"Жас көшбасшы" 3-4 сыныптар арасыцндағы танымдық сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жас көшбасшы" 3-4 сыныптар арасыцндағы танымдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
3-4 сыныптарға арналған танымдық сайыс. Сайыста оқушыларымыздың ҚР рәміздері туралы білімін тексеру мақсатында сұрақтар қойылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Алматы облысы, Балқаш ауданы

«Бірлік орта мектебі» мемлекеттік

коммуналдық мекемесінің

педагог-ұйымдастырушы

Мамырова Карлыга Калкамановна




«Жас көшбасшы»

3-4 сыныптарға арналған танымдық сайысы


Жүргізуші: 

- Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! 


Жүргізуші: 

- «Өз елін, тілін білмеген өзге елде би болмас» деген ұранмен мерекемізді ашамыз. Мерекені ашу салтанатын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейсеке Ахынға беріледі.


Жүргізуші: 

        Ана тілім – желбіреген туымсың ,

Ана тілім – шуақ төккен туымсың ,

Тілім менің – бар байлығым , алтыным,

Ана тілім – жас желек нуымсың,


Жүргізуші:

Ана тілдің арқасы ғой бәрі де,

Тілсіз мүлдем сөйлей алмас жас –кәрі де,

Ана тілді құрмет тұтып әрқашан

Тілімізді дамытайық әлі де. – дей келе, бүгінгі «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру», «ҚР тәуелсіздігінің 26 жылдығына» тақырыбына арналған 3-4 сыныптар арасында өткелі отырған «Жас көшбасшы» атты  танымдық сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын, еліміздің тарихына қысқаша тоқтала кетейік.


Жүргізуші:

-Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің негізгі факторы. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – халық тарихымен бірге жасап , ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр. Қазіргі таңда қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі.


Жүргізуші:

-Бүгінге дейін ата – бабамыздың арманы, тер төккен еңбегінің нәтижесі болған – Тәуелсіздік біздің – бағымыз. Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл –ауқатының , өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп -өніп, шыңға жетіп өркендеуі – баршамыздың жетістігіміз.


Жүргізуші:

1. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз республика болып жарияланды.

2. Алайда қазақ даласы осы күнге дейін басынан талай тарихты өткерді.

3. Аңсаған арманға жету үшін біз қиын қыстау заманды бастан өткердік.

4. Қазақ халқы өз жерін, елін жоңғар шапқыншылығынан қорғады.

5. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысын бастан кешірді.

6. Семей полигонындағы зұлмат жарылыстарды да бастан кешті.

7. 1992 жылы маусымның 4-нде ҚР мемлекеттік мәртебелі рәміздері: туы, әнұраны, елтаңбасы қабылданды. Қазақстанның өз Ата заңы бар.  ҚР тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев сайланды. 


Жүргізуші: 

Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп- демекші, өз білімдерін сарапқа салар сайыскерлерімізді қошеметпен ортамызға шақырайық.  /қатысушыларымыз туралы слайдтан қысқаша мәлімет көрсету/

3 «А» сынып оқушысы Жансейт Жібек

3 «Ә» сынып оқушысы Мейрамбекұлы Рамазан

4 «А» сынып оқушысы Адылхан Аңсар

4 «Ә» сынып оқушысы Жасасын Ахлашын


Жүргізуші: 

-Сайыс болғандықтан жеңіс пен жеңіліс аралас келеді. Сондықтан, құрметті сайыскерлер өз білімдеріңді дәл әрі көркем тілмен жеткізе білулеріңе тілектестік білдіреміз. Сонымен, ойынымыздың сарапшы мамандарымен таныстырып өтейін:

1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейсеке Ахын ағай

2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусаханова Бақыт апай

3. Бастауыш пән бірлестігінің жетекшісі Шашубаева Фарида апай


Жүргізуші:

 -Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін. Алғашында ойынға қатысушылар өздерін таныстырып, дайындап келген өнерлерін паш етеді. Қатысушылардың таныстырылымдары бағаланбайды. Сайысымыз 3 бөлімнен тұрады.

І бөлім «Қазақшаңыз қалай?»

ІІ бөлім «Кім жылдам»

ІІІ бөлім «Туған елім – Қазақстан».

Әр дұрыс жауап 5 балдық жүйемен бағаланады.

Ендігі кезекте сөз сайыскерлерімізге беріледі.

(Қатысушылар сынып бойынша өздерін таныстырып өтеді)





Жүргізуші:

Сайысымыздың І бөлімі «Қазақшаңыз қалай?». Экранда жасырын берілген тақырыптардың бірін таңда. Осы тақырып бойынша сендер шағын мәтін дайындап, айтасыңдар. Сіздерге 3 минут уақыт беріледі. Сайыскерлеріміз дайын болғанша, ортаға 4 сынып оқушысы Қыдыргелді Жанның орындауында «Туған жер» өлеңін қабыл алыңыздар.

- Сайыскерлер дайын болса, ортаға келіп өз мәтіндерін оқып берсін.

-Әділқазылар бағасын берсеңіздер.


ІІ Бөлім «Кім жылдам».

Экраннан қазақ тілі пәні бойынша өтілген тақырыптардан сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.


ІІІ Бөлім «Туған елім – Қазақстан»

Қатысушыларымызға өз мемлекеті жайлы білім деңгейін бағалау мақсатында үш сұрақ қойылады.

І ойыншыға қойылатын сұрақтар:

1. ҚР тәуелсіздігіне неш жыл толды?

2. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата

3. ҚР мемлекеттік туының авторы кім?


ІІ  ойыншыға қойылатын сұрақтар:

1. ҚР тұңғыш президенті кім?

2. ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы кім?

3. Мемлекеттік әнұранның авторы кім?


 ІІІ ойыншыға қойылатын сұрақтар:

  1. Қазақ халқы Тәуелсіздік күні мерекесін қай кезде тойлайды?

  2. Тұңғыш Президент күні қай күн?

  3. Еліміздің Астанасына неше жыл толды?


Жүргізуші :

Осымен сайысымыздың бөлімдері өз мәресіне жетті. Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. (марапаттау).

 

Жүргізуші :

 -Сонымен , қадірлі қонақтар, оқушылар, ұстаздар, сайысымыздың жеңімпазы анықталды. Жеңісіңіз құтты болсын! Тіл – ұлттық қазынамыз, байлығымыз . Сондықтан оны қадірлеп атадан - балаға жеткізу біздің міндетіміз. 


Жүргізуші: 

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте. – деген Қадыр Мырзалиевтің сөзімен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рақмет. Сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2018
896
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі