Материалдар / Жас келсе іске
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жас келсе іске

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға сабак
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
309
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: 1.Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзіміз танимыз ба?- деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

2.Рухани жаңғыру бақыттында жас ұрпаққа білімімен тәрбие беру жүйесінде жас мұғалімдер мен тәрбиешілерге педагогокалық өзіндік түсініктерімен шеберліктерін қалыптастыру.

Көрнекілігі:суреттер,нақты сөздер, үн таспа,қағаз, түйреуіш, маркер.

Нақыл сөздер: «Жас келсе,іске», «Жас маман! Әрбар бала – бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»

Жоспар

  1. «Танысу ойыны»

  2. «Табиғат мінезі»

  3. Ашық хат

  4. «Ашулы шарлар»

  5. «Үрленген қуыршақ»

  6. Қорытынды

Психолог: -Құрметті ұстаздар!

Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер,біз кімбіз,өзімізді-өзіміз танимыз ба? Деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын рөлі өз мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды. Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз. Тренингке қатысушыларды бөлек үстелге шақырамыз.

Ережелер:

1.Бір бірімізді тыңдаймыз:

2.Жаныныздағы адамдармен жақсы қарым-қатынаста боламыз;

3.Уақытты үнемдейміз;

4.Белсінділік көрсетеміз;

5.Маңызды нәрселерді ғана айтамыз

6.Өз оймызды ашық айта білуге үйренеміз.


  1. «Танысу ойыны».

Жағымды әуел жәй дауыспен ойналып тұрады. Алдарына ақ қағаздар таратылып беріледі, оған қатысушылар аттарын жазып кеудесіне түйеді.


  1. «Табиғат мінезі»

Қане барлығымыз тізбектеле тұрайық. Өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық. Күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрінісіке толы. Енді өзімізде еркін сезінейік.Алғашқы да бәрі жақсы болып тұрды да, кенет аяқ астынан желсоқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жаймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипалаңыз. Жел күшейді, енді алдығыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз. Кенет,боран басталады – енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз. Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей басталды – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысымен жаймен ұрамыз. Бір кезде қатты жауап жауды – біз қатты жауап сияқты арқымызды саусақтын ұшымен жоғары төмен сипалаймыз. Аяқ астынан бұршақ жауды. Арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.

Біз кезде бәрі басылды, күн жарқырып ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасымыз. Осы жаттығуды сіздің алдыңызда тұрған адам орындайды.


3.Ашық хат.

Барысы:Қатысушылар 3 топқа отырады.

Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде ... әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайшы? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызда жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөзлемдер беріледі:

«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» -1-ші топқа арналған хат;

«Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық»-2-ші топқа арналған хат;

«Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» -3-ші топқа арналған хат.

Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.


4.«Ашулы шарлар» жаттығуы.

Нұсқау: Екі топ қатысушыларды шарды үрлейді. Бірақ байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді. Шарды жайлап ауызынан ауасын жіберу керек. Шар кішірейді, бірақ жарылмайды. Қатысушылар шардығы ауаны толығымен шығарады.

Кері байланыс:

1.Бұл нені білдіреді?

2.Шардағы ауаны жайлап шығарғанда қандай сезімде болдыңыздар?


5. «Үрленген қуыршақ» жаттығуы

Мақсаты:қатысушылардың қасылу сезімін жеңу, бұлшықетті босаңсытуға жаттығу.

Нұсқау: Қазір сіздер үрмелі қуыршаққа айналасыздар, ал қазір сіздерден ауа шығарылады. Бастарыңызды еңкейтіп, қолдарыңызды төмен түсіріңіздер, бүкіл денелеріңізді босаңсытыңыздар. Мен қазір үрлеуші құралдың қызметін атқарамын және «пш,пш,пш» деген дыбыс шығара отырып, доңғалақты желге толтырып жатқан адамның жұмысын еске түсіріп, қимылдарын жасаймын. Ал сол кезде сіздер жіберген ауамен толығасындар, денелеріңді түзуту бастайсыздар, қолдарыңызды жоғары көтеріп бұлшық еттеріңізге қысым түсіре бастайсыздар.

Барлығы тұрып, бұлшық еттеріне қысым түсіргеннен соң.


Жүргізуші: Мен қазір тығынды аламын, барлық қуыршақтар шардан жел шыққандағы дыбысқа ұқсас дыбыс шығарады да орындарына отырады денелеріне босаңсытады.

Қортынды:

Жүректен жүрекке

Әр адам бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп,

Бір-біріне жүрекшелерін сыйлайды.

Психологтың қорытынды сөзі.

Күнде өсіп-қарап,зерттеп бағады,

Зерттеген соң,зердеге сап алады.

Не тілесе соны біліп, түсінер,

Білген сайын іштен жиі күрсінер.

Ілім білген дана атанар ақыры,

Білім елге пайда берер ашығы! – деп Жүсіп Баласағұн айтқандай балаға білім мен тәрбие беріп отырған сіздер шаршамаңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!