Материалдар / "Жас информатик" интеллектуалды сайыс сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жас информатик" интеллектуалды сайыс сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдердің мәртебесін көтеруге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2020
941
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А.Навой атындағы №44 ЖОМ

Информатика пәні мұғалімі:

Эльмуратова Зебар Кахрамановна

2019-2020 оқу жылы.

«Жас информатик» интеллектуалды сайыс сабағы

Сабақтың тақырыбы: «Жас информатик» интеллектуалды сайысы»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, толықтыру, саралау, білімдерін бақылап, бағалау. Оқушылардың логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, олардың пәнге, білімге деген қызығушылығын, өз ойын еркін жеткізуге, топпен бірлесе жұмыс істеуге, белсенділігін және шығармашылық қабілетін ояту.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ 5 сынып оқушылар арасында

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру

Сабақтың әдісі: практикалық әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентациялар, слайдтар, сұрақ-жауаптар, суреттер.

Жүргізуші: Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Жас информатик» атты сайысымызға қош келдіңіздер!  Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып нақты жауап берген топқана «Жас информатик» атына ие болады. Бүгінгі өткізіліп отырған сайыс сабағымызға 5 сынып оқушылары қатысады. Әр топта 5 оқушыдан қатысады, және топтың капитаны оқушылар өздеріңнен сайланады.

Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға,
 – дей келе бүгінгі сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейік.

Сайыс мына бөлімдерден тұрады:

  1. Шешімін тап

  2. Талантыңды көрсет

  3. Аудармашы

  4. Сергіту сәті

  5. Білімнен хат

  6. Адасқан әріптер

  7. Құпия алаң

Бүгінгі сайысымызға әділ бағаларын беретін әділ-қазы алқаларымен таныс болыңыздар.

- Сафарова Дилбар ДОІЖО.

-Джураева Гулрухсор информатика пәні мұғалімі

-Шомахметов Хушвахт қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

-Рабиев Миробид математика пәні мұғалімі

- Дехканова Мохира физика пәні мұғалімі

- Cайфуллаева Умида ағылшын пәні мұғалімі


Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын ей достар

Осылайша шабытпен

Сайысты қәне бастайық

  • Топ басшылар өздрінің командаларын және ұранын таныстырып кетсеңіздер

1 топ- «Компьютер» тобы

Ұраны: Жарыс десе жанамыз

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

2 топ – «Интернет» тобы

Ұраны:Қандай сынақ болса-дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Мінекей 2 топпен таныстық, бұл бөлімге ұпай берілмейді, топтың аттарын жазып алсаңыздар болады.

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,

Интернеттің, жаңалықтың бәрін де

Мүмкін емес информатикасыз түсіну,

Компьютер дүние кілті бүгінде, -деп Интеллектуалды сайысымызды бастайық.

  1. сайыс: «Шешімін тап» сайысы –бұл сайыста оқушылар слайдтағы жұмбақты шешеді және қызметін айтады. Жауап бере алмаса келесі топ жауап беріп ұпай алуға болады. Әр жұмбақ жауабы 3- ұпай. 1-минут уақыт беріледі.



Сайыс толқын, толқын айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыста

Біреу озып келеді қатарынан

Біреу мініп жатқанда аптығыста. Енді кезекті екінші сайысқа береміз



  1. Сайыс: «Талантыңды көрсет» сайысы - Бір қатысушы шығып- жасырылған суретті ыммен, іс-қимылмен, жұмбақтау, тұспалдау арқылы түсіндіру.

Әр сурет 3 ұпайдан турады. Жауап беруге 1-минут уақыт беріледі



Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымыран зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен-деп, кезекті үшінші сайысқа береміз



  1. Сайыс: «Аудармашы» сайысы – бұл сайыста командалар, берілген суреттің, үш тілде аталуын айтуы керек. Әр аударма 3 ұпай. 1-минут уақыт беріледі.



  1. Сергіту сәті:

Балалар шаршап қалдық, енді кішкене сергіп алайық. Кезекті сергіту сәтіне береміз



  1. Сайыс: «Білімнен хат» – бұл сайыста топ мүгелері-өздері сұрақтар жазылған, қалаған түсті хаттардың біреуін таңдайды, дайын болған топ жауап береді, жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беріп ұпай алуға болады, әр сұрақ 3 ұпайдан турады.



  1. Сайыс: «Адасқан әріптер» сайысы-бұл сайыста командалар шашыраған әріптерден дұрыс сөзді құрайды. Жауабын қайсы команда барлық сөзді дұрыс құрастырса сол командаға 10 ұпай беріледі.



Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білімнің шыңына

Ұқыптылықпен зеректік

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің биік мынау шыңына,- деп кезекті соңғы сайысқа береміз.



  1. Сайыс: «Құпия алаң» сайысы – 20,30,40 ұпай аралығында ұяшықтар орналасқан. Топ мүшелері өздері қалаған кез-келген ұяшықты таңдап сұраққа жауап береді. Ұпай таңдаған ұяшыққа байланысты. Жауап беруге 1-минут уақыт беріледі.

Жүргізуші: Өрбітіп ойлар ойда қала берер,
Білім сана толастап жана берер.
Әділ қазыларды ортаға шақырайық.
Сайыскерлерге әділ баға берер.
(Әділқазылар алқасына сөз беріледі).



Құрметті әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын топтардың жинаған ұпайларын айтып жіберіңіздер.

Интеллектуалды сайыста Ең көп ұпай жиған топ 1 ші орын «Жас информатик» атанады

Грамоталарды табыстау

1 орын «Жас информатик» - «5» сынып

2 орын «Жас информатик» - «5» сынып

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамызба жаман болсақ

Үйрендік білмегенді осы жолы

Тағыда үйренерміз аман болсақ-Информатикаға мың алғыс! Осымен бүгінгі интеллектуалдық сайысымыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет.





Дайындаған ҚББП: Эльмуратова З.К

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!