Материалдар / Жас маман , алға бас қадам! жас мамандармен тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жас маман , алға бас қадам! жас мамандармен тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер,біз кімбіз , өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп,тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2024
370
3 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жас маман , алға бас қадам! жас мамандармен тренинг


Мақсаты: жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер,біз кімбіз , өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп,тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

Міндеті:

- Жас маманға өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету, бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

- Жаңа технологияны үйренуге, меңгеруге баулу. Жас мамандардың мотивациясын арттыру.

Көрнекілігі: суреттер ,нақыл сөздер , бланк, слайд.

Нақыл сөздер: " Жас келсе іске ", "Жас маман ! "Әрбір бала -бір жұлдыз,жарқырауына көмектес!", «Жас маманға көмек-заман талабы.»

Сабақтың барысы:

Психологтың кіріспе сөзі.

Тренингке қатысушыларды бөлек үстелдерге отырғызамыз. Жағымды әуен жай дауыспен ойнап тұрады. Қатысушыларды таныстырумен ортаға шақырамыз.

1 .Танысу.« Жапон әліппесі » жаттығуы.

2.«Мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіру жолдары» тренинг.

Мақсаты: мұғалімдердің өзін-өзі тану барысында, алдына қойған мақсатқа қалай жету керектігін ортаға салып, талқылап әр нәрсені бастамас бұрын ой елегінен өткізіп қол жететіндей мақсат қою керектігін тереңірек ойлап көрсетіп дәлелдеу.

Тәжірибе: Ақ парақ қағаз аламыз ортасына шеңбер сызамыз , шеңберді екіге бөлеміз.Шеңбердің жоғарғы жағына денсаулық, төменгі жағына жұмыс , оң жағына контакт, сол жағына өзін-өзі жетілдіру жолдары .Біріншіден , деніміз сау болу үшін біз жұмыс істейміз ,егер көп жұмыс істеп ,денімізге аз көңіл бөлетін болсақ алдағы уақытта тапқан табыстың көп бөлшегі денсаулықты түзетуге кетеді.Сондықтан да жұмыс істей жүріп денсаулықты да ойлау керек. Ал екінші жақтағы ,достарыңмен ,туыстарыңмен жұмыстастарыңмен араласуларың. Егер бос уақытыңыздың көп бөлшегін осы бөлімге жіберсеңіз кітапханамен ,ғаламтормен жұмыстануға уақыт қалмай қалуы мүмкін. Шеңбердің ортасынан тағы шеңбер салып осы төртеуін 100пайыз деп алып, әр бөлімнің пайызын шығарайық. Сіз денсаулығыңызға уақыттың 30 пайызын, ал жұмысқа 40 пайызын , қарым-қатынасқа 20 пайызын , өзін-өзі жетілдіруге 10 пайызын алсаңыз , енді осы пайыздарды қосайық қандай ромбик шықты , мақсатқа жету үшін осы төрт нәрсені теңестіруіміз керек. Яғни барлығы дерлік 25 пайыз болуы керек. Сабағымыз сапалы болсын десеңіздер мына жаттығуды жасап көрелік.

3. Сергіту сәті. "Өзіңді тереңірек тани біл!"

Нұсқау: Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс-жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез- құлқыңыз қандай екені анықталады.

Таңдаған жеміс-жидектерден өзіңізге ұнайтын себебін түсіндіріңіз.

Кілті: Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта, еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл- күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.

Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік - өсек сөзге жоқсыз, әсіресе анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.

Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады. Бойыңызда менмендік қасиет басымдау.

Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адамдармен тіл табыса алатын, ашық, жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз - қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.

Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді. Сіз мақсатты нақты қоя аласыз, бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлілік, батырлық керек.

Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншақтығыңыз да жоқ емес.

Сіз алманы өте ұнататын болсаңыз, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақынжанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.

4.Менің пікірім...

1.Мектепте кіммен дос болдыңыз? Ол қандай адам еді? Ата-анаңыздың досыңызға деген көзқарасы қандай еді?

2.Сыныптастарыңызбен достығыңыз қазір де сақталған ба? Олармен кездесіп тұрасыз ба?

3. Қандай мұғалімдер есіңізде қалды, неліктен? Қазіргі уақытта сол мұғалімдерге деген көзқарасыңыз өзгерді ме?

4. Мектеп өмірінен осы уақытқа дейін есіңізде сақталып қалған ең бақытты күніңіз бар ма?

5.Баламен қарым-қатынаста ата-ананың қызметі сізді қызықтыра ма?

6-Ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынасының бастауы не деп ойлайсыз?

7.Ұлағатты ұстаз деп кімдерді айтар едіңіз?

8.Инабатты шәкірттеріңіз бар ма?

9.Инабаттылық тәрбиеден бе,алде туа біткен қасиет пе?

10.Өз қабілетіңді,өз талантыңды шыңда деген сөзді қалай түсінесіз?

5."Ойын жаттығу"

Аттар шауып барады( Қолдарын сандарына шапалақтау)

Алда бір кедергі (Алақанды бір-біріне бір рет соғу)

Аттар шауып барады(қолдарын сандарына шапалақтау)

Алда екі кедергі ( Алақанды бір-біріне екі рет соғу)

Аттар шауып барады (қолдарын сандарына шапалақтау)

Шөппен шауып барады( алақандарын бір-біріне үйкелеу)

Аттар судан өтті( ауыздарына ауа толтырып, ұрттарын саусақтарымен ұру)

Аттар көпірмен өтті ( таңдайларын қағу)

Аттар шауып барады( қолдарын сандарына шапалақтау)

Қыздар кетіп барады -ай, гөк!

Жігіттер қуып жетті ой-гөк!



6.Сергіту сәті. Аңдар мен жәндіктер.

Әр қатарға өздеріне ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазыңдар . Саны алтау. Осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында үзілісте өзі жазған сөздері рет-ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екенін анықтау.

Қорытынды:

1. Мені жұрт ... деп ойлайды.

2. Мені ... деп ойласа екен деп ойлаймын

3. Дәл өзіңіз...

4. Сіз жұмыста ....

5. Жарыңыздың алдында ...

6. Негізі ...

7. Ұстаздардың сезіміне психологиялық бақылау.

Үлестірмелі суреттер салынған парақтар әр топқа таратылады және ұстаздар сол суретке қарап, суретті сөйлету керек.

1-тапсырма. Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.

2-тапсырма. Оның болашағы да соншалықты жарқын шуағын төккен күн астына әр ұлтың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.

3-тапсырма. Түңгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.

Кілті: 1-тапсырма бойынша:"Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік. бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк, сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады".

2-тапсырма бойынша:" Ұлты басқа болғанымен, бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаз оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді".

3-тапсырма бойынша: " Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді...."

Қортынды ой. Білімді, сауатты адамдар - ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: " Тегінде, адам баласы, адам баласынан ақыл, ар, мінез деген мәселелермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі бекер", - деген өсиетін ұстанып, еңбек етуіміз қажет.

8. Ән-шашу. «Өміріңе немқұрайлы қарама»

9. Рефлексия. Күн бейнесінде бейнеленген тұғыршаны бір-бірден қолдарына беру арқылы жас мамандарға психологиялық кеңестер беру

10. Қоржыннан несібеңді ал. Жас мамандарға бір-бір ынталандыру сыйлықтары таратылады.

11. Жақсы сабақ дайындау рецептісі. Сабағымыз сапалы болсын десеңіздер әрбір сабақтарыңызға

-12 порция ақылдылық

-11 порция шыдамдылық

-10 порция батылдық

-9 порция жұмысқа қабілеттілік

-8 порция оптимизм

-7 порция өз ісіне берілушілік

-6 порция ойлануды

-5 порция мейірімділік

-4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды

-3 порция юмор

-2 порция такт

-1 порция әр балаңызға үміт қосыңыз

Қорытынды. Әрбір жас мұғалімнің жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі күннің талабы болса мектептегі басты тұлға-мұғалім. Ы.Алтынсарин сөзімен айтсақ, «Мұғалім-мектептің жүрегі». Жаңа формация мұғалімі-білімнің өзіндік құндылығын түсінетін, жүрегі жаңалық десе соғып тұратын,рефлекцияға қабілетті,кәсіби дағдылары дамыған педагогикалық дарын иесі болуы тиіс.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!