400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас маман есебі немесе "Ұстаздық -ұлы қызмет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада жас маман өзінің еңбек жолын бастаған, тәлімгерден үйренгенін жазған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім болу- ұлағатты іс

Мен бүгінгі таңда жас маманмын, мұғаліммін. Мен бұл мамандықты не үшін таңдадым?Таңдау себебім біріншіден бастауыш сынып оқушыларын оқытуға, әріп танытуға деген қызығушылық, екіншіден бала күнімнен өзіме тәлім мен тәрбие берген ұстаздарыма деген құрметтен басталады. Сол ұстаздарыма қарап, өзімнің кішкентай ғана шәкірттеріме әрқашан қамқор болып, білім шыңына жетелеп, оларды мектепте күтіп, күліп қарсы алатын ұстаздардың бірі болғым келді. Үшіншіден, балаларды жақсы көретінім, оларға деген сүйіспеншілігім деп айтуға болады. Сухомлинский: «Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам нағыз тәрбиелеуші бола алмайды» деген қанатты сөзі көкейімде жатталып қалғандай. Сондықтан да әр баланың жанын түсінуге тырысамын.

Алғашқы білім жолын бастаған Алматы қаласы Түрксіб ауданы №211 мектеп гимназиясының , маған үлкен сенім артып сыныпты тапсырған мектеп басшысы Қасымова Айжан Тойбекқызына алғысымды білдіремін. Бұл жыл-мұғалімдік жолымның бастамасы. Мектеп директоры жас мамандарға қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беру мақсатында әрқайсысымызға жол көрсетіп отыратын тәлімгер бекіткен болатын. Менің тәлімгерім ретінде білікті ұстаз, еңбек өтілі жоғары, үлкен еңбек жолымда көп көмегін тигізіп жүрген -Нурбекова Айжан Айдарханқызы. Тәлімгерім алдымен оқу-тәрбие үрдісіндегі нормативтік құжаттармен таныстырып және күнтізбелік жоспар мен қысқа мерзімді сабақты жоспарлау бойынша әдістемелік көмегін көрсетті. Жарты жыл көлемінде тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатыса отырып, көп нәрсені меңгердім. Сонымен қатар өзімнің тәлімгерім Айжан Нұрбекова Айдарханқызының өз сабақтарында қолданып жүрген қазіргі заманғы заманауи «LearningApps.org», «Quizzes» сияқты бірнеше бағдарламаларын сабақтарда қолдану жолдарымен бөлісті. EMAZE бағдарламасы өте қызықты ойын түрлерін жасауға өте тиімді. мультимедиялық онлайн презентациялар жасауға, SlidesMania бағдарламасынан ойын шаблондарын жүктеп алдым. Дайын ойындарын білім бөлімінен ойын шаблонынан «Шындық ,жалған» деген шаблонды өңдеп сабақта пайдаландым. Бағдарламаларды әрбір сабақ бойынша викториналық тест сұрақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтарды құрастыруда қалай қолданатынын тәлімгерім туралы көрсетіп берді. Жас мамандар бір бірімізден тәжірибе алмаса отырып, өз сабақтарымды да өткіздім. Әрине басшылықтың ұйымдастырылуымен өткізілген іс –шаралар мен шеберлік сабақтарынан үйренген әдіс тәсілдерді қоса отырып, өз сабағымды жоспарладым. Айта кететін болсам, тәлімгер ұстаз Айжан Нұрбекова Айдарханқызының білмеген жерлерімде бағыт сілтеп, мені қолдап, қанаттандырып отыратынын айтпай кетпей болмас. «Болат қайнауда шынығады» демекші, осы менің сабақтарыма қатысу кезінде біршама шынықтым десем де артық емес. Қысқа мерзімді жоспарды қалай дұрыс құру, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сабақты дұрыс ұйымдастыру, оқушыларымның білім сапасын арттыру , күнделікті сыныппен ұйымдастырылатын іс-шараларды өткізу жөнінде де кеңестер алып отырдым. Сөзімді қорыта келе дұрыс жол сілтеп, бағыт-бағдар беріп, мені жетелеп, кемшілігімді түзеп, алғашқы еңбек жолымда үлгі бола білген тәлімгеріме алғысымды білдіремін. Мұғалім болу-үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, адамның адамгершілігін қалыптастыратын, нағыз ұлтты қалыптастыратын ол-мұғалім. Мен қызығы мен қиындығы мол мұғалімдік жолды таңдағаныма еш өкінбеймін және болашақ ұрпаққа заман талабына сай сапалы біліп беріп, тәрбиелеуге бар күшімді саламын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі