400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Жас келсе іске

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға психологиялық көмек ретінде Жас маманның өзіндік танымына және кәсіби дамуына көмек көрсету және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, – деген сұрақтарға жауап іздеп, адами көзқарасын анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жас келсе іске»

Жас мамандарға психологиялық көмек

Тренинг - сабақ

Мақсаты: Жас маманның өзіндік танымына және кәсіби дамуына көмек көрсету және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, – деген сұрақтарға жауап іздеп, адами көзқарасын анықтау.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бланк, слайд.

Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас маман! Әрбір бала - бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»



ТЕСТ – ПСИХОДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛЫ

1.Психогеометриялық тест (Интерактивті тақтамен - Слайд)

Мақсаты:

1. Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға;

2. Кез келген адамға толық мінездемені оған түсінікті түрде жеткізуге;

3. Күнделікті жағдайдағы мінез-құлықтың сценарийін жасауға

мүмкіндік береді.

Психогеометриялық тест әдістемесі арқылы жасалған диагностиканың дәлдігі – 85%

Нұсқау: Бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл – Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Оны №1 деп белгілеп жазып алыңыз. Одан кейін қалған фигураларды қалауыңызша нөмірлік ретімен жазыңыз.

Тест кілті:

  1. Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.

Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.

Жағымды жақтары – ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;

Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.



  1. Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.

Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік, тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл;

Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз.

  1. Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу…

Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды;

Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық, пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез-құлқына, қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш, жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны стадия, өтпелі кезең екенін ескер!

  1. Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.

Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер – жақсы психолог!

Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.

  1. Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.

Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» – ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі, креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;

Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-күйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті (шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей тастай салады, финанс жағынан салақтық.



2. Слайдтан бірнеше түстер көрсетіледі. Осы түстердің ішінде өзіңізге ұнаған түсіңізді таңдаңыз. (слайдпен көрсетіледі)

Таңдаған түсін жазады. Психолог әрбір таңдалған түстерге анықтамасын оқып береді.

АҚ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.

КҮЛГІН – ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар.

ҚЫЗЫЛ – шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын, тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.

САРЫ – қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.

КӨК – салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар.

ЖАСЫЛ – қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді, тұрақты адамдар.



3. «Өзін-өзі бағалау»

  1. 2 3 4 5 6 7 - осы жеті санның біреуін таңдап алыңыз

Шартты белгілері:

1– өздерін жоғары санайтындар (себя высоко ценят)

2 – өздерін төмен санайтындар (низкое самооценка)

3 – сұлулықты ұнататындар (любят красоту)

4 - жаңалыққа жаны құмар (любознательные)

5 – ақылына көркі сай (внешняя красота соответствует уму)

6 – жиын-тойды ұнататындар (любят праздник, веселья)

7 – ешкім мені мазаламаса (чтобы меня никто не трогал и не тревож)



4. Экспрессәдіс – Экспрессметодика «Екі шеңбер» (Слайдпен)

Мақсаты: Ұжымдағы өз орныңды айқындау

Нұсқау: Екі шеңберді таратылған ақ параққа қалай салып, қалай орналастырасың, өзің білесің? Бір шеңберге «Мен», екінші шеңберге «Ұжым» орналастырасыз.

(Жауаптары слайд арқылы бірден көрсетіліп, оқылады)

Талдау сұрақтары: Өзіңіздің ұжымдағы орныңызды табу қиынға түскен жоқ па? Ұжымдағы психологиялық жағдайларыңыз ахуалдарыңыз қалай? Ұжымға сіңісуіңіз тез болды ма? Немесе қандай да бір психологиялық жағдаяттарға тап болдыңыз ба? Көмек көрсете алдыңыз ба? Шешімін жасай алдыңыз ба?

5. «Менің жетістіктерім», «Менің кемшіліктерім»,

«Менің менің нәтижем», «Менің болжауым».

Мақсаты: Осы уақытқа дейінгі істеген істеріне, жетістіктеріне қорытынды баға беру, есеп беру.

Нұсқау: Бір парақты 4 бөлікке бөл де 4 қасиеттеріңді жазып шық

Төрт жағдайлары туралы талдау жүргізіледі.

Психологтың міндеті әрбір маманнның жетістіктерін тыңдап, көңіл бөлу. Тыңдай білу.

6. «Мамандықты тап» сергіту ойыны

Нұсқау: Қатысушыларға карточкаға жазылған мамандықтар аты таратылады, ал олар сол мамандықты ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.

Хирург, директор (бастық), хатшы, кітапханашы, банк қызметкері, сатушы, мұғалім, психолог т.б.

Өз әсерлерін бөліседі.

Рефлексия

Психологтың қорытынды сөзі: Біз психолог мамандар, осы ілім-білім жолындағы жас ұрпақты адами тәрбиелеу үшін оның ішкі жан дүниесіне үңіле қарайық, ол үшін біз ең алдымен өзіміздің кім екенімізді, қандай екенімізді білуіміз керек. Жалпы адамдарға, кімге болсын тек қана жақсылықтар жасайық. Сондықтан да мен Сіздермен осы тренинг жаттығуларын жүргізе отырып, ойларыңызға ой қосады деп ойлаймын.





№ 51 ОМ психологі Абуева Меруерт Серікбайқызы

Жамбыл облысы

Қордай ауданы

Қордай ауылы









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
607
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі