Талғар
ауданы
Бесқайнар
ауылы
№20
орта мектебінің психологі
Абишева
Айгерим Едилхановна
«Мамандығым
– мақтанышым»
Мақсаты:
Жас
маманның кәсіби құлшынысын арттыру,
жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.
Жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне
өздерін көрсете білуіне көмектесу; жас
мамандар өздерін педагогикалық ұжымның
бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне
ықпал жасау;
Бүгін
біздің мектебімізде семинар өткелі
отыр. Бұл семинарда бала жүрегіне жол
таба білген, білім нәрімен сусындатып
қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің
асыл қазынасын құя білетін, жас та болса
ұстаз деген атқа лайық жас ұстаздарымызды
осы семинар тренингке ат – салысып
қатысуға шақырайық
Ендеше
сіздерге сәттілік тілей отырып,
тренингімізді бастаймыз.
Таныстыру
Атының
бас әрпінен басталатын үш қасиет
(өзін
презинтация жасау)
Сүйікті
ісі
Бұл
мамандықты қалай таңдады
Өмірлік
ұстамы-
Ситуациялық
сұрақтар:
1.
Сіз сабақты слайд түрінде дайындап
келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті
тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін
өшіріп алады, не істер едіңіз?
2.
Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап
алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің
суретіңізді салып мазақ етіп жазып
қойған. Не істер едіңіз?
3.
Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал
ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп
арыз айтып, ата – анасын ертіп әкелді.
Сіздің әрекетіңіз қандай?
4.
Сіз сыртқа шығып кеткен кезде бір бұзық
оқушы сөмкеңе бақа салып қояды. Сіз
білмей сумкаңызды ашып қалған кездегі
жағдай. Не істер едіңіз?
5.
Сізді бір жоғарғы кластың оқушысы ұнатып
қалғанын айтып, дос болуға шақырады, не
істер едіңіз?
6.
Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан
өзінің карикатурасын көреді. Балалардың
ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп,
сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
7.
Сіз жаңа сабақ түсіндіріп жатырсыз, бір
оқушы сізге сабақ түсіндіруге мұрша
бермейді. Сіз оқушыға тыныш отыр дедіңіз
, оқушы тыңдамады. Не істеу керек?
8
«Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді,
шашы өскен, киімі үтектелмеген, бірақ
осы түріне қарамастан үнемі сабаққа
дайындалып келуге тырысады. Оқушылар
арасында ешқандай достары да жоқ,ешқіммен
араласпай өз бетімен жүреді.» Сіздің
іс-әрекетіңіз, қандай жұмыс түрлерін
жүргізер едіңіз?
9«Сіздің
сыныбыңыздағы оқушының отбасылық
жағдайына байланысты ата-аналарымен
қарам-қатынасы өте төмен. Бәлкім сол
себептен сіздің оқушыңыз үнемі үйіне
бармай мактепте жүреді немесе көшеде
қаңғыбастыққа салынады. Араласып жүретін
ортасындағы оқушыларда лайықты емес.
Ата-анасының тарапынан қажет етпейтіндей
қатынас байқалады.» Сіздің іс-әрекетіңіз?
10
«Сіздің сыныбыңыздағы Айнұр белгісіз
жағдайда өзіне-өзі кол көтеріп, «суицидке»
бейімділік көрсетті» Сіз осы оқушымен
қалай жұмыс жұргізесі, және сіздің осдан
кейінгі атқаратын жұмыстарыңыз қандай
болмақ.
Жұмысындағы
кездесіп жатқан қиындығы туралы айту
(кеңес сұрау)
Жадынама
тарату
Жұмысты
жаңа бастаған жас мамандарды
қате
қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйым
Балаларды
көңіліне тиетін атаулармен және
теңеулермен атап кемсітпеңіз.
Шектен
шыққан жағдай орын алса да дауыс
көтермеңіз. Егер сондай бір жәйт
үстінде
дауыс көтеріп қалған болсаңыз,
артынша неге бұлай еткеніңізді
түсіндіріп, бұған мәжбүр
болғаныңызға
өкінетініңізді білдіріңіз.
Баланы
жазалай отырып, дер кезінде кешіре де
біліңіз, шын көңілден кешірім сұрауға
дайын болатындай жағдай да жасаңыз.
Баланы
жазалай отырып, сол жаза арқылы өзге
балалардың қуанышын ынталандырмаңыз.
Балалардың
бір-бірін жамандап әңгіме айтуына жол
бермеңіз, шағым айтқыштарды сөзі шын
болса да ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға
өз қателігін мойындатуға тырысыңыз.
Бірақ ол өзін «жаман», «тәрбиесіз»
немесе бәрін «әдейі» істейтін бала
секілді сезінбейтін болсын.
Баланың
отбасы мен ата-анасы туралы оның көзінше
ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және
өзгенің де олай етуіне жол бермеңіз.
Егер
сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын
өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе
әзірлігіңіз нашар болса, оларды
өткізбеңіз.
Баланың
бастамасын «Өзіңнен сұраған кезде ғана
айт» немесе «Өзіңе рұқсат берген «кезде
ғана жаса» деп үзіп тастамаңыз, әйтпесе
олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме
істеуден мүлдем қалады.
Ашуланбаңыз
және ез ашуыңызды керсетпеңіз. Егер
солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің
сізді қатты қынжылтқанын білдіруге
тырысыңыз.
Сіз
қандай мұғалімсіз?
Жалпы
диагностикалық, кәсіби лайықтылықты
анықтау.
1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?
а)
жүрек қалауымен
ә)
кездейсоқ
б)
лажым жоқтықтан
2.
Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:
а)
керемет жұмыс
ә)
күнкөріс үшін
б)
бас қатыру
Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы
а)
өте сауатты деп есептейді
ә)
қанағаттанарлық
б)
олардың көзқарасында жұмысым жоқ
4.
Оқушылар арасында жарыс болатын болса:
а)
міндетті түрде менен көмек сұрайды
ә)
кейде
б)
маңыма мүлде жоламайды
5.
Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?
а)
оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын
ә)
сирек қолданамын
б)
оқулықпен шектелемін
6.
Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:
а)
қатені мойындап, кешірім өтінемін
ә)
үндемей құтыламын
б)
өзімдікі дұрыс деп, жеңістік
бермеймін
7.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда
а)
оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын
ә)
басшылар ескерткенде ғана
б)
бас ауыртқым келмейді
8.
Оқушыға қол жұмсайсыз ба?
а)
мүлде қол жұмсамаймын
ә)
анда-санда
б)
«Аюға намаз үйреткен –
таяқ» деп есептеймін
9.
Мұғалім болғаныңызға
а)
ризасыз
ә)
сізге бәрібір
б)
өкінесіз
10.
Ұжым арасында беделіңіз:
а)
өте жоғары
ә)
жақсы
б)
орташа
Әрбір «а»
жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай,
«б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.
45-50 ұпай жинасаңыз:
Сіз шәкірт
үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне
жан-тәнімен берілген жансыз.
30-21 ұпай
жинасаңыз :
Сіз арбаны
да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін
күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.
15-11
ұпай жинасаңыз:
Сіз
босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды
бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн
Жұмыстағы
кездесетін қиындықтарым
Психологиялық
тренинг
Экстрасенс
Видео
Рефлексия
Тренингте
не ұнады?
- Не ұнаған жоқ?
-
Не
білдің?
Психолог
Ж.
ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың
сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді
еліміздің адалдықты ту еткен алғыр
ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы
тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай,
талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің
жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен
қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн
нұрлы болсын! – дейміз.