400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету арқылы кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы іс - тәжірибеммен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

№50ЖОББМ

Директордың ғылыми – әдістемелік ісі жөніндегі

орынбасары Жукеева Гулхан Берикбаевна


Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету арқылы кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

Заманауи оқытушы – әрқашан да кәсіби деңгейі жоғары, педагогикалық дәстүрлі әдістер мен жаңа технологияларды жақсы білетін әрі оларды өз сабақтарында тиімді пайдалана алатын, әрдайым ізденіс үстінде жүретін, білімін үздіксіз толықтырып, шыңдап, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, білім алушылардың бәсекеге қабілетті маман болып шығуына қолайлы жағдай жасап, жан-жақты білім беретін, оқу-тәрбие ісін меңгерген тұлға. Арнайы педагогикалық білімі мен жұмыс өтілі жоқ, оқу орнын енді ғана тәмәмдаған жас мамандардың ұлағатты ұстаз атанып, оқушылардың сүйікті оқытушысына  айналуы үшін біраз нәрсені үйренуі қажет. Осы орайда жас маманға әдістемелік, педагогикалық-психологиялық көмек қажет.

Мектептегі топтасқан жас ұстаздармен кәсіптік деңгейлерін қалыптастыру, әдістемелік көмек беру мақсатында тәлімгерлер тағайындалған болатын. Биылғы оқу жылында еңбек өтілі 3 жылдан аспайтын 19 жас мұғалім тіркелді. Олар:

  1. Кенжегалиева Дана – тәлімгері Аюпова Гулфара Мухтаровна

  2. Сисен Алтынай - тәлімгері Шамғұл Мәдина Мұхамбетқызы

  3. Садырова Назерке - тәлімгері Батырова Зада Сейфоллақызы

  4. Нуралиева Айман - тәлімгері Ниязова Орынғаным Ақкереевна

  5. Харесова Лариса - тәлімгері Габдушева Бибигул Тулегеновна

  6. Есенова Ақнұр - тәлімгері Дуйсенгалиева Раушан Кабылтаевна

  7. Жумакулова Вероника - тәлімгері Жусупкалиев Сұлтан Наурызбайұлы

  8. Абдиева Асемай - тәлімгері Губашева Алия Темирхановна

  9. Орнекешова Бақтыгүл - тәлімгері Зулхаева Айсулу Темирхановна

  10. Мурбанова Турсынгул - тәлімгері Губашева Алия Темирхановна

  11. Мусаева Гулдана - тәлімгері Байниязова Жанар Базаровна

  12. Шелеуова Айдана - тәлімгері Галимова Айбатша Ахоновна

  13. Саматова Айнагул - тәлімгері Зайнуллина Бағдат Қайыржановна

  14. Кушанова Айдана - тәлімгері Байниязова Жанар Базаровна

  15. Мырзағали Ақжан - тәлімгері Танатова Гулшат Құрманғалиевна

  16. Наменов Бекарыс - тәлімгері Карменов Марат Шынболатович

  17. Анесова Тамара - тәлімгері Бекесова Арайлым Абатқызы

  18. Жумагалиева Гулсая - тәлімгері Капашева Рысқаным Сатқанқызы

  19. Нуркашева Нұрлы - тәлімгері Зульфия Талғатқызы


Осы бекітілген тәлімгерлерінен кеңес ала отырып, жас мамандар пәндері бойынша оқу жоспарын саралап, бағдарламаларымен танысып, тақырыптық-күнтізбелік жоспарларын құрып жыл бойы жұмыстанады. Жас мамандарға әдістемелік көмек беру, сабақ түрлерін ажырата білуге, сабаққа өзіндік талдау жүргізе білуге дағдыландыру мақсатында тәлімгерлер қыркүйек – қазан айларында жас мамандардың сабақтарына қатысқан болатын. Соның нәтижесінде «Сабақ түрлері, сабақ барысы және оған өзіндік талдау үлгілері» тақырыбында практикум оздырылды. Тәлімгерлер жас мамандардың сабақтарына қатысып, жас ұстаздардың сабақта өздерін ұстауын, оқушылармен қарым – қатынасын, өз білімі мен біліктілігіне сенімділіктің қажеттілігін, түрлі ақпараттық технологияларды пайдалана білуін, сабақтың жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкестігін назарға ұстады. Практикум  барысында әр тәлімгер өздеріне бекітілген жас мамандардың сабақтарына талдау жасады. Талдау барысында сабақты өз деңгейінде алып шыққан ұстаздарды /Шелеуова А.Н., Саматова А.Қ., Жумакулова В.К., Абдиева А.Ж., Мырзағали А.Ж./ ерекше атап өтті. Және де жас мамандардың сөзге жұтаңдығы, мақсатты түрде сабаққа қатысу керектігін білмейтіні, сабақ талдаудың түрлерін қалай ұйымдастыруға болатындығымен таныс еместігі байқалды. Сол ұстаздармен көбірек жұмыстану керектігі айтылды. Сабаққа өз бетінше талдау жасау үлгісі көрсетіліп, өз сабақтарын жас мамандар кезек-кезек әріптестері алдында қорғады. Сабақ қорғау барысында да жас мамандардың әлсіздігі, сауатты жеткізулері жетіспей жатты. Болашақта ескеру керек нәрселер туралы егжей-тегжейлі түрде жеткізілді. Жас мамандарға сабақ барысында жіберілген кемшіліктер ескертіліп, әдістемелік көмек беру жолға қойылды.



21.12.2020ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
1186
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі