«Жас маман –білім, ғылымның қозғаушы күші» (эссе)
Ақтау қаласы
Каспий өңірі «Болашақ» колледжі
Арнайы пән оқытушысы
Усенова Багила Савурбаевна
Ғылым — білім жан — жақты дамып, оқу — білім алуға бар мүмкіндік берілген жаһандану заманында жастардың мамандық игеруі – басты талапқа айналып отыр. Білекке сенер заманда – ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмелік» дегендей, XXI ғасыр мықты мамандар ғасыры.
Оқуға құмартып тұратын балғын табиғатыма жақын үлгі тұтар ұстаздарымның арқасында өмірлік көзқарасым қалыптасып мен де ұстаздық жолды таңдаған болатынмын. Алғаш жас маман ретінде білім ордасына қадам басып, шәкірт тәрбиелеу ісіне өз үлесімді қосып келе жатқаныма биыл, міне бес жыл толып отыр. Бастауыш баланың өмірінде оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін айрықша құнды, қайталанбайтын кезең. Білім шыңына жаңа баспалдақтан басталатын ерекше дәуір деуге болады.Алғаш тарыдай болып кірген бүлдіршіндерге әріп танытып,оқытып,қалам ұстатып үйрететін, білім нәрімен сусындататын да ұстаз.
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес негізделген әр сабағым түрлі тәсілдерге толы, жаңа үлгіде қызықты өтеді. Білім алушыларымды заманға сай ,заманауи программалармен, оқушыларымның қызығушылықтарын арттыра отырып,сабағымды қызықты, әрі сапалы жоспарлауды үйрендім. Оқушылардың ойлау дағдыларының деңгейіне қарай тапсырмалар топтастырылып беріледі және бағалаудың әртүрлі әдістері қолданыс табады. Оқушыларымды түрлі шараларға, ғылыми жұмыстар мен байқауларға тарта отырып, өзім де білгеннің үстіне біле түсудемін. Бастауыш сынып оқушылары үшін әрбір жаңа, маңызды ақпарат оларды ерекше қызықтырады.
Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген, — өлең шумақтарында терең мағына жатыр емес пе?
Барлық адам баласы, футболист, дәрігер, аспаз, полиция қызметкерлері, ақындар мен жазушылар, тіпті ұстаздың өзі де, ұлы есімді «Ұстаздың » ұясынан ұшады. Біздің алдымызда болашақтың, атақты маман иелері отыр. Оқушы май шам мұғалім жалындаған от тәрізді. Әрбір ұлы ұстаз оқушыларын үнемі білімдерін тұтатып от секілді жандырып отыру керек деп білемін.
Жақсы маман болу үшін не қажет десе, ең алдымен терең білім, еңбек, дәлдік, ұқыптылық, қойған мақсатына жетуге деген өз күшіне сенімділік қажет дер едім. Жас маман –білім,ғылымның қозғаушы күші. Еліміздің болашағы да,тірегі де осы жастардың қолында. Ұстаздық ету жолында мен көп нәрсені ұғындым. Мақсатың айқын болса ғана, арманыңа қол жеткізесін деген менің өмірлік ұстанымым пайда болды. Нәтижеге жету үшін, айқын мақсат, жұмысыма деген махаббат, ерекше құлшыныс болу керек екендігін түсіндім. Заманға сай жаңашыл, креативті болу, жаңа идеялар, жаңа, ерекше жол табуға талпындым. Ізденісті тоқтатсам, ұстаз атымнан айырылатыным анық.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Менің ойымша, ұстаз болу — кез — келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Жас маман –білім, ғылымның қозғаушы күші» (эссе)
«Жас маман –білім, ғылымның қозғаушы күші» (эссе)
«Жас маман –білім, ғылымның қозғаушы күші» (эссе)
Ақтау қаласы
Каспий өңірі «Болашақ» колледжі
Арнайы пән оқытушысы
Усенова Багила Савурбаевна
Ғылым — білім жан — жақты дамып, оқу — білім алуға бар мүмкіндік берілген жаһандану заманында жастардың мамандық игеруі – басты талапқа айналып отыр. Білекке сенер заманда – ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмелік» дегендей, XXI ғасыр мықты мамандар ғасыры.
Оқуға құмартып тұратын балғын табиғатыма жақын үлгі тұтар ұстаздарымның арқасында өмірлік көзқарасым қалыптасып мен де ұстаздық жолды таңдаған болатынмын. Алғаш жас маман ретінде білім ордасына қадам басып, шәкірт тәрбиелеу ісіне өз үлесімді қосып келе жатқаныма биыл, міне бес жыл толып отыр. Бастауыш баланың өмірінде оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін айрықша құнды, қайталанбайтын кезең. Білім шыңына жаңа баспалдақтан басталатын ерекше дәуір деуге болады.Алғаш тарыдай болып кірген бүлдіршіндерге әріп танытып,оқытып,қалам ұстатып үйрететін, білім нәрімен сусындататын да ұстаз.
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес негізделген әр сабағым түрлі тәсілдерге толы, жаңа үлгіде қызықты өтеді. Білім алушыларымды заманға сай ,заманауи программалармен, оқушыларымның қызығушылықтарын арттыра отырып,сабағымды қызықты, әрі сапалы жоспарлауды үйрендім. Оқушылардың ойлау дағдыларының деңгейіне қарай тапсырмалар топтастырылып беріледі және бағалаудың әртүрлі әдістері қолданыс табады. Оқушыларымды түрлі шараларға, ғылыми жұмыстар мен байқауларға тарта отырып, өзім де білгеннің үстіне біле түсудемін. Бастауыш сынып оқушылары үшін әрбір жаңа, маңызды ақпарат оларды ерекше қызықтырады.
Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген, — өлең шумақтарында терең мағына жатыр емес пе?
Барлық адам баласы, футболист, дәрігер, аспаз, полиция қызметкерлері, ақындар мен жазушылар, тіпті ұстаздың өзі де, ұлы есімді «Ұстаздың » ұясынан ұшады. Біздің алдымызда болашақтың, атақты маман иелері отыр. Оқушы май шам мұғалім жалындаған от тәрізді. Әрбір ұлы ұстаз оқушыларын үнемі білімдерін тұтатып от секілді жандырып отыру керек деп білемін.
Жақсы маман болу үшін не қажет десе, ең алдымен терең білім, еңбек, дәлдік, ұқыптылық, қойған мақсатына жетуге деген өз күшіне сенімділік қажет дер едім. Жас маман –білім,ғылымның қозғаушы күші. Еліміздің болашағы да,тірегі де осы жастардың қолында. Ұстаздық ету жолында мен көп нәрсені ұғындым. Мақсатың айқын болса ғана, арманыңа қол жеткізесін деген менің өмірлік ұстанымым пайда болды. Нәтижеге жету үшін, айқын мақсат, жұмысыма деген махаббат, ерекше құлшыныс болу керек екендігін түсіндім. Заманға сай жаңашыл, креативті болу, жаңа идеялар, жаңа, ерекше жол табуға талпындым. Ізденісті тоқтатсам, ұстаз атымнан айырылатыным анық.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Менің ойымша, ұстаз болу — кез — келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек.
шағым қалдыра аласыз













