400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

жас маман баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға жұмыс барысында үлкенмен кіші мен сыйласа білуге дағдыландыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылармен ұстаздар арасындағы өзара қарым- қатынас жасау мәселесі- психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салаға байланысты зерттеулер оқушылар мен мұғалімдер арасында қолайлы қарым-қатынастар тудыруда түрліше ерекшеліктер бар екендігін көрсеткен. Біріншіден, мұғалім оқушы алдында өзінің қандай екенін сезініп, өзіне-өзі баға беру керек. Атап айтқанда, оқушыларға деген қарым-қатынасының қалай екендігін сезіну үшін ұстаздық шеберлігі, өз пәнін жетік меңгеруі, сынып ұжымына жетекшілік ете алуы.

Осыдан келіп, сапалық ерекшеліктер келіп шығады:

1.Шәкірттердің адами қасиеттерін ескеріп, онымен үнемі санасып отыру.

2. Олардың пікірлерін тыңдай білу.

3. Оқушыға сенімділік көрсету.

4. Шәкірттердің бойындағы кемшілікті көпшілік талқысына салмай, жеке өзіне оңаша айту.

5. Шәкірттермен сөйлескенде үнемі сыпайылық пен әдептілік үлгісін көрсету.

6. Шәкірттермен жан дүниесін айтпай-ақ түсініп, үнемі сезімталдық көрсету.

7.Әрбір істе үнемі әділетті болу.

8. Оқушылардың ынта-ықыласын тез аңғару.

9. Әркімге лайықты, орынды талап қоя білу.

10. Ұлдар мен қыздар арасындағы достыққа мән беріп,дұрыс жолға қоя білу. Енді оқушымен қарым –қатынастағы мұғалім бойындағы кемшіліктерді атайтын болсақ, олар мынадай:

1. Шәкірттердің дара ерекшеліктерімен санаспай, оларды бала санайды.

2. Ақыл-есі жетілмеген деп оларға көбінесе ақыл айтады.

3. Оқушыға сенімсіздікпен қарап, олардан тек өз айтқандарын бұлжытпай орындауды талап етеді.

4. Оқушының ағат сөзіне , кемшілігіне мысқыл күлкімен ескертулер жасайды.

5. Оқушыға зекіп сөйлеп олардың айтайын деген сөзі мен жауабын толық тыңдамай, бөліп тастайды.

6. Оқушыны көпшілік арасында ұялатын құпия сырларын ішінде сақтамайды.

7. Кейбір оқушыны ғана бөлектеп, алалап, әділетсіздік білдіреді.

8. Оқушы бойындағы қабілеті мен күш-жігерін барынша бақылап, оның басқа да қырларына назар аудармайды.

9. Оқушының мінез-құлқынан үнемі мін іздеп, оның әрбір жаза басқандығын жазалап отыруды қолдайды.

10. Жүріс-тұрысының бәрі асығыс, үнемі өз жұмыстарымен ғана шұғылданады.

11. Мұғалім сабақты қызықсыз, жалаң өткізеді. Ашуланшақ, күйгелек, ешкімнің пікірімен санаспайды, не өз іс-әрекетіне мән бермейді.

Оқушының мұғалімдеріне қойылатын мұндай талаптарын ұстаздар үнемі ескерсе ғана өзара үйлесімді қарым-қатынас орнайды. Жалпы, педагогикада баланың даралық ерекшеліктері мен жан дүниесінің сырына терең бойлап, олардың мінез-құлықтарымен санасқан тиімді екендігі ескертіледі. Оқушыны көтермелеу талаптары өздеңгейінде қолданылып отыруының да қарым-қатынаста өзіндік әсері зор. Мұғалім мен оқушы арасындағы кемшіліктер, ең бастысы , мұғалімнің жеке басындағы мінез-құлық пен кәсіби олқылықтарына байланысты болады. Өйткені, мұғалімнің білім дәрежесінің төмендігі мен әдісінің шалалығы оқушылардың мұң-мұқтажын қанағаттандыра алмайды. Мұғалімнің мінез-құлқы өз мамандығының талаптарына сай болса ғана қолайсыз жағдайлар болмайды. Әсіресе, жас мамандар мұндай жағдайлардың мән-жайын терең барлап, түсінгені дұрыс.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
1622
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі