400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жас мамандарға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызметке жаңадан келген жас мамандарға психологтың көмегі өте зор. оның ортаға тарту, психологиялық қолдау өте қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жас мамандарға арналған тренинг

Тренинг мақсаты: жас мамандарды жақын таныстыру, жас мамандар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылту, ұжымға деген жағымды көзқарасты қалыптастыру.

Жаттығу : «Менің еңбек жолым»

Қатысушылар қағаз беріліді. Қағазға төмендегідей жолдарға сәйкес символдар орналастырады.

  1. Мен жаңа ортада қандаймын -----------------

  2. Менің жұмысқа қызығушылығым-----------------------

  3. Мен педагог ретінде ---------------------

  4. Менің кәсіптік арманым -----------------------

  5. Менің жаңа ортам ---------------------

Талдау: Өзіңізге жаңа орта ұнады ма?, Еңбек жолыңызда қызығушылыңыз қалай?

Жаттығу: «Жұптасқан қарым-қатынас»

Өзіңізге жұп таңдаңыз. Ең алдымен осы адаммен жаттығуды орындасаңыз, келесі жаттығуда жаңа жұп табыңыз.

- Тұрған және отырған» Бір адам отырып, келесісі тұрады. Осы тұрғыда бір-біріңізбен сөйлесіп көріңіз. Біраз уақыттан кейін орын ауыстырыңыз.

- «Көз бен көз» Өз жұбыңызбен көз арқылы өз сезіміңізді айтыңыз.

- «Арқа мен арқа» Бір-біріңізбен теріс қарап тұрып әңгімелесіп көріңіз.

Талдау: Қандай күйде болдыңыз?, Қандай қарым-қатынас барысында қиындық туды? Қарым-қатынаста не қолайлы?


Жаттығу: Менің қызықты оқиғам.

Шеңбер бойымен отырған қатысушылар өздерінің қызықты оқиғаларын айтып, допты бір-біріне лақтырады. Барлығы айтып болғаннан кейін талдау жүргізіледі.

Талдау. Кімнің оқиғасы есіңізде қалды? Қандай әсерде болдыңыз?

Өзімізге бір адым

Қатысушы өзі туралы үшінші жақта жазады. Бұл оған өзі туралы көбірек білуге және түсінуге көмектеседі.

Мұндай мәтін адам өзін толық және қорқынышсыз көрсетуіне жол ашады. Бұдан бөлек сен өз арманын ашық жеткізіп, оны орындалғандай етіп есептейді. Кейде бұл өз дегенімізге жетуге көмектеседі.

  1. өзіңді және өміріңді суретте. Сен өзің қандайсын, қандай отбасында, қайда турасын. Қайда оқисын, кіммен араласасын, нені ұнатасын, нені ұнатпайсын, өзіңе не тілейсін және тб. Бәріне жақын досыңның көзімен қарап отырғандай елестетіп, жаз. Мысалы Мадина Зайсанда тұрады, ол сүйкімді қыз.



1.Релаксация «Менің болашағым»

Әуенді музыка ақырын ойнап тұрады. Қатысушылар көздерін жұмып, еркін, өзіне ыңғайлы отырады.

Сіз өзіңізді кішкентай жаңа туған сәби ретінде елестетіңіз. Сіз күн санап өсіп келесіз. Ақырын-ақырын еңбектеп, жүруге даярланып жүрсіз. Бірте-бірте былдырлап тіліңізде шыға бастады. Сіз уақыт өте келе тіліңіз де айқындалып, жүрісіңізде нығайды. Мектеп табалдырығын аттап, білім алудасыз.Күнделікті тіршілік арнасымен білінбей уақыт өтіп, міне мектеп бітірудесіз. Алдыңызда ұлы өмір басталды. Кім болам?, Қандай мамандық иесі болам? – деген армандарыңыз бүгін міне орындалуда. Оқуды тәмамдап

мектепке жұмысқа келдіңіз. Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз өз жұмысыңызға тиянақты, қызығушылықпен кірісе бастадыңыз. Ортаңыз сізге қолдау беріп, білмегендеріңізге көмек беруде. Арада бірнеше жыл уақыт өтті. Сіз де беделді, жақсы атағыңыз шыға бастаған, тәжірибелі ұстаз болдыңыз. Сіз өзіңіз де енді жас мамандарға қолдау берудесіз. Сабағыңызды беріп болып, жайлап үйіңізге қайтып барасыз. Жолда осыншама атақ, нәтижеге қалай жеткеніңізді есіңізге түсіріп келесіз. Міне сол оймен үйге де жеттіңіз. Сіз қуанышты,әрі бақытты сезіммен үйге ендіңіз.

Кері байланыс

«Тілек шамы»

Жанып тұрған майшамды ұстай отырып, жылы тілектер айтып, тренинг жайлы ой пікірлерімен бөлісу.



Зайсан қаласы, М.Әуезов атындағы орта мектебі

Психолог - Даулетханова М.Д



































«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ



Бекітемін:

Мектеп директоры: Жикенова Н.А











Жас мамандарға арналған тренинг




Психолог: Даулетханова М.Д











2017 жыл

Зайсан қаласы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1596
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі