Материалдар / Жас физик - 2024

Жас физик - 2024

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сынып оқушыларына арналған «Жас физик - 2024» атты интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер! Мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2024
61
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жас физик - 2024» сайысының жүрісі

Армысыздар құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар! 11-сынып оқушыларына арналған «Жас физик - 2024» атты интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер! Мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

«Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын,

Білім кен қанша алсаң да азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын» - деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.


Бүгінгі ойынның әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.__________________________________________

2.__________________________________________

3.__________________________________________


Жарыс 4-кезеңнен тұрады.

1. Бәйге.

2.Дода

3. Ғажайып ұяшықтар

4. Жорға

Ойын ережелері ойын барысында танысытырылады.


І айналым.

Бәйге. Сайысқа қатысушалырға ортақ мектеп бағдарламасынан 20 сұрақ беріледі. Тетікті бірінші басқан оқушы жауап береді. 1 сұрақ – 10 ұпаймен бағаланады. Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылады. Қалған ойыншылардың ұпайы 2-турға сақталады. Сайысқа қатысушы оқушыларымызға сәттілік.

Ендеше сайысымызды бастайық.

  1. Бірлік көлемдегі заттың массасын көрсететін физикалық шама? Тығыздық

  2. Электрон мен протонның заряд таңбалары? Оң және теріс

  3. Орын ауыстыруы нөлге тең, ал жүрілген жолы нөлге тең емес бола алатын қозғалыс түрі? Шеңбер бойымен

  4. Магнит ағынының өлшем бірлігі? Вебер, Вб

  5. Электролиз кезінде тізбек арқылы өтетін заряд мөлшері 4 есе артса, электродта бөлінетін зат массасы қалай өзгереді? 4 есе артады

  6. Заттың магниттік қасиеті бойынша нешеге бөлінеді және қандай? ферромагнит, парамагнит, диамагнит

  7. Су бетіне төгілген бензиннің түске боялуы? Интерференция

  8. Газдың ішкі энергиясы өзгеріссіз қалатын процесс? Изотермиялық

  9. Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді? Архимед күші

  10. ?=2?/? қай физикалық шаманың формуласы? Бұрыштық жылдамдық

  11. Бір ортадан екінші ортаға өткенде өзгермейтін физикалық шама? Жиілік

  12. x = 2sin4?? теңдеуіндегі бұрыштық жылдамдық нешеге тең? 4?

  13. Менделеев-Клапейрон теңдеуі?

  14. Ең кішкентай бөлінбейтін бөлшек? Атом

  15. Толқын ұзындығы ең қысқа электромагниттік толқын? Гамма сәуле

  16. Идеал газдың абсолют температурасын 5 есе арттырсақ, ішкі энергиясы? 5 есе артады

  17. Бейтарап су тамшысы екі бөлікке бөлінген. Бірінші тамшының заряды +3q. Екінші тамшының заряды? -3q

  18. F/S қатынасымен анықталатын физикалық шама ? қысым

  19. Изохоралық процесс кезінде өзгеріске ұшырайтын шамалар? р, Т

  20. Ыстық шай мен салқын газдалған судың айырмашылығы? молекулалары бірдей, тек қозғалыс жылдамдығында



ІІ айналым

2. Дода. Дода сайысында қалған 6 қатысушыға физика пәнінің бөлімдерінен сұрақ қойылады. 6 түстің біреуін таңдау арқылы жауап береді. Жауап бере алмаса, қарсыластар жауап беруге мүмкіндік бар. Әр пәнде 5 сұрақтан. 1 сұрақ 10 ұпай. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады. Қалған ойыншылардың ұпайы 3-турға сақталады. Сайысты ұпайы жоғары оқушы бастайды.

1. Ақ түс (Тұрақты ток)

- ТІЗБЕК БӨЛІГІ ҮШІН ОМ ЗАҢЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӨРНЕГІ? I=U/R

- ӨТКІЗГІШТЕРДІ ТІЗБЕКТЕЙ ҚОСҚАНДА ОЛАР ҮШІН БІРДЕЙ БОЛАТЫН ШАМА? ток күші

- КЕДЕРГІНІ ӨЛШЕЙТІН ҚҰРАЛ? Реастат

- КЕРНЕУ МЕН ТОК КҮШІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕЛГЕН УАҚЫТҚА КӨБЕЙТІНДІСІ ДЕП ҚАНДАЙ ФИЗИКАЛЫҚ ШАМАНЫ АЙТАДЫ? Электр тогының жұмысы

- ОМ · МЕТР (ОМ·М) ҚАНДАЙ ФИЗИКАЛЫҚ ШАМАНЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІГІ? Меншікті кедергі


2. Сары түс (Кинематика)

- ЖАЙ МЕХАНИЗМДЕРГЕ ЖАТАТЫН ҚҰРАЛДАР? иіндік, блок, көлбеу жазықтық

- БІРҚАЛЫПТЫ ТҮЗУСЫЗЫҚТЫ ҚОЗҒАЛЫС КЕЗІНДЕ 0-ГЕ ТЕҢ БОЛАТЫН ШАМА? Үдеу

- ДЕНЕЛЕРДІҢ АУАСЫЗ КЕҢІСТІКТЕ ҚҰЛАУЫН АЛҒАШ БАҚЫЛАҒАН ҒАЛЫМ? И.Ньютон

- қай физикалық шаманың формуласы? Центрге тартқыш үдеу

- ДЕНЕНІҢ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕСУ ЭНЕРГИЯСЫ? Потенциалдық энергия


3. Көк түс (Электромагнетизм)

- МАГНИТ ИНДУКЦИЯ ВЕКТОРЫНЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІГІ? Тесла, Тл

- ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ИНДУКЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫНА НЕГІЗДЕЛІП ЖАСАЛҒАН ҚҰРАЛ? Трансформатор

- ТОГЫ БАР ҰЗЫН ӨТКІЗГІШКЕ МАГНИТ ӨРІСІ ТАРАПЫНАН ӘРЕКЕТ ЕТЕТІН КҮШ? Ампер күші

- ӨТКІЗГІШТІҢ ПОТЕНЦИАЛЫ 1В-ҚА АРТТЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ЗАРЯД МӨЛШЕРІН АНЫҚТАЙТЫН ФИЗИКАЛЫҚ ШАМА? Электрсыйымдылық

- ТЕРБЕЛМЕЛІ КОНТУР ҚҰРАМЫНА КІРЕТІН ЭЛЕМЕНТТЕР? Катушка және конденсатор


4.Жасыл түс (Динамика)

- ҮЙКЕЛІС КҮШТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ? Сырғанау, домалау, тыныштық

- ЕКІ ДЕНЕНІҢ АРАҚАШЫҚТЫҒЫ 3 ЕСЕ АРТСА, ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ТАРТЫЛЫС КҮШІ? 9 есе кемиді

- БАРЛЫҚ КҮШТІҢ ҚОСЫНДЫСЫ F=0 ТЕҢ. НЬЮТОННЫҢ ҚАЙ ЗАҢЫ? Ньютонның 1ші заңы

- ДЕНЕНІҢ САЛМАҒЫН ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ФОРМУЛА? P=mg

- ЕКІНШІ ҒАРЫШТЫҚ ЖЫЛДАМДЫҚ МӘНІ? 11,2 км/с


5. Күлгін түс (Тербелістер мен толқындар)

- МАЯТНИКТІҢ НЕШЕ ТҮРІ БАР ЖӘНЕ АТАУЫ? Математикалық және серіппелі

- ТОЛҚЫННЫҢ ТҮЗУ СЫЗЫҚ БОЙЫМЕН ТАРАЛУДАН АУЫТҚУЫН НЕМЕСЕ ТОЛҚЫНДАРДЫҢ ТОСҚАУЫЛДАН ОРАҒЫТЫП ӨТУ ҚҰБЫЛЫСЫ? Механикалық дифракция

- СЫРТҚЫ ӘРЕКЕТ ЖОҚ КЕЗДЕ ТЕРБЕЛМЕЛІ КОНТУРДА ПАЙДА БОЛАТЫН ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ТЕРБЕЛІСТЕР? Еркін тербелістер

- СЫРТҚЫ КҮШТІҢ ЖИІЛІГІ МЕН ТЕРБЕЛМЕЛІ ЖҮЙЕНІҢ МЕНШІКТІ ЖИІЛІГІ СӘЙКЕС КЕЛГЕНДЕ ЕРІКСІЗ ТЕРБЕЛІСТЕРДІҢ АМПЛИТУДАСЫНЫҢ АРТУЫ ҚАНДАЙ ҚҰБЫЛЫС? Резонанс

- ЖИІЛІГІ 20000 ГЦ-ТЕН ЖОҒАРЫ ТОЛҚЫНДАР? Ультрадыбыс


6. Қызыл түс (Молекулалы-кинетикалық теория)

- V/T=CONST ӨРНЕГІ ҚАЙ ИЗПРОЦЕССКЕ ЖАТАДЫ? Изобаралық процесс

- МАГНИТ ӨРІСІ ҚАЙ ӨРІСКЕ ЖАТАДЫ? Құйынды өріс

- 6,02 · 1023 ҚАЙ ТҰРАҚТЫНЫҢ МӘНІ? Авогадро тұрақтысы

- ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ НЕШЕ ШКАЛАСЫ БАР ЖӘНЕ ҚАНДАЙ? Цельсий, Кельвин, Фаренгейт

- ?=1/3 ??^2 ҚАНДАЙ ТЕҢДЕУ? МКТ негізгі теңдеуі












ІІІ айналым

3. Ғажайып ұяшықтар. Формула, теория, заң, есеп ұяшықтары бойынша сұрақтар беріледі. Ұпайы көп қатысушы әр тор көзден өзіне ұнағанын таңдап, сұрағына жауап береді. Дұрыс жауап берілсе, таңдалған ұпай саны беріледі. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады. Сайысты ұпайы жоғары оқушы бастайды.


Формула

10 - Математикалық маятник периоды формуласы

20 - Айнымалы токтың тізбек бөлігі үшін Ом заңы

30 - қуат коэффициенті


Теория

10 – Екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене – линза

20 – Заттың қатты күйінен газ күйіне өтуі – сублимация

30 – Протон мен нейтронның арасындағы өзара әрекеттесу күші – ядролық


Заң

10 - қандай заң – Джоуль-ленц заңы

20 Контурда пайда болатын индукцияның ЭҚК-і контурды тесіп өтетін магнит ағыны өзгерісіне тура пропорционал, бұл қай заң? Фарадейдің электромагниттік индукция заңы

30 Газ қоспасының қысымы қоспадағы газдардың үлестік қысымдарының қосындысына тең. Бұл қай заң? Дальтон заңы


Есеп

10 Жүктің массасы 10 кг. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді? F = mg. F = 10·10 = 100Н

20 Өткізгіш контурдағы ток күші 3 А болған мезетте магнит ағыны 60 мВб болса, контурдың индуктивтілігі? Ф = LI. L = . L =

30 - Материялық нүктенің гармоникалық тербелісінің теңдеуі x=0.4cos2πt (м). Нүктенің жылдамдығы? .









IV айналым

4. Жорға. 1 мин ішінде сайысқа қатысушылардың әр қайсысына 20 сұрақ қойылады. 1 сұрақ 1 ұпаймен бағаланады. Ұпайы көп оқушы жеңімпаз атанады.


1-қатысушы:

  1. Траектория ұзындығы – жол

  2. Жылдамдықтың өлшем бірлігі – м/с

  3. Серпімділік күшін анықтайтын заң – Гук заңы

  4. Бірдей қашықтықта орналасқан зарядтардың өзара әсерлесу күшінің мәні ең кіші мәнге тең болатын орта – суда

  5. Жылжымалы блок күштен – 2 есе ұтыс береді

  6. Ток жүрген кезде зат тасымалы болатын өткізгіштер – электролит

  7. Дене биіктікке көтерілгенде артатын энергия – потенциалдық энергия

  8. Импульстің неше түрі бар – 2

  9. Екі өркештің арасындағы қашықтық – толқын ұзындығы

  10. Қалыпты атмосфералық қысым – 105 Па

  11. Жылу мөлшері нөлге тең процесс – адиабаталық

  12. Жоғары жиілікті электромагниттік толқын – гамма сәуле

  13. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядтарға әсерін тапқан ғалым – Лоренц

  14. Атомы ең қарапайым элемент – сутегі

  15. Бас фокус арақашықтығына кері пропорционал шама – линзаның оптикалық күші

  16. Изотермиялық процесстегі тұрақты шама – температура

  17. Қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары – жаңғырық



2-ші қатысушы:

  1. Заряды жоқ бөлшек – нейтрон

  2. Күштің өлшем бірлігі – Ньютон

  3. Ампер күшінің бағытын қай ережемен анықтайды – сол қол ережесі

  4. Жұмыстан ұтыс болама – жоқ

  5. Электролиттердегі заряд тасымалдаушылар – оң және теріс иондар

  6. Механикалық дыбыс қай ортада тез таралады – қатты

  7. Газдың жұмысы нөлнге тең болатын процесс – изохоралық

  8. Су қай градуста қатады – 0

  9. Айдың еркін түсу үдеуі – 1,6 м/с2

  10. Металдардан электрондардың ұшып шығу құбылысы – фотоэффект

  11. Сұйықтықта немесе газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалыс – Броундық қозғалыс

  12. Масса қандай шама – скалярлық

  13. Ток өткізбейтін заттар – дилектриктер

  14. Жарық қандай сызық бойымен таралады – түзусызықты

  15. Сұйықтар мен газдар қысымды барлық жаққа бірдей жеткізді - Паскаль заңы

  16. Изобаралық процесстегі тұрақты шама – қысым

  17. 3 *108 қай тұрақтының мәні – жарық жылдамдығы



Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Сөз әділ-қазы алқаларына беріледі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ