400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас мамандардың белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқытудың мақсаттарына қол жеткізуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сапалы білім беруде жаңа тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарымды түрлендіру жолдарымен ой бөлісу, пікір алмасу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



ЖМ «ЖЕЗҚАЗҒАН БИЗНЕС ЖӘНЕ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ»

«ҰШҚЫН» ЖАС МАМАНДАР МЕКТЕБІ















Жас мамандардың белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқытудың мақсаттарына қол жеткізуі.

(семинар-практикум)








Орындаған «Ұшқын» жас мамандар

мектебінің жетекшісі: Омарова Н.Т.
















Жезқазған











































Сабақ тақырыбы:

Жас мамандардың белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқытудың мақсаттарына қол жеткізуі. (семинар-практикум)

Мақсаты: Сапалы білім беруде жаңа тәсілдерді қолдана отырып,

сабақтарымды түрлендіру жолдарымен ой бөлісу, пікір алмасу.

Міндеттері:

1. Білім беру мазмұны жағдайында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана білу;

2. Әріптестермен бірлесе жұмыс жасау;

Күтілетін нәтиже:

*Оқу үрдісінде сабақ мақсаттарының маңыздылығын түсінеді;

*Жаңа-әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді;

*Нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелдеулерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған құзіретті оқушы даярлайтынын  сезінеді.

Барысы:

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқытушылар! Сіздерді келе жатқан жыл басы Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Осы мереке қарсаңында өткізгелі отырған семинарға арнайы мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында және қазақтың ұлттық киімдерін насихаттау мақсатында қазақтың заманауи үлгіде тігілген қамзолын киіп келдік. Бұл қамзол жас маман Қомар Айша Несіпбекқызының қолынан шыққан туынды. Жасыл түсті таңдағандағы себеп жер беті құлпырып жасыл желекке айналатындай көктей беріңіздер деген тілегіміз бар. Сонымен қатар, күн шуағына бөленген және жасыл желектей жайқалып тамырларың тереңге жіберсін деген ізгі тілекпен жас мамандардың фото суреттері ілінген шарлар. Ендеше семинарымызды бастаймыз.

1.Қызығушылықты ояту: «Жылылық сыйлау» жаттығуы

 Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау. Көршіңді сол жақтан құшақта, Көршіңді оң жақтан құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,Сол жақтағы көршіңе бір жымиып. Бүгінгі тренинг барысы, Біз – үлкен отбасы! – деп бүгінгі тренингімізді бастаймыз. Дәйексөз: “Мұғалімдік оңай нәрсе емес. Тәртіппен жасалған оқу құралдарын оқытуға тәртіппен оқыта білетін мұғалім керек” – деп Ахмет Байтұрсынов айтпақшы тренингімізді сабақтың құрылымымен жалғастырамыз.

 Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. 
Бұл талаптар негізгі сабақ жұмыстарында көрсетіледі. Сабақ мерзімі, тақырыбы, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат, көрнекілік, қолданылатын әдістер жүйесі.

Өткен сабақпен байланыс, проблемалық жағдайларды шешу жолдары да көрсетіледі.

2. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар. 
Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, дұрыс көңіл-күйі, балалармен ұстаздық этикаға сай қатынаста болуы.  
3. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар. 
Бұл балалардың артық шаршамауы, физкультминут, ойын элементтерін дұрыс қолдану. Аудитория, немесе, ойын алаңдарының талапқа сай болуы. 
4. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы 
Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.

Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.

Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет.

Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.

5. Сабақтың құрылымы:

5.1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

5.2. Жаңа материалды оқыту. Бiлiм мен дағдыларды қалыптастыру

5.3. Қалыптасқан бiлiм, бiлiк, дағдыларын бекiту және жетiлдiру

5.4. Игерiлген бiлiм,бiлiк, дағдыларын қолдану.

5.5. Сабақта оқытудың нәтижелерiн талдау.

5.6. Ой толғау. Рефлексия

5.7. Үй тапсырмасы.

5.8. Бағалау


Жаңаша әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқу мақсаттарына жетуі жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер.

Сондықтан да, сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан бастаймын. Оқушы өз білетінін еске түсіреді , дәптеріне жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Оқушының функционалдық сауаттылығын арттырады. Осы кезеңге «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Фишбоун» , «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» «Білім шеңбері» сияқты әдістерді қолдану тиімді.

Қазір сіздерге «Ғаламтор және әлеуметтік желілер» тақырыбында сын тұрғысынан ойлау стратегияларын тиімді пайдалана отырып оқу мақсатына жету жолдарына тоқталып өткім келеді.

6. Мағынаны тану. Постер қорғау.

Оқытудың мақсаттарына жетуде оқытудың қандай белсенді  әдістерін  пайдалана аламыз?  Мұғалімдерге парақшалар таратылады. Үш топқа үш мәтін беріледі.

 Қатысушы ұстаздар орналасқан топтарында тақырыпқа сай етіп дайындалған мәтіндерді берілген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жұмыс жасайды.  Оқу мақсаттарына жетудеберілген әдіс-тәсілдер арқылы қандай дағдыларды тиімді қолданғаны туралы ойларын  ортаға сала отырып ой бөліседі.

1-мәтін «Қалай ойлайсыз, ол қандай желілер?» (5.2-ші пункт бойынша)

Әдіс-тәсіл түрі: «Фишбоун» әдісі Жапондық профессор Исикава бойынша

Мақсаты: Жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау.

Тиімділігі:  Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді.

Қолданылуы: Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.

2-мәтін «Жастар жадына ғаламтор жау» (5.3-ші пункт бойынша)

Әдіс-тәсіл түрі: «Өрмекші» әдісі

Мақсаты: Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту.

Тиімділігі: Өрмекші сұлбасына меңгерілген материалды пысықтау мақсатында кезең-кезеңдерімен пысықтауға тиімді

Қолданылуы: Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.

3-мәтін «Жастар және әлеуметтік желілер» (5.4-5.5 пункт бойынша)

Әдіс-тәсіл түрі: «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі

Мақсаты: Оқушыны алған білімін саралай білуге дағдыландыру.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. 

Қолданылуы: Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын алғанын біледі.

Тыныштық сәті: әуенді музыка ойнап тұрады. Қатысушылар көздерін жұмып, еркін, өзіне ыңғайлы отырады.«Менің болашағым» Сіз өзіңізді кішкентай жаңа туған сәби ретінде елестетіңіз. Сіз күн санап өсіп келесіз. Ақырын – ақырын еңбектеп, жүруге даярланып жүрсіз. Бірте – бірте былдырлап тіліңіз де шыға бастады. Сіз уақыт өте келе тіліңіз де айқындалып, жүрісіңіз де нығайды. Мектеп табалдырығын аттап, білім алудасыз. Күнделікті тіршілік арнасымен білінбей уақыт өтіп, міне мектеп бітірудесіз. Алдыңызда ұлы өмір басталды. Кім болам? Қандай мамандық иесі болам? – деген армандарыңыз бүгін міне орындалуда. Оқуды тәмамдап колледжге жұмысқа келдіңіз. Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз өз жұмысыңызға тиянақты, қызығушылықпен кірісе бастадыңыз. Ортаңыз қолдау беріп, білмегендеріңізге көмек беруде. Арада бірнеше жыл уақыт өтті. Сіз беделді, жақсы атағыңыз шыға бастаған, тәжірибелі ұстаз болдыңыз. Сіз өзіңіз де енді жас мамандарға қолдау берудесіз. Сабағыңызды беріп болып, жайлап үйіңізге қайтып барасыз. Жолда осыншама атақ, нәтижеге қалай жеткеніңізді есіңізге түсіріп келесіз. Міне сол оймен үйге де жеттіңіз. Сіз қуанышты, әрі бақытты сезіммен үйге ендіңіз. 

Талдау:Қандай күйде болдыңыз? Жемісті еңбекке қалай қол жеткіздіңіз? 

7. Ой толғау. Рефлексия (5.6 –шы пункт бойынша)

«Бес саусақ» әдісі. Параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдансоң олар сабақ туралы мынадай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнадыма? Несімен?

«Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы

8. Бағалау:   Оқыту мен оқудағы әдістердің тиімділігі неде? Түйінді ой.

     Әр мұғалім жұмыс тәжірибесінде орын алған оң өзгерістерді жүйелі түрде өз әріптестерімен бөлісе отырып, олардың да тәжірибесіне өзгеріс енгізуге үлес қосып отырса, заман талабына сай, қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қалыптастыра алады деп ойлаймын. 

9. «Жақсы сабақ дайындау рецептісі» кеңесі

Құрметті ұстаздар мұғалім болу бейнеті мен зейнеті қатар жүретін мамандық екенін бармашыз білеміз. Ендеше сол жұмысты абыроймен атқаруда жас ұстаздарға арнап жасаған рецептіміз бар еді, сонымен таныстырып өтейін. Оқушыларға жақсы сабақ дайындауда біздің рецептіміздің көмегі тиер деп ойлаймын.

«Жақсы сабақ дайындау рецептісі»

12 порция ақылдылық

  • 11 порция шыдамдылық

  • 10 порция батылдық

  • 9 порция жұмысқа қабілеттілік

  • 8 порция оптимизм

  • 7 порция өз ісіңе берілушілік

  • 6 порция ойлану

  • 5 порция мейірімділік

  • 4 порциядемалыс пен денсаулық

  • 3 порция юмор

  • 2 порция такт

  • 1 порция әр балаға үміт қосыңыз

Ескерту: Өз сабағыңыздың дәмді және тәтті болуы үшін 1 қасық жақсы көңіл-күй, бір шымшым шыдамдылық, дәміне қарай ойындар қосыңыз және бетіне жақсы әзіл себіңіз. Сонда сабақтың сәтті шығатынына сенімді боласыз.

Сәттілік, жас маман!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі