Материалдар / "Жас информатик" сайысы

"Жас информатик" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәніне деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2021
1086
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ё

Пәні:

Информатика

Сыныбы:

6

Уақыты:

03.12.2020жыл

Сабақтың тақырыбы:

«Жас информатиктер» сайысы.

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық:

Информатика пәніне деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау.


ә) коммуникативтік:




Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, өзара көмек көрсетуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



б) проблеманы шешу:




Сандық, сапалық есептер шығару арқылы ой-өрістерін арттыру, шығармашылыққа баулу. Мұқияттылығын, есте сақтау қабілетін, ойлау өрісін, өз беттерімен жұмыстануды дамыту.


Сабақтың типі:

Сыныптан тыс.


Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

АКТ, оза оқыту, ұжымдық және топтық оқыту,

Пәнаралық байланыс:

Математика, биология.

Оқыту құралдары:

Интерактивті тақта, сыйлықтар, компьютер.



Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру бөлімі


-Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, сыныптан тыс сайыстың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.


Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

«Жас информатиктер» кеп тұрған

Сайыскерлерді шақырайық ортағa.


Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

Мектепішілік «Жас информатик» білімділік сайысына қош келдіңіздер!

Олай болса бүгінгі «Жас информатик» білімділік сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:


______________________

«Жас информатик» білімділік сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:

1-бөлім Таныстыру

2-бөлім Бәйге

3-бөлім «Адасқан әріптер»

4-бөлім «Кім жылдам?»

5-бөлім Кім тапқыр?

6-бөлім Қорытынды

- Әрекет ритміне тез қосылу және сабаққа назар аудару;

- Сабаққа құрал-жабдықтарын дайындау; Сайыстың бөлімдерімен танысу.

- Сабаққа назарын аудару.

Оқушы сабақта жұмыс істеуге дайындалады, оқушы бойында коммуникативті құзыреттіліктің вербальды емес формалары қалыптасады және дамиды.

1-бөлім Таныстыру

























2-бөлім Бәйге



Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды, білімді жас талантқа, – дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» бөлімін бастаймыз.

Әр топ басшысы өз тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды.

1-топ басшысы

  1. Компьютердің «миы»?

  2. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі

  3. Сыртқы жады

  4. Принтерлердің ішіндегі ең жылдамы және сапалысы

  5. Көп пернелі құрылғы

  6. Ақпаратты уақытша сақтауға арналған құрылғы?

  7. Санау жүйелері қандай топтарға бөлінеді?


2-топ басшысы

  1. Мәтінді жою пернелері?

  2. Принтердің неше түрі бар?

  3. Ақпаратты әзірлеу, сақтау, өңдеу және жеткізу үшін арналған электрондық аспап?

  4. «Microsoft» фирмасының президенті

  5. Логика не туралы ғылым?

  6. Компьютердің негізгі бөліктеріне нелер жатады?

  7. Компьютердің жады деп нені айтамыз?










Сынып 2 топқа бөлініп, әр топ өзіне топ басшы сайлайды. Топтың атын, соған сай таныстыруларын дайындайды.


«Болашақ» тобы

Ұраны: Болашақтың ұрнағымыз білімді, Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.


«Асыл тас» тобы

Ұраны: Тапқырлық таныту мақсатымыз, Mектептің көкке шырқар қыранымыз.








Жауаптары:

  1. топ басшысы

  1. (процессор)

  2. (1 бит)

  3. (диск)

  4. (лазерлік)

  5. (пернетақта)

  6. (жылдам немесе ішкі жады)

  7. (позициялық, позициялық емес)






2- топ басшысы

  1. (Delete, Backspace)

  2. (3)

  3. (Дербес компьютер)

  4. (Билл Гейтс)

  5. (адам ойлауының түрлері мен заңдары)

  6. (Монитор, жүйелік блок, пернетақта)

  7. (оперативтік жад)

Топтың атын пәнге сай, таныстыруларын қысқа да, нұсқа дайындау.

Топ басшысын топтың шешімімен шығару.





















Екі топтың басшылары өз тобының атынан белсенді өнер көрсету. Өз білімдерін ортаға салады.

3-бөлім «Адасқан әріптер»

Ойын толқын жатқанда асып -тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, – дей отырып, ойынымыздың «Адасқан әріптер» бөлімін бастаймыз.

Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған әріптері адасқан сөздер беріледі, осы әріптерден дұрыс сөз құрау қажет.

10 ұпайдан есептеледі.

1-топ

Тониром

Петатарнеқ

Тиренетн

Кафлэш

Уривс

2-топ

Ринетрп

Шанқты

Дикс

Росцорепс

Юпртекоьм

Оқушылар компьютерге қатысты құрастырылған әріптері адасқан сөздерден дұрыс сөз құрайды.









1-топ

Монитор

Пернетақта

Интернет

Флэшка

Вирус

2-топ

Принтер

Тышқан

Диск

Процессор

Компьютер





Екі топқа берілген адасқан сөздерді дұрыс таба білу.

Тез ойлауға, нақты шешім қабылдауға дағдыландыру.


4-бөлім «Кім жылдам?»



Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына, - деп келесі «Кім жылдам?» бөліміне көшейік. Екі топқа ребус беріледі 5 минутқа. Бірінші болған топқа 10 ұпай, екінші топқа 5 ұпай.


1-топ

’ ‘‘‘‘ ’ ““ В ’’

’ ‘АУА ’’’’


2-топ

”’ 2” T ”’


Оқушылар топпен ойланып, ақылдасып ребус шешеді.







  1. топ

Антивирус


















  1. Топ

Пернетақта



Екі топқа ребус беріледі.

Ребустарды қатесіз, ойланып, нақты жауабын айту.

Топпен ақылдасу.

Қарсы топқа ойлануға кедергі жасамау.

5-бөлім Кім тапқыр?









«Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың Кім тапқыр? бөлімінде 2 топ тақтадағы берілген сөздің әріптерінен бірнеше сөз құрау керек. Сөздер қайталанбауы тиіс. Қайталанбаған сөздерге 5 ұпайдан беріледі. 3минут беріледі. Болғасын әділ-қазылар алқасына тапсырасындар.

АҚПАРАТТАНДЫРУ

Оқушылар топпен ойланып берілген сөздің әріптерінен сөздер құрайды.











Информатикаға байланысты сөз берілуі. Информатикадан жан- жақты білімдерін, тапқырлықтарын толықтырып, дамыту.



6-бөлім. Қорытынды


Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген

Бар ғылымды сыйдырып

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! – деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.

Жарыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды.

Жарысқа қатысушыларды марапаттау.

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ұстаздарға шын көңілден

Жолдаймыз біз алғыс бүгін.


Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін! - деп алғыс білдіреміз.

Қош, сау болыңыздар!



Жарыс қорытындысы бойынша топтар марапатталады, сайыс мәресіне жетеді.


Барлық сайыс қорытындысы бойынша өз білім деңгейлерін байқайды, әлі де жетіле түседі.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ