400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас маман, алға бас қадам!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек көрсету .
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жас маман, алға бас қадам!»

Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру,кәсіби құлшынысын арттыру,жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру, қарым-қатынасының белсенді стилін дамыту.

Психолог сөзі:

-Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар! «Мұғалім-тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан жас маман. Өйткені ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында.» «Ұстаздар өз уақытын аямаған,өзгенің бақытын аялаған»-дегендей ,ұстаз адам жанын терең түсінетін, адаммен қарым-қатынасы жоғары адамгершілік көрсете білетін , жүзінен жылылық,мейірімді күн нұрындай шуақ шашып, өзіне баурайтын адам. «Тек жоғары сауатты , дарынды дана әрі Отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақтәрбиелеп шығара алады»,- деп Елбасы атап көрсеткен болатын. Мұғалімдікке жас талапкерлерді тарту– қоғамымыздың өзекті мәселесіне айналған еді. Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап , ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілектестігімізді білдіре отырып, бүгінгі ««Жас маман, алға бас қадам!» атты психологиялық тренингке қош келдіңіздер деймін!

  1. «Қуыршақ» терапиясы таныстыру

  2. «Құм» терапиясы

  3. «Кедергі» сергіту сәті

  4. Ситуациялық сұрақ

  5. «Автопорет» терапиясы

«Қуыршақ»терапиясының мақсаты: қуыршақ арқылы өзін таныстыру. Жас мамандарға түрлі-түсті парақтар беріледі.Сол берілген парақтарды қолдана отырып, қайшы басқада құралдарсыз, яғни қолмен қуыршақ жасап шығару керек.Сонымен қатар, ол қуыршаққа ат қойып, болашақ мақсатын және бойындағы қорқынышты айту.

«Құм» терапиясы мақсаты: жас маман бойындағы жағымсыз эмоцияны сыртқа шығару. Бұл жерде құмның орнына қарапайым ас тұзы қолданылады және түрлі-түсті борлар беріледі.Тұзды өздері қалаған түске бояу арқылы кез-келген суретті бейнелейді, мысалы күн, гүл, бұлт яғни саусақ арқылы бейнелейді. Барлығы болған соң, шыны ыдысқа араластырмай бірінен-соң бірі салатын болады, шыны іші әр түрлі түсті-түсті тұзға болып жас мамандар бойындағы жағымсыз эмоцияны шығарамыз.

«Кедергі» сергіту сәтінде жас мамандарды жұптастырып, бір жас маманның оң аяғын, бір жас маманның сол аяғын байлаймыз. Сол байлаулы күйде алдында тұрған жіпті кедергілерден өтеді. Кедергіден өткен соң, кедергіден өту барысында қандай қиындық болды?

«Ситуациялық сұрақ» әдісі. Жас мамандарға ситуациялық жағдайаттар беріледі. Жас мамандардың ситуациядан шыға білді ме? Мақсаты кез-келген жағдайда маманның бойындағы шеберл ігін анықтау.

  1. Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді .Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен ешнәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады.Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?

  2. Сіз үйге тапсырма бердіңіз.Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде ,оқулықтан тыс материалмен ,ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз.Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмей қалу керек пе?

  3. Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрса бастадыңыз.Қатты-қатты сөз айттыңыз.Бір уақытта басқа бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады.Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз.Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба?

  4. Сіз бүгін қандайда бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз.Өзіңіз жас маман болғандықтан ,жоспарсыз сабақ өту сізге қиындық келтіреді .Сабаққа келсеңіз сабағыңызға кісі қатысып отыр.Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?

«Автопорет» терапиясы. Бұл әдісте мамандарға ақ парақтан жасалған маска таратылады. Алдарына

ПИзображение 1 едагог-психолог: Оспанова Л.Б

2024-2025 оқу жылы











Изображение 2

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.02.2025
219
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12