Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас Географ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керек болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

14 жалпыға білім беретін орта мектеп














«Жас географ»

Интеллектуалды сайыс

(сыныптан тыс шара )

9 сыныптар арасында









Өткізген:

География пәні мұғалімі:

Каржаубекова С








Жаңаөзен қаласы

2017-2018 оқу жылы



Интеллектуалды сайыс

«Жас географтар»

Күні: 14.12.2017 жыл

Сыныбы: 9 а,ә,б,в
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шапшандық тез жауап беру дағдысын қалыптастыру, пәндерге қызығушылықтарын арттыру.Туған тілін қастерлеуге, Отанға сүйіспеншілігін ояту.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: презентациялық материалдар, видеороликтер, карта.


Ойын барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Кіріспе

ІV Негізгі бөлім

1. «Зерде»
2. «Ойлан тап»(адасқан әріптер)
3. «Бәйге»
4. Жасырын мемлекетті тап
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Жас географ» атты 9 сыныптар арасындағы интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойда, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалдық ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп, ортаға салайық.

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен танысайық.

Жүргізуші: Ойынға 4 сынып қатысады. Ойын 4 айналымнан тұрады. 1- айналым- Зерде. 2- айналым – Ойлан тап. 3- айналым – Бәйге. 4- айналым –Жасырын мемлекет.

Жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын – дей келе 1-айналымымызды бастайық. 1- айналым- Зерде.

Жүргізуші: Зерде айналымында әр топқа географиялық сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 5 оқушы 5 сұраққа жауап береді.

Жүргізіші: 9 «А» сыныбының сұрақтары:

1. Қазақстан аумағының солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы (1600 км)

2. Қазақстан дүниежүзінде темір өндіруден нешінші орын алады?? (8 орын)

3. Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға болатын Қазақстанның қаласы (Атырау)

4. Ең алғашқы мұнай қай аймақта атқылады? (Ембі)

5. Республика халқының неше пайызы дінге сенбейтіндер (2,5-3%)

Жүргізуші: 9 «Ә» сыныбының сұрақтары:

1.Қазақстанда жауын – шашынның ең көп түсетін жері (Батыс Алтай)

2. Қазақстан дүниежүзінде хром өндіруден нешінші орын алады? (2 орын)

3. «ӨзенМұнайГаз» АҚ қай жылы құрылды? (2004 жылы)

4.Қазақстан Республикасының теңгесі қай жыл,қай күні қолданысқа енді? (1993ж 15 қараша)

5. Өнеркәсіп түрлері? (ауыр және жеңіл)

Жүргізуші: 9 «Б» сыныбының сұрақтары:

1. Қазақстан дүниежүзінде алтын өндіруден нешінші орын алады? (7 орын)

2. «Арселор Миталл» АҚ қай қалада орналасқан? (Теміртау)

3. Қай тауда мұздықтар көп? (Іле Алатауы)

4. 1915 жылы қандай кен орын ашылды? (Мақат)

5. Темірт қорытпасында көміртек 2% аспайтын болса? (Болат)

Жүргізуші: 9 «В» сыныбының сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасының конституциясы қай жылы қай күні қабылданды? (1995 жылы 30 тамыз)

2.Қазақстан ТМД-ға қай жылы мүше болды? (1991жылы)

3. Қазақстан дүниежүзінде марганец өндіруден нешінші орын алады? (3 орын)

4. Көмірді ең алғаш тапқан кім? (1831 жылы Аппақ Байжанов)

5. Қазақстандағы фармацевтика зауыттары? (Алматы, Шымкент, Павлодар, Қарағанды)


Жүргізуші: Ойын толық, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толық жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып деп келесі айналым «Ойлан тапты» бастаймыз. (адасқан әріптер). Алдарыңызға берілген парақтардағы адасқан әріптерден Қазақстанның қалаларын табуларыңыз қажет. Бұл сайысқа 1 мин уақыт беріледі.

Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ақтау, Семей, Атырау, Риддер, Шымкент, Тараз, Қостанай, Саран, Астана, Алматы, Кентау, Шу, Бейнеу, Мақат, Рудный

Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н

Қ

Ж

Қ

М

Ө

Ш

Ы

Я

Ғ

Ы

А

А

С

Ң

П

Е

А

О

А

З

Ы

З

Г

Й

С

Р

Р

У

Д

Н

Ы

Й

С

Қ

Ш

М

Ы

Ө

Ш

Е

А

А

М

А

К

Е

Н

Т

А

У

К

Л

З

С

М

Ғ

Н

Е

Т

А

Л

М

А

Т

Ы

Е

О

А

Р

Е

А

Н

Й

Ы

Қ

Д

А

Н

Н

И

Н

Р

Б

Ұ

Й

Н

И

Т

Р

Т

А

Р

А

З

Л

Т

Д

А

Р

А

Д

Н

Г

А

А

Б

Е

Й

Н

Е

У

А

И

Г

Р

Ы

М

Е

У

У

Р

И

Д

Д

Е

Р


Жүргізуші: Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, 
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз - келесі айналым «Бәйге». Ендеше экранға назар аударайық. Бәйге айналымының ұпай сандары ұяшықтағы ұпай санымен есептелінеді.



10

20

30

40

Қазақстан облыстарының картасы

(Қызылорда облысы)



Picture 2

(Қарағанды облысы)

Picture 2 (Алматы облысы)

(Маңғыстау облысы)

Елдер және астана

Елдердің астаналарын тап:

1.Катар; 2.Египет; 3.Мексика (1.Доха

2.Каир

3.Мехико)

Елдердің астаналарын тап:

1.Таиланд; 2.Нидерланды; 3.Иран

(1.Бангкок

2.Амстердам

3.Тегеран)

Елдердің астаналарын тап:

1.Малайзия; 2.Чили; 3.Дания

(1.Куала-Лумпур

2.Сантьяго

3.Копенгаген)

Елдердің астаналарын тап:

1.Сирия; 2.Бразилия; 3.Ватикан

(1.Дамаск

2.Бразилиа

3.Ватикан)

Дүниежүзі елдерінің жалаулары

Жапония

Түркия

Picture 2

Испания

Үндістан

Польша

Picture 2

Оңт. Корея

Picture 2

Аргентина

Грекия


Жүргізуші: Келесі айналым «Жасырын мемлекетті тап». Бұл сайыстың шарты әрбір сыныпқа 1 мемлекет жасырын береді. Ойлануға 30 сек уақыт беріледі. Экранға назар аударайық.

9 «А» сыныбы:

Бұл-фламенко  мен  фиестаның елі. Олардың көпшілігі-котоликтер. Сондықтан болар діни меймандарда ұлттық киім киіп, музыка және би шеруімен өткізіледі. Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді. Бұл қай ел? (Испания)

9 «Ә» сыныбы:

Бұл ел өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі. Жылына шығаратын кинофильмдерінің саны жөнінен (жылына 750 фильм) онымен дүние жүзінің бірде-бір елі теңдесе алмайды. Сонымен бірге шахматтың отаны, қасиетті құсы-тауыс, қасиетті гүлі-тұңғиық гүлі болып табылады. (Үндістан)



9 «Б» сыныбы:

Жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел. Олар өз елін «гексагон»(алтыбұрыш) деп атайды. Бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді. Әр провинцияның өзіндік көз жауын алатын тағамдары бар. Бірақ барлығы картоптан жасалған бифштексті, сарымсақ сорпасын тамсана жейді. Атаулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады. Ал елдің оңтүстігінде тағамдар зәйтүн қосып әзірленеді. Сірә,бұл елде ірімшікті сүймейтін адам жоқ шығар. (Франция)


9 «В» сыныбы:

Бұл ел өздерінің ұлттық әдет-дәстүрлерін сақтап қалған. Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған. Мысалы, сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса, ежелгі университеттердің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты баскиіммен көруге болады. Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше(килт), аяғына темір таспалы дөрекі башымақ киеді. (Ұлыбритания)

Жүргізуші: Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпазды анықтау үшін сөз кезегі әділқазы мүшелеріне беріледі.

Жүргізуші: Сайысқа қатысқан барлық оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз. Биік белестерді, толағай табыстарды бағындырып жүре беріңіздер. Қош сау болыңыздар!


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
550
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11