Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жас физиктер турнирі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өткен сыныптағы физика пәні бойынша білімдерін еске түсіру арқылы, олардың тез ойлау қабілетін және сыныптарды араластырып топ құрып, олардың өзара достықтарын нығайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс іс- шара

Күні: 19.02.26

Өтетін орыны: Мектеп кітапханасы

Қатысушылар: 9 -10 сыныптар

Топтары: «Legion» тобы, «Күш» тобы, «Атом» тобы , «Тесла» тобы

Тақырыбы: «Жас физиктер турнирі»

Мақсаты: Оқушылардың өткен сыныптағы физика пәні бойынша білімдерін еске түсіру арқылы, олардың тез ойлау қабілетін және сыныптарды араластырып топ құрып, олардың өзара достықтарын нығайту.

Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай видео-ролик

«Жас физиктер турнирі»

1-жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар мен білімге құштар жас физиктер! Мектебімізде өтіп жатқан Физика-информатика апталығына байланысты физика пәнінен өтетін бүгінгі «Жас физиктер турнирі» сайысына қош келдіңіздер! Бүгін біз физика әлеміне саяхат жасап, білім мен тапқырлықты, жылдамдық пен логиканы сынайтын ерекше сайысқа жиналып отырмыз.Ендеше, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Олай болса біз бүгінгі сайсымыздың кезеңдерімен таныстыра кетейік.

2-жүргізуші:

I кезең. Таныстыру (Әр топ өздерін таныстырады. Ұран және топтың аты)

II кезең. «Блиц-сұрақтар» (бұл кезеңде әр топқа 6 сұрақтан қойылады, дұрыс жауапқа 5 ұпай)

III кезең. «Жеті жұрттың тілін біл» (бұл кезеңде топтарға сұрақ қойылады, оқушылар сұрақтардың жауабын 3 тілде айту керек)

IV кезең. « Жас физиктер шеберлігі» (бұл кезең үй тапсырмасы болып есептеледі, оқушылар жасаған макеттерін көрсетіп, оның заңдылықтарын айтады.)

V кезең. «Тәжірибе алаңы» (Әр командаға құрал-жабдықтар беріледі, шартты белгі арқылы схеманы құрастырады)

1-жүргізуші: Алдымен командалармен танысып өтейік:

I кезең. Таныстыру (Әр топ өздерін таныстырады. Эмблема, топтың аты)

II кезең. «Блиц-сұрақтар?» (бұл кезеңде әр топқа 6 сұрақтан қойылады, дұрыс жауапқа 5 ұпай)

2-жүргізуші:

1 топ:

1.Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы:   Телескоп

2.Халықаралық бірліктер жүйесі қалай аталады: SI (СИ) жүйесі

3.Температураның өзгеруіне байланысты зат неше түрлі күйде болады?: Үш түрлі күйде

4.Марс планетасының қазақша атауы: Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз

5.Жердің массасы қандай шамаға тең?: 6*1024кг-ға тең

6.Күш қандай шама: Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама

1-жүргізуші:


2 топ:

1.Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым: Исаак Ньютон

2.Қысым қандай бірлікпен өлшенеді?: Паскальмен

3.Қысым айырымын өлшеуге арналған аспап қалай аталады: Манометр

4.Су 100градуста қайнасанешеградустамұзғаайналады? 0 градуста

5.Ток күшін қандай әріппен белгілейді,оның бірлігі,өлшенетін аспабы: I,Ампер,Амперметр

6.Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал қалай аталады?Барометр-анеройдтар

2-жүргізуші:

3 топ:

1. Астрономия грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? Астрон-жұлдыз,номос-заң.

2.Жарық бөлшектері қалай аталады?: Фотондар

3.Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі қалай аталады?: Еркін түсу

4.Күштің шамасын қандай құралдың көмегімен анықтайды?: Динамометр

5.Бірінші ғарыштық жылдамдықтың мәні қандай? 7,9км/сағ

6.Дене импульсінің өзгерісі неге тең?: Күш импульсіне тең

1-жүргізуші:

4 топ:

1.Период қандай шамаға кері: Жиілікке

2.Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі қалай аталады: Шоқжұлдыз

3.Тербеліс амплитудасы дегеніміз не?: Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні

4.Айға адамзат ұрпағының табаны қай жылы тиді?: 1969жылы

5. Қатынас ыдыстарды ата: Шайнек,құмған,кофе қайнатқыш т.б

6. Екінші ғарыштық жылдамдықтың мәні. 11,2км/сағ

2-жүргізуші:

5 топ:

1.Аспанда барлығы қанша шоқжұлдыз белгіленген? 88

2.Период пен жиілік бір-біріне қандай шама: кері шама

3.Шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі қалай аталады?. Біздің галактика

4.Әртүрлізаттарданнелерқұралады? Денелер

5.Температураныңөлшембірлігі:Градус

6.Меркурий планетасыныңқазақшаатауы: Болпан немесе Кіші Шолпан



1-жүргізуші:

6 топ:

1.Жердің радиусы қандай шамаға тең? 6370км

2.Бірліктердің Халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне не алынады? м/с

3.Күш өлшейтін құрал қалай аталады?: Динамометр

4.Жұмыс қандай бірлікпен өлшенеді? Джоуль

5.Еркін түсу үдеуінің мәні: 9,8 Н/кг

6.Қорғасын 327градуста балқыса неше градуста қатты күйге айналады?: 327 градуста

2-жүргізуші:

III кезең. «Жеті жұрттың тілін біл» (бұл кезеңде топтарға сұрақ қойылады, оқушылар сұрақтардың жауабын 3 тілде айту керек)

1.Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама

Жауабы: Энергия, energy

2.Әлемде не бар болса соның бәрі қалай аталады?

Жауабы:Материя, matter

3.Траекторияның ұзындығы не деп аталады?

Жауабы:Жол, дорого,road

4.Дененің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама

Жауабы.Күш, сила,strength

5.Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулалары аралығына ену құбылысы

Жауабы: Диффузия, diffusion

6.Жердің жалғыз серігі

Жауабы.Ай, луна, moon

7.Зат бөлшектерінің табиғатынан бөлек табиғаты ерекше бөлшектер ағыны

Жауабы:Жарық.свет, Iight

8.Өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі

Жауабы:Күн. Солнце, sun

1-жүргізуші:

IV кезең. « Жас физиктер шеберлігі» (бұл кезең үй тапсырмасы болып есептеледі, оқушылар жасаған макеттерін көрсетіп, оның заңдылықтарын айтады.)

2-жүргізуші:

V кезең. «Тәжірибе алаңы» (Әр командаға құрал-жабдықтар беріледі, шартты белгі арқылы схеманы құрастырады)


Оқушылар тәжірибелерді түсіндіреді.



1-жүргізуші:

Осымен бүгінгі Физика-Информатика апталығына орай ұйымдастырылып отырған "Жас физиктер турнирі" атты сайысымыз аяқталды. Әділқазылар ұпай сандарын есептеп біткенше, топтарға қызықты сұрақтар қойылады.

Сұрақ-жауап

1.елеуішпен су әкелуге бола ма? (иә.мұз н\е қар түрінде)
2.егер кеседегі суды түгел ішіп қойсақ , ішінде не қалады? (ауа)
3.қандай ыдысқа су қүюға болмайды? (су толы)
4.орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр (уақыт)
5.теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)
6.Сандыққа нені тығып қоюға болмайды (жарық)
7.жер төңкергіш ғалым . ( Архимед)
8.алты аяқ.екі арқа.бір бас .бұл не ? (адам орындықта отыр)
9.дүниеде ең жүйрік не?\ой қиял\
10.көзінмен көресің, бірақ ұстай алмайсың \көлеңке\


Әділқазыларға сөз беріледі. Топтардың балдарын есептеп, жеңімпаздарды жариялап марапаттайды. Құрметті оқушылар, бүгінгі сайысымызға қатысып, белсенділік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Барлығыңызға сәттілік тілейміз! Сау болыңыздар!
















Алматы қаласы Алатау ауданы


181 жалпы білім беретін мектеп




«Бекітемін»_________

«__19__»____02_______2026ж.



«Жас физиктер турнирі»

Сыныптан тыс іс-шара






Ұйымдастырушылар

Физика пәні мұғалімдері:

К.С.Акманова

А.А.Тоқсанбаева





2025-2026 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі