорғаушылар ұйымының мүшесі. Ұйым ормандарды кесу, өзен-көлдерді, теңіз-мұхиттарды, қоршаған ортаны қауіпті химиялық заттармен ластау, жан-жануарлар, табиғатты қорғау сияқты мәселелерге назар аударады. Мен барлық әлем балаларына хат жолдаймын, осы
ұйым мүшесі болуға, яғни жас табиғат қорғаушылары –эколог болуға шақырамын. Ал эколог болу үшін, біз өз білімдерімізді тексеруіміз керек және сынақтардан өтіп, тапсырмаларды орындау қажет болады. Тапсырмаларды орындап, сынақтан өтсеңдер, сендерге жіберген «Жасыл әлем» эмблемасын кеуделеріңе тағып, табиғат қорғаушылары – «жас эколог» болып, ұйым мүшесі боласыңдар.
-
Балалар, сендер өздеріңді табиғатты қорғаушы деп санайсыңдар ма? Біз қалай табиғатты қорғаушысы бола аламыз? (Балалардың жауаптары).
-
Бір-бірімізге жақсылық жасау, табиғатқа зиян келтірмеу, құстарды, жәндіктерді қорғау, табиғатқа демалуға шыққанда қоқыс тастамау.
Балалар санамақ бойынша екі топқа бөлінеді, әр орындалған тапсырма үшін команда жұлдызша алады. Себетте ең көп жұлдызшасы бар топ жеңеді. Ойын «Жасыл әлем мүшесі – жас эколог» (QR-код арқылы қосымшаны жүктеу). Педагог жұлдызшаларды санап, қай топтың жұлдызшасы көп болса, сол топ жеңіске жеткенін анықтайды. Сергіту сәті (QR-код арқылы қосымшаны жүктеу).
-
Балалар, Мишельдің тапсырмалары өз мәресіне жетті. Біз халықаралық «Жасыл әлем» балалар ұйымына мүше болуға жараймыз ба?
-
Иә.
-
Олай болса, «Жасыл әлем» ұйымының эмблемасын кеудемізге тағып, ұйымның жаднамасын қайталайық.
Балалар орнынан тұрады, педагог берген бейджиктерді тағып, хормен жаднаманы қайталайды.
«Мен, халықаралық «Жасыл әлем» балалар ұйымына мүше бола отырып, табиғатты қорғауға, өзіміз өмір сүріп жатқан туған жердің табиғатын аялауға, қоқыс шашпауға, жануарларға қамқорлық жасауға, табиғатқа зиян келтірмеуге уәде беремін».
Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Көлтауысардың пайымдауы: Табиғатқа зиян келтірмеу керек, сонда Жер ғаламшарын сақтаймыз.
-
Көлтауысармен бірге жас экологтердің ақыл-кеңесін есіңде сақта. Бос орынға не қосар едің? Суретін сал.
-
Экологиялық белгілердің мән-мағынасын түсіндір. Рұқсат етілмейтін белгіні қандай түспен бастырып сызу керек? Бастырып сыз. Бос орынға өзің бір экологиялық таңба ойластырып сал.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз