400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

«Жас мамандарға көмек» тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жас мамандарға көмек» тренинг


Мақсаты: Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру; жас мамандардың ашылуына өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу; жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау.


Қатысушылар: жас мұғалімдер

Жұмыс түрі: топтық


Жоспар

  1. «Танысу» жаттығуы

  2. «Мен кіммін?» жаттығуы

  3. Ой жинақтау

  4. «Кімнің қандай екендігін тап» жаттығуы

  5. «Жүректен жүрекке» ойын - жұмбағы

  6. Қорытындылау.

Тренингтің тәртібі:

  • Ойынның шартын орындау, белсенді қатысу

  • Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды

  • Қатысушыларға құрметпен, түсінушілікпен қарау

  • Ренжімеу

  • Уақыт үнемдеу

  • Басынан, аяғына дейін жұмыс істеу.


Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, тренингтің мақсаты мен тапсырмаларын жариялау.

  2. Кіріспе сөз.

Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуіне бағытталған қарқынды даму кезінде біздің жас ұстаздарымыз көзқарасы жанжақты, өз мүмкіндігін толық пайдалана білетін, өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуі үшін ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат – жас мамандардың ұстаздық қасиеттерінің қалыптасуына бағыт беру, кәсіби құлшынысын арттыру, психикалық көңіл –күйлерін көтеріп, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, сыйластық қарым-қатынас орнату.

Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

Жас мамандарды 5 топқа бөлу (карточка арқылы).


    1. «Танысу» жаттығуы

Жаттығу барысы:

Әр қатысушыдан кезек бойынша «Мен кіммін? Менің ұстаздық жолды таңдаған себебім? сұрағына жауап беруі қажет. Бұл оларға өздерінің білімі, өмірлік тәжірибесі жайлы және тренинг бойынша өз көзқарастарын білдіруге әкеледі.


    1. «Мен кіммін?» жаттығуы

  • Мен ... кезде жолбарысқа айналамын

  • Мен самал желге ұқсаймын, себебі...

  • Мен кейде ... өзімді құмырсқадай сезінемін

  • Мен стакандағы сумын, өйткені ...

  • Мен айсбергпін, себебі...

  • Мен әдемі гүлмін, себебі ...

  • Мен биік жартаспын, өйткені ...

  • Мен сүрлеу жолмын, себебі...

  • Мен балыққа ұқсаймын, өйткені ...

  • Мен қызық кітаппын, себебі...

  • Мен әнмін, өйткені...

  • Мен кейде тышқанға ұқсаймын, өйткені ...

  • Мен «О» әріпі секілдімін, себебі...

  • Мен шамшырақпын ...

  • Мен таңғы аспын, себебі...


«Мұғалім моделі» жаттығуы

Топтарға суреттер көрсетіледі (күн, кемпірқосақ, жедел жәрдем, жүрек, қолшатыр, магнитафон). Осылардың ішінен 3 суретті пайдалана отырып, ақ қағазға «Мұғалімнің моделін» жасап шығу қажет. Әр топ өз жазғанын ұсынады.

Кері байланыс сұрақтары:

  • жұмыс барысында қандай сезімде болдыңыздар?

  • жұмыстарыңызға көңілдеріңіз толады ма?

  • мұғалім моделін құрастырғанда қандай ой туды?




«Кімнің қандай екендігін тап» жаттығуы

Жас мамандарға қағаз таратылып беріп, оған топтағылардың аттарын жазуды сұраңыз:

  • Кім кешікпей келді

  • Кім барлығымен өте сыпайы

  • Кімнің дауысы өте әдемі

  • Кімнің көздері әдемі

  • Кім өте көңілді және әзілқой

  • Кім өте тұйық

  • Кім өте әділетті

  • Кім белсенді

  • Кім жан-жақты

  • Кім эмоционалды

  • Кім шапшаң

  • Кім ұшқыр ойлы

  • Кім креативті

  • Кім тапқыр


«Жүректен жүрекке» ойын - жұмбағы

Қатысушылар шеңбер жасап тұрып, бір-біріне ым-ишара (пантомима) арқылы сыйлықтар сыйлайды, ал сыйлықты қабылдаушы оның не екендігін табуы тиіс.


Қорытынды: Бүгінгі психологиялық тренингте қатысқандарыңызға көп- көп рахмет. Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез - келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады, жаңалықтың шегі жоқ.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі