Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жас информатик
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мамай негізгі мектебі
(сыныптан тыс шара)
7-9 сыныптар
Өткізген: информатика пәнінің мұғалімі Токубаев А.М.
2019-2020 оқу жылы
Тақырыбы: «Жас информатик» білімділер сайысы.
1. Білімділік: Оқушылардың жан-жақты ой өрісін, танымдық қабілеттерін дамытып кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыр, өз ойларын жүйелі түрде жеткізу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ұжымшылдық, іскерлік қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін, интелектісін, ізденімпаздылықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, білімділікке, мәдениеттілікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, еңбек етуге, өнерді сүюге тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: Слайд, сайысқа қажет форматтағы материалдар.
Барысы:
1. Сайыскерлерді ____ топқа бөлу
2. Сайыстың мақсатымен таныстыру.
3. Сайыстың шартымен таныстыру.
4. Сайыстың жүргізілуі
5. Жеңімпаз топты анықтау.
6. Жеңімпаз топты марапаттау.
Кіріспе сөз. Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі басталғалы отырған «Жас информатик» атты білімділер сайысына қош келдіңіздер! Бұл сайысымызды Н.А.Рубакиннің «Нағыз білім атаулыға өздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді» деген асыл сөзінен бастағымыз келіп отыр.
Сынның әділдігін айтатын әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.
1.___________________________________________________________
2.___________________________________________________________
3.___________________________________________________________
4.___________________________________________________________
Ойынның шартымен таныстыру.
І кезең. Таныстыру.
ІІ кезең. «Тапқырлық»
ІІІ кезең. «Адасқан әріптер»
ІV кезең. «Мақал-сөз мәйегі»
V кезең. Жеті жұрттың тілін біл (полиглот)
VІ кезең: «Бәрін білгім келеді!»
Өту барысы
І кезең. Таныстыру.
-
Топқа ат қою
-
Топтың атын қорғау
-
Топ мүшелерін таныстыру
ІІ кезең: «Тапқырлық!» Сайыстың бұл кезеңінде араларынан сайлап алған екі топ басшысы шығып мына столдан дайын тұрған конверттерді ашамыз, ішіндегі карточкаларды алып топтарына қарап оқисыңдар жұмбақтарды , бірге жауап бересіздер. Әрбір дұрыс шешілген жұмбақ жауабына 10 ұпайдан беріледі.
1-топқа
-
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (Тышқан)
-
Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)
-
Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған... (Монитор)
-
Егер білсең,айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді. (Сканер)
-
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да,бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ
Ұзын саны жүз жеті... (Пернетақта,тінтуір)
2-топқа
-
Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (Кактус)
-
Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді... (Принтер)
-
Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (Монитор)
-
Саусақтарды билететін
Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (Пернетақта)
-
Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын
Қорқақ компьютердің кенже баласы ? (Тышқан)
ІІІ кезең: «Адасқан әріптер!» Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге5 ұпайдан беріледі.
«1 топ» тобына «2 топ» тобына
•ЕОДМЕ •ИМРКООНФ
•ОНТИРМО •АКЬЛУКТОЯЛР
•РСУИВ •ИТНРНЕТЕ
•ЫШТАҚН •ЕРНПЕАҚТАТ
•РИНПРЕТ •ОЛОКНАК
•ҚАПРАТА •МЕАРКА
Дұрыс жауаптары:
•МОДЕМ •МИКРОФОН
•МОНИТОР •КАЛЬКУЛЯТОР
•ВИРУС •ИНТЕРНЕТ
•ТЫШҚАН •ПЕРНЕТАҚТА
•ПРИНТЕР •КОЛОНКА
•АҚПАРАТ •КАМЕРА
ІVкезең: «Мақал-сөз мәйегі!» бұл бөлімде топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі интерактивті тақтада, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс шешілген мақалға 10 ұпай беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
6. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
7. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
8. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
V кезең. Жеті жұрттың тілін біл (полиглот)
Берілен сұрақтын жауабын тауып 3 тілге аудару. Әрбір дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. 2 тілде айтса 5 ұпай беруге болады.
1.Жақтаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ?
(Терезе, Окно, Windows)
2. Деректерді сақтауға арналған құрылғы?
(Жад, Память, Memory)
3. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны?
(Жұмыс үстелі, Рабочий стол, Work table)
4. Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа?
(Операциялық жүйе, Операционная система, Operation system )
5. Терезе командалары орналасқан бөлікті қалай атаймыз?
( Мәзір жолағы, Строка меню, Menu)
6) Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін дайындаймыз?
(Көшіру, Копировать, Сору)
7) Мәзір жолағының қай командасы арқылы беттің көлемін өзгертеміз
(Түр, Вид, Shift)
8) MS Word терезесінің мәзір жолағындағы сұрақ (?) – белгісі нені білдіреді?
(Анықтама, Справочник, Reference book)
9 ) MS Word терезесінің мәзір жолағында қанша команда орналасқан?
(Тоғыз, девять, Nine)
10) Жолдар мен бағаналардың қилысуын қалай атаймыз?
(Ұяшық, Ячейка, Сеll)
VІ кезең: «Бәрін білгім келеді!» Интерактивті тақтада сұрақтар беріледі. Ұяшықтардағы сұрақтарға дұрыс жауап берген топ дұрыс жауап бергені үшін 10 ұпай алады.
1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. Файл
2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? Себет
3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым Информатика
4. Компьютердің басты бөлігі, миы, жүрегі Процессор
5. Компьютердегі деректерді қалай қорғауға болады? Пароль қою
6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? 60-70 см
7. 1М байтта қанша К байт бар? 1024 Кбайт
8. Буып-түйілген файл Архив
9. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі Бит
10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша Курсор, меңзер
11. Пернетақтада қанша функионалдық перне бар? 12
12. 1 байтта неше бит бар 8 бит
13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? Сканер
14. Paint қандай редактор Графикалық
15. Дербес компьютерде кең тараған операциялық жүйе Windows, Unix
16. Файлдар жиыны. Папка, бума, қапшық
17. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа. MS Word
18 . Вирустың кері әсерін жоятын программа. Антивирус
19. Қазақстанның домені KZ
20.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? Компьютер
21. Қандай архиватор бағдарламалары бар? Win Rar, WinZip
22. Windows сөзінің аудармасы Терезе
23. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік Байт
24. Өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа Вирус
25. Антивирустық программаларды ата Kaspersky, Dr.Web, Eset
26. Оң жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? Delete
27. Дүниежүзілік ғаламдық тор Интернет
28. ЭЕМ-нің дамуы неше буыннан тұрады? 5 буын
29. Word Pad қандай редактор? Мәтіндік редактор
30. Ақпараттың ең көп бөлігін қалай аламыз көру арқылы 81 %
Жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз