жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жас химиктер сайыс сабағы
Пәні: химия сыныбы: 8 а,ә,б,в куні ___________
Тақырыбы: «Жас химиктер» атты сайыс сабақ
Қазіргі теледидарда көрсетіліп жүрген XXI ғасыр лидері интеллектуалдық шоудың ізімен жүретін ойын сабақ.
Сайыс сабағының мақсаты: ойынға қатысушылар арасынан лидерді анықтау,оларды тез ойлауға ,алғырлыққа,тапқырлыққа,ізденуге баулу. Сайыс VI кезеңнен тұрады
Дамытушылық; пәнге деген қызыушылығын, тілдік корын оз бетінше сойлеп жеткізуге, т.б ынталандырады.
Тарбиелік: Ізденімпаздылыққа,тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы: Сайыс VI кезеңнен тұрады
Химия – жыр әніміз, шаттанамыз
Табысын пайдаланып, мақтанамыз
Кең байтақ кенге толы Қазақстан
Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз.
Жайна да, гүлден-жер, қыр, қия
Көңілге шабыт-нұр, жыр құя!
Аумақты қамтып, беделің артып,
Өркенде, шалқы, химия!
Демекші бүгінгі сайысқа қатысып,білімдерін сынайтын химияны болашақта шалқытатын жүйрік те батыл топтарды ортаға шақырамыз:
8А,8Ә,8Б,8В сыныптары.
Ендігі топтарымызды бүгінгі сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.
-
топты таныстыру
-
жүйрік болсаң озып көр (топқа арналған сұрақтар)
-
әйгілі ғалымдар өмірінен (сұрақ)
-
жұмбақтар сайысы (жұмбақтың жауабын шешу)
-
капитандар сайысы (берілген тақырыптың мәнін ашу)
-
сөзжұмбақ шешу.
Енді осы қатысушы топтардың өнерін бағалайтын әділ-қазылармен таныстырып өтейік.
1.Жұмабек Сәуле
2.Кульбаева Гүлзат
3Жиренбаева Гүлжан
4.Ұлжан Асымқызы
Мұғалім: Химия-ел ырысы, ғасыр үні
Ғылымға қазіргі зор басын иді.
Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған
Ашылды табиғаттың жасырыны
Енді сайысымыздың бірінші шарты топты таныстыру.
8А,8Ә,8Б,8В сыныптары.
Әділ қазылар алқасы әр топқа таныстыруына баға берсе.
Мұғалім: Ең қиыны жарыстың бәйге келді
Мықтылары ортаға шықсын енді
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма
Осы ойыннан көрейік ерен ерді.
Дей отырып «Жүйрік болсаң озып көр» деп аталатын сайысымыздың келесі шарты бойынша топ капитанарын ортаға шақырамыз.
Әр топқа конвертке салынған 5 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан.
1− конверт:
-
Алғашқы көмек көрсетуге пайдаланылатын бейметал (иод)
-
Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)
-
Болашақтың отыны(сутегі)
-
Атомның құрамы(оң зарядталған ядро оны айналып жүретін теріс зарядталған электрондар)
2− конверт:
-
Сутекті алғаш алған химик (1776ж.ағылщын ғалымы Г.Кавендиш)
-
Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр (коэффициент)
-
Катализатор дегеніміз не? (реакцияны жылдамдататын заттар)
-
Химиялық реакцияның қандай типтері бар (айырылу, орынбасу, қосылу, алмасу)
3− конверт:
-
Коваленттік байланыс(полюссіз,полюсті )
-
Жай зат дегеніміз не? (құрамы бір ғана элементтен тұратын зат)
-
Молярлық көлем дегеніміз не?(22,4литр қ.ж.)
-
Химиялық реакцияға кіріскен және шыққан заттың атауы(реагенттер,өнім)
4− конверт:
-
Қанның құрамын кіретін металл (темір)
-
Қазақстанда темір кендері өндірілетін қала (Теміртау)
-
Күрделі заттар дегеніміз не? (құрамы екі немесе одан да көп элементтерден тұратын заттар)
-
Термохимиялық теңдеулер(эндотермиялық,экзотермиялық)
Мұғалім: Жарқырап күн көзінде болашағы
Химия қиындықпен таласады
Химия ырыс-құтты көкке шырқай
Ертеңгі болашаққа жол ашады
Міне осындай болашаққа жол ашқан, ғаламдағы жаратылысты танытып, оның құрылысын, қыры мен сырын ұғындыратын химия саласында химиядан түрлі жаңалықтар ашылды. Міне осы химия ғылымының дамуына үлес қосқан әйгілі ғалымдар өміріне саяхат жасайық. Балалар мен қазір сіздерге әйгілі ғалымдар өмірінен, ашқан жаңалықтарынан қысқаша мәтін оқимын. Мұқият тыңдап, дұрыс жауап берейік. Дұрыс жауап берген топ еншісіне 10 ұпай беріледі. Егер жауап беруші топтың жауабы бұрыс немесе жоқ болса басқа топтар жауап беру мүмкіндігін алады.
8а сынып: Бұл ғалым италияндық физик және химик. 1811 жылы
жай газдардың молекулалары бір немесе бірнеше атомдардан тұрады деген гипотеза ұсынды. Осы гипотеза негізінде ол идеалды газдардың негізгі заңдарының бірін құрды. Бірдей жағдайда алынған әртүрлі газдардың бірдей көлеменді бірдей температурада, бірдей қысымда молекулаларының саны бірдей болады деген заңдылықты ашқан ғалым . (Амадео Авогадро)
Көмек: Бұл заң кейінірек сол ғалым есімімен аталды
8ә сынып: Бұл ғалым атом молекулалық теорияны дамытқан. Оның қолдауымен алғашқы Мәскеу мемлекеттік университеті ашылды. Қазір осы университет осы ғалымның атымен аталады. (Ломоносов)
Көмек: ашқан заңның тұжырымдамасы: химиялық реакцияларға түскен заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең.
8б сынып: Бұл ғалым жаңа зеландияның Нельсон қаласында туылған. Оның бірнеше әйгілі еңбектері бар: радийдің радиокативтігін зерттеп , атом құрылысының ядролық моделін ұсынды. (Эрнест Резерфорд)
8в сынып: Бұл ғалым отбасында он жетінші бала болып дүниеге келген.Химия ғылымында «Ұлы» деген атпен қалған.Ашқан жаңалығы өте үлкен маңызға ие.Периодтық жүйені ашқан ғалым (Д.И.Менделеев)
Мұғалім: әділ қазылар алқасы, дұрыс жауап берген топтың үлесіне 10 ұпайдан қосылады.
Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз бойланып,
Кім шешеді, бұл сайыста ұтып тұр
Жұмбақтарды шешу кезі келіп тұр.
Жұмбақ жасыру:
Балалар әр топқа екі жұмбақтан жасырылады. Әр жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Берілген топта жауап болмаса басқа топтар жауап бере алады. Олай болса, бастайық.
8а сынып: иісі дәмі де жоқ ұсталмайды,
Ол болмаса, тіршілік өмір де жоқ.
Ол болмаса отын да тұтанбайды,
Қалады қарауытып, көмір боп шоқ. (оттек)
Табылса бұрын там-тұмнан,
Қазір көп әрбір өлкеде.
Қымбат болды алттыннан ,
Қандай металл ертеде. (алюминий)
8ә сынып: атомның бір бөлшегі,
Тұрады ол ортада.
Элемент орны екенін,
Көрсетеді қашанда, (ядро)
Бір нәрсе жер мен көктің арасында,
Көрінбейді өзі түгіл қарасы да.
Білінбей жер астында жүрсе дағы,
Пайдалы адамзаттың баласына. (ауа)
8 б сынып: салмағың бар өлшесем,
Көрінбейсің көзге сен.
(ауа)
Сыныптан бір шықпайды,
Тимесең жұқпайды.
Жәрдемінсіз бұл заттың,
Оқушы сабақ ұқпайды. (бор)
8в сынып:Ауаны шарлап кезеді,
Таза күйінде пайдасыз.
Білгіш болсаң айта ғой,
Қосылысы өмір өзегі. (азот)
Ең жеңіл элемент саналады,
Периодтық жүйе осыдан бастау алады. (сутек)
Мұғалім: Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,
Дән өсті туған өлке сауырымда.
Ішсең ас, кисең киім, үй жихазы,
Химия дәру болған сауығуға.
Ендігі кезекті біздің топ капитандарына береміз. Капитандарды ортаға шақырамыз.
Сіздерге тақырып беріледі. Осы тақырыптың мағынасын мәнін ашасыздар. Бұл сайыс сіздердің ой жүйріктеріңіз, сөз байлықтарыңыз бағаланады. Дайындалуға 2 минут уақыт беріледі.
-
Атмосфераның қазіргі жағдайда ластануы
-
Оттек тіршілік көзі
-
Химия өнеркәсіптерінің пайдасы мен зияны
-
Су-тіршілік көзі.
Мұғалім: құрметті қазылар алқасы, топ басшыларының ой жүйріктігіне баға беріп өтсеңіздер.
Мұғалім: Ғажайып нәрсе химия
Тұңғиық сыры әр алуан
Жоғалып бір зат зым зия
Жаңарып бірі жаралған – демекші келесі сайысымыз
сөзжұмбақ шешу. Әр топқа үй жұмысы ретінде сөзжұмбақ құрастырылып
келу бұйырылған болатын.Олай болса сөзжұмбақтарымызды
бір−бірімізбен алмастырамыз. 8а →8ә→8б→8в
Қай топ жылдам және дұрыс жауап берсе, 10 ұпай алады. Қателіктер болса ұпай саны шегеріледі. Сөзжұмбақ шешуге 3 минут уақыт беріледі. Ал, қане бастайық.
Бәріміз жауап беріп болсақ, сөзжұмбақ шешкен топты, сөзжұмбақ алмасқан топ тексереді. (ұпай санын өзім айтам)
Ал балалар, бүгінгі сайысымыздың қорытындысын білу үшін әділ-қазылар алқасына жүгінейік. Сөзді:
-
______________________________________________
-
________________________________________________
-
___________________________________________________
-
___________________________________________
Жайна да, гүлден-жер, қыр, қия
Көңілге шабыт-нұр, жыр құя!
Аумақты қамтып, беделің артып,
Өркенде, шалқы, химия!
демекші келешекте химияны өркендетуге әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық! Келгендеріңізге көп рахмет!кездескенше сау-саламат болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген