400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жас информатик"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жас информатик» интеллектуалды сайысы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттырып, білімдерін жетілдіру, логикалық ойлау, тапқырлық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылады. Сайыс барысында оқушылар «Таныстыру», «Алыстан келген сұрақ», «Пазл құрастыру», «Инфо-жұмбақ» және «Пікірталас» кезеңдері арқылы білімдері мен шапшаңдықтарын сынайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


7 «IT мектеп- лицей» КММ

















« Информатиктер әлемінде - 2026»

интеллектуалды сайысы













Пән мұғалімі: Абилдаева А.С, Сейтбекова Б


Сыныптар: 6сыныптар
















2025-2026 оқу жылы




Тақырыбы «ЖАС ИНФОРМАТИК - 2025»

интеллектуалды сайысы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушыларға XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.

2.Дамытушылық:Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне-өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық - гигиеналық талаптарын орындату.

Сабақтың түрі: Өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс - сайыс түрінде өтеді.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер, видео- ролик.

Жоспары :

І кезең. «Таныстыру» сайысы (Заманауи сәлем)

ІІ кезең. «Алыстан келген сұрақ» (видео роликтен балаларға сұрақ қойылады)

ІІІ кезең. «Пазл құрастыру»

ІV кезең. «Инфо жұмбақ»

V кезең «Пікірталас»


Өтілу барысы:

I.Ұйымдастырушылық кезең

  • Оқушыларды сайысқа шақыру

  • Оқушыларды екі топқа бөлу

II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру

  • Сайысты өткізу

  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы

  • Марапаттау

Жүргізуші:

Тойлатып , додаласып , өлеңдесіп,

Достарым отырсыңба елеңдесіп.

Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,

Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып 5А және 5Ә сыныптар аралығында өткізгелі отырған «Жас информатик – 2024» атты іс шарамызға қош келдіңіздер!

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңседе, жеңілсе де қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас таланттарға.

Өнері мен өренін салыстыра,

Әділ халқым берерсің әділ баға- дей отырып ең алдымен сіздерді осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайын.

Әділқазылар:

  1. Информатика пәні мұғалімі: Сайдазимова Д

  2. Информатика пәні мұғалімі: Мадибеков Ж

  3. Информатика пәні мұғалімі: Нышанбай М

Осындай екпінді ду қол шапалақпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды шақырайық.


1 кезең «Заманауи сәлем!» сайысын бастаймыз. Сайыскерлер өздері дайындаған топ аттарын,мүшелерін таныстырып, қошеметпен орындарына отырады (2-3 минут уақыт беріледі). Ең төменгі 5 ұпай ең жоғарғысы 10 ұпай



І кезеңнің соңында «Таныстыру» сайысының қорытындысын әділ-қазылар алқасы баяндайды. Әрбір қатысушының жинаған ұпай қорын білейік.


«Таныстыру» сайысының ұпай сандарын білсек

Білімнің ұшқырлығы ғылым деген ,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен

Уакыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

ІІ кезең «Алыстан келген сұрақ» сайысы.

Бұл бөлімде сайыскерлерге жәшіктерде жасырылған сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа 15ұпай беріледі.


...- бұл қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда (Ақпарат)

  • Көбеюге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті, арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік бағдарлама қалай аталады? (Компьютерлік вирус)

  • Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)

  • Бір немесе бірнеше файлдарды сығу, ретімен қаттауға арналған файл.(Архив)

  • Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті қалай аталады?(алгоритм)

  • Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)

  • 1887 жылы бірінші перфорациялық машинаны құрастырған ғалымды атаңыз. (Герман Холлерит)

  • ... – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм (Циклдық алгоритм)

  • Компьютер атасы (Ч.Бэйбидж)

  • Аналитикалық машнаға алғаш бағдарлама ұсынған кім? (Ада Лавлейс)

  • Алгоритм ұсынушы кім? Қай жылдары? (763-850 жж Әбу Жафар Мұхаммед Ибн Муса Әл Хорезми)

  • Ақпарат неше түрде беріледі (Таңбалық. Бейнелік)

  • Пернетақта неше бөліктен тұрады? (Функционалдық. Сандық . Әріптік.Меңзерді басқару пернелері. )

  • Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады? (монитор, жүйелік блок, пернетақта, тінтуір )

  • Компьютердің қосымша құрылғыларына не жатады? (принтер, сканер, микрафон, веб камера, модем, құлаққап, ақпарат тасмалдағыш)

  • СD диск сыйымдылығы (650 МБ)

  • DVD сыйымдылығы (7 ГБ)

  • Есепшотты батыс европалықтар ,жапондықтар, қытайлықтар қалай атаған? (абак, серобян, суанпан)

  • 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)

  • Үлкен темір қорап (жүйелік блок)

  • Функционалдық пернелер (F1-F12)

  • Зиянкес бағдарлама (Вирус)

  • Файлдар жиыны (бума)

  • Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне (Backspase)

  • Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint)

  • Компьютер маманы (Программист)

  • Бүкіл әлемдік желі (Интернет)

  • Ең ұзын перне (пробел)

  • Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)


Осылай ІІ кезеңді аяқтай келе қазылар алқасынан бөлім бойынша ұпай қорын анықтасақ. Ұпай саны қай қатысушымызда аз екенін анықтасақ.


Жүргізуші:

Жарысайық сайыста,

Кімнің ойы мықты екен?!

Кімнің күші аздау боп,

Кім озып алға шықты екен деп , келесі кезеңімізді бастайық.


ІІІ кезең. «Пазл құрастыру» деп аталады. Бұл кезеңде қатысушыларымыз берілген суреттерімізді құрастыра отырып, информатикаға байланысты суретті анықтайды.

Кезекті қатысушыларымызға берсек:


Осымен үшінші кезеңімізді жабық деп жариялап ұпай сандарын білсек.


ІV кезең «Инфо- жұмбақ» деп аталады. Бұл кезеңде қатысушыларға информатикаға байланысты жұмбақтар қойылады. Экранда әр түрлі ұяшықтар берілген сол ұшықтарды таңдау арқылы жұмбақың жауабын айтады.


Құтқарып ауыр бейнеттен

Техниканы үйреткен

Роботтай – адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен

Компьютер емей немене

Білмегенді білдірген

Өлшеп киім кигізген

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген



Жұмбақтар:

  1. Төртбұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек (монитор)

  2. Ұзынтұра жалқаубек тұрмай ылғи жатады, қозғала қалса артынан ешбір белгі қалмайды(бос орын пробел)

  3. Бұтақ орнында мың бір инесі, компьютер жаны мекені (кактус)

  4. Батырмасын басасың, қажетті файлды ашасың (тышқан)

  5. Тетігін бассаң алаңсыз, жазады қалам қағазсыз (пернетақта)

  6. Жақтаулар арқылы шектеледі бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді (терезе)

  7. Информатикада өлшем бірлік, ақпаратты өлшер (бит)

  8. Бар нәрсеге жетік, Миы күштік, Ол арқылы сөйлесіп кетесің шетелге де өтіп (интернет)

Әділ қазылар алқасы ұпай санын толықтай шығарғанға дейін экранға назар аударып қызықты видеоларды тамашаласақ

Жүргізуші. “Жас информатик” интеллектуалды сайысы өз мәресіне жетті.


V кезең «Марапаттау рәсімі"


Информатика нық басып ғаламатта,
Ой бөлісіп заманды саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
Қайта айналып көріскенше саламатта

Әділқазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылып, оқушыларды марапаттау.





Таныстым А.Умбетова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16.09.2026
31
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі