жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жас мамандарға тренинг
«Жас келсе, іске» Жас мамандарға арналған тренинг-сабақ
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, – деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер.
Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас маман! Әрбір бала-бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»
Психолог: Құрметті ұстаздар!
Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді – өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын ролі өз мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды.
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
Тренингке қатысушылар:
«Жануарды бейнелеу» ойыны. Жас мамандарға әр түрлі аңдар жазылған карточка таратылады. Сол карточкада көрсетілген аңды салу керек. Ал қалған ойынға қатысушылар табу керек.
« Кімсің?» ойыны. Ойынға қатысушылардың артына 1 қасиет жазылып, жабыстырылады. Бірақ, қатысушыға ол көрінбейді. Ал қалған қатысушылар қағаз жабыстырылған адамға қандай қасиет екенін түсіндіру керек. Қағаз жабыстырылған адам оны табу керек.
Адам фигурасын геометриялық фигуралардан құрастыру
Мақсаты: Бұл адамның индивидуальды типологиялық айырмашылықтарын көрсетуге мүмкіндік береді.
Инструкция: Сізге 10 элементтен тұратын адам сызбасын салу керек, олар үшбұрыштан, дөңгелектен және төртбұрыштан тұрады. Тек қана 10 фигураны қолдану қажет, артық немесе кем болмауы керек. Сіз бұл элементтердің көлеміне байланысты оларды үлкейтіп, кішірейтіп қажеттілігіне байланысты бір-біріне жапсырады. Маңыздысы бұл 3- элементтің барлығы да сұлбада болуы керек. Егер де фигура саны суретте көп болса артығын алып тастау, аз болса оларды жеткілікті етіп салу керек.
Нәтижені өңдеу: фигуралардың санын есептейміз. Алдымен жүздік үшбұрыштар саны, ондық дөңгелектер саны, бірліктер төртбұрыштар саны. Алынған үштік сан сіздің қай типке жататыныңызды анықтайды.
Түрлері: 1. Басқарушы. Бұл адамдар басқа адамды пайдаланады, қолданады, ұйымдастырушылық қасиеті жоғары, сөздік қоры бай, әлеуметтік ортаға бейім. Басқаларды басқаруы өте жоғары адам. 901, 910, 802, 811, 820. Оқиғаға байланысты басқару. 703, 712,721,730 адамға сөзбен әсер етушілер (вербалды басқарушы, оқытушылық қабілеті жоғары) – 604, 622, 613, 640.
2. Жауапкершілігі бар орындаушы – бұл адамдар жауапты шешім қабылдауда қиналады, бұлар басқаның берген тапсырмаларын орындап жүруге бейім, жауапкершілігі мол, өзіне деген талап етуі жоғары, жоғары тәжірибелі. Бұл адамдар шыншыл, әділ. 505, 514, 523, 532, 541, 550.
3. Уайымдаушы - өзіне жиі күмәнданады, уайымдайды, нәзіктілігімен ерекшеленеді, мамандығын өзгерте береді, хоббиі бар, шашылып жатқанды көтере алмайды. Осы үшін адамдармен ұрыссып қалуы да мүмкін. 460, 415, 424, 433, 442, 451, 460. Жұмыста ерекше көрінетн адамдар түрі – 424.
4. Ғалымдар – бұл адамдар шындықтан қашады. Ойлағанды ұнатады, өз теорияларын шығарады, рухани тепе-теңдігі көрінеді. 307, 316, 325, 334, 343, 352, 361, 370, 316. Барлық әлемдік ғылымға жақындар 325 – медицина, биологиялық проблемаларға жақын немесе өмірді тануға бейім.
5. Интуитивті түр. Жүйке жүйелері өте жоғары сезімтал, шаршау, жалығу белгілері жоғары. Оқиғаның болашақтағы дамуын сезеді, интуициясы жоғары дамыған, шығармашылыққа жақын. 208, 217, 325, 244, 253, 262, 271, 280. Ал 235 – тәжірибелі психологтардың арасында кездеседі, олар адам психологиясын түсінуге қабілетті. 244 - әдеби шығармаға жақын. 217 – іс-әрекетке бейім, 226 - өмірдің әр түрлі сферасында көрінеді.
6. Құрастырушы, ойлап табушы, суретші - қиялдауы өте жоғары, өз ойларын дамыта алады, интроверттер, дәреже, бейлік, ақша оларды қызықтырмайды. Өз әлемімен өмір сүреді. 109, 118, 127, 136, 145, 019, 028, 037, 046, 019 – аудиториямен жақсы жұмыс жасай алады. 118 - өте жоғары құрастырушы және ойдан шығаруға деген қабілеті жоғары.
7. Эмоционалды – көңіл күй айтушы түр (адамдар сезімімен көңіл күйі тез өзгереді). Адамдарға көмек көрсетуге әрдайым дайын, нәтижесінде өз энергияларын көп жоалтады. 550, 451, 460, 352, 361, 370, 253, 262, 271, 280, 154, 163, 172, 181, 190, 055, 064, 073, 082, 091.
8. Тас жүрек – басқа адамның уайымына немқұрайлы қарайды, басқаның проблемасын түсінбейді, өзінің жетістігіне жету үшін тіпті қылмысқа да бара алады. 901, 802, 703, 604, 505, 406, 307, 208, 109.
4. Жүректен жүрекке
Әр адам бір- біріне жылы лебіздерін білдіріп, бір- біріне жүрекшелерін сыйлайды.
Психологтың қорытынды сөзі.
Күнде өсіп-қарап, зерттеп бағады,
Зерттеген соң, зердеге сап алады.
Не тілесе соны біліп, түсінер,
Білген сайын іштен жиі күрсінер.
Ілім білген дана атанар ақыры,
Білім елге пайда берер ашығы!
Туғаннан-ақ білімге ынта болмаса,
Оқу іздеп қиналмаңдар онда аса…
Бала білім жолын қусын десеңіз,
Бесігінде-ақ ілім жоғын көсеңіз…
Бала миы – дақ тимеген қағаз нақ,
Миға сөзін ұмытпасқа жазар бақ.
Жүсіп Баласағұни
Ұсыныс
1. жас мамандардың оқушылар арасында мәнерін жетілдіру.
2. сабақты ізденіспен,оқыту әдістерін қолдана отырып өту.
«Жас келсе, іске» Жас мамандарға арналған тренинг

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген