Материалдар / Жас келсе іске
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жас келсе іске

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандармен жүргізілген тренинг жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
537
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әрбір тұлға-бір жұлдыз,Шыңда,шират,жалындат!» жас мамандарға арналған тренинг-сабақ


Мақсаты: Жас мұғалімге үздіксіз білім берудегі қажеттіліктеріне жәрдем беру,қиындық келтіретін мәселелерді шешу амалдарына көмек көрсету

-Оқу-тәрбие туралы теориялық мәселелерді педагогикалық,психологиялық ,әдістемелік құралдарды өздігінен оқып –үйренуге,талдай білуге ықпал ету. Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Жас мамандардың бойына сенімділік ұялата отырып,жауапкершілікке,тиянақтылыққа,ізденушілікке баулу;

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бланк, слайд

Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Әрбір тұлға-бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»

 Құрметті ұстаздар!

Адамның өз қызметін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді — өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу.

Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын ролі өз мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды.

Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

(Тренингке қатысушыларды бөлек үстелдерге отырғызамыз)

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы Қобдишаны алған адам ашып ішіне қарайды.

Өзеннен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер.

Тренер талдауы:-сіздер ол бейнеге күліп қарағанда,ол сізге қалай қарады?-

-Қобдишаның ішінен қандай құпияны күттіңіздер?

-Демек,біз,сіз,әрбір адам өз алдына қайталанбайтын дүние екен.Ендеше сіздердің сиқырлы қобдишадан күткен құпия сырларыңыз сияқты,сіздермен құпия ойындар мен тапсырмаларға толы тренингмізді бастаймыз.

Жағымды әуен жәй дауыспен ойналып тұрады. Алдарына бланк таратылып беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толтырады.(смайлик арқылы өз көңіл-күйлерін білдіру)

І.ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ

«Жарық құмыра» тақырыбындағы видеороликті көре отырып, негізгі мазмұнының қандай тағылым беретінін ұшқыр ой, шебер тілмен әңгімелеп,өз ойларын ортаға салу.

II.ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕ

«МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ

Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.

Жағымды әуен жәй дауыспен ойналып тұрады. Алдарына бланк таратылып беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толтырады.

Нұсқау:

Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.

Жұмыс уақыты-2 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.

Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп хабарланады.( 3,4,5 ұпай)

Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр…….

Ойынның мақсаты:шапшаңдыққа,жинақтылыққа дайындау.



Сергіту сәті «Пойыз»жаттығуы.Ең алдымен 1мен 2-ге саналып аламыз.1-номерлер қолдарын 1 рет соғып,аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады,ал 2-номерлер 2рет қолдарын соғып ,1 рет аяқтарымен тарсылдатады.

Ойын ортада жүргізіледі.

IІІ. «ЖАРНАМАЛАУ»әдісі



IV.Әуенді терапия

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.

Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.

Уақыты: 7-10 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.

ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.

б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.



- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.

-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)

- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …

- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …

- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …

- Алма бағы …

- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …

- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …

- Дәмі керемет …

- Жеген сайын жегіңіз келеді …

- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …

- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.

- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …

- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …

- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …

- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …

- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?

Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …

- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.

Қорытынды

Оң қолыңыздың қолтаңбасын қалдырасыз.Қалаған бір саусағыңызға екі жұлдыз,бір тілек жазу









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!