Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жас мамандарға арналған сайыс. "Заманауи жас маман-2018"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Заманауи жас маман - 2018» мектепішілік байқауының шарттары.
Тақырыбы: « Заманауи жас маман»
Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Уақыты: 30.05.18
Орны : «А.С Пушкин атындағы орта мектеп» КММ, 203 кабинет
Бірінші - Таныстыру сайысы
Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы және өзінің қызмет атқаратын ұжымын қызықты етіп таныстырады. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі(қатысушы ән айту, өлең оқу, т.б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады) және ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.
Екінші «Өнерлінің өрісі кең»
Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы, би билеуі, көркем сөз оқуы, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3-5 минут).
Үшінші «Білікті маман – Ел тірегі»
Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ-жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін тексеру мақсатында өтеді.
Тест жұмысын орындау (20 сұрақ пәннен, 10 сұрақ әдістеме);
Ситуациялық тапсырма;
Төртінші «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы
1. «Үздік сабақ» макеті (сабағыңыз үздік болу үшін не істейсіз?)
2. «Мамандығым мақтанышым»-жетістіктеріңізді презентация арқылы көрсетесіз.
Қатысушы мұғалімдер:
Серікқанова Ж
Қайырова А
Баркышева С
Оразай А
Жеңісхан И
Макажанов Д
Мукажанова А
Төкежанов А
Каркенева Д
1Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және
жас мамандар!
ІІ
Жүргізуші:- «Үздік жас маман-2018 » жас
мамандар сайысына қош келдіңіздер!
І
Жүргізуші:
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман.
Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас
ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші -
ұстаздардың қолында.
ІІ
жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
І
жүргізуші:
Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес
пе?
ІІ
жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын
ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап
жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын
деген тілек білдіреміз.
І
жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға
шақырамыз.
ІІ
жүргізуші:
Шығармашыл, ақылды, әдемі
Серікқанова Жанерке ортамызда
Жайнап жүр гүлдей алдымызда.
І жүргізуші: Серікқанова Жанерке тәлімгер ұстаз
Ұстанымы: «Өмірдің әр сәтінен сабақ ал»
Тәлімгері: Жібек Өмірбаевна
ІІ жүргізуші:
Биологиядан сабақ бересің.
Құтты болсын қадамың
Айгерім саған сәт – сапар
І жүргізуші:
Биология пәнінің мұғалімі
Мукажанова Айгерім Миргалымовна
Ұстанымы: «Еңбек етсең ерінбей , тояды қарның тіленбей .»
Тәлімгері: Дуанова Алмагуль
Кашкеновна
ІІ
жүргізуші:
Елін, жерін сүю үшін шәкірттер
Болу керек патриот, намысты ер.
Мұғалімдік мамандыққа керек екен
Азаматтай жаны ізгі жігіттер
І
жүргізуші:
Технология пәнінің мұғалімі
Төкежанов Азамат
Ұстанымы: «Дүниедегі ең оңай
нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе - өзіңді - өзің
түсіну»
Тәлімгері: Амангулов Тлеуберген
Базылбековия
І
жүргізуші:
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Ажар біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.
І
жүргізуші:
-Бастауыш сынып мұғалімі
Кайырова Ажар
Ұстанымы «Білсе білім - күнде
бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Ағланбекова Б.И
ІІ жүргізуші:
Шешендікке баулытып
Ана тілді сүйгізген
Таңшолпандай қызыңыз
Танысыңыз, біліңіз.
І
жүргізуші:
Каркенова Динара –бастауыш
сынып мұғалімі
Ұстанымы: Еңбек- бәрін де
жеңбек
Тәлімгері: Нургул Сатбековна
І
жүргізуші:
Спорттың нағыз шебері.
Әрбір ісі кемелі.
Баулыған әрбір өренді,
Ильяс біздің өнерлі
І
жүргізуші:
Дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі Жеңісхан Ильяс
Ұстанымы: « Біреуге ор қазба, өзің түсерсің »
Тәлімгері:Курумбаев К.А
ІІ
жүргізуші:
Спортты серік еткен өн бойына,
Жеті өнерді жинаған өз қолына
Сабырлы да, салмақты біздің Абзал
Шығады әлі талай биік шыңдарға.
І
жүргізуші:
Оразай
Абзал- дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі
Ұстанымы: «Болашақ бүгіннен басталады.»
Тәлімгері: Курумбаев Қ.А.
І
жүргізуші:
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді
сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға
шақырамыз.
Ән: «Айгерім »
ІІ
жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы
мүшелерімен таныс болыңыздар.
І жүргізуші:
Мектеп директоры : Абраимова Еркежан Мураткановна
Тәрбие жұмысының жетекшісі:Сембаева Ж.Ө
Бастауыш сыныптың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі: Ағланбекова Б.И
2.Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқаудың кезеңдерімен таныстырып кетейік.
Бірінші - Таныстыру сайысы
Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы және өзінің қызмет атқаратын ұжымын қызықты етіп таныстырады. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі(қатысушы ән айту, өлең оқу, т.б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады) және ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.
1.Жүргізуші:
Екінші «Өнерлінің өрісі кең»
Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы, би билеуі, көркем сөз оқуы, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3-5 минут).
2.Жүргізуші:
Үшінші «Білікті маман – Ел тірегі»
Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ-жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін тексеру мақсатында өтеді.
А. Тест жұмысыны орындау
Б. Ситиуациялық тапсырма
1.Жүргізуші:
Төртінші «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы
1. Бұл кәсіптің қасиетін, мағынасын ашатын болғандықтан негізгі сайыс. Қатысушы өз мамандығы туралы, оның өмірдегі мәні мен қажеттілігін дәйекті негіздермен дәлелдейді:
А. Үздік сабақ
Б. Мамандығым –мақтанышым жетістіктеріңізді презентация арқылы көрсету.
2.Жүргізуші:
1.Жүргізуші:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін – деп , жетпеген жеңісіне, орындай
алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім
білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес,
іспен көрсететін жастарымыз енді.
2.Жүргізуші: «Сәлем – сөздің басы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін-өзі таныстыруға кезек берейік.
Ескеріледі:- Мазмұны
- Көрерменге әсер етуі
- Орындау шеберлігі
- эмоционалдығы
Таныстыру
кезеңі
1.Жүргізуші: Жас мұраты білім, тәлім
талабы.
Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқа
қойылатын екінші шарт өз өнерін көрсету. Жас мамандардың
өнерін тамашалайық.
1 Жүргізуші: Өнер көкке
жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
2 Жүргізуші:
Келесі кезекте өнер сайысы:
Ескеріледі: - Орындау шеберлігі
- Образдылығы
- Шынайылығы
- Көрерменді баурап алуы
«Өнерлінің өрісі
кең»
(өнер көрсетіп болғасын)
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- дегендей әділқазы төрелерге кімнің өнерлері
ұнады екен, қане көрейік.(өнер сайысының бағаларын
айту)
2.Жүргізуші: Осындай тапқыр достар
кез-келген де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп құрметті қауым! Сынға түскелі
отырған жас ұстаздарға тағы да қошемет көрсетіп
қоялық.
1.Жүргізуші:
«Білікті маман – Ел тірегі» демекші, Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ-жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін тексеру мақсатында өтті. Тест қорытындысын әділқазылар алқасына тапсыру
2.Жүргізуші: Сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.
Ескеріледі: - Жағдайды шешу
шеберлігі
- Педагогикалық - психологиялық сауаттылығы
- Түсінікті баяндауы
- Жедел әрі нақты жауап беруі
- Өзіне, жауабына сенімділігі
Қане достар пікірлесіп
қарайық,
Қилы - қилы ойды ортаға салайық.
Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.
Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,
Шағылыссын найзағайдай шартылдап.
Бойда қайрат, алда арман шақырған,
Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ – дегендей сайысымыздың келесі
кезеңін бастайық. Ойлануға 2
минут.)
Педагогикалық
жағдаят
Ситуациялық
сұрақтар:
1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы
интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не
істер едіңіз?
2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы
дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не
істер едіңіз?
3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай
басымнан ұрды деп арыз айтып, ата – анасын ертіп әкелді. Сіздің
әрекетіңіз қандай?
4. Сіз сыртқа шығып кеткен кезде бір бұзық оқушы сөмкеңе бақа салып
қояды. Сіз білмей сумкаңызды ашып қалған кездегі жағдай. Не істер
едіңіз?
5. Сізді бір жоғарғы кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос
болуға шақырады, не істер едіңіз?
6. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын
көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ
өткізбейді. Не істеу керек?
7. Сіз жаңа сабақ түсіндіріп жатырсыз, бір оқушы сізге сабақ
түсіндіруге мұрша бермейді. Сіз оқушыға тыныш отыр дедіңіз ,
оқушы тыңдамады. Не істеу керек?
8 «Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтектелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай доспары да жоқ,ешқіммен араласпай өз бетімен жүреді.» Сіздің іс-әрекетіңіз, қандай жұмыс түрлерін жүргізер едіңіз?
9«Сіздің сыныбыңыздағы оқушының отбасылық жағдайына байланысты ата-аналарымен қарам-қатынасы өте төмен. Бәлкім сол себептен сіздің оқушыңыз үнемі үйіне бармай мактепте жүреді немесе көшеде қаңғыбастыққа салынады. Араласып жүретін ортасындағы оқушыларда лайықты емес. Ата-анасының тарапынан қажет етпейтіндей қатынас байқалады.» Сіздің іс-әрекетіңіз?
10 «Сіздің сыныбыңыздағы Айнұр белгісіз жағдайда өзіне-өзі кол көтеріп, «суицидке» бейімділік көрсетті» Сіз осы оқушымен қалай жұмыс жұргізесі, және сіздің осдан кейінгі атқаратын жұмыстарыңыз қандай болмақ.
11. Бір оқушы журналды
бүлдіріп тастайды. Сіз әрине мықтап сөгіп алдыңыз. Сізді сол күні
кешке қонаққа шақырады, жаңағы оқушы да сол үйге атасымен еріп
келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты» деп есіктен
кірер кірместен айқайлап жібереді? Сіз өзіңізді қалай ұстар
едіңіз?
12. Алдыңғы қатарда отыратын оқушының басында бит өріп жүргенін
көріп қалсаңыз не істер едіңіз?
13. Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 13 жасар қызы өте
көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында
кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы
көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың
барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға
кеңес.
14. Мұғалім оқушыларға математика оқулығын таратуда. Самат үндемей
кітапты апайға қайтарып берді. Мұғалім: Самат не болды? Неге
қайтардың?
- Ол жыртық.
- Ол таза, әдемі болу үшін не істеу керек?
- Оны түптеп, желімдеп күтіп ұстау керек.
- Мұны кім істеу керек?
2.Жүргізуші:
«Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы
Бұл кәсіптің қасиетін,
мағынасын ашатын болғандықтан негізгі сайыс. Қатысушы өз мамандығы
туралы, оның өмірдегі мәні мен қажеттілігін ашу. Пікірлесіп
көрейікші біз ашық,
Даурықпайық, берекесіз шуласып.
Жүгінейік ақиқатқа әрқашан,
Дос көңілмен ақтарыла сырласып.
Бәрімізді бей - жай қылған тақырып,
Сырласайық ой - теңізін сапырып.
Батыл болсын, анық болсын пікірлер.
Сөз маржаны жатсын тыңнан атылып - деп сайысымыздың келесі кезеңі
«Үздік сабақ» және «Менің педагогикалық қызметім» деп аталады. Бұл
кезеңде сайыскерлер өзінің жұмыс қызметіндегі бір сабақтан үзінді
көрсетеді және өзінің педагогикалық қызметін қорғайды.
дәйекті негіздермен дәлелдейді:
Үздік сабақ (ұзақтығы – 7минут)
Келесі кезең: презентация «Мамандығым -мақтанышымы»
Ортаға жас мамандарды шақырайық
1.Жүргізуші:
Тәуелсіздік таңы сендер,
білемін,
Болашаққа бар білімін берерін
Барыс текті жастар ғана келешек,
Жалындатып биік шыңда жүретін
деп сайысты аяқтамас бұрын әділ қазылар алқасын ортаға шақырып,
жеңімпазды анықтайық.
2.Жүргізуші:
Ұшқыр ойға серік болсын
шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың да өз
шешімдерін шығарғанша «ән - шашуға» кезек
берейік.
1.Жүргізуші:
Арманға алда күткен асығамыз.
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Ұстаздар сайысының соңғы сөзін,
Естігенше біз енді асығамыз.
Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан ұстаздың есімін
бірге білейік. Сол үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін
береміз.
Жүргізуші: ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың
сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту
еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы
білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін
көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн
нұрлы болсын! – дейміз.