Материалдар / "Жас есепшілер сайысы"

"Жас есепшілер сайысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжі»




«Келісілді»

Колледж әдіскері

_________Д.А Сахашова

«____»____________ 2024жыл



ПЦК төрағасы/төрайымы

_________М.А Утеулиева

«____»________ 2024жыл



















Сабақтан тыс іш-шара







Мамандық, курс, топ: «Есеп және аудит»Г -322,Г-332 «Менеджмен» Г-632



Тақырыбы: «» сайысы



Пән оқытушысы: Фатихова Зухра Хайырлиевна



Оқу жылы, өтетін күні: 20___ - 20____ ж, _________________















«Жас есепшілер» сайысы (сыныптан тыс- іс шара)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін арттыруда салық және оның түрлерін, салықтық есептептерді үйретіп, айқындап, түсіндіру.



Білімділігі: оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын  қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру.  «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас есепшілер » атағын алатын топты анықтау.



Дамытушылығы: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыра отырып, шығармашылыққа баулу, оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтауын, өзіндік пікірін білдіруге дағдысын дамыту;



Тәрбиелігі: Оқушылар өз ойларын тиянақты жеткізе білуге және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. еңбекке деген жауапкершілікке, нарық заманында еңбек қатынасының сауаттылығына тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Ойын- сайыс.

Блиц- турнир(сұрақ- жауап).

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сөзжұмбақ, рөлдік ойындар арқылы ізденіс жұмысын жүргізу, есептер шығару.



Сабақтың құралдары: интерактивті тақта, компьютер,бор, наушник.



Сабақтың өтетін күні: 17.11.2021 жж.

208- аудитория.









Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқытушы :

Қайырлы күн, құрметті оқытушылар , студенттер және бүгінгі сайыстың қатысушылары. Өздеріңе белгілі колледжімізде қаржыгерлер апталығы өтіп жатыр, бүгін апталықтың ушінші күнгі жоспары бойынша Г- 332, Г- 232 група аралығында өтетін «Жас есепшілер » сайысы болмақ. 

Ендеше  «Жас есепшілер » атты ойын сайысын бастаймыз. Сонымен бүгінгі ойынға  екі топ қатысады. Олар:

І топ «Болашақ»

ІІ топ  “Жалын”

Оқытушы:

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білімді деген ақылшың

Қиындықтан өткізер    –    деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтелік.   Сайысымыз 7  кезеңнен тұрады:

Кезеңдері:

1. Таныстыру (топтың аты, ұраны, төсбелгісі) 5 мин.

2. Блиц турнир (сұрақтар). 10 мин.

3. «Есеп шығару турнирі» 10 мин.

4. «Релакс» капитан командирімен ойын. 10 мин.

5. Ребус суретер жинағы. (көлік, мүлік, акциздер, меншікке салынатын салықтар яғни жер салығы, банк, голд) 5 мин.

6. «Қара жәшік», Бейне жазба сурақтары. 5мин.

7 . «Ми шабуылы». Экономикалық терминдермен жұмыс (5 мин)

8. Үй тапсырмасы «Арнаулы салықтар»







Сайысқа  қойылатын ереже:

–         Бірін-бірі тыңдау, қатысу;

–         Уақытты үнемдеу, қатысу;

–         Ойды еркін айту;

–         Тақырыптан ауытқымау;

–         Бәсең сөйлеу, Қазылар алқасымен таныстыру.

1 кезең. Сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыруға» кезек берейік.

(Топтар өздерін таныстырады)

І топ «Болашақ»  Тобымызды бұлай атаған себебіміз, еліміздің болашағы біздің қолымызда және жарқын болашағы  біз боламыз деген сенімдеміз.

Ұраны:

Іздейміз, табамыз,

Сеніммен  білім аламыз.

ІІ топ  “Жалын” тобы.  Тобымызды бұлай атаған себебіміз, “Жалын” нағыз жастарға арналған атау секілді, өйткені жастар-бойында намысы жалындап тұрар, ел ертеңі емес пе?!

Ұраны:

Көк бөрідей,  жүректі қайраттымыз,

Жігерлі де, білімді, айбаттымыз”.

Оқытушы :

Білекке сенер заманда,

Ешкімге есе бермедік.

Білімге сенер заманда

Қапы қалып жүрмейік-  деп, алғашқы кезеңімізді білімізді сынаудан бастайық.

2 кезең : Блиц турнир.  Мұнда барлығы 15 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Сайысқа қатысатын топтар кезек -кезек жауап береді. Егер жауабы жоқ болса келесі топ мүшелері жауап беруге мүмкіндік алады.

  1. Материалдық емес активтер ережесі ?

Материалдық емес активтер – бұл материалдық заттай формасы жоқ, сәйкестендірілген монетарлық емес (ақшалай емес) активтер.





  1. Мүлік салығын қалай түсінесіздер?

Қазақстан Республикасының аумағыңда меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі.

  1. Резидент деп кімдерді айтамыз?

  • Белгілі мемлекеттің аумағында тұрақты мекендейтің жеке тұлға, сондай-ақ онда өзінің қызметін тұрақты түрде жүзеге асыратын заңи тұлға.

  1. Инвестор деген ұғымды қалай түсінесіз?

  • Қазақстан Республикасында инвнстицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

  1. Көлік құралдар салығы дегеніміз ?

  • ҚР мемлекеттік тіркеуден өткізілуге тиіс және есепте тұрған көлік құралдары, тіркемелерді қоспағанда салық салу обьектісі

  1. ҚҚС дегеніміз не?

  • Тауарларды өңдіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару , сондай-ақ ҚР-ның аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.

  1. Салық дегеніміз не?

- белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын , заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.

8.Жеке табыс салығын қалай түсінесіз?

- жеке тұлғалардың ең бірінші кезекте төлейтін салығы болып саналады. Себебі тапқан табыстарының немесе табыс көздерінің бір бөлігін салық ретінде аударып отырады.

9. Амортизация деген ұғымды қалай түсінесіздер?

- Негізгі қорлардың құның олардың көмегімен өңдірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру.

10. Әлеуметтік салық дегеніміз не ?

- Қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген міндетті төлем.







11. Лизинг деп нені айтамыз ?

- мамандандырылған қаржы компанияларының делдалдық етуімен машиналар, жабдықтар, жылжымайтын мүліктер және негізгі капиталдың басқада элементтерін сатып алуға қаржы бөлудің ерекше түрі.

12.Патент дегеніміз не ?

- арнаулы салық режимін қолдану құқұғын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленетің растайтын құжат.

- коммерциялық банктер ( Еуразия банк,ВТБ банк, Каспий банк, Жусан банк)

13. Салық декларациясы дегеніміз не?

- салық кезеніндегі салық төлеушілердің салық салу обьектілерінің саны, салық базасының шамасы және төленетін салық төлемдерінің мөлшері көрсетілген ресми өтінімі.

14. Салық көзі деп нені айтамыз?

- салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша қаражаттары, бұл-жалақы, кіріс, дивиденттер, яғни салық неден төленеді.

15. Тікелей салық?

- тікелей табыс немесе меншік иелерінен алынады. Мысалы: корпарациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы.

3 -кезең «Есеп шығару турнирі»

2 топқа бірдей есептер жасырылады. Әрбір шешілген есепке 5 ұпай беріледі.  Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға  сәттілік  тілейміз.

І –ТОП 1. Жабдық техникалық құжаттарына сәйкес 5000 өнім бірлігін шығаруға қабілетті об/ң құны 270000т. Жою құны – 30000т.онда бір өнім амортизация мөлшері және бір айда 400 өнімнің амортизация мөлшерін тап?

____(27000-3000)_________ = 48 48 * 400 = 19200

5000

2. Карандаш 2000

Шикізат- ағаш графитті грифель = 400

Еңбекақы = 1000

Комун.ақы = 500

Негізгі құралдар- 100 жалпы жиыны: 2000

3. счет-фактура толтыру 2 мин.

Есепке (5 -мин) 

II-ТОП 1. Сумка = 30000

Шикізат – мата, замок, бау = 8000

Еңбекақы – 2000т.

Комуналдыақы 300

Негізгі құралдар амортизациясы 1500 т.

Есеп-жұмбақ ( 5 мин)  

2. Торт 5000 1 кг.

Шикізат – крем, ұн,жұмыртқа, секер – 3000

Еңбекақы – 500

Комун.ақы 1400 барлық жиыны: 5000т.

Нег.құралдар амортиз.- 100т.

3. Доверенность толтыру. 2 мин.

4 кезең — «Релакс».

Ұпай саны: 5 ұпай.  Сөзбен айтылған ережені анықтау.  Команда капитаны эйр про наушник кигіздіріп сөздерді айтып түсіндіру. Депозит, кредит, бухгалтер, аудитор, шот, касса, акция, экспорт, импорт, депозит, банк.

Берілетін уақыт 3 минут.

5- кезең: Ребус суретер жинағы. (көлік, мүлік, акциздер, меншікке салынатын салықтар яғни жер салығы, банк, голд)

6 кезең: “Қара жәшік” бейне жазба сурактар.

Жәшік ішіне жасырылған видио сурақтардың оқушыларға сұрақтар беріледі, сол арқылы ережесін табу керек.

Ойлануға 1 минут,  дұрыс жауап 5 ұпай. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады.

І топқа: Қысқа мерзімді активтерге қандай шоттар кіреді атауларын атаныз?

  • 1000 Ақша қаражаттары

  • 1010 кассадағы теңгемен ақша қаражаттары

  • 1020 кассадағы валютамен ақша қаражаты

  • 1030 жолдағы теңгемен ақша қаражаттары

  • 1040 ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары.

  • 1050 ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаттары

  • 1060 депозиттік банктік шоттардағы ақша қаражаты

  • 1070 арнайы шоттардағы ақша қаражаттары

ІІ топқа: Материалдық емес активтердің түрлері сонын шоттарын ата?

  • 2710 Гудвилл

  • 2720 Гудвиллдің құнсыздануы

  • 2730 өзге материалдық емес активтер

  • 2740 өзге материалдық емес активтердің амортизациясы және құнсыздану

  • 2800 Кейнге қалдырылған салықтық активтер

  • 2810 Корпарациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер

7-кезең: «Ми шабуылы». Экономикалық терминдермен жұмыс (5 мин)

Ш

Н

А

Р

Ы

Қ

Б

Б

г

о

м

ю

е

п

і

м

ц

ш

а

к

с

т

б

с

а

ғ

ү

п

і

н

у

о

е

к

и

й

я

л

ғ

п

к

р

у

н

а

е

д

п

і

ш

т

у

с

п

г

с

ю

а

ф

к

р

е

д

и

т

е

с

ц

д

о

л

л

а

р

е

т

е

а

қ

ш

а

т

а

б

ы

с

о

с

л

қ

р

с

р

в

ч

э

ш

в

а

ы

с

б

с

т

к

е

о

л

а

ф

қ

а

р

ж

ы

ж

к

е

в

р

о

Пайда, курс,мүлік, товар, салық, қаржы, кредит, ақша, банк, нарық, касса, чек, тенге, доллар, евро, несие, табыс.











8 -кезең. Үй тапсырмасы «Арнаулы салықтар» . Бұл сайыста әр топ өздерінің түсінгенің қағазға жазып оқиды. Бұл сайыс та жасаған жұмысына қарай 10 ұпай балмен бағаланады.

Қорытынды бөлім

–         Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін қазыларға берейік
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік,- дей келе ендігі қорытынды сөз

кезегін     қазыларға береміз.

Әділ қазыларға сөз беру;

9.  Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау

Оқытушы:-

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білімнің шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді,

«Жас есепшілер»,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.



18 Маусым 2025
29
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі