Өтініш
беруші туралы мәлімет
1
|
Тегі,
аты-жөні
|
Ертуғанова
Жанбота Ертуғанқызы
|
2
|
Конскарасқа
қатысу тілі
|
қазақша
|
3
|
Еңбек
өтілі
|
6
ай
|
3
|
Жұмыс
орны
|
«Мектепке
дейінгі шағын орталығы бар Алмалы
орта мектебі»КММ
|
4
|
Жұмыс
орнының толық меке-жайы
|
Алматы
облысы Сарқан ауданы Алмалы ауылы
Әбішев 1
|
5
|
Мекеме
басшысының толық аты-жөні
|
Калиева
Жанар Төлеухановна
|
6
|
Мекеме
әдіскерінің толық аты-жөні
|
Кушукбаева
Динара Жабайхановна
|
7
|
Жеке
және мекеме электронды почтасы
|
zhanbotaertuganova@bk.ru
|
8
|
Байланыс
нөмері
|
87025706593
|
Жарқын
елдің шамшырығы жас маман
Шамшырақ...Бұл
сөзді естігенде көз алдымызға қараңғы
әлемге жарық беретін шырақ елестейтіні
хақ. Шырақ неғұрлым жас әрі сапалы болған
сайын, жарығы да ауқымды әрі ерекше
жарық болмақ.
Енді
қазіргі мамандарды осы шырақпен
салыстырар болсақ, қалай болар екен?
XXI
ғасыр білім-ғылым заманы емес пе?! Бірақ
жалқаулықтың басым болу есебінен
көптеген болашақ маман иелері яғни
оқушылар білімге көңіл бөле қоймайды.
Тек айнадағылардың, ата-анасының
итермелеуімен сабаққа барып, келіп
жүреді.Емтихан кезінде дайын жауап
қолданып құтылады. Жемқорлықпен жұмысқа
тұратындары да бар.Олардың ойы: «Халыққа
қызмет ету » емес, «Дос арасында абыройлы
болу» немесе «Тек ақша үшін».
Міне,
байқап қарасақ, білімсіз әрі жемқор
маман қалай «Шамшырақ» болмақ? Қалай
қараңғылыққа жарық әкеліп, халыққа
қызмет етпек?
Жоғары
биліктен тексеріс келгенде ғана ес
жиып, жұмысына тек сол кезде ғана өтірік
болса да көңіл бөлетіндерді тіпті маман
деуге де келмейді ғой!
Сонда
«еліміздің шамшырақтары кімдер?» деген
сұрақ туындайды. Бұл сұраққа дана Абайдың
қара сөзімен жауап беріп көрейік. Отыз
екінші қара сөзде: «Білім-ғылым үйренбекке
талап қылушыларға әуел білмек
керек.Талаптың өзінің біраз шарттары
бар.Оларды білмек керек.Оларды білмей
іздегенмен табылмас. Әуел-білім-ғылым
табылса, дүниенің бір қызықты нәрсесіне
де керек болар еді деп іздемекке керек.
Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана
құмар, ынтық болып, бір ғана білмектің
өзін дәулет білсең һәм әр білмегеніңді
білген уақытта көңілде бір рахат хұзур
хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік
ұстап білмегеніңді тағы да сондай білсем
екен деп үміттенген құмар, махаббат
пайда болады... Бахасқа бола үйренбе,
азырақ бахас көңіліңді пысықтандармақ
үшін залал да емес.көбірек бахас адамды
түземек түгіл бұзады»-делінген.
Білім-ғылымды
бар ниетімен, махаббатымен мен үйреніп,
өз кәсібін махаббатпен атқаратын және
халқына адал қызмет ететін жас ұрпақ
жарқын елдің елдің шамшырағы демей
немене?! Шамшырақтар елімізді өздерінің
өнерімен, кәсібімен өзге елге танымал
етеді. Халықтың батасы ерді бақытты
етеді емес пе?! Міне, біз сұрағымызға
жауап тапқандаймыз.
Сөз
соңында айтарым "Алты Алаштың басын
қосса, төр мұғалімдікі" деген Мағжан
Жұмабаевтың сөзі әрқашан санада. Қазақ
барда, ел барда, жер барда ұстаздық
мамандық әлемге нұрын шашып мәңгілік
күндей жарқырай бермек ! Жаңғыру жолындағы
жалынды еңбегіміз дәл қазіргідей
құпталып, өрісіміз кеңейе берсін деген
ой айтамын. Осы жолдағы сапарымыз оң
болып, Жаратқан әр басқан қадамдарымызды
құтты қылсын!
Ұстаз
болу-жүрегімнің қалауы
Ұстаз
болу- көңілімнің шуағы
Ұстаз
болу- жанымның жыр-әні
Ұстаз
болу- бақытымның тұрағы
Кем
көрмеймін шәкіртімді баламнан
Артық
көрем жұмысымды барымнан
Мен
ұстазбын !
Ұстазбын
–деп мақтанам
Жақсы
ұстаз-жас ұрпақтың анасы
Ұлы
ұстаз еліміздің данасы
Жас
маман: Ертуғанова Жанбота Ертуғанқызы