Жас мамандармен жұмыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас мамандармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектебімізге келген жас мамандармен жұмыс істеуге көмегін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО. Ұлан ауданы, Алмасай ауылы,

«Абай атындағы орта мектеп» КММ тәлімгері Аманжолова Мейрамгүл Аманжолқызы



Жас мамандармен жұмыс



Кофе брейк.

Coffee break



Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.

Шара барысы:

Сәлемдесу.

Жас мамандарға түрлі – түсті 20 см – ден лента таратып беру. Сол лентаны орындарынан шеңбер жасап бір – біріне байлату. Сонда шыққан шеңбердің ішіне кіріп, қайта шығу керек. Бұл ойынның мақсаты ұжымға оңайшылықпен ене алмайтындығын, әрдайым еңбектеніп қана қойған мақсатқа жете алатындығына көз жеткізу. (4 минут)



2. Жас мамандарға сөз ұсынылады.

«Мамандығым – мақтанышым» Жастар 2 минуттан сөз сөйлейді. Әр мұғалім ортаға шыққанда слайд қосулы тұрады.

8 минут

Бастауыш сынып мүғалімі - Сагатова Назым

Тәлімгері – Ж.С. Сержанова . Ұстанымы: «Адамдар сенен көмек сұраса , қол ұшын созудан бас тартпа!»

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - Каирбеков Данияр

Тәлімгері - . К. А Ибраев . Ұстанымы: «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ». Шоқан Уәлиханов

Математика пәнінің мұғалімі - Амантай Алма

Тәлімгері - Г. А Хизина . Ұстанымы: Ақырын жүріп анық бас

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі- Иманкулов Мадияр

Тәлімгері – С. С Сейдрахманова . Ұстанымы:

Орташа мұғалім болмайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді.

Тәжірибелі мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі - Сыдыканова Жанерке

С. М Темиргалиева. Ұстанымы : «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға»

«Баспалдақ» ойыны

  1. Сагатова Назым мен тәлімгері Сержанова Жұлдызды ортаға шақырамыз. Мәреде тәлімгері қызыл ту ұстап тұрады.

Сұрақтары:

  1. Суретте көрсетілген пішіндерді өмірмен байланыстырып, оқушыларға түсіндіріңіз.

  2. Жүріңдер балалар, сырғанақ тебеміз,

Құрыспай, құрышпай шынықсын денеміз! Кімнің өлеңі?

  1. А.Құнанбайұлының өлеңін жатка айту.

  2. Суретте не көрсетілген? Оқушыларға қалай түсіндіресіз.

  3. Жағдаят: Сынып оқушысының анасы сізге қоңырау шалып, баласының қашықтықтан өтетін олимпиадаларға енді қатыспайтындығын, сол төленген ақшаны қайтарып беруін талап етеді. Себебін былай түсіндіреді: Үнемі қатысады, бірақ басқа балалар марапатталып, орын алады, ал оның баласы алған емес. Түсіндіріп көрдіңіз, бірақ көнер емес.

  1. Сыдыканова Жанерке

  1. Сөз және оның мағынасы

  2. Бес арысты атаңыз

  3. Абай Құнанбайұлының 1өлеңін жатқа айтыңыз

  4. Жағдаят. Сіз тақтаға жазу жазып тұрғанда бір оқушы қағаз лақтырды. Сіздің әрекетіңіз?

  1. Амантай Алма

  1. 5 – сынып оқушысы қанша түсіндірсеңіз де санды нөлге көбейтуді үнемі төмендегідей шығарады. Сіздің әрекетіңіз?
    0x100=100
    0x200=200

  2. 10 тонна
    7 кг
    90 грамм
    Берілген шамаларды пайдаланып мәтін есеп құрастырыңыз.

  3. Берілген сандарды пайдаланып тәлімгеріңіз туралы әңгімелеңіз.
    100
    1000 есе
    1

  4. Жағдаят



15 минут

4.Каирбеков Данияр



1. Жүгірудің неше түрі болады?

2. Қазақтан шыққан атақты палуандарды атаңыз.

3. Тек қыздар ғана айналысатын гимнастика түрі

4. Жағдаят . Дене шынықтыру сабағында жоғарғы сынып оқушысы сізді өз досындай көреді. Сабақта сізді ұстаз ретінде қабылдамайды. Сіздіің әрекетіңіз.

5. Мадияр видео ролик жолдайды. Абайдың тақпағын айтады. «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында ағылшын тілінде және қазақ тілінде сөз сөйлейді. 3 мин

Балабақша қызықты әдістемелік ойын ойнату. (3 минут)

Әр тәлімгер ойын көрсетеді. (12 минут)


Қорытынды.

Кері байланыс:

«Үш сөзден құралған үш сөйлемді үш тілек»

Әр тәлімгер алдына қағаз , қайшы, желім, түрлі түсті қағаз беріледі. Сол қағаздан жас мамандарға тілек жазады. 3 минутта жазу керек. Тәлімгерлер болғанша ерікті ұстаздар сөз сөйлеп , кері байланыс береді.































«Келісемін»: «Бекітемін»:

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Абай атындағы орта мектеп» __________ Г.Е.Сембинова КММ директоры:

___________ Д. М. Асаубаев











Кофе-брейк

Coffee break



Жас мамандармен жұмыс









Жауапты: Кәсіподақ ұйымы







2019- 2020 о. ж






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2020
487
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі