400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жас мамандарға арналған тренинг: "Бақыт деген..."

Материал туралы қысқаша түсінік
Қатысушылардың бақыт жайында түсініктерін қалыптастыру, бақытқа апатарын факторларды ұсыну, бір сәтке бақытты қылу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кальпебаева Айдана Абитаевна

Қаратал ауданы

МКҚК №25 балабақша

«Бақыт деген...»

Жас мамандарға арналған тренинг

Мақсаты: Қатысушылардың бақыт жайында түсініктерін қалыптастыру, бақытқа апатарын факторларды ұсыну, бір сәтке бақытты қылу.

Керекті құралдар: Бәйтеректің суреті, бума жіп, қағаз, қалам.

1-жаттығу: «Бақыт ағашы»

Мақсаты: Қатысушылардың бақыт жайында түсініктерін анықтау.

Шарты: Тақтаға ілінген Бәйтерек ағашына әр қатысушы өздерінің өмірлерінде бақыт деп есептейтін факторларын жазады, оны жазып қана қоймай, сол факторларын дәлелдейді.

2-жаттығу: «Өрмек тор»

Мақсаты: Әр қатысушы қолындағы бума жіпті ұстап, бір – біріне жақсы тілек айтады. Ал өрмек торға айналған соң. Әр қатысушы бір - біріне кері қарай жылы тілек айтып, өрмек торды шешу қажет.

3- жаттығу: «Бақыт факторлары».

Мақсаты: Қатысушылардың өмірлік құндылықтарын анықтап, бақытты болу жолдарын анықтау.

Бұл жаттығуда қатысушы өзі үшін аса маңызды деп санаған негізгі екі-үш бақытты болу факторын көрсетеді.


Белсенді жұмыс өмір.

Материалдық қамтамасыз өмір.

Қызықты жұмыс.

Сенімді достардың болуы.

Бақытты отбасылық өмір.

Рахатқа қызыққа толы өмір.

Еркіндік, тәуелсіздік.

Елдегі бейбіт жағдай.

Білімді, ой-өрісті кеңейту.

Адал өмір, ар-ұяттың тазалығы.

Қоғамдық белсенділік.

Ыңғайлы өмір, тыныштық.

Денсаулық.

Бала сүю.

Махаббат.

Билікке қол жеткізу.

Өнер.

Түрлі тәсілмен ақшаға жету.

Мансаптағы табыс.

Адамдармен тіл табысу.

Жанымдағылардың мені құрметтеуі.


4-жаттығу: «Ертегілерден салат»


Мақсаты: Қатысушылардың қиялдау деңгейін анықтау. Көңіл – күйін жақсарту.

Жүргізілу барысы: Қатысушыларға бірнеше ертегі кейіпкерлері беріледі. Мәселен: атасы, шрек, айна, мысық, балерина көйлегі, ойыншық аю, ракета сөздері беріледі. Қатысушылардыңдың міндеті «Қызыл телпек» ертегісінің желісімен осы сөздерді пайдалана отырып ертегі құрау. Ертегі құралу жолына байланысты көңілді-көңілсіз болуына болады.

Мысалы: Ертеде қызыл телпек киген қыз болыпты. Оның апасын қасқыр жеп қойғандықтан атасы ғана болған екен. 21-ғасыр болғандықтан қасқыр емес шрек қорқынышқа айналған. Бір күні қызыл телпекті қыз атасына бара жатып балерина көйлегін киген мысықты кездестіреді. Мысық: көйлегім қалай жарасады ма деп сұрайды? Сол кезде қызыл телпекті қыз оған айна ұсынады. Әдемілігіне тамсанған мысық шрекке ракетамен ұшып барады. Барар жолда айға тоқтап шрекке сыйлыққа ойыншық аю сатып алады.

5-жаттығу: «Көңілді ия»

Шарты: қатысушыларға қисынсыз сұрақтар қойылады. Қатысушылар өз кезегінде барлық сұрақтарға «Ия» деп жауап беруі керек.

Сұрақтар:

Сен ұйықтағанда көзіңді бақырайтып жатып ұйықтайсын ба?

Сенің носкиің тесік пе?

Сенің басында бит бар ма?

Сенің аяғын қисық па?

Сен ұйықтағанда қорылдайсың ба?

Сенің красовкаңның каблугы бар ма?

Сен мектепте екіге оқыдың ба?

Сенің тақыр бассың ба? және т.б

6 жаттығу: Жүректен жүрекке

Мақсаты: Қатысушылар өздерінің сол жақта тұрған көршілеріне ізгі тілектері мен жағымды эмоциясын сыйлайды.

Психолог: Құрметті әріптестер сіздер батылсыздар, қайраттысыздар, еңбекқорсыздар, сіздер біреуге ана, біреуге апке, біреуге доссыздар. Ең бастысы сіздер адамсыздар. Сіздер жарық әлемді көрген үшін бақыттысыздар, пәк көңіл балалармен жұмыс істеген үшін бақыттысыздар. Сіздер бақыттысыздар және бүлдіршіндерді бақытты етуге міндеттісіздер. Әрқашан осындай жарқын көңіл күймен жолыға берейік.

Айтайын бір мысалды дәлел үшін,

Киімнің кисеңде ең әдемісін.

Адамның айналасы киімді емес,

Сыйлайды көркем мінез әдеп үшін – дей келе бүгін тренингіміз аяқталды, қатысқандарыңызға көптен –көп рахмет. Осы тренингте өздеріңізге керекті ой түйдіңіздер деп ойлаймын. Қош сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
445
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі