жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жас эрудит" интеллектуалдық сайысы
Алматы қаласы
Әуезов ауданы
№119 мектеп-лицей
«Жас эрудит»
интеллектуалды сайысы
(3-сыныптар)
Жауапты: Кенжебек Арайлым Ерболатқызы
Алматы, 2019ж
Тақырыбы: «Жас эрудит»
Мақсаты:
Дүниетану пәнінен алған білімдерін тексеру, анықтау, қосымша білім беру;
Ойлау қабілеттерін, тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл – ойын дамыту;
Табиғатты аялай білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Көрнекіліктері: презентация, қима қағаздар, үлестірмелер, жемістер, АКТ, бейне жазба.
Сайыстың барысы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар және қатысушы топ оқушылары! Бүгінгі «Жас эрудит » атты интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер!
Білімнің маңызын тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Біз өмір бойына жететін білім алу дәрежесінен, өмір бойы білім алып өту мәртебесіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық» деген ойымен, сайысымызды бастайық.
Мұғалім сөзі:
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Үздік білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
Бүгінгі сайысымыздың әділ-қазылары:
1.___________________________________________
2.___________________________________________
3.___________________________________________
-
Ендігі кезекте қатысушы топтармен
танысып алсақ:
1-топ: 3 «А» сыныбы;
2-топ: 3 «Ә» сыныбы;
3-топ: 3 «Б» сыныбы;
4-топ: 3 «В» сыныбы.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.(слайдтан көрсетілу тиіс)
І. «Білімділер пирамидасы»
ІІ. «Адасқан қалалар»
ІІІ. «Дәрумендер шеруі»
ІV. «Қаламдар сөйлейді...»
V. «Мағынаны аш»
«Қызықты сұрақтар» айдары.
Қиындықтан
өткізер – деп білімді сарапқа салар
сәтті бастайық!
Б
№1
Қандай
белгі сабақтың басталғанын білдіреді?
Қазақстан
көпұлтты мемлекет екенін білесің.Шамамен
қанша ұлт өкілдері бар?
Көлік
түрлері нешеге бөлінеді? Оларды ата.
Елбасы
резиденциясы қай қалада орналасқан?
101,102,103
нөмірлері нені білдіреді?
Археолог
деген кім?
Шарты:
Шартымен таныстырып өтер болсам, бұнда
4 бұлтша беріледі. Әр бұлтшада 6 сұрақтан.
Сұраққа дұрыс жауап берсеңіз 10 ұпайды
қанжығаңызға байлай аласыз. Егер де
сұраққа жауап бере алмаған жағдайда,
жүргізушінің ҚАРСЫЛАСТАР деген сөзінен
кейін жауап бере алады.
№1 бұлтша жауаптары:
Қоңырау;
130-дан астам.
5-ке бөлінеді. Олар: әуе көлігі, жерасты көлігі, жерүсті көлігі, суасты көлігі, су көлігі.
Нұр-Сұлтан қаласында.
101-өрт қауіпсіздігі,102-полиция, 103-жедел жәрдем.
Е
№2
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата.
Ұлы Жібек жолында орналасқан белгілі қалаларды ата.
Ғұндардың ұлы билеушісі кім болған?
Фараб қаласында туылған ұлы ғалым кім?Қысқаша әңгімеле.
Жергілікті жерді бағдарлайтын құралдың аты?
Денсаулық туралы мақалдар айт.
№2 бұлтша жауаптары:
Ту, Елтаңба, Гимн.
Отырар, Сығанақ, Құлан т.б.
Аттила.
Әбу Насыр әл-Фараби. Отырар қаласында қыпшақ тілін оқыды. Өмірін ғылымға арнады.
Тұсбағдар.
Д
№3
Ауа райы, климаттық катаклизмге нелер жатады?
Отбасы шығысына 3 мысал келтір.
Қазақстан азаматының құқықтары қандай?
Сақ патшайымының аты кім?
Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы өзен.
Қазақстан елі қай материкте орналасқан?
№3 бұлтша жауаптары:
Су тасқыны, цунами, өрт, құйын, боран, бұршақ, құрғақшылық.
Дәріхана, азық-түлік, киім дүкені.
Өмір сүру, еңбек ету, жекебасының еркіндігі, демалу, тегін орта білім алу, тегін медициналық көмек алу.
Томирис.
Есіл.
Е
№4
Ежелгі көлік түрлерін ата.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы кім?
ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын басқаратын кім?
«Алтын адам» табылған жер?
Ежелгі адамдардың еңбек құралдары неден жасалған?
№4 бұлтшаның жауаптары:
Арба, жылқы, түйе, қайық, т.б.
Суретші Шәкен Ниязбеков.
1991 жылы 16-желтоқсанда.
Президент.
Алматы облысы, Есік қаласы.
Ағаш, тас.
Жарайсыңдар, балалар!
Келесі кезең «Адасқан қалалар» .
Шарты:
Әр топқа Қазақстан Республикасының кескін картасын және қала атауларын ұсынамын. Сіздер қалалардың картада орналасқан орнын анықтап, жапсыру керексіздер. Бұл тапсырманы орындауға сіздерге 7 минут уақыт беріледі.
Балалар, біз сабақты жақсы оқып, биік белестерді бағындыруымыз үшін ең бірінші деніміз сау болу керек. Ол үшін дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын қатаң ұстағанымыз жөн. Ендеше келесі кезеңіміз «Дәрумендер шеруі» деп аталады.
Шарты:
Әр топқа дайын жемістерден жасалған композиция үлгісі беріледі. Оқушылар жемістерден үлгіге қарап композиция құрастырады. Бір оқушы шығып, жемістердің адам ағзасына тигізетін пайдасын түсіндіріп айтады.
|
|
|
|
3 «А» |
3 «Ә» |
3 «Б» |
3 «В» |
Ең жоғары - 15 ұпай.
ІҮ. «Қаламдар сөйлейді...» кезеңі.
Шарты:
Бұл кезең бойынша сіздерге алдарыңыздағы қағазды пайдаланып, жыл мезгілдеріне постер жасайсыздар, қорғайсыздар. Қай топ қандай жыл мезгіліне постер жасайтынын анықтау үшін менің алдымдағы қағаздарды таңдап алыңыздар. Бұл кезеңнің маңызды шарты әр таңдаған жыл мезгіліндегі ауа-райын сипаттау. 5 минут. Ең жоғарғы 10 ұпай.
Y. «Мағынаны аш» кезеңі.
Шарты:
Сіздерге дүниетану пәнінде кездесетін термин сөздердің мағынасын ашу қажет болады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
Бюджет - |
Диқан - |
Ескерткіш- |
Катаклизм - |
Астрономия- |
Егіншілік - |
Жабайы өсімдіктер- |
Климат - |
Зергер - |
Наурыз- |
Мәдени өсімдіктер- |
Дәстүр - |
Осымен балалар, бүгінгі «Жас эрудит» интеллектуалды сайысымыз да өз мәресіне жетуге жақын. Әділ-қазылар алқасы ұпай санын есептегенше 4 «Б» сынып оқушылар дайындаған «Қызықты сұрақтар» айдарына кезек берейік.
|
|
|
|
|
|
|
«ЖАС ЭРУДИТ» |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген