15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жас географтар" сайыс сабақ
Географиялық кештің тақырыбы: «Жас географтар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: бұл кешті өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру. : «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географтар» атағын алатын сыныпты анықтау
Дамытушылығы: Білім, білік дағдысын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелілігі: Қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа және бір – бірін сыйлауға, адамгершіліккетәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Атлас, интерактивті тақта, А4 парағы, түрлі түсті қарандаш
Түрі: Сайыс
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, картамен жұмыс, ой қозғау әдісі, шығармашылық жұмыс.
Барысы:
I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсаты.
II. Ұйымдастыру.
1. 1 Қатысатын оқушыларды таныстыру
1. 2. Әділ - қазылар алқасын сайлау.
1. 3 Сайыстың кезеңдерімен және шарттарымен таныстыру
III. Қорытынды.
IV.Марапаттау.
Мұғалім:
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.
- Бүгін біздің «Жас географтар» атты ойын сайысын бастаймыз.
- Бүгінгі ойын сайысқа 5-7, 6-8, 9 сынып оқушылары қатысады, яғни әрбір сыныптан өз сынып беделін , сыныптың намысын қорғауға 3оқушыдан 3 топ болып шығады. Сонымен бізде 3 топ қатысады.
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды,- дей келе бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен таныстырайық:
Білім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер. Білімді деген ақылшың Қиындықтан өткізер,–деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтелік. Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады:
Кезеңдері:
1. Таныстыру
2. Тамаша үштік (сұрақтар).
3. Географиялық жұмбақ шешу.
4. Картамен жұмыс.
5. Қара жәшік.

6.«Ойлы болсаң, тауып көр» Қызықты сұрақтар
Ітур. Сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыруға» кезек берейік.
ІІ тур: «Тамаша үштік».
Топтар 1 әріптен таңдайды,таңдаған әріптер бойынша сұрақтарға жауап береді. Жауабы сол әріптерден ғана басталады. Дұрыс жауап 1 ұпай.
Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз!
«С,Д,К»
«С» әрпі
1.Көлемі жөнінен 3- ші материк –Солтүстік Америка
2. Ең үлкен тропикті шөл- Сахара
3.Македонияның астанасы- Скопье
4.Шөл зонасында ағаш тектес өсімдік атауы- Сексеуіл
5. Макарон фабрикасының атауы- Сұлтан
6. Жер бетінде ең үлкен, әрі ең ұзақ жасайтын өсімдік- Секвоя
7.Қазақстандағы ең лайлы өзен- Сырдария
8. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың үні жоқ- Су
.
«Д» әрпі
1. .Индонезияның астанасы- Джакарта
2.29% алып жатқан зона – Дала
3 ең биік шың атауы- Джомолунгма
4.АҚШ- ғы автомобиль астанасы – Дейтройт
5.Африка жеріндегі ең ыстық жер – Дакар + 57 0С
6.Еуропаның басты өзені- Дунай
7.Еуропаның сүт фермасы қай мемлекетте – Дания
8.Халық санын,табиғи өсуі,жасы мен жынысын зерттейтін ғылым- Демография
« К»әрпі
1. 4 жылда бір рет қайталанып отыратын жыл- Кібісе
2. Жер бетінің кішірейтілген жазықтықтағы шартты белгілермен кескінделген сызба- Карта
3. Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында бейнеленген жануар- Кенгуру
4. Бурабай курорттық зонасы орналасқан аймақ- Көкшетау
5. «Оттава» қандай мемлекеттің астанасы- Канада
6. Қытай халқының ұстанатын діні- Конфуций
7. Эскаватор зауыты Қазақстанда қай қалада орналасқан- Кентау
8. Бағалы метал- Күміс

ІІІ Тур бойынша 3 топқа бірдей географиялық жұмбақтар жасырылады. Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Жұмбақтың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды. Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз.
«Географиялық жұмбақтар»
Сурет –жұмбақ (2-мин)
-
сурет. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
АФРИКА
-
сурет. Орамалды әйел бейнесінде қандай материк бейнеленген?
С.АМЕРИКА
IV тур -- «Карталар әлеміне саяхат». Ұпай саны: 5 ұпай Әр топ
берілген объектілерді картадан көрсетеді.

VII тур.«Ойлы болсаң, тауып көр» Әр бір дұрыс тапқан сұрақ жауабына 5 ұпай.
(қызықты сұрақтар)
-
Шаян тектес жануардың атын жазбақ еді, орнына Солтүстік Африка халқының аты шықты (краб-Араб)
-
Әрі суық, әрі тәтті дәм еді, болып қалды солтүстіктің тұрғыны (эскимо-эскимос)
-
Ең ашулы қандай қала? (Грозный)
-
Бір әрпін жоғалтса қандай арал геометриялық фигура болады (Куба)
-
Қандай мемлекетті басқа киюге болады? (Панама).
-
Қандай жер ешқашан қартаймайды? (Жаңа жер)
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сайыстың қорытындысын шығару;
Әділ қазыларға сөз беру;
ІV Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау
Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді,
География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.
Жеңген топты мақтау қағаздарымен марапаттап, шағын сыйлықтар таратылды.
.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген