400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жас мамандармен жүргізілетін жұмыс жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға қолдау көрсету, атқарылатын жұмыс, жоспарлары, ұйымдастырылатын байқаулар
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО, Тасқала ауданы, Амангелді ауылы

Жалпы білім беретін Амангелді орта мектеп-бөбекжай-бақша кешенінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Габдуллина Анара Адиетовна






ЖОББ Амангелді мектеп-балабақша кешенінде
Жас мамандардың педагогикалық кәсіпке бейімделуіне әдістемелік қолдау жұмысының барысы

«Менімен қатар көптеген ұстаздар жұмыс істеді. Менің көзім жеткені, жоғары оқу орнын үздік, жақсы бітіргенімен, қанша талантты болғанымен, мектепте үлкен тәжірибеден шыңдалып өтпей, ол адам жақсы ұстаз бола алмайды, мен өзім тәжірибелі, білікті ұстаздардан сабақ алғанмын...”-деп кеңестік педагог А.С.Макаренко айтқан.

Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы  ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қабілетті, сұранысқа ие бола алатындай кәсіби маман, білікті педагог болу.  Заманауи прогрессте  әрбір  білім ошағы мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай   білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын ұстаздарды тәрбиелеуде. 

Мектепке келген жас мамандармен жүргізілетін жұмысының мақсаты:

  • Жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету;

  • педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру сұрақтары бойынша мұғалімге практикалық көмек беру;

  • жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу;

  • әдістемелік көмек көрсету және жеке шығармашылық қызметін қалыптастыру;

  • өзара-сабаққа қатысу арқылы сабақ беру әдісін жетілдіру.

  • жаңартылған білім беру мазмұнында жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену арқылы ізденімпаздыққа тәрбиелеу және өзінің тәжірибесінде оқушылардың білім сапасын арттыру, жан- жақты дамыту.

Міндеттері: Жас мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру;

  • оқушыларды білім беру мен тәрбиелеуде жаңа түр мен әдістерді қолдануын қалыптастыру;

- нормативті-құқықтық құжаттармен таныстыру;

- жаңа оқу жылында жас мамандардың бастапқы қажеттіліктерін анықтау және әдістемелік жұмыстың түрін таңдау.

- озық тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысу.

Жас мамандарға әдістемелек қолдау:

  • Біріншіден, мектепке келген жас мамандарды педагогикалық кеңесте таныстырып, тәжірибелі ұстаздар арасынан тәлімгерлер тағайындап, Жас Мамандар мектебінің жетекшісі белгіленеді.

  • Әр жылда мектепке жас мамандардың келуіне, олардың пәндеріне байланысты, Жас Мамандар мектебінің жетекшісі тағайындалады.

  • Мысалы, өткен оқу жылында мектепке жаратылыстану-математика бірлестігіне екі жас маман келуіне байланысты, жетекшісі болып бірлестік жетекшісі жоғары санатты, биология пән мұғалімі А.А.Акжигитова тағайындалды.

  • Осы оқу жылында бір жас маман қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі келгендіктен, жетекшілік жоғары санатты, қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі В.Н.Бексейтоваға тағайындалды.

Осыған байланысты жас мамандармен атқарылатын бейімделу жұмыстары анықталды:

- Жас мұғалімді мектеппен, педагогикалық ұжыммен таныстыру.

- Жас мұғалімге тәлімгерді бекіту.

- Педагогикалық шеберлік өсуінің  диагностикалық картасын жасау.

- Сауалнама жүргізу.

- Бос әдістемелік күн беру.

- «Жас маман жұмысындағы кездесетін қиындықтар мен оны шешу жолдары» семинарын өткізу.

Тәлімгерлермен біріккен жұмыс

Екіншіден, жас маманның мектепке тез үйрену, сабақтарын дұрыс құрып үйренуінде үлкен рөльді тәлімгерлерлері атқарады.

Тәлімгерлік-тәрбиенің бір түрі. Ол – жас маманды жұмыс орынында оқыту арқылы, аз шығынмен қолданбалы құзыреттіліктерді меңгертудің қуатты құралы. Тәлімгерлік озық тәжірибеден туындайды.

  • Соған байланысты оқу жылының басында тәлімгерлер мен жас мамандар біріккен жұмыс жоспарын құрады.

  • Онда міндетті түрде барлық жоспарларды құруды (тақырыптық-күнтізбелік жоспар, сыныптың тәрбие жұмысының жоспары) үйрету жұмыстары қарастырылады.

- Сонымен қатар білім беру стандартымен, оқу жылының әдістемелік- нұскау хатымен және пәнді оқыту әдістемесімен таныстыру, мұғалім жұмысындағы мектепішілік құжаттарды  жүргізу жұмыстары, әкімшілікпен, ұстаздармен, әдістемелік бірлестіктегі әріптестерімен қатынас жұмыстары белгіленеді.

Жас маманның жеке парағы және тәлімгермен біріккен жұмыс жоспары

Мектептегі Жас мамандармен жүргізілетін жұмыс жоспары

№

Атқарылатын жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты адам

1

Мектепке келген жас мамандардың құжаттарымен танысу, тәлімгер мұғалімдерді бекіту

Қыркүйек

Мектеп әкімшілігі

2

Теориялық білім мен тәжірибенің сабақтастығын практикалық түрде көрсету

Жыл бойы

ОІО

3

«Жас маман-2019» мектепішілік байқауына жас мамандырды қатыстыру

Мамыр

 

Жас мамандар

4

Мектепішілік апталықтарға, ашық сабақ, сыныптан тыс шараларға қатыстыру

Кезінде

Бірлестік жетекшілері

5

Ашық есік күні
Сабақ – білім берудің негізгі формасы

Кесте бойынша

Тәлімгер ұстаздар

6

Жас мамандар апталығы
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі: қалыптасуы, дамуы, тәжірибелер

Желтоқсан

Тәлімгер ұстаздар

7

Семинар
«Жаңа білім парадигмасын қалыптастырудағы мұғалімнің ролі»

Қазан

Тәлімгер ұстаздар

8

Тәжірибелік семинар
Мұғалім портфолиосы – іс – тәжірибені жинақтау көзі
Сабақты талдау  білігі

 

 

Сәуір

Жас мамандар


Психологиялық тренинг, тест, сауалнама
Мамандығым - мақтанышым
Оқушымен қарым – қатынас
Қазіргі сабақ: ол қандай?

Жыл бойы

Мектеп

психологы

10

Біліктілік арттыру оқуы
(
сұраныс бойынша)

Уақыт бойынша

ОІО

11

Мектеп бойынша жүргізілетін мұғалімдер рейтингісінде жас мамандардың алатын орнын сараптау, талдау

Мамыр

Мектеп әкімшілігі



Жас мамандармен жүргізілетін жұмыс түрлері:

1. Психологпен, тәжірибелі ұстаздармен, оқу ісінің орынбасарымен кездесу;

2.Ашық сабақтар (шеберлік-класс), психологиялық тренингтер;

3. Іскерлік ойындар, сайыстар;

4.Семинарлар, практикумдар;

5.Сауалнама жүргізу, зерттеулер

Жас мамандарға арналған жиырма тоқтам:

- Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді

- Баға құнды емес, бала құнды.

- Ұстаз қызметінің мақсаты- өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе: ол- адамды жасаушы адам.

- Сабақ-ұстаз бен шәкірттің адами қарым- қатынасты.

- Сабақтың мақсаты – баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу.

- Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.

- Мұғалімнің өз сбағын білуі жеткіліксіз, оған қоса баланың жанын ұға білсін.

- Әр баланың өмір тіршілігі- өзінше бір тағдыр. Баланың тағдырына ойланып қара: сабаққа келмесе, сабағына қызықпаса, иентек болса себебіне үніл. Себебін алдымен өзіңнен ізде.

- Баланың ықыласын оята біл, қолынан келетініне сендіре біл.

- Мұғалім мен баланың қарым- қатынасы қуанышты әрі пайдалы болсын.

- Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт.

- Баланы таң қалдыруды ұмытпа: «даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады».

- Шәкірттің келешегін көргіш болсаң, ықыласын өлтірсең, жеңісін ізде.

- Балаға сыйлы болам десең, баланы өзің сыйла.

- Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа. Сеніп айтқан сырын ашпа.

- Сабақ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана жетуге болады.

- Қиын тақырыпты түсіндіре салып, сұрауға асықпа, келесі сабақты қайта түсіндіруден баста.

- Импровизация- сабақты жаны.

- Баланы сабқтың негізгі кейіпкері ете біл.

- Әр бала- табиғаттың ғажайып құбылысы.

“Тәуелсіз елге -білікті маман” атты шебер сынып

Мақсаты:

1. Жас мамандарға кәсіптік шеберлігін, оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін, әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру. 

2. Жас маманға өзін – өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Жаңа технологияны үйренуге, меңгеруге баулу. Жас мамандардың мотивациясын арттыру.

Семинарда жас мамандарға қазіргі заман мұғаламі қандай болу керектігі қандай алдағы уақытта жас мамандармен «Жас келсе, іске», «Біз жастарға сенеміз» атты жас мамандарға арналған тренинг – сабақтары өткізілді. Тәлімгерлер жас мамандарға порфолио жинақтауға көмек көрсетіп,пәнге байланысты әдістемелік газет-журналдарға жазылуға басшылық етті.

 

Шебер сынып барысында «Оқу мен оқытудағы қиындықтар мен кедергілер және оларды жою жолдары» тақырыбында  оқу ісінің орынбасары А.А.Габдуллинаның және тәрбие ісінің орынбасары Ж.В.Владимированың жүргізілген коучинг сабақтарына қатысты.

Коучинг барысында ситуациялық жағдайаттар, сұрақтар таратылып, жас мамандар өз ойларын ортаға салды.

«...Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»,-  деп А. Байтұрсынов айтқандай  жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер таныстырылып, талқыланды. Коучинг соңында «Екі шабадан» кері байланысы ұсынылып,  ұстаздар өздері үшін алған және келешекте қолданатын ақпараттарды ашық шабаданға салса, екінші жабық шабаданға өздері үшін алған бірақ қолданбайтын ақпараттарын салды. 

Шебер сыныптан көріністер

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1185
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі